Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Канонічне право як об’єкт соціально-наукового пізнання. 4 страница




Жолаушы және жүк типіндегі автотежегіштері бар вагондарды барлық поездарда автотежегіш торапқа бірлестіріп қосу тәртібін, сондай-ақ вагондардың, локомотивтердің және арнайы жылжымалы құрамның ауатаратқыштарын тиісті тежеу режиміне қосу тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейді.

Жүк және шаруашылықтық поездарға жылжымалы құрам, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам аралықтық магистралімен, бірақ та бір топта ары кеткенде 8 өсімен, ал поездың соңында соңғы екі вагонның алдына — ары кеткенде 4 өсімен қойылуы мүмкін. Соңғы екі вагонның әрекеті түзу іске қосылған автотежегіштері болуы тиіс.

15.41. Автотежегіштердің поездарда сынап тексерілуі төмендегідей жүргізіледі:

Толық сынағы — барлық вагондардың тежегіш магистралінің күйін және тежегіштерінің әрекетін тексеру:

қалыптастыру станцияларында поездың жөнелтілуінің алдында;

локомотивті ауыстырғаннан кейін.

Егер локомотивтер айналымының телімі 600 км-ден астам болса, сонымен қатар локомотивтік бригадаларының ауысуы жүргізілетін және вагондарға техникалық қызмет көрсететін пункті бар станциялардың бірін-де жүк поезының автотежегіштерінің толық сынап тексерілуі жүргізілуі тиіс. Мұндай станциялардың тізімін "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейді.

локомотивті ауыстырусыз құрамға техникалық қызмет көрсету кезінде жүк поездары жүріп өтетін іргелес кепілді телімдерді бөлісетін станциялар-да;

моторвагондық поезды деподан шығарып берудің алдында немесе оның станцияда бригадасыз тұрақтауынан кейін;

поездың тоқтауы қозғалыс кестесімен қарастырылатын ұзақ еңістері бар аралықтардың алдында орналасқан станцияларда;

мәні 0,018 және одан да тік ұзақ еңістердің алдында толық сынап тексеру тежелген күйінде он минуттық басып ұстап тұру арқылы орындалады.

Мұндай станциялардың тізімін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

Электрлі-пневматикалық тежегіштердің толық сынап тексеруін жолау-шы поездарының қал ыптастырылуы және айналуы станцияларында тұрақты құрылғылардың немесе поездық локомотивтің жүйесімен жүргізеді.

Қысқартылған сынағы — соңғы екі вагонның тежегіштерінің әрекеті бой-ынша тежегіщ магистральдің күйін тексеру:

егер алдын ала станцияда автотежегіштердің сыгымдағыш қондырғыдан немесе локомотивтен толық сынап тексеруі жүргізілген болса, поезд локо-мотивін құрамга тіркегегеннен соң;

моторвагондық поездың басқару кабинасы ауыстырылғаннан кейін және локомотив поездан ағытылмайтын жағдайда локомотив бригадаларының ауысуынан кейін;

поезд құрамындағы жеңдердің кез келген ажыратылуынан, құрамдағы шеткі кранның жабылуынан, жылжымалы құрамды тіркеу нәтижесіндегі жеңдердің қосылуынан (соңғы жағдайда әр тіркелген вагонда тежегіш әрекетін тексере отырып) кейін;

жолаушы поездарында, поезд 20 минуттен астам тұрақтағанда, ба-сты резервуарлардағы қысымның 5,5 кгс/см2 мөлшерінен төмен түскенде, басқару кабинасын ауыстырғанда немесе аралықта поездың қозғалысын бас жақтағы кабинадан бұдан әрі басқару мүмкін болмауына байланысты по-

езды тоқтатқаннан кейін басқаруды екінші локомотивтің машинисіне бер-геннен кейін;

жүк поездарында, егер поездың тұрақтауы кезінде автотежегіштердің өздігінен іске қосылуы немесе тығыздық ВУ-45 нысанында көрсетілген мөлшерден 20 % -дан астам өзгерсе;

жүк поездарында, поезд 30 мин. астам тұрақтағаннан кейін, егер ол жерде вагон тексерушілері және өздеріне сынап-тексеру міндеті жүктелген, автотежегіштерді сынау жөніндегі операцияларды орындауға үйретілген қызметкерлер бар болса.

Электрлі-пневматикалық тежегіштердің қысқартылған сынап көруі локо-
мотивті, локомотив бригадаларын ауыстыру пункттеріндё, вагондарды тірке-
ген соң әр тіркелген вагонда тежегіш әрекетін тексере отырып жүргізіледі, сон-
дай-ақ алдын ала, станцияда электрлі-пневматикалық тежегіштердің тұрақты
құрылғыдаң немесе локомотивтен толық сынап-тексерілуінен кейін жүргізіледі.
Тежегіштердің толық немесе қысқартылған сынап көруін жүргізгеннен кейін,
сонымен қатар жолда келе жатқанда тежегіштер әрекетінің тексерілуі "ҚТЖ"
¥К» АҚ тиісті нұсқаулығына сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Жолаушы поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде, вагон тексерушілері қарастырылмаған станцияларда және аралықтарда тежегіштердің қысқартылған сынап көруіне жолаушы поезының бастығы (механик-бригадирі) және (бас және соңғы) вагондардың жолсеріктері машинистің радиобайланыс арқылы берілетін нұсқауы бой-ынша тартылады.

Салмағы мен ұзындығы арттырылған және біріктірілген поездардың, жүк және шаруашылықтық поездар құрамдарындағы арнайы жылжымалы құрамның вагондарын автотежегіш торапқа қосу, сондай-ақ мұндай поез-дарда автотежегіштерді сынап тексеру тәртібі "ҚТЖ" ¥К» АҚ бекіткен тиісті нұсқаулықтармен белгіленеді.

15.42. Тежегіштерді поезда толық сынап тексергеннен кейін (егер алдын ала станцияда тұрақты құрылғыдан немесе локомотивтен тежегіштердің толық тексерілуі жүргізілген болса), вагондарды тексеруші жетекші локомотивтің машинисіне "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілеген поездың тежегіш-термен қамтамасыз етілуі және олардың әрекетінің түзулігі жөніндегі ны-саны бойынша анықтаманы тапсырады. Поезға берілген анықтамада соңғы вагонның нөмірі де көрсетіледі.

Моторвагондық поездардағы автотежегіштердің әр-толық сынап-тексе-рілгені жөнінде арнайы кітапта жазба енгізіліп отырады.

Автотежегіштердің әр қысқартылған сынап тексерілуі кезінде вагондарды тексеруші, ал оның қызметі қарастырылмаған жерлерде станция бойынша ке-зекші, бас кондуктор немесе поездарды құрастырушы машинистің қолындағы тежегіштер жөніндегі анықтамада автотежегіштердің қысқартылған сынап тексеруінің жүргізілгені туралы (құрамның орын алған өзгерісі жөніндегі бел-гіні қоса) белгі қояды.

Егер автотежегіштердің қысқартылған сынап тексеруі кезінде соңғы екі вагондардың тежегіштері істемей қалса, онда өзіне автотежегіштерді сынап

көру міндеті жүктелген қызметкер поездың жөнелтілуіне жол бермеу шара-ларын қабылдауға міндетті.

Вагон қараушылардың қызметі қарастырылмаған станцияларда автотежегіштердің әрекетін тексеру ісіне жолаушы поездарында вагондардың жолсеріктері, ал жүк поездарында — автотежегіштерді сынап тексеру операцияларын орындауға үйренген қызметкерлер (лауазымдар тізбесін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді) тартылады.

15.43. Поездардағы тежегіштерді басқару режимдерін (жылдамдық-
өлшегіш таспаларды шешіп оқумен қоса) тексеру үшін тежегішсынағыш
вагондары қолданылуы тиіс. Тексеру тәртібін: — жүк және жолаушы поез-
дары үшін — "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

Поездардың жарақтандырылуы және күтімі

15.44. Жолаушы, пошталы-багаждық, жүк-жолаушы, әскери және адам
таситын поездары өртке қарсы құралдарымен, алғашқы медициналық жәрдем керсету құралдарымен жабдықталады.

Жолаушы поездарының құрамдары поезд машинисімен байланысуға арналатын радиостанциялармен жабдықталады.

Поездарды атап өтілген құралдармен қамтамасыз ету нормаларын "ҚТЖ" ¥К» АҚ бекітеді.

15.45. Локомотивтер екі тасымалды радиостанциялармен, өртсөндіргіш
және жылжымалы құрамды жол үстіне көтеру құралдарымен, қажетті
сигналдық аспаптармен, құрал-саймандармен және басқа құрал-жабдықпен
"ҚТЖ" ¥К АҚ бекіткен нормалалар бойынша жабдықталуы тиіс.

Екідиапазондық немесе үшдиапазондық радиостанциямен жабдықталған локомотивте бір тасымалды радиостанцияның болуы жеткілікті.

Локомотивтер және моторвагонды поездар сонымен қатар құрамды аралықта бекіту қажеттілігі туындауы мүмкін жағдайлар үшін төрт тежегіштік табандықтарымен жабдықталуы тиіс.

Еңісі 0,012 мөлшерінен асатын тік телімдерінде автотежегіш бүлінген жағдайда жүк және жүк-жолаушы поездың құрамын аралықта бекіту тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам аспаптармен, құрылғылармен және құрал-сайманмен "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілеген тізімге және нормаларға сәйкес жабдықталуы тиіс.

15.46. Поезға локомотив бригадасы немесе арнайы өздігінен жүретін
жылжымалы құрамды көліктік режимде басқаруға арналатын бригада
қызмет көрсетеді.

Жолаушы поезына сонымен қатар жолсеріктері немесе басқа да қызметкерлер "ҚТЖ" ¥К» АҚ нұсқауларына сәйкес қызмет көрсетеді. Ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрамға сонымен қоса осы жылжыма-лы құрамды оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыстық ре-жимде басқару және қызмет көрсету үшін тағайындалатын бригада қызмет көрсетеді.

Аралық станцияларда маневрлік жұмыстармен қамтылатын поездарға осы жұмыстарды басқару үшін Тасымалдар дирекциясының нұсқауымен бас кондуктор (поездарды құрастырушы) немесе кондукторлық (құрастырушы) бригада тағайындала алады. Шаруашылықтық поездардың аралықтағы қозғалыстарын басқаруды жұмыстардың басқарушысы немесе оның уәкілеттеген тұлғасы жүзеге асырады. Осы қызметкерлердің міндеттері По-здар қозғалыс және маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықпен белгі-ленеді.

Локомотив бригадаларының және кондукторлардың демалысы үшін ай-налым пункттерінде арнайы бөлмелер болуы тиіс.

Локомотивтерді поездарға қою

15.47. Әрекеттегі электровоздар мен тепловоздар поездың басына
қойылады және оларды алдыңғы кабинадан машинист басқарады. Бір
басқару кабинасы бар тепловоздар және паровоздар алдыңғы жүріспен
қозғалуы үшін поездың басына қойылады.

Бүкіл айналым телімі бойынша екі немесе үш әрекеттегі локомотив-термен жүріп-өтетін поездарда, едәуір қуатты сығымдағыштары (буауа сорғылары) бар локомотив поездың басына қойылады.

Салмағы және ұзындығы арттырылған поездарға әрекеттегі локомо-тивтерді қою тәртібін, сондай-ақ телімнің бір бөлігіне дейін жүріп өтетін әрекеттегі лококмотивтерді поездарға тіркеу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың айналымының шарттарын "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

Екі немесе одан астам басқару кабиналары бар немесе көп бірліктер жүйесімен істейтін локомотивтердің маневрлік қозғалыстары үшін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы жергілікті жағдайларға байланысты қозғалыстың және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін локомотивті басқару тәртібін белгілейді.

Поездық жұмыстарда қамтылған локомотивтер және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам айналым телімдерінің шегінде пайдаланылуы тиіс. Айрықша жағдайларда локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды бекітілмеген телімдерге өткізу "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

15.48. Бір басқару кабинасы бар локомотивтердің және өздігінен
жүретін жылжымалы құрамның артқы жүріспен қозғалысы тек төмендегі
жаідайларда ғана рұқсат етіледі:

қаламаңы, шаруашылықтық, қалпына келтіру, өртсөндіргіш, беруші және жұмсамалы поездарда;

темір жолдың кірме және қосылу жолдарымен жүріп өткенде;

маневрлерді жүргізгенде;

қосарланған тартым кезінде екінші локомотивпен жүріп өткенде;

локомотивтерді айналдырып бұратын құрылғылары жоқ станциялар-дан поезды жөнелткенде;

итермелеуден кейін жөнелту станциясына поезбен кері қайтқаннан соң келген кезде;

поездарды бір пункттен екі бағытқа қарай итермелегенде, сондай-ақ по-ездарды станциялардың шектерінде итермелегенде;

поезды қосалқы локомотивпен аралықтан алып шыққанда;

вагонсыз жүріп өткенде.

15.49. Әрекеттегі емес күйінде жөнелтілетін локомотивтер және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамдар поездарға қойылуы үшін әзірленуі және оларға "ҚТЖ" ¥К» АҚ нұсқаулықтарына сәйкес қосылуы тиіс.

Әрекеттегі емес локомотивтер жетекші локомотивтен кейін "ҚТЖ" ¥К АҚ белгілеген санымен қойылуы мүмкін.


 

16-ТАРАУ

ПОЕЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫ

Жалпы талаптар

16.1. Поездардың телімдегі қозғалысын бір ғана қызметкер — өзі қызмет
көрсететін телім бойынша поездар қозғалысы кестесінің орындалуы үшін
жауапты болатын поезд диспетчері басқаруы тиіс.

Поезд диспетчерінің бұйрықтарын осы телімде поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлер сөзсіз орындауы тиіс.

Поезд диспетчерінен басқаларға поездардың телімдегі қозғалысы жөнінде жедел нұсқаулар беруге тыйым салынады.

Жолаушы поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен кезде, поезд диспетчері мұндай поездың қызмет көрсетілетін те-лімде болған кезінде оның жүріп өтуіне бақылауды қамтамасыз етуі және бұл жөнінде осы телімнің станциялары бойынша кезекшілерін хабарландырып отыруы тиіс.

16.2. Поездар қозғалысын басқару тұргысынан әр станция мен жол по-
сты және әр поезд бірмезгілде тек бір қызметкердің ғана: станция — стднция
бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған
телімдерде — поезд диспетчерінің, пост — пост бойынша кезекшінің, по-
езд — жетекші локомотив (моторвагондық поезд), арнайы өздігінен жүретін
жылжымалы құрам машинисінің қарамағында болуы тиіс.

Станцияларда, жолдық дамуына байланысты әрқайсысы өз жұмыс аймағының шегінде жеке езі ғана поездар қозғалысын басқаратын станция, посттар және парктер бойынша бірнеше кезекшілер болуы мүмкін. Мұндай станциялардағы бақару аймақтарының шектерін белгілеу және поездар қозғалысына байланысты станция, пост немесе парк бойынша әр кезекшінің міндеттерінің шеңбері станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Станцияларда жетекші локомотивтің (моторвагондық поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі және поезға қызмет көрсететін барлық қалған қызметкерлер станция бойынша кезекшінің нұсқауларына бағынады, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдердің станцияларында — поезд дисптечерінің нұсқауларына бағынады.

"ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығына, азәрекетті телімдерде станциялар бойынша кезекшілердің кезекшілігін алып тастағанда осы станциялардағы по-ездар қозғалысын басқаруды көршілес станция бойынша кезекшіге, егер оның станциясы іргелес станциялардың стрелкалары мен сигналдарын телебасқару құрылғыларымен жабдықталған болса, немесе диспетчер-лік бақылау құрылғылары бар телімдерде — поезд диспетчеріне поездар қозғалысының, соның ішінде бір машинист қызмет көрсететін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәртіпті белгілей отырып жүктеуіне рұқсат етіледі.

16.3. Әр жолаушы, пошталы-багаждық, жүк-жолаушы және адам таси-
тын поезд, әдетте, белгіленген жолға, ал жүк поездары — белгіленген жол
топтарына қабылдануы тиіс.

Станцияда тоқтамайтын поездар әдетте, басты жолдармен өткізілуі тиіс.

Поездарды қабылдау-жөнелту үшін жолдарды пайдалану тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетілуі тиіс.

16.4. Станция бойынша кезекші поездарды дер кезінде қабылдау үшін
бос жолдардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ешбір қажетсіздіксіз по-
езды жабық кіру сигналының алдында кез келген кідіртуі үшін станция бой-
ынша кезекші жауапкершілікті болады.

Жүріп өтетін поездардан ағытылған және жүк тиеу, түсіру, жөндеу үшін беруге және басқа операцияларға арналатын жекелген вагондардың немесе вагондар тобының қабылдау-жөнелту жолдарында болуына тыйым салына-ды.

Аралық станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарына жекелген вагондардың немесе вагондар тобының уақытша шығуына тек поезд диспетчерінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

Ұстағыш тұйықтарға кез келген жылжымалы құрамды қоюға, ал сақтандырғыш тұйықтарға — адамдар орналасқан жолаушы немесе жүк ва-гондарын, қауіпті жүгі бар жүк вагондарын қоюға тыйым салынады.

Бір машинист қызмет көрсететін жолаушы поезын қабылдау, жөнелту алдында станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде - поезд диспетчері маршртуттың әзірлігі және сигналдардың ашылғаны туралы машинисті хабарландыруға міндетті.

Станция бойынша кезекші жергілікті жағдайларға және поездар қозғалысының көлеміне байланысты мұндай хабарламаны машинис-ке дер кезінде бере алмайтын станциялар тізімін және бұл реттегі поез-дар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

16.5. Станция бастығы поездарды қабылдау мен жөнелтуге және әсіресе
СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайдағы маневрлер
жүргізуге байланысты операцияларды орындау кезінде станция бойын-
ша кезекшілердің, орталықтандыру посты операторларының, стрелкалық
қосынның сигналшылары мен кезекшілерінің жұмысын бақылауға міндет-
ті. Станция бастығы станция бойынша кезекшілердің жұмысын қозғалыс
қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете отырып поездардың кідірістеріне жол
берілмейтіндей етіп ұйымдастыруы тиіс.

Станция бойынша кезекшінің бөлмесі оқшау болуы тиіс. Станция бойын-ша кезекшінің бөлмесіне кіру құқығына тек станция бастығы, станция бой-ынша кезекшімен бірлесе отырып тікелей жұмыс істейтін немесе өздерінің лауазымдық қызметін атқаратын, станция бойынша кезекшінің әрекеттерін және басқару аспаптарының жарамдылығын тексеретін қызметкерлер ғана ие болады.

Өздірінің штаттарында тасымалдар қызметінің қызметкерлері қарастырылмаған станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту, ма-неврлерді жүргізу, бағытттамалы бұрмаларға техникалық қызмет көрсету, жолаушыларға қызмет көрсету, жүктерді қабылдау және беру операция-

ларын "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілеген тәртіппен басқа қызметтердің қызметкерлері орындайды.

Поездарды қабылдау

16.6. Поездарды станцияға қабылдау станцияның техникалық-жарлық актісімен осыған арналған бос жолдарға және тек ашық кіру сигналы кезінде ғана жүргізіледі, ал жолаушы поездарын сонымен қатар автоматты локомо-тивтік сигнал берудің құрылғыларымен жабдықталған жолдарға жүргізілуі тиіс. Мұндай құрылғылармен жабдықталмаған жолдарға қабылдаған кез-де жолаушы поездары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

Жекелген станцияларда, екі моторвагонды поездарды қою үшін жолдың ұзындығы жеткілікті болғанда, жолды маршруттық бағдаршаммен осы по-ездар қабылдана алатын екі телімге бөлуге рұқсат етіледі.

Қабылдау жолын бөлетін маршруттық бағдаршамның артындағы жол телімінде моторвагондық поезд тұрғанда, екінші моторвагондық поезд кіру (маршруттық) бағдаршамындағы арнайы сигнал бойынша осы бағдаршамға дейінгі бос телімге қабылданады. Кіру (маршруттық) бағдаршамының көрсетулері қабылдау жолын бөлетін маршруттық бағдаршамның көрсетулеріне тәуелді болуы тиіс.

Қарсы бағыттардағы екі моторвагондық поездарды мұндай жолға бір-мезгілде қабылдауға тыйым салынады.

Моторвагонды поездарды жолдың жекелген телімдеріне қабылдауға рұқсат берілген станциялардың тізімін және жолаушылардың қауіпсіздігін және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

Осы станциялар үшін белгіленген моторвагонды поездарды қабылдау тәртібін, сондай-ақ станцияға жекелген локомотивтер мен алынбайтын тип-тегі дрезиналарды қабылдау кезінде де пайдалануға рұқсат етыеді.

Станцияда орналасқан депоға немесе деподан поездар құрамдарына қойылуға бара жатқан итермелеуші локомотивтерді және локомотивтерді станцияға қабылдау үшін жолдардың белгілібір телімдері белгіленуі мүмкін. Станцияларды және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қабылдау тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

Қажет болған жағдайларда қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездарын, қосалқы локомотивтерді, вагонсыз локомотивтерді, қартазалағыштарды, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, сон-дай-ақ шаруашылықтық поездарды (аралықты жабу арқылы жүргізілетін жұмыстар кезінде) станциялық жолдардың бос телімдеріне қабылдауға рұқсат беріледі. Мұндай поездарды қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қабылдау тәртібін Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулық белгілейді.

16.7. Станция бойынша кезекшіге маршруттың поезды қабылдауға әзір, стрелкалар жабық, қабылдау жолы бос және қабылдау машрутының

 

стрелкаларындағы маневрлер тоқтатылғанына көз жеткізіп болмайынша
кіру бағдаршамын ашуға тыйым салынады.

Кіру бағдаршамын станция бойынша кезекшінің жеке өзі немесе оның нұсқауымен орталықтандыру постының операторы ашуы тиіс. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде кіру бағдаршамын поезд диспетчері ашады.

Кіру бағдаршамы, келіп жеткен поездың бірінші доңғалақтар жұбы одан өткен сәтте автоматты түрде жабылуы тиіс, ал электрлік рельс тізбектері жоқ станцияларда оны станция бойынша кезекші, орталықтандыру постының операторы немесе стрелкалық қосынның кезекшісі келген поездың бүкіл құрамы бағдаршамнан өтіп болғанда жабады.

16.8. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде немесе негізгі шамдары сөніп тұрған жағдайда поезды станцияға қабылдауға рұқсат
етілмейді. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі немесе негізгі
шамдары сөніп тұрған кезде поездың станцияға қабылдануы тек айрықша
жағдайда ғана және Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі
нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес станция бойынша кезекшінің арнайы рұқсатымен шақырушы сигнал бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 681; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.