Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Канонічне право як об’єкт соціально-наукового пізнання. 5 страница




Поездың станцияға шақыру сигналы немесе станция кезекшісінің арнайы
рұқсаты бойынша қабылдануы кезіндегі қозғалыс жылдамдығы ары кеткен-
де 20 км/сағ болуы тиіс, бұл ретте машинист поезды ерекше қырағылықпен
жүргізуге және ары қарай қозғалысы үшін кедергі кездесе дереу тоқтауға дайын болуға міндетті.

16.9. танция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде поезд диспетчері поезды қабылдаудан бұрын:

поезды қабылдау жолының бос екендігіне көз жеткізуі;

жолға және поезды қабылдау маршрутына шығумен жүргізілетін маневрлерді тоқтатуға;

поезды қабылдау маршрутын әзірлеуге;

кіру бағдаршамын ашуға міндетті.

Станция бойынша кезекшілердің және поезд диспетчерлерінің поезды қабылдаумен байланысты операцияларды орындау бойынша әрекеттерінің тәртібі. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.10. Қарсы бағыттардағы поездарды, егер станцияға кіреберісте ең болмағанда бір жағынан созылмалы еңіс орналасқан болса және бұл ретте осы еңіске қарама-қарсы жақтан поезды қабылдау маршруты басқа поезды қабылдау маршрутынан (сақтандырғыш түйықпен немесе жолдардың өзара орналасуымен) оқшауланбаған болса, бірмезгілде станцияға қабылдауға тыйым салынады.

Қосжолды және көпжолды желілердің аралық станцияларында қарсы
бағыттардағы поездарды бірмезгілде қабылдауға сонымен қатар, тежегіштік жолының ұзындығында 0,006 мәнінен жоғары тік еңісі бар жағынан келе жатқан поезды қабылдау маршрутының жалғасы жолаушы, пошта-багаждық, жүк-жолаушы немесе адам таситын поезды қабылдау маршрутын кесіп өтетін жағдайда тыйым салынады.

Поездарды бірмезгілде қабылдау рұқсат етілмейтін станцияларда, олар бірмезгілде келіп жеткен жағдайда бірінші кезекте жабық кіру сигналының алдында тоқтау немесе орнынан қозғалу жағдайы едәуір ыңғайсыз поезд қабылданады.

16.11. Станцияға келген поезд шығу сигналы мен қабылдау жолының
шектік бағаншасының арасында, ал шығу сигналы жоқ жерде — шектік
бағаншалардың арасында тоқтауы тиіс.

Поездың соңы шектік бағаншаның сыртында қалған жағдайында сиг-налшы немесе стрелкалық посттың кезекшісі бұл жөнінде поезды қабылдау жолының пайдалы ұзындығының шектерінде орналастыру шараларына кірісетін станция бойынша кезекшіге дереу хабарлауға міндетті.

Стрелкаларының электрлі орталықтандыруы бар станцияларда поездың қабылдау жолының пайдалы ұзындығының шектерінде орналастырылуына бақылауды станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде — бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша поезд дис-петчері жүргізеді.

Егер поезды -қабылдау жолының пайдалы ұзындығының шектерінде орналастыру мүмкін болмаса, станция кезекшісі жылжымалы құрамның іргеле жолдармен қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға міндетті.

16.12. Станция кезекшісі келіп жеткен әр поезды, оның күйін, поезд
сигналдарының бар-жоғын және көрсетулерінің дұрыстығын қадағалай
отырып қарсы алады.

Поездарды қабылдау жолдары алыста орналасқан болса немесе жергі-лікті жағдайларға байланысты станция кезекшісінің поездарды қарсы алуға мүмкіндігі болмаса, оларды сигналшылар немесе стрелкалық қосынның ке-зекшілері қарсы алуы тиіс.

Поездың станцияға толық құрамында келіп жектендігіне станция ке-зекшісі сигналшының, стрелкалық посты кезекшісінің баяндауы бойынша немесе жеке өзі көз жеткізеді, ал стрелкалары отралықтандырылмаған те-лімдерде — тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы тағайындаған басқа да қызметкерлердің баяндауы бойынша көз жеткізеді.

Станцияға жолаушы, пошталы-багаждық, адам таситын неме-се жүк-жолаушы поезы келгеннен соң станция кезекшісі, ал диспет-черлік орталықтандыруымен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчері станцияның техникалық-жарлық актінде қарастырылған осы поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар қабылдайды.

Станция бойынша кезекшілері жоқ диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде, ал автоматтық блоктауы бар телімдерде орналасқан станция-ларда станция бойынша кезекші жергілікті жағдайларға байланысты поезды қарсы ала алмайтын және басқа қызметкерлері (сигналшылар, стрелкалық қосынның кезекшілері) жоқ болған жағдайда поездардың келуі басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бақыланады, сонымен қатар, поездың станцияға толық құрамымен келіп жетуін поездық локомотивтің машинисі

тежегіштік магастральдің бүтіндігін сипаттайтын аспаптардың көрсетулері бойынша бақылауы тиіс.

Станция бойынша кезекшілер поездарды қарсы ала алмайтын станциялардың тізімін және поездарды қабылдау кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын "ҚТЖ" ¥К АҚ тасымалдар бөлімшелерінің басшылығы белгілейді.

16.13. Әр поездың келуінің немесе жүріп өтуінің нақты уақытын және оның нөмірін станция бойынша кезекші поездар қозғалысының журналында белгілеуге және поезды жіберген көршілес станция бойынша кезекшіге және поезд диспетчеріне дереу хабарлауға және сонымен қатар, автоматтаныдырылған басқару жүйесіне тиісті ақпараттың жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.

Қозғалысы қарқынды телімдерде поездардың келуі және жөнелтілуі жөнінде мәліметтер жіберудің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нүсқаулықпен белгіленеді.

Поездарды жөнелту

16.14. Станция бойынша кезекшіге поездарды біржолдық және теріс жол бойынша қосжолдық телімдерде поезд бара жатқан станция бойынша кезекшінің келісімінсіз жөнелтуге тыйым салынады.

Автоблоктаумен жабдықталған біржолды телімдерде поездар көршілес станция бойынша кезекшінің алдын ала келісімінсіз бірінші блок-телім босағаннан кейін поезд диспетчерінің нұсқауымен жөнелтіледі.

Қосжолды телімдерде поездардың жөнелтілуі бұрынырақ жөнелтілген поездың келіп жеткені женінде хабарлама алғаннан соң поезд дұрыс жол бойынша жөнелтілетін станция кезекшісінің нұсқауымен жүргізіледі, ал ав-тоблоктау кезінде — бірінші блок-телім босағаннан кейін жүргізіледі. Поезд бара жатқан станция бойынша кезекшінің алдын ала келісімі қажет емес.

Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде поездарды жөнелту тек поезд диспетчерінің нұсқау бойынша жүргізіледі. Осы Ережелердің 9.9. тармагына сәйкес қауіпсіздік құрылғыларымен жабдықталмаған арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның станциядан жөнелтілуі поезд диспетчерінің нұқсауымен поездардан бос станциялар арасындағы аралыққа қарай рұқсат етіледі.

Шаруашылықтық поездарды және арнайы өздігінен жүретін жылжы-малы құрамды аралықты шектейтін станциялардан жөнелтудің, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмыстарды жүргізу орнына аралық бой-ынша жүріп өтуінің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.15. Станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар
телімдерде поезд диспетчері поезды жөнелтудің алдында:

аралықтың, ал автоматтық блоктау жағдайында бірінші блок-телімнің бос екендігіне көз жеткізуге;

поезды жөнелту маршрутына шығатын маневрлерді тоқтатуға;

жөнелту маршрутын әзірлеуге;

шығу бағдаршамын ашуға немесе машиниске аралықтан орын алуға басқа рұқсат беруге.

Станциялар бойынша кезекшілердің және поезд диспетчерлерінщ поезды жөнелтуге байланысты операцияларды орындауы бойьшша әрекеттерінің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыкпен белгіленеді.

16.16. Поезды аралыққа станция кезекшісінің рұқсатынсыз жөнелтуге
тыйым салынады.

Жөнелтілетін поезд машинисі үшін аралықтан орын алуға рұқсат ретінде шығу бағдаршамының рұқсаттық көрсетуі, ал оның ақаулылығы немесе шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан поездың жөнелтілуі кезінде — белгіленген нысандағы жазбаша рұқсатнама, станция кезекшісінің радиобайла-ныс арқылы берілген бұйырғы немесе бұздыған болып табылады.

Жолаушы және пошталы-багаждық поездың машинисіне станцйядан кестедегі белгіленген уақыттан бұрын шығуға, сондай-ақ кесте бойынша жо-лаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдауы қарастырылған станциядан тоқтамай өтуге тыйым салынады.

Жолаушы немесе пошталы-багаждық поездың аялдауы технологиялық (айқасу, басып озу) операцияларды орындауға қарастырылған, ал жолау-шыларды отырғызу, түсіру және багаж бен поштаны тиеу, түсіру үшін қарастырылмаған бөлім бекеттерінде мұндай операция машиниске және станция бойынша кезекшіге берілетін поезд диспетчерінің нұсқауы бойын-і ша қысқартылуы немесе жүргізілмеуі мүмкін.

Поездар қозғалысының қызметтік кестелерінде мұндай аялдаулар ерек-ше белгімен таңбаланады, ал жолаушыларға арналып шығарылатын афи-шалар мен кестелерде бұл аялдамалар көрсетілмейді.

16.17. Станция бойынша кезекшіге, ал диспетчерлік орталықтандырумен
жабдықталған телімдерде поезд диспетчеріне поезды жөнелту маршруты-
ның әзірлігіне, стрелкалардың жабылғанына, маршрут стрелкаларындағы
маневрлердің тоқтатылғанына, құрамға техникалық қызмет көрсету және
құрамның коммерциялық тексеруі аяқталғанына көз жектізбей шығу
бағдаршамын ашуына немесе аралықтан орын алуға басқа рұқсат беруіне
тыйым салынады.

Поездарды оларды қалыптастыру станцияларынан, поезд құрамына вагондардың тіркелуі және ағытылуы жүргізілген станциялардан, немесе поездың соңын белгілейтін сигналдық дискілердің ауыстырылуы қарастырылған станциялардан жөнелтілуі кезінде станция бойынша кезекші шығу бағдарша-мын ашар алдында немесе локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисіне аралықтан орын алуға рұқсат берерден бұрын, сонымен қатар, станцияның техникалық-жарлық актісімен белгіленген тәртіпке сәйкес соңғы вагонда поездық сигналдың бар екендігіне көз жеткізуі тиіс.

Шығу бағдаршамын станция бойынша кезекшінің жеке өзі ғана немесе оның нұсқауымен орталықтандыру постының операторы ашуы тиіс. Диспет-черлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде шығу бағдаршамын поезд диспетчері ашады.

Поездар қозғалысының кестесі бұзылғанда станция бойынша кезекші шығу бағдаршамын жолаушы поезының, пошталы-бағаждық, адам таситын және жүк-жолаушы поезының артынан келе жақтан поезға ашар алдында машиниске жолаушы поезының соңынан жүріп өтуі жөнінде хабарлайды. Шығу бағдаршамы, жөнелтілетін поездың бірінші доңғалақтар жұбы одан өткен сәтте автоматты түрде жабылуы тиіс, ал электрлік рельс тізбек-тері жоқ станцияларда — оны станция бойынша кезекші, орталықтандыру постының операторы немесе стрелкалық посттың кезекшісі бүкіл жөнелтілген поездың құрамы бағдаршамнан өткеннен соң жабады.

16.18. Шығу бағдаршамының тыйым салатын көрсетуі кезінде станциялық жолдардан, сондай-ақ шығу бағдаршамдары жоқ жолдар-дан поездың жөнелтілуі кезінде, жетекші локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисіне аралықтан орын алуға рұқсат бар кезінде радиобайланыс арқылы берілген станция бойынша кезекшінің нұсқауынсыз немесе станция бойынша кезекшінің немесе оның нұсқауымен пост, парк бойынша кезекшінің, орталықтандыру посты операторының, стрелкалық посты кезекшісінің, сигналшының немесе бас кондуктордың (поездарды құрастырушының) жөнелту жөніндегі сигналын алмай поезды орнына қозғалтуына тыйым салдынады. Жөнелту сигналын беру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісімен және "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілеген тәртіппен бекітілген оның қосымшаларымен белгіленеді.

Поезды орнынан қозғалтудан бұрын жетекші локомотивтің немесе ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі, оның көмекшісі поездан немесе станция қызметкерлері тарапынан берілген тоқтау сигналының жоқ екендігіне көз жеткізуі тиіс.

Жолаушы поезы вагондарының жолсеріктері қауіпсіз қозғалысқа кедергінің бар болған кезінде оны дереу тоқтату шараларын қабылдауы тиіс.

Жолаущы поезы (моторвагондықтан басқа) тоқтату кранын қолдану не-месе оздігінен тежеу салдарынан аралықта тоқтаған жағдайда жолсеріктер өздері қызмет көрсететін вагондарды қарап шығуы және қажет болғанда ло-комотив жағына қарай дереу тоқтау сигналын беруі тиіс. Моторвагондық поезд аралықта тоқтаған кезде машинистің көмекшісі себебін анықтауы және машиниске хабарлауы тиіс. Қалған поездарда мұндай тоқтау орын алған кезде машинист көмекшісі поезды қарап шығуы, соңғы вагонның нөмірі бойынша поездың толық құрамында екенін анықтауы және осы вагонда поездық сигналдың бар-жоғын тексеруі тиіс.

Жолаушы поезының қозғалысы вагондардың барлық жолсеріктері тоқтау сигналдарын алып тастауынын кейін, ал қалған поездардың - маши-нист көмекшісінің баяндауы бойынша жалғастырылады.

Қозғалыс кестесінде қарастырылмаған (адамдарды отырғызу немесе түсіру, жүктерді тиеу немесе түсіру) аралықта тоқтауы жағдайындағы по-езды орнынан қозғалту тәртібін Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

Жолаушы поездарының локомотивтеріне бір машинист қызмет көрсеткен жағдайда станцияда немесе аралықта поезды орнынан қозғалту алдында машинист радиобайланыс арқылы жолаушы поезының бастығынан (механик-бригадирінен) поездың жөнелтуге әзірлігі жөнінде хабарлама алуы тиіс.

16.19. Шығу сигналдары жоқ жерлерде, сондай-ақ поездың шығару
сигналының тыйым салушы көрсетуі кезінде жөнелтілуі жағдайында
аралықтан орын алу рұқсатын жетекші локомотивтің, арнайы өздігінен
жүретін жылжымалы құрамның машинисіне станция бойынша кезекшінің
жеке өзі немесе осы поездың локомотив бригадасы қызметкерлерінің бірі
арқылы, пост, парк бойынша кезекші, стрелкалық постының кезекшісі, сиг-
налшы немесе бас кондуктор (поездарды құрастырушы) арқылы береді.

Машинист аралықтан орын алу жөніндегі рұқсаттың дұрыстығына көз жеткізуге міндетті.

Локомотивтердің машинистеріне қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете-тіндей жағдаймен аралықтан орын алуға рұқсат беру тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

16.20. Дәл сол бағытпен бара жатқан поезды станцияда бірмезгілде
жөнелтуге және қабылдауға, егер станцияға кіреберіс қабылданатын по-
езд жағынан созылмалы еңісте орналасса және бұл ретте қабылданатын
поездың маршруты жөнелтілетін поездың маршрутынан (сақтандырушы
тұйық немесе қабылдау-жөнелту жолдарының өзара орналасуы арқылы)
оқшауланбаған болса, тыйым салынады.

16.21. Станция бойынша кезекші әр жөнелтілетін немесе станция арқылы
тоқтаусыз жүріп өтетін поезды, оның күйін, поездық сигналдардың бар бо-
луын және дұрыс көрсетуін қадағалай отырып шығарып салады.

Поездың толық құрамымен жөнелтілгені туралы станция кезекшісі сигналшының, стрелкалық посты кезекшісінің баяндауы бойынша немесе жеке өзі көз жеткізеді.

Поездарды жөнелту жолдары қашықтау орналасқан немесе жергілікті жағдайларға байланысты станция кезекшісі поездарды шығарып сала алмайтын болса, оларды сигналшылар немесе стрелкалық посттың кезекшіле-рі шығарып салуы тиіс.

Станция бойынша кезекшілері жоқ диспетчерлік орталықтандыру телімдерінде, және станция кезекшісі жергілікті жағдайларға байланысты поездарды шығарып сала алмайтын және басқа қызметкерлері (сигналшылар, стрелкалық посттардың кезекшілері) жоқ, жолдары мен стрелкаларының электрлі оқшаулауы бар станцияларда поездардың жөнелтілуі басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бақыланады.

Станция бойынша кезекшілер поездарды шығарып салмауына болатын-станциялар тізімін және поездарды жөнелту кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарын тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы белгі-лейді.

Поезды шығарып салатын қызметкер поездың дұрыс күйінде жүріп өткеніне кез жеткізуге міндетті.

Поезда, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулылықты анықтаған жағдайда, сондай-ақ поездың белгіленген поездық сигналдарсыз жүріп өтуі кезінде, поезды шығарып салушы қызметкер оны тоқтату шараларын қабылдауы тиіс.

16.22. Поездың қалыптастырылуының дұрыстығы ушін станция
қызметкерлері жауапты болады.

Станция қызметкерлері, поезды жөнелту алдында станцияньщ технологиялық процесіне, техникалық-жарлық актісіне, поездар қозғалысының кестесіне және қалыптастыру жоспарына дәлме-дәл сәйкестікте поездың дұрыс қалыптастырылғанын, ашық жылжыма-лы құрамда жүктердің дұрыс және берік бекітілуін тексеруі, жүктердің сақтанымдылығы толығымен қамтамасыз етілгеніне, поездың белгілен-ген сигналдарының бар болуына және қажетті поездық құрал-сайманмен жабдықталғанына көз жеткізуі тиіс.

Жүк және жүк-жолаушы поездарының соңын белгілейтін поездық сигналдық аспаптарға техникалық қызмет көрсету, осы поездарға сигналдық аспаптарды орнату және оларды ағытып алу вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлеріне жүктеледі.

Поезды тексеру тәртібін және станцияның тиісті қызметкерлерінің жер-гілікті жағдайларға байланысты жауапкершілігі "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейтін тәртіппен бекітілетін станцияның техникалық-жарлық актісімен және оның қосымшаларымен белгіленеді.

16.23. Барлық жүк және жүк-жолаушы поездарына қалыптастыру стан-
цияларында поездың жөнелтілуі алдында жетекші локомотивтің маши-
нисіне "ҚТЖ" ¥К АҚ белгілеген нысандағы натурлық парақ және жабық
күйінде тасымалдық құжаттар беріледі.

Құрамында тасымалдық құжаттары жоқ вагондары бар поездарды жөнелтуге тыйым салынады.

Жолаушы (моторвагондық поездардан басқа) және пошталы-багаждық поездарға поездың натурлық парағы жолаушы поезының же-текші локомотивінің машинисіне және бастығына (механик-бригадиріне) қалыптастыру станциясында және айналым станциясында беріледі.

Бас кондукторы (поездарды құрастырушысы) бар поездарға арна-латын натурлық парақ және тасымалдық құжаттар оған беріледі. Бұл жағдайда бас кондуктор (поездарды құрастырушы) машинисті натурлық парақ бойынша жөнелтілетін поездың құрамымен таныстыруға міндет-ті.

Жолда жүріп келе жатқанда вагондарды тіркеу және ағыту кезінде жолдағы станция қызметкерлері поездың натурлық парағына тиісті өзгертулер енгізуі тиіс.

16.24. Әр поездың нақты жөнелтілу және жүріп өту уақыты, оның нөмірі
ал қажет болғанда поезд құрамын сипаттайтын басқа да құжаттарды станция бойынша кезекші поездар қозғалысының журналында белгілеуге және
поезд баратын көршілес станция кезекшісіне және поезд диспетчеріне дереу хабарлауы тиіс. Сонымен қатар, станция бойынша кезекші поезд тура-

 

лы қажетті деректердің автоматтандырылған басқару жүйесіне жіберілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал

беру және байланыс құралдары

16.25. Поездар қозғалысы кезіндегі сигнал беру және байланыстың негізгі құралдары ретінде автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктаула-ры болып табылады.

Бір бағыттағы автоблоктаумен жабдықталған қосжолды және көпжолды аралықтарда екіжақты қозғалысты ұйымдастыру кезінде, поездардың қарсы бағыттағы (теріс жолмен) қозғалысы локомотивтік бағдаршамдар сигналда-ры бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жекелеген телімдерде сигнал беру және байланыстың дербес құралы ре-инде автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылуы мүмкін.

Азәрекетті телімдерде және кірмежолдарда поездар қозғалысы кезінде-п баиланыс құралдары ретінде электрлі-бұздығандық жүйе мен телефон қолдануға рұқсат етіледі.

Айрықша жағдайларда, Министрліктің нұсқауы бойынша поездарды уақытын шектеулеп жөнелтуге рұқсат етіледі.

Станциялардың арасындағы аралықта бірмезгілде бір сигнал беру және байланыс құралы жұмыс істей алады.

Поездар қозғалысын сигнал беру және байланыстың дербес құралы ретін-де қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде, локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүріп өткенде, электрлі-бұздығандық жүиеде және телефондық байланыс қүралдары кезінде ұйымдастыру тәртібі сондаи-ақ поездарды уақытын шектеулеп жөнелту тәртібі Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.

16.26. Жекелген азәрекетті телімдерде және кірме жолдарында поездар қозғалысын:

жетекші локомотивтің машинисіне поездық радиобайланыс арқылы тікелеи берілетш поезд диспетчерінің бұйрықтары бойынша;

бір бұздығанды қолданып;

бір локомотивті қолданып жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

Осы байланыс құралдары кезіндегі телімдердің және кірме жолдардың тізімш және поездар қозғалысын ұйымдастыру тәртібін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейді.

16.27. Автоматтық блоктау кезінде:

а) поездың блок-телімнен орын алуына рұқсат ретінде шығу немесе
өтпелі бағдаршамның рұқсаттық көрсетуі қызмет етеді;

б) айрықшалық ретінде, ұзаққа созылатын өрлерде орналасқан өтпелі
оағдаршамдарда (кіру бағдаршамдарының алдында тұрғандарынан басқа)
әр жекелеген жағдайда "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығының рұқсатымен шарт-
ты рұқсаттық сигналды - Т әрпі түріндегі шағылыстырғыш белгісі бар
қалқанды орнатуға жол беріледі.

Осы сигналдың бар болуы жүк поезы үшін бағдаршамның қызыл шамынан тоқтамай өтуге рүқсат болып есептеледі.

Бүл ретте машинист поезды, қызыл шамы бар бағдаршамды 20 км/сағ аспайтын жылдамдықпен ерекше қырағылықпен және егер ары қарай қозғалысына кедергі кездессе дереу оны тоқтатуға әзірлікпен жүргізуі тиіс;

в) поезд қызыл шамы бар өтпелі бағдаршамның, сондай-ақ көрсетуі түсініксіз немесе сөнген бағдаршамның алдында тоқтағаннан кейін, егер ма-шинист алдында жатқан блок-телімде поезд бар екенін көрсе немесе білсе, оған блок-телім босамайынша қозғалысты жалғастыруға тыйым салына-ды. Егер машинист алдағы блок-телімде поездың бар екендігін білмесе, ол тоқтағаннан кейін автотежегішті босатуы тиіс, және егер осы уақыт ішінде бағдаршамда рүқсаттық шам жанбаса, поезды келесі бағдаршамға дейін 20 км/сағ аспайтын жылдамдыкпен, ерекше қырағылықпен және егер ары қарай қозғалысына кедергі кездессе дереу поезды тоқтатуға дайын бола от-ырып жүргізуі тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 623; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.051 сек.