Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница. Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау




Тешбаева А.А.

Тешбаева А.А.

 

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

 

Қазақ көлік және коммуникацияларлар академиясы

 

Өтешбаева А.А.

 

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау

Оқу құралы

Алматы 2008

 

УДК 625.7/.8

 

 

Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау (оқу құралы). –Алматы: М.Тынышбаев атындағы КазККА, 2008.

 

 

Рецензенты:

Сапаны қамтамасыз ету – бұл жобаланған және толығымен орындалған шаралардың бірігуі, өнімнің белгілі бір шарттарды қанағаттандыра алатындай қажетті сенімділікті құрастыру үшін. Жол өнімдерінің сапасын басқару-бұл дайындық (қолданушылардың сұранысын оқу) және жол өнімдерін шығаратын техникалық регламенттерге сапа талабы бойынша жоспарға енгізу сонымен қатар осы көрсеткіштерді көтеру мен пайдалану үшін кешенді жұмыстардың орындалуы және жақсару үшін келешегін қайта қарастыру. Жол өнімінің сапасын қамтамасыз ету – жол өнімдерінің сапасын техникалық регламент деңгейінде ұстап тұру үшін қажетті жұмыстардың орындалуы.

Өнім сапасын оперативті басқару, деңгей түрлерінің оперативтік сипаттамасы мен тәсілдері, сапа бақылауын қоса отырып сапа жөнінде ақпараттарды тарату мен жинау, шараларды өңдеу, сапа жөнінде оперативті шешімдерді қабылдау және оларды өндірістің барлық этаптарында тарату, сақтау, өнімдерді тасымалдау мен пайдалану. Бірінші этапта өнімнің сапасын басқаруда міндетті түрде оның деңгейін анықтау керек. Өнімнің сапа деңгейін бағалау болып негізінен жол өнімінің сапасын оперативті басқару құрылғысында қажетті басқару әсерлерін өңдеу болып саналады. Осы немесе қарсы жақтан көрсеткіштің ауытқулары жөнінде ақпарат болған жағдайда, инженер мамандарының көмегі арқылы техникалық шарттарға сәйкес келмеушілікті болдырмау үшін негізделген ұсыныстар қарастырылады және түзету әсерлері орындалады. Өнім қасиеті, ереже бойынша көптеген көрсеткіштермен сипатталады. Ең тиімді деген көрсеткішіне жататындар негізінен өнімді сенімді пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер. Орындалған жұмыстардың сенімділігі жеткіліксіз болған жағдайда пайдалануда жұмыс қабылеттілігін сақтау мен жөндеу жұмыстарына үлкен шығынға әкеліп соғады.

Жаңа техникалық бақылаудың ғылыми негізі математико-статикалық тәсілі болып саналады. Өнімнің сапасын басқару екі тәсілмен қамтамасыз етілуі мүмкін: көрсеткішті өлшеу және оларды нормативті көрсеткіштермен салыстыру және технологиялық дәлдікті көтеру жолдары. Жол құрылысында тәжірибе жүзінде көбінесе таңдамалы бақылау қорытындыларды статикалық тәсілдермен өңдеу қолданылады. Бірақ та бұл бақылау тиімді болады, егерде технологиялық процесстер дәл және тұрақты болған жағдайда. Жер төсемесінің топырақтарын тығыздау кезіндегі жұмыстардың сапасын тексеру кезінде орташа мәннен төмен ауытқулар байқалды, яғни берілген сенімділікті қамтамасыз ету шаралары орындалмайды. Егерде осы тәсілді ұлттық стандартқа қолданса, онда осындай аймақтар 50 пайыздық дәлдікпен, яғни немқұрайлық деңгейде немесе ықылассыз орындалған жұмыс десек те болады. Осы тәсілді пайдаланып, Қазахстанның автомобиль жолдарының кез келген аймақтарында сынақтар жүргізілді. РК № 209-III «Техникалық енгізулер жөнінде» заңның енгізілуі сапаны оперативті басқару үшін статикалық тәсілдерді қолдануға мол мүмкіншілік. Статистикалық анализ – бұл өнім сапасына әсер ететін жағдайларды зерттеу мен факторлар. Ақпараттардың көзі анализдерді жүзеге асыру үшін және сапаны бақылауға келесі тәсілдер қызмет етеді: берілген бақылау процесстерін тіркеу, қолданылатын операциялар жөнінде күнделікті ақпараттар, берілген бақылау қондырғыларының тіркелуі, потенттер мен мақалалар және т.б.

Жол құрылыс жұмыстарының өндірісі кезінде бақылау мақсаты болып жол өнімдерін партиямен қабылдау кезінде өте дәлдікті қамтамасыз ету.

Сапаны басқаруда статистикалық тәсіл бастапқы бақылау кезінде, сонымен қатар операциялық бақылау мен дайын өнімнің қабылдау бақылауында да қолданылуы мүмкін. Анализдің статистикалық тәсілі мен өнім сапасының бағалануы технологиялық процесстердің дәлдігін анықтау үшін енгізілуі керек. Бұл жұмыстар орындалмайды. Сонымен бірге бұл тапсырыс беруші мен орындаушыға өте қажет. Осындай ақпараттарды білмейінше, жол өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету үшін үгіттеу жұмыстарын жүргізе алмайсыз. Бақылау деңгейін таңдау мен қажетті бақылау деңгейі көптеген факторларға, соның ішінде көптеген жағдайда бақылауға бөлінген толық шығын құнымен техникалық талаптарға сай емес пайдалануға берілген жол бөлігінің әсерінің арасындағы қатынасына байланысты.

«Техникалық келтірулер жөнінде» заңының кемшілігі жол-құрылыс зертханасының қаржыландыру сұрақтары келесідей тұжырымдалады, ол тек қана тәуелсіз зертханаларда қарастырылады және зертхана қаржыландыруын басқа жұмыстар мен мақсаттар үшін қарастырмайды.

 

1 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІК, ҚҰРЫЛЫМ, СТАНДАРТ, МЕТРОЛОГИЯ

§ 1. Автомобиль жол құрылысының сапасының негізгі түсінігі.

Өнім сапасының жаңа көзқарасы- бұл пайдаланушылық қасиеті бар, тағайындалуына сәйкес белгілі бір қажеттілін қанағаттандыратын икемі бар кешен. Сапаның бірлік көрсеткіші (СБК) өнім сапасын сипаттайды. СБК-ға қойылатын талабы, олардың бақылау аспаптарының көмегімен өлшенуі, және бірдей бірлік өлшемінің болуы. Нақты СБК барлық қорытындысын қамтамасыз ету өнім мен қондырығылар кешенінің толық талаптарға сәйкестігіне, міндетті түрде жобалы-сметалы құжаттар, соның ішінде нормативтік құжаттар: стандарттар, құрылыс нормалары мен ережелері толық сенімділік береді.

Жол құрылысында нормативтік құжаттармен бекітілген бірлік көрсеткішінің құрамы мен деңгейі (мәндері) пайдаланылады. Жеке жобалау кезінде жобалық құжаттарда келтірілгендей бақыланатын бірлік сапа көрсеткіші пайдаланылуы мүмкін. Автомобиль жолының қасиеті, арнайы тағайындалуы бар инженерлік қондырғы ретінде сапаның бірлік көрсеткішінде көрсетіледі, құрылымында сипаттамасы мен өлшеу тәсілдері анықталады. Бірлікті қамтамасыз ету мен СБК өлшеулерінің дәлдік талаптары дегеніміз жол құрылыс жұмыстарының сапасын метрологиялық қамтамасыз ету.

Әсер етуші объектілерге енгізілген сапа көбінесе өндірістің қолайлы жұмыс істеуіне байланысты, уақтылы қуатты меңгеру, еңбек жағдайларын жақсарту, адамдардың демалысы, қондырғылардың сенімділігі мен ұзақтылығы, тапсырылатын объектілердің эстетикасын жоғарылату мен пайдалану шығындарын төмендету.

Құрылыс өнімдерінің сапасын жоғарылату жобалық шешімдердің технико-экономикалық деңгейінің жоғарылауы деп ойласа да болады.

Құрылыс өнімінің сапасын жобалау стадиясында жобалық шешімдер жоғары шешімде анықталады, жаңа ғылыми-техникалық деңгейге әсер етуші нормативтік талаптарға сәйкес болуы керек, сонымен қатар экономикалық мүмкіндіктерді ескеру керек.

Пайдаланылуға берілетін объектілердің нормативті және жобалық талаптарға сәйкес болуы, салу процесі кезінде ақауларды болдырмауға, құрылыс ұзақтығын қысқартуға, пайдалануды жеңілдету және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы құрылыс материалының сапасы процесс кезіндегі пайдаланылатын құрылыс материалының сапасына, бұйымдар мен конструкцияға байланысты. Жаңа материалдар мен бұйымдар түрлерін, беттік-активті қоспаларды, жоғарғы беріктікті және жеңіл бетоннан темірбетон конструкцияларын кеңінен қолдану керек.

Құрылыс өндірісінің сапасына конструктивті шешімдердің унификациясы мен типизациясы әсер етеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын жоғарылату үшін жол құрылысы мен қондырғыларының технологиясын жетілдіру үшін үнемі жұмыс істеу керек.

Зертханалық, геодезиялық және метрологиялық қызмет етулер жақсартылу керек. Тапсырыс берушінің техникалық надзорының, орындалған жұмыстардың сапасын бақылайтын ұйымның, жобалық ұйымдардың авторлық надзорының рольдерін жоғарылату керек, құрылыс сапасына әсерін күшейту

қажет. Тапсырыс беруші нақты технологиялық надзордың жүзеге асуына қызығушылық таныту керек, яғни олардан пайдалануға қабылдаған объектілердің сапасынан беріктік, ғимарат пен қондырғылардың ұзақтығы, сапалы пайдалануын және т.б. мінездемелерге тәуелді болуы керек.

Құрылыс ұйымдарының зертханалары материал сапасын зертханалық бақылап сонымен бірге әртүрлі қоспаны таңдаумен ғана шектеліп қана қоймай, конструктивті элементтер, ғимараттар мен қондырғылардың құрылыс технологиясын бақылап, таңдау бақылауын жүзеге асыруға міндетті.

Құрылыс кезіндегі геодезиялық бақылауды сызықтық ғимараттарды тұрғызу кезіндегі технологиялық стадиямен байланыстырып жүзеге асыру керек, себебі құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісінде техникалық құжаттар қарастырылады.

Маңызды тәжірибелік есеп болып зертханаларды, құрылыс ұйымдарының геодезиялық және метрологиялық қызметтеріне кәсібиленген мамандарды жинақтау, оларды заманауй өлшейтін құрал аспаптармен қамтамасыз ету, геометриялық параметрлерінің: көлденең қима, қалыңдығы, ені сақталуын қадағалайтын электронды бақылау қондырғысы бар жаңа дәуірдің жол-құрылыс техникасымен қамтамасыз ету.

Сапаны басқарудың кешенді құрылымын кеңінен енгізу керек. Оны енгізу үшін қажет:

- стандартты материалдар мен бұйымдарды пайдалануын ескеріп құрылымның нормативті-техникалық базасын құру керек.

- сапаны көтеруде экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту керек;

- құрылыстың барлық стадиясында сапаны бақылаудың тиімділігін күшейту керек;

- сапаның жағдайы мен оның деңгейі туралы объективті және тұрақты жұмыс істейтін ақпаратты база құру керек;

- құрылыстың сапасын басқарудың құрылғысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуі қарастырылуы керек;

Автомобиль жол құрылысының жұмыс жобасы келесі бөлімдерден тұрады: түсініктеме хат, өндірістік жұмыс жобасы, сметалық құжаттар, жолды дамыту схемасының жоба құжаты, құрылыстың ТЭН. Нормативті-техникалық құжаттарда құрылымның барлық функциялары нақтыландырылуы керек, соның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен құрылыс өнімдерінің сапасының бағалануы, сапа деңгейінің жобалануы мен аттестациялануы, құрылыстың сапасын жоғарылатудың экономикалық келтірілуі.

Соңғы құрылыс өнімінің сапасына подрядті мен субподрядті ұйымдар ғана емес, сонымен бірге жобалаушылар, құрылыс материалын жеткізуші-зауыдтар, көліктік және қамтамасыз етуші ұйымдар да жауап береді.

Өндірістік және өндірістік емес функциянирлеуде жолымыз белгілі бір кешенді көрсеткіштерді қамтамасыз ету керек, яғни барлығын қорытындылағанда жайлылықты қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды және рациональді жылдамдықта қауіпсіз қозғалысты барлық пайдалану жылдарында қамтамасыз етеді. Сапа көрсеткіштерінің деңгейі экономикалық критериялармен анықталады- жолды салуға, күту және жөндеуге бөлінген қаржының жолды пайдаланудан пайдалы әсерінің қатынасына тең. Бұл критерий қарастырылған варианттар ішінде ең максимальді болуы керек. В.М.Сиденко жалпы қабылданған классификацияға сәйкес тағайындалу көрсеткішін (мақсатты), сенімділікті, технологиялық, эргономикалық, технико-экономикалық, пайдалануды бөліп көрсетті.

Тағайындалу көрсеткіші мақсатты талаптарды қанағаттандыру тәсілдерін сипаттайды және өнімнің класына байланысты, кез келген бір қасиетке сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, жамылғы үшін - тегістік немесе беріктігі қауіпсіз жылдамдықты, өткізу қабілеті және т.б. кешеніне жатады.

Белгіленген уақыт ішінде берілген функцияларды жолымыздың орындау қабілеті сенімділіктің кешенді көрсеткішін сипаттайды. Сонымен қатар сапа мен сенімділік түсінігі бірлеседі: шектеусіз, яғни белгілі бір дәрежеде жұмыс істеу қабілетін сақтау қасиеті, берілген аралық жөндеу мерзімдерін қамтамасыз ету, конструкциялардың жөндеуге келуі, олардың ұзақтығы.

Технологиялық көрсеткіш ең маңызды мән болып, рациональді қабылданған конструктивті шешімді нақты өндірістік жағдайларда пайдалануын сипаттайды. Жұмыс істеу мен адам өміріне жақсы жағдай жасауды қамтамасыз ету талаптарына қондырғылардың параметрлерімен немесе оның конструктивті элементтерінің сәйкес келуіне эргономикалық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Осының ішінде тазалық, физиологиялық және психологиялық факторлар бағаланады.

Инженерлік шешімдердің технико-экономикалық көрсеткіштері олардың экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Олардың құрамында қаралады:

1) көлік жұмыстарын жақсарту арқасында халық-шаруашылығының тиімділігі;

2) тасымалдау құнының төмендеуі арқасында пайдаланудың тиімділігі;

3) құрылыс тиімділігі- қабылданған шешімдердің үнемділігі.

Пайдалану- қоршаған ортаның жолмен ара қатынасын сипаттайтын ең маңызды мәні бар көрсеткіш. Сапа көрсеткішінің кешені құрылғыны құру мен оны пайдаланудың барлық стадиясында қалыпқа келеді. Бірінші өндірістік этапта инженерлік ізденістер мен технико-экономикалық негіздеу, ҚНжЕ 3.06.03-85, ҚНжЕ 3.09.03-2003, ҚР ережелері 218-35-2004 талаптарына жобаның сай келуі бағаланады.

Құрылыс өнімінің сапасын келтіруде шешуші этап болып-өндіріс жұмыстары саналады. Сапаны басқарудың жаңа, жетілдірілген кешенді құрылымы бастапқы бақылаудан аяқталған объектіні пайдалануға берілгенге дейін сапаны бақылауға мүмкіндік береді. Өндірістің сапа көрсеткішінің жақсаруы - материалдық ресурстарды тиімді пайдалануда еңбек өнімділігін көтерудің әсер етуші нақты жолы экономиканың ең актуальді есебі болып табылады.

Стандартизация бүгінгі таңда сапаға, сенімділікке, құрылыс өнімінің ұзақтығына жоғарғы талаптар қояды. Стандарттарды қолдану өнім сапасын жоғарылатуға ықпалын тигізеді, унификация мен өзара алмасу деңгейін жоғарылату, өндіріс пен процесстердің автоматтандырылуын жетілдіру, бұйымдар мен конструкцияларды жөндеу мен пайдалануының тиімділігін жоғарылату. Стандартизация жобалау кезінде, дайындауда, сызықтық ғимараттарды пайдалануда талаптар мен нормаларды, нақты ережелерді бекіту жолымен жүзеге асады. Стандартизация құрылыс өнімінің сапасын техникалық деңгейін жоғарылатуға, құрылыс өндірісінің интенсификациясы мен оның тиімділігін жоғарылатуда, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге септігін тигізеді. Стандартизация механизмнің шаруашылық және экономикалық звеносы болып саналады, жалпы өндірістің ұйымдастырылуының жақсарылуына, мемлекетіміздің техникалық және экономикалық саясатының жүзеге асуына, ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне, өнімнің сапасының халықаралық деңгейге жетуіне, экономика дамуында факторларды тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Стандартизация техниканың дамуы, ғылым, практикалық сынақтар, халықшаруашылығының, саланың және өндіріс ішіндегі есептерді, прогрессивті және экономикалық тиімді шешімдерін анықтаумен негізделеді. Отандық стандартизация мемлекетіміздің техникалық саясатының бөлшегі болып саналады. Өндіріске жоғары тиімділікті құрылымдарды, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, еңбек пен материалды шығындардың үнемделуін, өнім сапасының тиімді деңгейін енгізу қызметін атқарады.

Халықаралық стандартизация – бұл процесс ережелерді бекіту мен қолдану, осы саланың мақсатына және қызығушылық танытқан жақтардың қатысуына, соның ішінде бәріне жалпылай тиімді экономикаға жетуге, техника қауіпсіздігінің функциональді шарттары мен талаптарын орындауларын қарастырады. Стандартизацияның басты мақсаты өндіріс көлемінде жол-құрылыс материалдарының сапасын жетілдіріп бағалауын бекіту болып саналады.

Жаңа құрылыс материалдары тиімді қасиеттерге тән болуы қажет, ал оларды дайындау технологиясы экономикалық тиімді болуы керек, сол себепті ең маңыздысы болып жоғары тиімділікті технологиялық процесстердің стандартизация мен типизациясы саналады.

 

§2. ИСО-9000 программасын енгізу. Сапаны көтерудiң экономикалық тиiмдiлiгi

ИСО-9000-(интернациональная стандартная организация) өмір сүрудің барлық сферасының халықаралық мағынадағы стандарты.

Халықаралық стандартты өмір сүрудің барлық сферасына енгізбей тұрып, соның ішінде автомобиль жол құрылыстарына жол өнеркәсібінің дамуының төрт стадиясын көрсеткен:

I-стадия өндірістің дамуы. 1913 жыл өнеркәсіп саласында қандай өзгерістер жүріп жатыр. (бұрынғы СССР) сапа туралы түсінік жоқ, нарық дамымаған, жұмысшы квалификациясы төмен.

II-стадия. Сату стадиясын сипаттайды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, бәсекелестік төмен, сұраныс жоғары, еңбек құны төмен.

III-стадия - 70-жылдар ішінде өнеркәсіп мәдениет революциясын бастан кешіруде, бәсекелестік жоғары және тез өсіп өрши түсуде. 80-жылдар пайда табу көзі төмендейді.

IV-стадия - қазіргі кез, қазір біз қандай этапта тұрмыз.

Пайда көзінің төмендеуі, бәсекелестік жоғары әрі тез өсіп өрши түсуде, жұмысшылардың мамандандырылулары тұрақты. Қазахстан шетел капиталдарын салу үшін ыңғайлы болды. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келуі-саланың ең маңызды есебіне айналуда.

Бәсекелестікті жеңу үшін-сапаны бақылаудың екі түрі кешенді көрсеткіштерді енгізеді.

 

↓ ↓

Өнім үшін нарық мақсатын Барлық стадияда сапаны

анықтау. қамтамасыз ету

 

Өнеркәсіп тұтынушының сеніміне кіруге тырысады ол үшін сенімділікпен қызмет ету, баға мен сапаның қарым қатынасы.

Стандарттардың негізгі мақсаты барлық стадияда берілген шарттар бойынша ауытқулардың болуын ескерту.

TQM (Total Qvality Management)– енгізу уақытыда жетті.

TQM-бұл өнеркәсіп басшыларына жақындастыру(подход), сапаны көтеруге-барлық құрам мүшелерінің қатысуы. Жетістіктерге жету тұтынушы сұранысын қанағаттандыру және осы атқарылған жұмыстарынан ұжым мүшелері де қанағаттану.

Сапаны басқару-бұл өнеркәсіп саласында оперативтік сараптауда қызмет түрлерімен тәсілдері.

ИСО-9000 халықаралық мағынадағы стандарттың екі негізгі мақсаты бар:

- өндірісте өңдеу мен өндіруде пособие ретінде қызмет етеді (ИСО-9004)

- сапаны басқару құрылымының бағалау моделін құрайды (ИСО-9001-9003)

ИСО-9001-сапа қызметі. Жобалау мен салуда сапаны қамтамасыз ету моделі

ИСО-9002-өндірісте және құрылыста тасымалдаушының сапа қызметі

ИСО-9003-бұл тұрақты бақылауда сапаны қамтамасыз ететін сапа қызметі.

Стандарттың негізгі мақсаты-жобалаудан бастап пайдалануға дейін стадияның барлық түрінде берілген талаптардың ауытқуларын ескертуіне септігін тигізу.

Халықаралық стандарттарды сәтті енгізуіміз үшін келесі қадамдарды қабылдауымыз керек:

Қадам 1. Нарықтың негізгі құрамымен танысу (немесе өндірістің негізгі процесстерімен) және олардың тізімін құру;

Қадам 2. Құрылған тізімге қарап, Сіздің бизнесіңіз үшін қандай-да бір талаптар қолданыла ма, болған жағдайда Сіз сапа жетекшісімен осы талаптарды негіздеуіңіз керек

Қадам 3. Құрылымға қатысатын жұмысшыларды анықтау және олардың міндеттерін жазбаша көрсету.

Қадам 4. Осы міндеттемелерді бұрын келтірілген бизнестің негізгі құрамының тізімімен сәйкестендіруіңіз керек

Қадам5. Бизнестің негізгі құрамы мен стандарт арасында қиылысуын келтіруіңіз керек.

Қадам 6.Стандартты қабылдаңыз және сапа менеджментінің құрамына енгізіңіз.

Қадам 7. Сапа менеджментінің құрамының жеңіл және функциональді болуын немесе Сіздің бизнесіңіздің бөлімдерімен сәйкес келуін қамтамасыз етіңіз

Қадам 8. Тараулар бойынша сапа менеджментінің құрылғыларының кері байланысына түсіп жатқан ақпараттармен танысыңыз, оның идеологиясын жетілдіру үшін.

Қадам 9. Мониторингті жүзеге асырыңыз және өзгертілген шешімдердің қорытындысын өлшеу, яғни осы өлшеулердің қандай пайда әкелгенін анықтау үшін.

 



Дүниежүзілік стандартты табысты енгізу үшін сапа менеджментінің негізгі 8 принципіне жүгінуіміз қажет:

П1. «Өндіріс тұтынушыға бағытталған» өнеркәсіп заказ берушіден байланысты. Сонымен қатар істелініп жатқан және болашақтағы сұраныстарды салыстырып оларды тыңдауға тырысады. Олардың шарттарын орындайды. Сұраныс, өнім сапасын, жеткізу режимі, құны және т.б. жан-жақты сұранысты қамтамасыз ету. Тендерден жеңіп алғаннан кейін барлық персоналға тендер шарттарын таныстыру. Заказ беруші мен тасымалдаушының қарым қатынасын қанағаттандыру.

П2. «Басқарушы ролі» Басқарушылар өндіріс пен басқаруды бір мақсатқа қояды. Олар осыған жағдай жасау керек. Жұмысшылар толығымен қызығушылықта болуы, берілген жобаға жұмысшылардың сенімділікпен қарап жұмыс істеуі керек және соған жағдай жасалуы керек. Жұмысшыларды мамандандыруға оқыту.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 2319; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.