Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі 2 страница




Ратификация, бұл мемлекеттің жоғарғы органымен шарттың бекітілуі. Нәтижесінде, ол бұл үшін қажетті мемлекеттік күш алады. Қазақстанда ҚР Конституциясы мен ҚР Парламент туралы заң күші бар Президент Жарлығына сәйкес халықаралық шарттарды Парламент бекітеді (ратификациялайды).

Ратификация туралы шешім жарлық нысынынды қабылданады. Екі жақты шарттың қатысушылары ратификациялық қағаздарымен алмасады. Көп жақты халықаралық шарттар бойынша ратификациялық қағазы бір немесе бірнеше мемлекеттің сақтауына берілуі келіседі.

Ратификациялық қағазы үш бөлімнен тұрады: 1) бекітілген шартты жоғарғы органның қарағандығы; 2) шарттың мәтіні, не атауы көрсетіледі; 3) шарттың бекітілгендігі, оны бекіткен мемлекеттің бұлжытпай орындайтындығы айтылады.

Бекіту (қабылдау), шарт жасайтын органдардың шартты қолдануын білдіреді. Ратификацияға жатпайтын шарттар ғана қабылданады.

Халықаралық шарттарға қосылу, шарт жасағанда қатыспаған мемлекет оның қатысушысы болғысы келгенін айтудан басталады. Жарамды халықаралық шарттарға, сонымен қатар, күшіне еңбеген шарттарға қосылуға болады. Мысалы, 1963 жылғы қабылданған “Дипломатиялық қатынастар туралы” Веналық Конвенцияға Қазақстан 1993 жылы қосылды.

Ескерту, халықаралық шарттарды ратификациялау, қол қою, қабылдау және бекіту кезінде немесе оған қосылу кезіндегі мемлекеттің бір жақты ресми арызы болып табылады.

Ескерту мен қарсылық жазбаша түрде жасалу керек және келісілген мемлекеттерге хабарлануы тиіс. Қатысушы мемлекет кез келген кезде оған қарсы ескертуін немесе қарсылығын қайтып алуына болады.

Депозитарий дегеніміз көпжақты халықаралық шарттың және оған тиесілі барлық құжаттардың тұпнұсқасын сақтау. Депозитарий бір немесе бірнеше мемлекет, халықаралық ұйымдар немесе осындай ұйымның басты лауызымды тұлғасы бола алады. БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ жанында жасалған біршама халықаралық шарттардың депозитарий қызметін атқарады.

Депозитарийдың құқықтары мен міндеттері 1969 жылғы Веналық конвенцияда бекітілген.

Халықаралық шартты тіркеу халықаралық шарт жасаудың маңызды этабының бірі болып табылады. БҰҰ-ның Жарлығы бойынша әрбір шарт ұйымның кез келген мүшесімен жасалған БҰҰ-ның хатшылығында тіркелуі тиіс. Ол шартты арнайы тіркеу қағазына жазып (реестр), оларды жариялайды, бірақ тіркеудің мақсатқа лайықтылығын мемлекеттердің өздері шешеді.

Халықаралық шарттардың формасы мен құрылымы.

Шарттың формасы. Екі негізгі формасы бар: жазбаша және ауызша. Олардың ішінде ең негізгісі болып жазбаша формасы табылады. Ешқандай құжаттарда жазылмаған келісімді джентелмендік (жігіттік) келісім деп атайды

Шарттың уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті.

Әрекет мерзіміне байланысты халықаралық шарт мынандай топқа бөлінеді: 1) мерзім бойынша; 2) мерзімсіз.

Белгілі бір мерзімге жасалған шарт, сол мерзімнің бітуіне байланысты өзінің әрекетін автоматты түрде тоқтатады. Мерзімсіз шартқа бейбітшілік шарттары, территориялық шек қою туралы шарттар, халықаралық ұйымдардың жарлықтары, конвенциялар және т.б. шарттар кіреді. Егер халықаралық шарт мерзімінің уақыты тамандауға жақын қалса, оның мерзімін ұзартуға болады. Оны пролонгация деп атайды. Шарт пролонгациясы екі тәсілмен жүргізіледі: 1) шартты белгілі бір мерзімге ұзарту жөнінде арнайы келісім жасалады; 2) ұзарту жөніндегі жағдайларды шарт мәтініне қосады (әдетте, егер уағдаласушы тараптардың бірі шарт мерзімі аяқталғанға дейін шарттан бас тартуы туралы хабарламаса, шарт автоматты түрде ондағы көрсетілген мерзімге ұзарған болып есептеледі).

Шарттың күші бойынша кеңістікте әмбебап шарттар, аймақтық шарттар болып ерекшелінеді.

Халықаралық келісім-шарттарға түсінік беру түрлері.

Халықаралық шартты түсіну – шарттың нақ мағынасын және мазмұнын анықтау болып табылады. Шартқа түсінік беруі ресми және ресми емес болып бөлінеді.

Қатысушы мемлекеттердің келісімі бойынша жүзеге асырылатын шартты түсіну тұп нұсқалық деп аталады; шарттың қатысушылары үшін қажетті; олардың келуісуінде негізделген.

Шартқа тұп нұсқаулық бойынша түсінік беру кез келген формада болуы мүмкін: арнайы шарт немесе хаттама, нота алысу.

Халықаралық түсінік беру – шарттың мәнін халықаралық органдар арқылы анықтау. Көбінесе грамматикалық, саяси, жүйклік және тарихи түсіндірулер қолданады.

Грамматикалық түсінік беру – грамматикалық ережелер негізінде шарттың мәні мен терминдерінің, жеке сөздер мен сөз тіркестердің мағынасын анықтау.

Логикалық түсінік беру – шарттың баптарын бір-бірімен салыстыру, сонымен бірге сол құжаттың логикасын анықтауды білдіреді.

Тарихи түсінік беру кезінде оның мәтіні қашан өнделіп және қабылдағандығы тарихи жағдайлар талданады.

Түсінік берудің негізгі принциптері

Түсіндіру кезінде халықаралық шарттарға түсінік берудің жалпы және арнацы принциптерін қолдану керек.

Негізгі жалпы принциптерге мыналар жатады:

А) адалдық принципі;

Б) бірлік принципі;

В) тиімділік принципі;

Шартқа түсінік берудің арнайы принциптерәі болып

А) түсіндіру кезінде шарттың түрлі-тілдік мәтіндердің максималды қолдануы;

Б) мәтіннің тең дұрыстылығы, олардың тұп нұсқаулығы түрлі тілде орнатылуы;

В) мәтіннің түрлі тілде бекітілген бірінғай мәнін орнату табылады.

Халықаралық келісім-шарттардың жарамды және жарамсыз негіздері.

1969 жылғы халықаралық шарттар жөніндегі Вена Конвенцияда бекітілгендей халықаралық шарттар толық немесе белгілі бөлімде халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне қайшы келмейтін болса, ол жарамды деп есептеледі

Шарт жасау кезінде ережелерді қолдану қажет. Шартты тиісті субъектілер жасау керек, ал келіссөздерді өкілдер тиісті тәртіп бойынша жүргізу керек, яғни күш көрсетпеу, келіссөздер жүргізу барысында өтірік айытпау, пара бермеу керек.

Халықаралық шарт жарамсыз деп есептеледі, егер:

  1. ол шарт жасау тәртібіне және құзыретіне байланысты кірмесе, ішкі конституцияларды, нормаларды күдіксіз бұзумен жасаса;
  2. шарт бойынша міндеттемеге келісімді қателікпен беру;

3. егер мемлекет басқа қатысушы-мемлекеттердің өтірік әрекеттерінің әсерінен шарт жасаған жағдайда;

4. пара беріп шарт жасаса;

5. келісім жасаған кезде күш көрсетсе;

6. егер шарт жасау кезінде халықаралық құқық принциптерін бұзудағы күш көрсету нәтижесі болып табылса;

7. егер шарт жасау мезетте шарт халықаралық құқық принциптеріне қарсы келетін болса.

 

Шарттың күшін тоқтату және жою

Шарттың күшін тоқтату, оның қатысушылары арасындағы қатынастарында өзінің міндетті күшін жоюды білдіреді.

Халықаралық шартты денонсациялау, халықаралық келісім-шарттың нақ өзінде қарастырылған тәртіп пен мерзімге сай ескерту жасай отырып, әлдебір мемлекеттің екі жақты халықаралық шарттан бас тартуы (немесе көпжақты шарттан шығуы). Денонсация талаптары келісімшарт жасаушылардың келісімімен айқындалап, соған сәйкес жүзеге асатын болғандықтан денонсацияның құқыққа сыйымдылығы заңдық мәнінен туындайды. Жасалатын халықаралық шарттардың 40 пайызынан астамы олардың денонсациялану мүмкіндігі туралы шарттарды мазмұндайды.

Көп жақты келісім-шарттарды денонсациялаудың тек денонсациялаған мемлекет үшін ғана күші бар; басқа қатысушы тараптар арасында келісім-шарт жалғаса береді. Денонсацияны ішкі ұлттық заңдар мен денонсациялау құқығы берілген органдар жүзеге асырады.

Шарттың мерзімінің өтуі. Бұл жағдайда шарт өзінің күшін автомат түрде жоғалтады.

 

Тақырып 5. Халықаралық ұйымдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы

1. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі (статусы)

2. БҰҰ - әмбебап халықаралық ұйым ретінде

3. БҰҰ-ң басты органдары

4. БҰҰ-ң арнайы мамандандырылған мекемелері

 

 

Дүние жүзінде 3,5 мың халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Солардың ішінде негізгі орын халықаралық құқықтың субъектілері болып табылатын 400 ге жуық халықаралық үкіметаралық ұйымдарға берілген. Барлық ұйымдардың ішінен ең белгілі, әрі әмбебап бұл, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы.

Мемлекеттер тарапынан құрылған алғашқы халықаралық ұйымдар 19 ғасырда пайда болды. Ең бірінші болып Халықаралық электр байланыс Одағы, Халықаралық телеграф Одағы, Халықаралық пошта Одағы құрылды. Мұндай ұйымдардың туындауына халықаралық нарықтың пайда болуы мен дамуы себеп болды.

Сойте тұра, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мақсат етіп қоятын ұйымдар кейіннен құрылды. Осы мақсатпен құрылған Ұлттар Лигасы 1919 жылы дуниеге келді.

Халықаралық үкіметаралық ұйым – деп шарт негізінде құрылаын және сол арқылы осы ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарын, мақсаттары, принциптері мен өкілеттіктерін белгілейтін, сондай-ақ елдер арасындағы байланыстарды жүзеге асыру үшін белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болатын мемлекеттер одағын айтамыз.

Халықаралық үкіметаралық ұйым халықаралық құқық субъектісі бола отырып, мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік-экономикалық құрылымдармен қарым қатынасын қамтамасыз етеді, қазіргі кездегі маңызды, ғаламдық мәселелерді шешеді. Халықаралық ұйымдардың дамуы олардың халықаралық құқық субъектілік сипатына ие болуымен тікелей байланысты. Халықаралық ұйымдар заңшығарушылық, кодификациялық бақылау функцияларын жүзеге асырады. Жоғарыда айтылып өтілген функциялары жүзеге асыруы халықаралық ұйымдардың, халықаралық құқықтық реттеу механизміне әсердің өсіп отыруын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдар заң шығарушы процеске қатысады, халықаралық құқықтық санкцияларды пайдаланады. Халықаралық ұйымадардың даму процесі ұйымның ішкі мәселелелрдің дамуымен күрделене түсетіндігінің дәлелі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өздерінің заңи табиғатына орай мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының органы болып табылғандықтан, бұл мемлекеттер ұйымының қызметінің өз мақсаттарын қанағаттандыру үшін қамтамасыз етеді, кейбір элементтерін одан ары дамыта түседі.

Алғашқы халықаралық ұйымдардың арнайы халықаралық құқық қабілеттілігі болмаған, олар бір мемлекетте орналасып сол мемлекеттің билігінде болды. Қазіргі таңда халықаралық ұйымдар дербес құрылым ретінде белгілі бір мемлекеттің билігінде болмай, халықаралық құқықтың тәуелсіз субъектісі болып табылады. Ең алдымен халықаралық ұйым өзі орналасқан мемлекеттен дербес болу керек, ол үшін екі тараптың арасында, халықаралық ұйымның дербестігін, иммунитетін қамтамасыз ететін арнайы шарт жасалады.

Мұндай шарт тұнғыш рет 1926 жылы Швейцария мен Ұлттар Лигасы арасында жасалды. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық субъектілігінің көлемі жағынан бір-бірінен айрықшаланады. Бұл ұйымдар мүше болып табылатын мемлекеттермен, басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен шарттар жасайды. Мысалы, БҰҰ мен Африка елдерінің Бірлігі Ұйымы арасындағы қарым-қатынас жасау туралы келісімін келтіруге болады (15 қараша 1965ж).

Халықаралық ұйымдардың санының көбейуі және олардың халықаралық қатынастарда маңызының артуы халықаралық ұйымдардың құқығы деген саланың туындауына негіз болды. Халықаралық ұйымдардың құқығы бұл халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құру тәртібін, олардың құқықтық мәртебесін, қызмет ету көлемін, артықшылықтары мен иммунитеттерін белгілейтін жалпы принциптер мен нормалардың жиынтығы. Бұл нормалар 1946 ж. 13 ақпанда шыққан БҰҰ-ң конвенциясында белгіленген.

Мүше саны бойынша халықаралық үкіметтаралық ұйымдарды 1) дүниежүзілік және 2) топтық (аймақтық) деп бөлінеді. Дүниежүзілік ұйымдарға: БҰҰ және оның арнайы мекемелері (ЮНЕСКО, ДДСҰ, ХЕҰ және т.б.); топтық ұйымдарға: Африка елдерінің Бірлігі Ұйымы, НАТО, Америка елдерінің Ұйымы, ТМД және т.б..

Шешімдерді қабылдау процедурасына қарай ұйымдарды егеменді теңдік және салмақты дауыс беру принциптеріне негізделген екі топқа бөлінеді. Халықаралық ұйымдардың көпшілігі егеменді теңдік принципі негізінде қызмет етеді. Ол дегеніміз халықаралық ұйымға кіретін әрбір мүше мемлекет бір дауысқа ие болады.

Ал, Халықаралық реконструкция және даму банкісі, Халықаралық Валюта Қоры сияқты халықаралық ұйымдарда көбіне салмақты дауыс беру принципті қолданады. Мысалы, ХРДБ-де әрбір мүше-ел 250 дауысқа ие, қалған дауыстары оның акция санына байланысты болады. Сондықтан Англия, Франция, АҚШ сияқты елдер ХРДБ-нің несиелік саясатына едәуір әсер етеді.

Қазақстан ХВҚ-на 167-ші, ХРДБ-не - 163-ші мүшесі болды.

Заңдық табиғатына байланысты, халықаралық ұйымдарды а) ұлттардың үстінен қарайтын; б) жәй сипаттағы ұйымдар деп бөледі. Ұлттар үстінен қарайтын ұйымдар өте аз. Олар Евро Одақ өзінің Европарламенті мен Соты бар (1994 ж.).

Халықаралық ұйымдардың құрылтайшыларының статусына қарай а) үкіметаралық; б) үкіметаралық емес деп бөлінеді.

 

БҰҰ бұл дүние жүзіндегі белгілі және әмбебап ұйым болып табылады. 30 қазан 1943 жылы Москва конференциясында АҚШ, КСРО, Ұлыбритания елдерінің сыртқы істер министрлері қол қойған “Жалпы қауіпсіздік туралы” Декларациясында әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымын құру туралы шешім енген болатын. 1943 жылы 1 желтоқсан Тегеран конференциясында болашақ ұйымның жарғысы құрылды. Бұл құжат “бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауды жүзеге асыратын халықаралық ұйымды құру туралы алғашқы ұсыныстар” деп аталды. Осы конференцияда Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру тәртібі, Халықаралық Сот статутының мазмұны туралы мәселелер шешілмей қалды. Бұлардың барлығы 1945 жылы Ялта конференциясында шешімін тапты. Халықаралық ұйымды құруға байланысты мәселелер бойынша соңғы шешім 1945 жылы маусым айында өткен Сан-Франциско конференциясында қабылданды. Нәтижеде, осы конференцияда БҰҰ-ң Жарлығына алғашқы болып 50 мемлекет қол қойды. 24 қазан 1945 жылы Жарғы өз күшіне еніп, бұл күн Біріккен Ұлттар күні ретінде тойланады.

БҰҰ-ң Жарғысында келесі мақсаттар көзделген:

1) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау;

2) елдер арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

3) түрлі салаларда туындайтын мәселелрді шешу мақсатында халықаралық байланыстарды жүзеге асыру.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін БҰҰ мына принциптерді басшылыққа алады: егеменді елдер теңдігі, даулар бейбіт құралдар арқылы шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, ұйым мүшесінің Жарғыға сәйкес көмек беру, міндеттерін адал ниетпен орындау, БҰҰ-ң Жарғысына қайшы келмейтін жағдайда күш қолданудан немесе қолдану қауіпін туғызудан бас тарту.

БҰҰ-ң қызметінің негізгі бағыттары:

А) бейбіт пен қауіпсіздікті қолдау;

Б) түрлі салада елдер арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету;

В) адам құқықтарын қорғау;

Г) халықаралық құқықты кодификациялау және ілгері дамыту.

БҰҰ-ң қызметінде белгілі бір кемшіліктер болғанымен бейбітшілікті сақтап қалу жұмысында БҰҰ-ң орны ерекше. Қарусыздану – халықаралық бейбіт пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы. Ендеше 70-80 жылдары БҰҰ бастауымен қарусыздандыруға байланысты бір топ маңызды конвенциялар қабылданды.

БҰҰ халықаралық экономикалық және әлеуметтік байланыстар мәселелерін шешуде бір қатар жетістіктерге жетті. Ол үшін арнайы көмекші органдар, комитеттер мен комиссиялар құрылды. Мысал ретінде, сауда мен даму мәселелері жөнінде БҰҰ конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ-ң даму бағдарламасын келтіруге болады.

70-жылдар ортасында маңызды халықаралық құжаттар қабылданды: “Мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттері Хартиясы” және “Адамдардың құқықтарын қорғау” мақсатында адамның құқықтары жөнінде комитет пен комиссия құрылды. БҰҰ шеңберінде 1948 жылы “Адамның құқықтары туралы жалпы Декларациясы” қабылданды, 1966 жылы адамдардың құқықтары туралы Халықаралық Пакттерге қол қойылды.

Дүние жүзіндегі мемлекеттердің барлығы делік БҰҰ-ң мүшесі болып табылады. Қазақстанда БҰҰ-ң, халықаралық қауымдастықтың толық құқылы мүшесі. КСРО-ң құлдырауы нәтижесінде Қазақстанның егемендікке жетуі, БҰҰ-на қабылдауына негіз болды. Сонымен қатар, біздің ел БҰҰ-ң бейбіт сүйгіштік талаптарына сай келді. Қазақ елі өзінің сан ғасырлы тарихында ешбір елге негізсіз күш көрсетіп соғыс жүргізбеген, оның нақты дәлелі ретінде Семей полигонының жабылуын айтуға болады. Республика ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылып, өзін бейбіт мемлекет ретінде бүкіл дүние жүзіне пайл етті. Мемлекет басшысы айытқандай республикамыз өзінің ұлттық қауыпсіздігін әскери емес саяси қарулар арқылы қамтамасыз етеді.

БҰҰ-ң мүшелігіне қабылдау Қауіпсіздік Кеңестің ұсынысымен жүзеге асады. БҰҰ Жарғысының 6 бабы мүшеліктен шығаруды көздейді, бірақ мұндай мысалдар әлі болмаған. Алғашқы да БҰҰ 50 мемлекет мүше болған болатын, ал қазіргі таңда 180 мемлекеттен астам елдер мүше.

БҰҰ-ң органдары екіге бөлінеді: басты және көмекші.

Басты органдарға: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңес, Халықаралық Сот, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Хатшылық. Көмекші органдар саны 300-ге жуық.

Бас Ассамблея экономикалық, әлеуметтік, білім, мәдениет салаларында халықаралық байланыстарды қамтамасыз ететін. Оның сессиялары жыл сайын өткізіліп, онда әрбір ел 1 дауысқа ие болады. Бас Ассамблеяның жұмыс және ресми тілдеріне: ағылшын, француз, оряс, испан, қытай, араб тілдері жатады.

Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңестің ұсынысымен Бас Хатшыны тағайындайды. Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің мүшелерін сайлайды.

Маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, жаңа мүшені 2/3 көпшілік даусымен қабылданады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүше-мемлекеттен турады. Оның бесеуі АҚШ,Франция,Ұлыбритания,Қытай және Ресей – тұрақты мүшелері, қалған 10 мүшелер 2 жылға жылына бесеуден сайланады. Олар тұрақты емес немесе ауыспалы мүшелері деп аталады. Жарғының 24 бабына сәйкес бұл органға халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау міндеті жүктелген. Қауіпсіздік Кеңес бейбітшілікті бұзған мемлекеттерге күштеу шараларын қолдану өкілдігі берілген.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1963 ж. 17 желтоқсандағы қарары бойынша Қауіпсіздік Кеңесіне ауыспалы мүшені сайлау тәртібі белгіленді. Тәртіп бойынша БҰҰ мүшелерінің бейбітшілікпен халықаралық қауіпсіздікті нығаутудағы атқаратын рөлі мен географиялық орны ескерілетін болды. Ережеге сәйкес Қауіпсіздік Кеңес мүшелігіне Африка мен Азиядан – 5 мемлекет, Шығыс Европадан – 1 мемлекет, Латын Америкасымен Кариб теңізі ауданынан – 2, Батыс Европа т.б. елдерден (Канада, Австралия және Жаңа Зеландия) – 2 мемлекет сайланады.

Мемлекет арасындағы кездесетін өзара келіспеушілікпен наразылықтарға Қауіпсіздік Кеңес бейбітшілік шаралар қолдану туралы ұсыныс қоюға хақысы бар.

Халықаралық Сот – БҰҰ-ң басты сот органы. 1945 жылы құрылды. БҰҰ барлық мүшелері Халықаралық Сот туралы Статутқа қатысушы деп танылады, ал БҰҰ мүше емес елдердің Статутқа қатысы ардайым Қауіпсіздік Кеңестің ұсынысы бойынша Бас Ассамблеяның шешімімен белгіленеді (БҰҰ-ң Жарлығы, 93-баб).

Халықаралық Соттың құрылу тәсілі мен қызметі 1946 ж (1972 жылы шамалы өзгертілген) қабылданған Регламент бойынша жүргізіледі. Халықаралық Сот 15 мүшесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңес арқылы (көпшілік дауыспен) 9 жылға сайланады. Сот құрамының 1/3-і 3 жылға бір рет жаңартылып тұрады.

Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы дауларды және даулы талаптарды өзара келісіп сот қарауына арнайы берген күнде ғана қарап, тұжырымды шеше алады.

Статут бойынша азаматтар арасындағы немесе жеке адамдар мен мекемелердің даулы талаптарын Халықаралық Сот қарамайды.

Халықаралық Сот БҰҰ мекемелерінің сұрауларына консультативтік қорытынды немесе түсіндірме беруге құөылы. Мұндай түсіндірмелер сол мекемелерге ұсыныс болып табылады.

Экономикалық және әлеуметтік Кеңес – БҰҰ басты органы. Экономикалық және әлеуметтік Кеңес – 54 мүше-мемлекеттерден тұрады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңестің ұсынысы бойынша Кеңестің мүшелерін 3 жылға сайлайды. Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің сессиясы жылына екі рет болады. Кеңес комиссиялар, комитеттер мен тұрақты комитеттер ден құрылады. Әртүрлі функцианальды және аймақтық комиссиялар бар.

Қамқорлық бойынша Кеңес - БҰҰ Бас Ассамблеясы басқармасымен жұмыс істейтін БҰҰ органы. Ол 1946 жылы құрылған және оның мақсаты - қамқорлығындағы аумақтар басқарылуы үшін жауап беретін үкіметтер олардың өзін-өзі басқару мен тәуелсіздігіне дайындау үшін тиісті шараларды қабылдауын қамтамасыз ету. 1994 жыры Қауіпсіздік Кеңесі қамқорындағы алғашқы 11 аумақтың соңғысына қатысты БҰҰ қамқорлық бойынша келісімін тоқтатты, ол аумақ АҚШ басқарған Тынық мухит аралдары. Сонымен, қамқорлық жүйесі өз міндетін орындады, өткені барлық қамқорындағы мемлекеттер өзін өзі басқарумен тәуелсіздігін алды. Енді қамқорлық міндеттерін Кеңес жағдайлардың талаптарына байланысты отырыстар жүзеге асырылып отырады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1680; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.071 сек.