Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 9 страница. Ашық тигелде жану температурасын анықтайтын Бренкен аспабы




 

 

14.11 Сурет

Ашық тигелде жану температурасын анықтайтын Бренкен аспабы

 

Шағыл тастың мүжілу маркасын анықтау үшін полкалы барабан немесе Лос-Анджелес аспабы қолданылады.

Зертханалық қондырғы:

Полкалы барабан диаметрі 700, ұзындығы 500 мм, ішкі кеңістігінде орналасқан полка ені 100 мм (8 сурет), темір немесе шойын шарлар диаметрі 48 мм, әр қайсысының салмағы 500 грамм – 12дана, циферблатты үстел үстіне қойылатын таразы ГОСТ 29329 бойынша немесе зертханалық ГОСТ 24104 бойынша, кептіру шкафы, стандартты жиындағы електер.

 

Полкалы барабанда мүжілуді анықтау.

Шағыл тас (қиыршық тас) мүжілуін (ескіру) полкалы барабанда шарлармен бірге үлгіні сынау кезінде түйірлердің салмағының жоғалуы бойынша анықтайды.

Зертханалық қондырғы:

Полкалы барабан диаметрі 700, ұзындығы 500 мм, ішкі кеңістігінде орналасқан полка ені 100 мм (8 сурет), темір немесе шойын шарлар диаметрі 48 мм, әр қайсысының салмағы 500 грамм – 12дана, циферблатты үстел үстіне қойылатын таразы ГОСТ 29329 бойынша немесе зертханалық ГОСТ 24104 бойынша, кептіру шкафы, стандартты жиындағы електер.

Шағыл тас (қиыршық тас) фракциясы 5 - 10,жоғары. 10 – 20 жоғары. 20 -40 мм табиғи ылғалдылығы күйінде торларының пішіні ең үлкені D мен ең кіші d сәйкес, берілген фракцияда түйірдің номинальді пішіні бойынша екі електен өткізеді. Торларының пішіні d елегінде қалған қалдық бойынша екі аналитикалық 5 кг дейін үлгі алынады, шектік түйір ірілігі 20 мм дейін және екі үлгі 10 кг фракциясы 20 дан 40 мм ден жоғары.

Шағыл тасты (қиыршық тас) сынау кезінде қоспа құрамы екі немесе одан да көп аралас фракциядан тұрса, аналитикалық үлгіні берілген материал бойынша стандартты фракцияда елеп, әр фракцияны бөлек сынайды. Шағыл тасты (қиыршық тас) 40 мм ірі болса 40 мм мада түйір болуы үшін майдалайды және шағыл тасты (қиыршық тас) фракциясы 20 дан жоғары 40 мм дейін болғанда сынақтан өткізеді. Шағыл тасты (қиыршық тас) фракциясының петрографиялық құрамы бірдей болған жағдайда 20 -40. 40 - 70 мм мүжілудің соңғы сынау қорытындысының мәнін 20 дан жоғары 40 мм дейін етіп сипаттауға болады.

Шағыл тасты (қиыршық тас) мүжілуі мына формуламен анықталады:

 

(14.1)

 

мұндағы:

m - шағыл тастың (қиыршық тас) үлгісінің салмағы;

m1 – полкалы барабанда өңдеуден кейін бақылаушы және алдын алушы

електе қалған қалдықтардың салмағының қорытындысы.

 

Соңғы қорытындыны екі сынақтың орташасын алады. Фракцияланбаған шағыл тасты сынау кезінде мүжілу көрсеткішін бөлек құрамдардың сынау қорытындысың орташа өлшенген деп алынады.

Шағыл тасты (қиыршық тас) копрде ұрылуға қарсылығын У мына

формуламен анықтайды

(14.2)

мұндағы:

А – сынаудан кейінгі үлгінің ірілік көрсеткіші, мына формуламен анықталады

 

(14.3)

 

мұндағы - електе қалған толық қалдықтар тор диаметрлері 5; 3;

1 және 0,5 мм, г;

m –үлгінің бастапқы салмағы, г.

Сынау қорытындысына екі параллельді анықтаманың ұрылуға кедергінің орташа арифметикалық мәнін қабылдайды.

Сынау қорытындысын өңдеу

Нақты тығыздығы ρ, г/см , мына формуламен анықталады

 

(14.4)

 

мұндағы:

m – тұрақты салмаққа дейін кептірілген өлшенген ұнтақ салмағы, г;

ρ -су тығыздығы, 1 г/ см деп қабылданған;

m - дистиллирленген сумен пикнометрдің салмағы, г;

m - өлшенген дистиллирленген сумен пикнометрдің ауа көпіршіктері

алынғаннан кейінгі салмағы, г

Тау жыныстарының жуықталып алынған формасының үлгісінің немесе

шағыл тас (қиыршық тас) орташа тығыздығы ρк, г/см , мына формуламен

анықталады

(14.5)

мұндағы:

m – үлгі немесе сынақтың құрғақ күйіндегі салмағы, г;

m - үлгі немесе сынақтың ауада ылғалды сіңірген кездегі салмағы, г;

m - үлгі немесе сынақтың суды сіңірген су жағдайындағы салмағы, г;

 

 

14.12. Сурет. Шағыл тасты тексеру аспабы

 

Түйірлердің құрамын сыналатын әр фракцияның орташа арифметикалық қорытындысы деп есептейді.

Шағыл тасты (қиыршық тас) аязға төзімділігін әр фракцияда бөлек анықталады. Құрамы 5 % аз фракциларды, аязға төзімділікке сынамайдына 70 мм ірі түйірді майдалап содан кейін барып фракцисы 40...70 мм сынады.

Үлгі салмағы шағыл тас (қиыршық тас) түйірлерінің ірілігіне байланысты: 5...10 мм - 1 кг; 10...20 мм - 1,5 кг; 20...40мм - 2,5 кг; 40...70 мм - 5 кг. Әр фракциядан бір мезгілде екі үлгі сыналады.

Шағыл тасты (қиыршық тас) аязға төзімділігін жеделдетілген тәсіл натрий күкірт қышқылында анықтауға болады.

Салмақта жоғалуын мына формуламен анықтады:

(14.6)

мұндағы:

m -сынауға дейінгі құрғақ үлгінің салмағы;

m - сынақтан кеінгіқұрғақ үлгінің салмағы;

Шағыл тасты (қиыршық тас) цилиндр ішінде сығылу кезінде үгітілуі- шағыл тас (қиыршық тас) үгітілмей сығым күшіне төтеп беру қабылетін көрсетеді. Үгітілу шағыл тастың (қиыршық тас) беріктігін жанамалап сипаттайды. Сондықтан да шағыл тас (қиыршық тас) берілген тау жыныстарының сығылу кезіндегі беріктік шегіне сәйкес маркасы бекітіледі, фр. 5-40 мм -800 МПа, фр. 0-20 мм 1000 МПА, құрғақ күйіндегі салмақтың жоғалуы құрғақ және суды сіңірген жағдайында 13-15 % құрайды. Салмақтың жоғалуын пресс астында 200 кН күштемеден кейін мына формуламен анықтады:

(14.7)

мұндағы:

m - шағыл тастың өлшемі, г;

m - бақылау елегінде қалған қалдық салмағы, г.

Шағыл тас (қиыршық тас) полкалы барабанда мүжілуін әсер етуші мүжілу жағдайында материалдың салмағын өзгертуі деп сипаттайды. Автомобиль жолының құрылысына қажетті шағыл тасты (қиыршық тас) ғана мүжілуге анықтайды. Сынақ аяқталғаннан кейін барабан ішіндегісі төгіліп, шарлар алынғаннан кейін шағыл тасты (қиыршық тас) тор пішіні 1,25 мм бақылау елегінен, оның алдына тор пішіні 5 мм болатын сақтандыру елегінен өткізеді. Електегі қалдықтырды қосып біріктіріп өлшейді. Сынақты жаңа үлгіде қайталайды.

 

Орташа тығыздықты анықтау

 

Тау жыныстарының орташа тығыздығын және шағыл тас (қиыршық тас) түйірлерін жыныстың көлемдік бөлшегін бірлік салмағында өлшеу немесе шағыл тас (қиыршық тас) түйірлерін гидростатикалық өлшеу үшін таразылар қолданылады.

Қажетті қондырғылар: гидростатикалық өлшеу үшін қажетті қондырғылары бар ГОСТ 29329 бойынша циферблатты үстел үстіне қойылатын таразы (12 сурет), кептіргіш шкаф, шағыл тас (қиыршық тас) пен үлгінің суға сіңдіру немесе үлгіні парафиндеу үшін қажетті ыдыс, стандартты жиынтықтағы електер, темір щетка. Шағыл тас (қиыршық тас) түйірлерінің орташа тығыздығын анықтау үшін фракцияның ең үлкен номинальді пішіні 40 мм дейін аналитикалық үлгі салмағы кем дегенде 2,5 кг алынады. Шағыл тас (қиыршық тас) ең үлкен номинальді пішіні 40 мм жоғары болса аналитикалық үлгі 5 кг, 40 мм ірі түйірлерді майдалап түйір бөлшегі 40 мм кем қылмайды және үлгіні екі есе кішірейтеді.

 


 
 
 
 
 
 
 


Дуктилометр ЦКБ-974 15.02.2007 Мұнай битумдарының созылуын ГОСТ –қа сәйкес өлшеуге арналған. Битумы нефтяные. Метод определения растяжимости
Характеристики
скорость перемещения каретТехнические характеристики 5,0 см/мин
кол-во одновременно испыт Количество испытываемых образцов 3 шт
поддержание температуры 2 Температура 5±0,5°С добавлением теплой или холодной воды
поддержание температуры 0 вода со льдом
Электропитание 380В/3фазы / 50Гц
Потребляемая мощность 90 Вт
Габаритные размеры (ДШВ) 150х35х36 см
Масса не более 40 кг

 

 

 

 

6 Бөлім. орындалған жол-құрылыс жұмыстарын қабылдау

§15. Орындалған жол-құрылыс жұмыстарын қабылдау

Орындалатын құжаттардың құрамына кіретіндер:

1.) Орындалатын сызбалар

Орындалатын сызбалар подрядчиктің қатысуымен бір данасы жасалады және құрылыс объектісі аяқталғаннан кейін жұмысшы қабылдау комиссиясына тапсырады. Ол бөлек құжат есебінде ұсынылады, (қайтадан жасалған) немесе (оны қайта жасау үшін жол құрылыс жобасының жұмыс сызбалары қолданылады). Соңғы жағдайда жұмыс сызбаларына орындалатын белгілері енгізіледі (белгілер, геометриялық пішіндері, материалдар) осыған қарап нақты орындалған жұмыстың жобамен сәйкес жасалғаны жөнінде мағлұмат береді.

Орындалатын сызбалар келесі бөлімдерден тұрады:

- тұрғызылған жер төсемесінің әр пикетте жер төсемесінің жиегінің белгілері көрсетіледі (орындалатын ұзына бойлық профиль), жобадағы жолдың осінің орналасуы, көлденең профиль, торырақ түрлері және т.б.;

- аяқталған су өткізгіш құбырлар;

- аяқталған жол жамылғысының пикетттік пландық осінің орналасуында белгілерін көрсету, көлденең қиманың геометриялық пішіндерін, қолданылатын материалдар мен олардың негізгі сипаттамалары;

- көпірлердің тіректері;

- көпірлер және т.б.;.

б) журналдар:

- жалпы жұмыс журналы;

- геодезиялық жұмыстар журналы;

- зертханалық жұмыс журналы;

- бөлек жұмыс түрлерінің арнайы журналы;

- авторлық надзор журналы;

- күнделікті рапорттар.

 

Сәйкес жобалық шешімдердің бағалану талаптары СНиП пен ПК РК және басқада нормативтік құжаттар қабылдау бақылауының мақсаты болып саналады. Сәулет заңдары, қалашық құрылыстары мен ҚР құрылыс саласы,, міндеттерін бекіту ережелері, сонымен қатар қабылдау мен жұмыс комиссиясының салынған объектілерді пайдалануға қабылдауда міндетті құрамы (ҚР үкіметінің бекітілген бұйрығы 15.10.2001 ж. № 1320), Инструкция да ПК РК 218-35-04, бекітілген жобалы-сметалы құжаттар, сәйкес жұмыс түрлері үшін нормативтік құжаттар (СниП, инструкциялар, ТУ, ГОСТ және т.б..) аяқталған құрылыс объектілері мен жұмыстарды қабылдауда методологиялық және құқықтық негіз болып саналады.

Қабылдауға құрылыста орындалған ЖСҚ талабына, жұмыс сызбаларына, ҚНмЕ мен басқа да нормативтік құжаттарға толық сай келетін объектілер мен жұмыстар жатады.

Қабылдау түрлері:

жасырын жұмыстарды қабылдау, бөлек жұмыстар мен конструктивті элементтерді дұрыс орындалғанын тексеру үшін жасалады;

1) жауапты конструкцияларды аралық қабылдау;

2) заказ берушіден жұмысты орындаушының қабылдауы (жұмыс комиссиясы);

3) автомобиль жолының аяқталған құрылысын мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдауы;

4) автомобиль жолдарындағы, ондағы қондырғыларды капитальді немесе орташа жөндеу жұмыстарын қабылдау.

Пайдалануға енгізуге болмайды:

1) автомобиль жолында қар жамылғысымен;

2) аяқталмаған объектілер;

3) қоршаған ортаға залалды болдырмау шараларын жүргізбейінше;

4) тазалау тиімділігі мен қауіпті өндіріс қалдықтарын жібермеуін қамтамасыз ете алмайтын объектілер.

Пайдалануға жіберілмеген объектілерде көлік қозғалысына рұқсат етілмейді. Айналмалы жолдар мен сәйкес белгілері болуы керек.

Жабық жұмыстарды қабылдамайынша келесі операцияларды орындауға рұқсат етілмейді.

Келесі комиссия мүшелері қабылдайды:

- заказ берушінің технадзор өкілі;

- жұмыс атқарушы өкілі;

- зертхана мен геодезиялық бақылау жұмысшылары.

 

Жұмыс атқарушы ұсынады:

- орындалатын сызбалар;

- зертханалық бақылау журналы;

- өндіріс жұмыстарының журналы;

- т/б конструкциясына сертификаттар мен құжаттар;

- бақылау үлгілерін сынау актісі.

Жабық жұмыстарды тапсыру үшін, жұмысты орындайтын ұйымдар, уақтылы жолды салушы басшыларды (немесе заказ берушінің технадзор өкілін) шақырту керек немесе белгіленген уақытқа оның келуін талап ету.

Егерде бұл өкіл келмесе, онда телеграмманың көшірмесі түсіріліп келмегені жөнінде акт жасалып, жасырын жұмысты қабылдау бір жақты қабылданады да бір данасы заказ берушіге жөнелтіледі.

Аралық қабылдау дайын болған жұмысты тапсыру процессі кезінде жүргізіледі. Қажетті деген жауапты конструкциялардың тізімі жоба бойынша анықталады.

Комиссия мүшелері:

- жолды салушы басшылардың өкілі немесе жол ұйымының техникалық надзор өкілі);

- жұмысты орындаушы ұйымның өкілі;

- авторлық надзор өкілі;

- сұрыптау өкілі;

- жұмыс өндіруші, мастер, зертханашы мен геодозист.

Бірінші рет қабылданбаған жұмыстар екінші рет қабылдауға қалады.

Жұмыс атқарушы заказ берушіге аралық қабылдаудың өткізілу мерзімін ескертеді, ал заказ беруші бекітілген мерзімге комиссия мүшелерін жинайды.

Жұмыс атқарушы ұйым комиссия мүшелеріне келесі құжаттарды ұсынады, жолды қарағаннан кейін комиссия таңдаған бақылауды жүзеге асыруға болады:

1) тапсырылатын конструктивті элементтердің орындалатын сызбалары;

2) жалпы журнал мен өндіріс жұмыс журналы;

3) жасырын жұмыстар актысы;

4) геодезиялық-маркшейдерлі бөлу жұмыстарының өндіріс актысы;

5) зертханалық бақылау журналы;

6) құрылыс материалдары мен конструкцияларды, сонымен қатар бақылау үлгілерін сынау актысы;

7) құжаттар мен сертификаттар;

Қабылдау актысы үш данада жасалады. 1 данасы заказ берушіде, 2-ші дана жұмыс атқарушыда, 3-ші дана жоба ұйымында сақталады.

 

МАЗМҰНЫ:

 

1 БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ТҮСІНІК, ҚҰРЫЛЫМ, СТАНДАРТ, МЕТРОЛОГИЯ

§ 1. Автомобиль жол құрылысының сапасының негізгі түсінігі.

§2 ИСО-9000 программасын енгізу. Сапаны көтерудiң экономикалық тиiмдiлiгi

§ 3. Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру

Бөлім 2. Бастапқы бақылау

§4. Жол құрылысында геодезиялық бақылау сапасы

§5. ЖСҚ (жобалы сметалы құжат) сапасын бақылау. ЖСҚ сұрыптау

§ 6. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау.

3. Бөлім. Бақылау аспаптары, сынақтан өткізу, топыраққа қойылатын талаптар

§7. Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау

§8. Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға қажетті бақылау құралдары.

4 Бөлім. §9 Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын операциялық бақылау сапасы.

§10. Жол жамылғысы, негіз бен жамылғының қосымша қабаттарын тұрғызуда операциялық бақылау сапасы

 

§11. Органикалық және органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген негіз бен жамылғыны тұрғызуда операциялық бақылау сапасы

§12. Монолитті және жиналмалы цементбетон жамылғысы мен негізін тұрғызуда операциялық бақылау сапасы

§13. Жол құрылысындағы битумдар

5 Бөлім. Нормативтік құжаттардың жол-құрылыс материалдарына талабы. Бақылау аспаптары.

§14. Жол-құрылыс материалдарының бақылау аспаптары

6 Бөлім. §15. Орындалған жол-құрылыс жұмыстарын қабылдау

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 798; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.