Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тарату материалы 1 страница




Акушерлік саймандар – акушерлік практикада диагностика, босандыруға көмектесу және ұрықты бұзу үшін қолданылатын саймандар.

Гинекологиялық саймандар – гинекология практикасында диагностикаға, хирургиялық манипуляцияларда, жуу және шаюда қолданылатын саймандар.

Урологиялық саймандар – несеп жүргізу жолдарының ауруларын емсдеуде және диагностикалауда қолданылатын саймандар (уретраның, қуықтың, несеп түзу көздерінің, бүйректің).

Акушерлік саймандардың жіктелуі:

1. Диагностикаға арналған саймандар

2. Босандыруға көмектесуге арналған саймандар

3. Эмбриотомияға арналған саймандар

Гинекологиялық сйамандардың жіктелуі:

1. Диагностикаға арналған саймандар

2. Хирургиялық манипуляцияларға арналған саймандар

3. Жууға және шаюға арналған катетерлар

Урологиялық саймандардың жіктелуі:

1. Уретральды буждар

2. Уретральды катетерлар

3. Тасты майдалауға арналған саймандар

Оториноларингологиялық саймандар (ЛОР саймандары) – бұл ЛОР-органдарына оперативтік араласуларда қолданылатын және қарауға арналған қарапайым диагностикалық саймандар.

ЛОР-саймандардың жіктелуі:

1. Құрылымы бойынша:

- құлаққа арналған

- мұрынға арналған

- тамаққа арналған

- ингаляторлар

- Симановскийдің маңдай рефлекторы

- айнаға арналған ұстағыштар

2. Қолданылуы бойынша:

- диагностикалық

- кесетін

- трахеотомияға арналған

- көмекші

Стоматологиялық құрал-жабдықтар – тісті емдеу және тіс техникасы тәжірибесінде қолданылатын ірі көлемдегі мүліктер.

Пломбылайтын материалдар –сыртқы қоршаған ортаның әсерінен қорғау үшін тіс каналын немесе қуысын уақытша немесе тұрақты толтыруға арналған материалдар.

Терапевтикалық стоматологияға арналған саймандар – тіс тіндерін, түбір каналын, тісті пломбылауда және тістің тастарын алуда өңдеу үшін қолданылатын саймандар.

Хирургиялық стоматологияға арналған саймандар – тіс түбірлерін алып тастауда қолданылатын саймандар (тіс қысқыштары, элеваторлар).

Көмекші саймандар – тісті және ауыз қуысын тексеруде қолданылатын саймандар (айналар, зондтар, пинцеттер және т.б.)

Ортопедиялық стоматологияға және тіс протездеу жұмыстарына арналған саймандар – тіс протездерін өңдеуге, тіс коронкаларын салуға және алуға қолданылатын саймандар (тістің техникалық жұмыстарына арналған фрездер, тегістейтін дөңгелектер, сеперациялық дискілер, штихельдер, көшірмесін алуға арналған қасықшалар, коронканы алуға арналған саймандар және т.б.).

Офтальмология – көру органының физиологиялық және патологиялық процестерін, сонымен бірге көз ауруларының профилактикасын және емдеуін зерттейтін медицина саласы.

Офтальмологиялық саймандардың жіктелуі:

1. Кескіш саймандар

2. Қысатын саймандар

3. Жараны ашатын және ығыстыратын саймандар

4. Қалған саймандар

Кескіш офтальмологиялық саймандар – көз алмасы мен қабағының жұмсақ тіндерін, бұлшық еттерін, конъюнктиваны кесуге арналған саймандар.

Қысатын офтальмологиялық саймандар – көз алмасының шырышты, қасаң қабықтарын, қабақ тіндерін ұстауға және қысуға, операция кезінде көз тамырларын қысуға арналған саймандар.

Жараны ашатын және ығыстыратын офтальмологиялық саймандар – қабақты көтеруге және ашуға, операциялық жара бетін ашуға арналған саймандар.

Офтальмологиялық саймандардың сапасын бағалау жалпыхирургиялық саймандардың жіктеу топтарына сәйкес жүргізіледі.

Урологиялық, акушерлік-гинекологиялық саймандадың сапасын бағалау:

Акушерлік стетоскоптың сапасын бағалау

- Қарау, көру арқылы стетоскоптың бетіне кедір-бұдырлардың, тегіс емес жерлердің болмауы анықталады, стетоскоптың беті тегіс және ашық түсті лакпен жабылған болу керек. Раструбтары ішкі және сыртқы беттерінде дөңгелектенген жиектеріне біртіндеп өтуі керек.

Тазомердің сапасын бағалау

Тазомердің тармақтарында деформацияның болмауын, бұралып жабылатын винтінің дұрыстығы, бұтақтарының берік ілінуі анықталады.

Акушерлік қысқыштарыдң сапасын бағалау

- Қасықшаларының иілуі, беттерінің тегістігі, барлық бұрыштарының, қабырғаларының дөңгелектенгені, қорғаныш жабынының сапалылығы тексеріледі.

- Мөлшері 50х50 мм ағаш кесіндісін қасықшаларының арасына қысып көру арқылы серпімділігі және беріктігі анықталады. Тексеруден кейін қалдық деформация және жұмыс бөліктерінде майысу болмау керек..

Ілмектердің сапасын бағалау

Сайманды өңдеу сапасы анықталады. Ілмекке 10 кг жүк ілу арқылы ілмектің иілген жерінің беріктігі тексеріледі. Сынаудан кейін қалдық деформация болмауы керек..

Перфоратордың сапасын бағалау

Құлпының оңай жабылуын тексереді, қалың картонды тесу және кесу арқылы перфоратордың найза тәрізді ұшының өткірлігі тексеріледі. Тесу және кесу кезінде көп күш жұмсалмауы керек және кесілген жердің жиектері тегіс болуы керек.

Краниокластың сапасын бағалау

Сайманның жиынтығы, тармақтарының құлыппен бірігу беріктігі, сонымен бірге құлпының оңай және жеңіл жабылуы, жұмыс бөліктерінің жымдасу тығыздығы, винтінің дұрыстығы тексеріледі.

Гинекологиялық кюреткалардың сапасын бағалау

Көру, қарау арқылы сайманның кесетін бөлігінен басқа барлық бөлігінің жұмырлануы (дөңгелектенуі) тексеріледі. Кескіш бөлігінің өткірлігі ағаштың беткі қабатын қырнау арқылы тексеріледі. Кюретка ағаштың үстіңгі қабатын жеңіл және біртегіс қырнауы керек, сынаудан кейін кескіш бөлігі өткірлігін жоғалтпауы керек.

Катектердің сапасын бағалау

Катетер қуысына мандрен енгізу арқылы каналдың өткізгіштігін тексереді. Несеп түзу көздеріне арналған катетердің икемділігін тексеру үшін оны дистилднеген суда 10 минут қайнатады, суығаннан кейін катетерді диаметрі 500 мм болатын ағаш цилиндрге орайды. Сынаудан кейін катетердің бетінде сызаттар пайда болмауы керек.

Қайшылардың, айналардың, қысқыштардың сапасын бағалау жалпыхирургиялық саймандарға ұқсас жүргізіледі.

Оториноларингологиялық саймандардың сапасын бағалау

Аденотомияға арналған пышақ

Пышақтың өткірлігін екі қабатталған жұмсақ жұқа замштың иілген жерін кесу арқылы тексереді. Пышақ замшты оңай кесуі керек, ал кескіш бөлігі үгітілмеуі және өткірлігін жоғалтпауы керек.

Тонзиллотом

Кескіш қасиетін пышақтың дөңгелек бөлігіне енгізілген жұқа замштан жасалған диаметрі 3-4 мм болатын жгутты кесу арқылы тексереді: кесілген жері тегіс болуы керек.

Конхотом

Кескіш қасиетін жұқа замшты кесу немесе жұқа целлулоидты пластинканы тістеп көру арқылы тексереді: кесілген жиектері біртегіс және таза болуы керек.

Жасырынды тамақ пышағы және парацентезді пышақ (ине)

Кескіш қасиетін медициналық саймандардың өткірлігін тексеруге арналған барабанға тартылған папирос қағазын тесу және кесу арқылы тексереді. Пышақ жұқа замшты оңай кесі керек, кесілген жердің жиектері тегіс, жұлмаланбаған болуы керек.

Трахеотомиялық өткір ілмек

Ілмектің функционалдық қасиетін тексеру үшін өткір ұшымен ағашқа қадайды да, ұстайтын бөлігіне 5 кг жүк іледі. 10-минуттық сынаудан кейін қалдық деформациясы байқалмауы керек.

Трахеотомиялық кеңейткіш

Функционалдық қасиетін диаметрі 5 мм болатын резеңке түтікті кеңейту арқылы тексереді. Сынаудан кейін сайманда қалдық деформация байқалмауы керек.

Құлаққа арналған катетер

Катетердің серпімділігін тексеру үшін қолдың күшімен сайманды майыстырады және қайтадан бастапқы қалпына келтіреді; тексеруден кейін сайманда қалдық деформация қалмауы керек..

Құлаққа және мұрынға арналған зондтар

Сайманның серпімділігін тексеру үшін жұмыс бөлігімен қатты затқа батырады, сол кезде зондтар аздап пружиналануы керек.

Құлаққа арналған пневматикалық воронка (айна)

Сайманды толық жинақтағаннан кейін воронканың герметикалығын тексеру үшін, воронканың тесіктерін саусақпен жабу керек.

Ингалятор

Ингаляторлардың функционалдық қасиетін сынауды оны суға толтырып, қайнатуға дейін қыздырғаннан кейін жүргізеді.

Долотолардың, қасықтардың, құлаққа арналған пинцеттердің, тампон қысқыштарының сапасын бағалау жалпыхирургиялық қысқыш және кескіш саймандарға ұқсас жүргізіледі.

Стоматологиялық саймандардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың сапасын бағалау

Тіс борлары мен тіс техникалық фрездері

Лупаның көмегімен бордың жұмыс бөлігінің кескіш жиегінің бүтіндігі тексеріледі. Кескіш қасиетін шойын пластинканы бірнеше рет (3-5) бұрғылап көру арқылы тексереді.

Қырлары бар түбір инелері

Иненің серпімділігін тексеру үшін оны 90°-қа майыстырады және қайтадан қалпына келтіреді. Сынау кезінде және сынаудан кейін ине сынып қалмауы керек.

Экскаваторлар

Тіс экскаваторларының беріктігін қатып қалған дентин мен сүйекті қырнап көру арқылы тексереді. Сынау кезінде жұмыс бөліктері майыспау керек, ал кескіш жиегі – үгітілмеуі және өткірлігін жоғалтпауы керек.

Тіс зондтары

Зондтардың икемділігін оның жүзіне аздап басып көру арқылы тексереді. Зонд пружиналанбауы керек және қалдық деформация бермеуі керек.

Тіс қысқыштары

Тіс қысқыштарының беріктігін диаметрі 8 м болатын мыстан жасалған сымды 20 кг күш жұмсап қысу арқылы арнайы приборда тексереді. Сынаудан кейін құлпы босаңсымауы керек және қысқыштың жұмыс бөлігінде қалдық деформация байқалмауы керек.

Тіс элеваторлары

Беріктігін тексеру үшін элеватордың лапкасын ағаш кесіндісіне енгізеді де, ұстайтын жеріне рычаг тәрізді әсер ете отырып ағаш қабатын сындырады. Сынаудан аяқтағаннан кейін сайманда қалдық деформация болмауы керек.

Коронканы кесуге арналған қайшы

Қайшының кескіш қасиетін қалыңдығы 0,3-0,5 мм болатын тот баспайтын болат пластинкасын кесіп көру арқылы тексереді. Қайшы металды барлық ұзындығы бойынша кесуі керек және жүзі өткірлігін жоғалтпауы керек.

 

ӘДЕБИЕТ:

 

1. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с.

2. Васнецова О.А. Медицинское и фармацевтическое товароведение – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с.

3. Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое товароведение: Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.

 

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:

1. Акушерлік саймандар қалай жіктеледі?

2. Гинекологиялық саймандар қалай жіктеледі?

3. Нейрохирургиялық саймандар қалай жіктеледі?

4. Офтальмологиялық саймандар қалай жіктеледі?

5. Оториноларингологиялық саймандар қалай жіктеледі?

6. Стоматологиялық саймандар қалай жіктеледі?

7. Урологиялық саймандар қалай жіктеледі?

8. Литотрипторлар мен эвакуаторлардың конструкцияларының ерекшеліктерін көрсетіңдер.

9. Акушерлік, гинекологиялық саймандарға қандай техникалық және функционалдық талаптар қойылады?

10. Серпімді катетерлар мен буждарды стерильдеу үшін қандай әдіс қолданылады?

11. Кесетін ЛОР-саймандарды дайныдау үшін қандай материалдар қолданылады?

12. Трахеотомияға арналған жиынтыққа қандай саймандар кіреді?

13. Кесетін және қысатын офтальмологиялық саймандардың сапасы қандай әдістермен бағаланады?

14. Нейрохирургиялық кесетін саймандардың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?

15. Урологиялық саймандардың функционалдық қасиетін сынау.

ТАҚЫРЫП: АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САЙМАНДАР: УРОЛОГИЯЛЫҚ,

АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ

 

Мақсаты: Студент міндетті

білуге:

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандардың жіктелуін;

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандарды қабылдауды, сақтауды және босатуды;

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандарға қойылатын талаптарды;

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандардың конструкциялық ерекшеліктері мен стерильдеу әдістерін.

орындай білуге:

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандарды жіктеуді;

· тауарлық түрін анықтауды;

· қандай материалдан жасалғанын анықтауды;

· урологиялық және акушерлік-гинекологиялық медициналық саймандарды дұрыс сақтауды ұйымдастыруды.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Арнайы медициналық саймандарға (урологиялық және акушерлік-гинекологиялық) жіктеуді жүргізу, тауарлық түрлерін, негізгі функцияоналдық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды анықтау бойынша кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Урологиялық саймандар.

2. Урологиялық саймандардың жіктелуі (уретральды буждар, уретральды катетерлар, тасты уатуға арналған саймандар).

3. Тасты майдалауға арналған аппараттар мен саймандар.

4. Акушерлік саймандар (диагностикаға, босандыруға және ұрықты бұзуға арналған).

5. Акушерлік саймандардың жіктелуі (диагностикаға, босандыруға және ұрықты бұзуға арналған).

6. Гинекологиялық саймандар (диагностикаға арналған, хирургиялық манипуляцияларға арналған, жууға және шаюға арналған).

7. Гинекологиялық саймандардың жіктелуі (диагностикаға арналған, хирургиялық манипуляцияларға арналған, жууға және шаюға арналған).

8. Босандыруға арналған саймандарды атаңдар.

9. Ұрықты бұзу операцияларында қолданылатын саймандарды атаңдар.

10. Гинекологиялық саймандарды атаңдар.

11. Жатыр ішіне құюға арналған шприцтер.

12. Урологиялық, акушерлік-гинекологиялық саймандардың сапасын бағалау.

13. Акушерлік-гинекологиялық саймандарды сақтау және стерильдеу.

14. Литотриптор мен эвакуатордың конструкциясының ерекшелігін көрсетіңдер.

 

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тақырып бойынша негізгі түсініктерді оқып-үйрену. Сұрақтар бойынша пікірталас:

· Урологиялық саймандар: жіктелуі, тауарлық түрлері және оларға қойылатын талаптар.

· Акушерлік-гинекологиялық саймандар: жіктелуі, тауарлық түрлері және оларға қойылатын талаптар.

Кіші топтардағы жұмысы. Презентация.

· Диагностикаға арналған урологиялық саймандар: бастапқы материалы, тауарлық түрлері, стерильдеу әдістері, буып-түю және сақтау.

· Босандыруда қолданылатын акушерік саймандар: бастапқы материалы, тауарлық түрлері, стерильдеу әдістері, буып-түю және сақтау.

· Ұрықты бұзуға қолданылатын акушерлік саймандар: бастапқы материалы, тауарлық түрлері, стерильдеу әдістері, буып-түю және сақтау.

· Гинекологиялық саймандар: бастапқы материалы, тауарлық түрлері, стерильдеу әдістері, буып-түю және сақтау.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Под редакцией О.А.Васнецовой «Медицинское и фармацевтическое товароведение», практикум. Издательство группа ГЭОТАР-МЕДИА, - Москва, 2005г. С.103-104.

2. С.З.Умаров, И.А.Наркевич, Н.Л.Костенко, Т.Н.Пучинина. «Медицинское и фармацевтическое товароведение», издательский дом ГЭОТАР-МЕД,

- Москва, 2004г. С.235-247.

3. дәріс конспектісі.

Қосымша:

1. Крендаль ПЕ, Кулешева З.В., Гольфред Л.А., Петров В.Д. Практикум по медицинскому товароведению.-Москва: Медицина, 1984. С.49-83.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Урологиялық саймандар.

2. Урологиялық саймандардың жіктелуі (уретралды буждар, катетерлер, тасты уатуға арналған саймандар).

3. Акушерлік саймандар (диагностикаға, босандыруға, ұрықты бұзуға арналған).

4. Акушерлік саймандардың жіктелуі.

5. Гинекологиялық саймандар (диагностикаға арналған, жууға, шаюға арналған, хирургиялық араласуға арналған).

6. Босандыруда қолданылатын саймандар.

7. Ұрықты бұзу операцияларында қолданылатын саймандар.

8. Урологиялық, акушерлік-гинекологиялық саймандардың сапасын бағалау.

9. Акушерлік-гинекологиялық саймандарды стерильдеу және сақтау.

10. Урологиялық саймандарды стерильдеу және сақтау.

 

 

 

 

ТАҚЫРЫП: ТЕСУГЕ, ИНЪЕКЦИЯҒА, ТРАНСФУЗИЯҒА, АЙДАУҒА ЖӘНЕ

СОРУҒА АРНАЛҒАН САЙМАНДАР МЕН АППАРАТТАР

Мақсаты: Студент міндетті

білуге:

· негізгі конструкциялық ерекшеліктерін;

· шприцтердің, инелердің, трансфузияға және соруға арналған аппараттардың жіктелуін;

· оларға қойылатын талаптарды;

· оларды стерильдеу әдістерін;

· буылып-түйілуін, таңбалануын және сақталуын.

орындай білуге:

· тауарлық түрлеріноанықтауды;

· қандай материалдан жасалғанын анықтауды;

· соруға, енгізуге, айдауға және тесуге арналған саймандар мен аппараттардың дұрыс сақталуын ұйымдастыруды.

 

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: Сформировать профессиональные знания и умения по тесуге, инъекцияға, трансфузияға, айдауға және соруға арналған медициналық саймандар мен аппараттарды жіктеу, олардың тауарлық түрлерін, негізгі функционалдық қасиеттерін және оларға қойылатын талаптарды анықтау студенттерде кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Тесуге арналған саймандар.

2. Соруға арналған саймандар.

3. Трансфузияға арналған саймандар.

4. Инъекцияға арналған саймандар.

5. Шприцтер: оладың конструкциялық ерекшеліктері, типтері, қолданылуы, сапасын тексеру, стерильдеу әдістері.

6. Инъекциялық инелер: конструкциясы, қолданылуы, сапасын тексеру әдістері, стерильдеу.

7. Пункциялық-биопсиялық инелер.

8. Инфузияға арналған қондырғылар, типтері: қан құюға, қан ауыстырғыштары және инфузиялық ерітінділерді құюға арналған.

9. Қан ауыстырғыштарын және инфузиялық ерітінділерді құюға арналған саймандар мен приборлар.

10. Көктамырға және бұғанаға арналған катетерлер.

11. Көмекші қондырғылар.

12. Трансфузияға, айдауға және соруға арналған аппаратура.

13. Бобров аппараты.

14. Плевроаспиратор, пневмотораксқа арналған аппарат.

15. Сорғыштардың түрлері. Конструкциялық ерекшеліктері, жиынтығы, сапасын тексеру.

 

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тақырып бойынша негізгі түсініктерді оқып-үйрену. Сұрақтар бойынша пікірталас:

· Тесуге арналған саймандардың оқулық жіктелуі.

· Соруға арналған саймандардың оқулық жіктелуі.

· Трансфузияға арналған саймандардың оқулық жіктелуі.

· Инъекцияға арналған саймандардың оқулық жіктелуі.

Кіші топтардағы жұмысы. Презентация.

· Арнайы инелер: тауарлық түрлері, функционалдық қасиетін анықтау, стерильдеу әдістері, қабылдау, сақтау және босату.

· Инъекциялық инелер: тауарлық түрлері, функционалдық қасиетін анықтау, стерильдеу әдістері, қабылодау, сақтау және босату.

· Шприцтер: тауарлық түрлері, функционалдық қасиетін анықтау, стерильдеу әдістері, қабылодау, сақтау және босату.

· Сұйытықты ағзаға енгізуге және сорып алуға арналған аппараттар.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Под редакцией О.А.Васнецовой. «Медицинское и фармацевтическое товароведение», практикум. Издательство группа ГЭОТАР-МЕДИА, - Москва, 2005г. С.151-156.

2. С.З.Умаров, И.А.Наркевич, Н.Л.Костенко, Т.Н.Пучинина. «Медицинское и фармацевтическое товароведение», издательский дом ГЭОТАР-МЕД,

- Москва, 2004г. С.235-247.

3. Дәріс конспектісі.

Қосымша:

1. ГОСТ 22967-90. Шприцы медицинские инъекционные многократно­го применения. Общие технические требования. — М.: Изд-во стандар­тов, 1990.

2. ГОСТ 25046-81. Иглы инъекционные однократного применения. Ос­новные размеры. Технические требования. — М.: Изд-во стандартов, 1981.

3. ГОСТ 25377-82. Иглы инъекционные многократного применения. Тех­нические условия. — М.: Изд-во стандартов, 1982.

4. Хренов А.П. Хирургические инструменты. Медицинские металлические и резиновые изделия (учебное пособие для слушателей высших военно-медицинских учебных заведений). — Л.: ВМА им. С.М. Кирова, 1955.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Тесуге арналған саймандар.

2. Соруға арналған саймандар.

3. Шприцтер: конструкциялық ерекшеліктері, типтері, қолданылуы, сапасын тексеру, стерильдеу әдістері.

4. Трансфузияға арналған саймандар.

5. Пункциялық-биопсиялық инелер.

6. Инъекцияға арналған инелер.

7. Плевроаспиратор, пневмотораксқа арналған аппарат.

8. Қан ауыстырғыштарын және инфузиялық ерітінділерді құюға арналған жүйелер.

9. Инфузияға арналған құрылғылар, типтері: қан құюға, қан ауыстырғыштары және инфузиялық ерітінділерге арналған.

10. Бобров аппараты.

11. Инъекциялық инелер: конструкциясы, қолданылуы, сапасын тексеру әдістері, стерильдеу.

 

 

 

 

ТАҚЫРЫП: ДИАГНОСТИКАҒА, ЭНДОСКОПИЯҒА ЖӘНЕ ИНТРОСКОПИЯҒА

АРНАЛҒАН ПРИБОРЛАР МЕН АППАРАТТАР

 

МАҚСАТЫ: Студент міндетті

білуге:

· диагностикада, эндоскопияда және интро­скопияда қолданылатын приборлар мен аппараттардың номенклатурасын;

· диагностикада, эндоскопияда және интро­скопияда қолданылатын приборлар мен аппараттардың жіктелуін;

· осы аппаратураларды дайындауда қолданылатын материалдарды;

· оларға қойылатын талаптарды;

· диагностикада, эндоскопияда және интро­скопияда қолданылатын приборлар мен аппараттардың ассортиментін, жиынтығын;

· функционалдық қасиеттерін сынау мен сапасын анықтауды.

орындай білуге:

· диагностикада, эндоскопияда және интро­скопияда қолданылатын приборлар мен аппараттарды жіктеуді;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-30; Просмотров: 4140; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.159 сек.