Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эзофагогастродуоденоскопия




Копрологияға нəжісті зерттеу

Оральдік холецистография: өтқабының деформациясы, жөнді толмауы, тонусының, жиырылуының бұзылыстары.

Холеграфия (оны оральдік холецистографияда өтқабы контрасталмаған жағдайда жасайды). Контрасттық затты венаға енгізгеннен кейін өт түтіктері көрінеп, ал өтқабы көрінбесе оны «істен шыққан өтқабы» аталады. Бұл өтқабының бүрісуінен, тасқа толуынан, моынының таспен бітелуінен болады.

Емі:

Диета №5.

Антибактериалды ем: антибиотиктар (синтетикалық пенициллиндер

Қабынуға қарсы ем: СЕҚҚП

Өт айдайтың дәрілер.

Өт қабының гипертониялық дискинезиясы кезінде спазмолитиктер.

Гипотониялық дискинезия кезінде холецистокинетиктер

Полиферменттік терапия

Антибактериалды терапия аяқталғаннан соң: пребиотиктер
Өт жолдарының дискинезиясы - өт жүруінің бұзылысына әкелетін өт қабының, Мирицци, Люткенс немесе Одди сфинктерлерінің жиырылу функциясының кемістіктері (әлсіздігі, күшеюі немесе бір-бірімен келісімсіздігі).

Этиологиясы. Өт бауырда үнемі түзілгенмен, өнекіелі ішекке көбіне ас қорыту кезінде түседі. Өт қабының, өт жолдарының қызметі вегетативтік нерв жүйесімен және гормондармен реттеледі.

Өт жолдарының дискинезиясының біріншілік және екіншілік түрлері бар. Біріншілік түрі сирек кездеседі, көбінесе невротикалық синдромда байқалады.Екіншілік түрі өт жолдарының органикалық ауруларында, панкреатитте, онекіелі ішектің, асқазанның патологиясында кездеседі. Дискинезия дамуында психогенді факторларда роль атқарады, кейбір дәрі дәрмектер септігін тигізеді (морфин, холинолитиктер, симпатомиметиктар)

Патогенезі. Өт жолдарының дискинезиясы өт жолдарының жиырылу қызметінің нервтік, гуморальдік реттелу бұзылыстарынан дамиды. Дамуына әкелетін басты себептер: ваго немесе симпатикотония, катехоламиндер, ацетилхолин, мелатонин және басқа гормондардың арасындағы дисбаланс.

Бірінші топтағы гормондардың белсенділігінің жоғарылауы өт жолдарының гипертониялық дискинезиясын, ал екінші топтағылардың көбеюі – гипотониялық дискинезиясын дамытады. Асқазан, онекіелі ішек, жіңішке ішек, ұйқыбездің ауруларында бұл гормондардың түзілуі бұзылады, осыдан аталған ағзалардың патологиясында өт жолдарының дискинезиясы жиі байқалады.

Өт жолдары дискинезиясының жіктемесі:

1. Гиперкинетикалық (гипертониялық) түрі:

а) өтқабының немесе қап түтігінің гипертониясы

ә) Одди сфинктерінің түйілуі

2.Гипокинетикалық (гипотониялық) түрі:

а) өт қабының гипотониясы

ә) Одди сфинктерінің шамасыздығы

3.Аралас түрі

Клиникалық белгілері. Өт жолдарының дискинезиясы көбіне20-40 жас аралығында арықша келетін, астениялық типті әйелдерде кездеседі және асқазанның, ішектің дискинезиялық бұзылыстарымен бірге жүреді. Сондықтан жүрек айнуы, құсу, кекіру, қыжылдау, іштің шұрқырауы және кебуі жиі байқалады. Әдетте, өт жолдарының дискинезиясы етеккірі келер алдында, эмоциялық күйзелістерде, климакс кезінде күшееді.

Іштің пальпациясында өт қабының тітіркенуі белгілері анықталады. Көрінісінің басқа белгілері дискинезиясының гипер немесе гипокинетикалық түріне тәуелді.

Өт жолдарының дискинезиясының гиперкинетикалық түрі. Көрінісіне оң қабырға астының кенет өткір шаншып, түйреп ұстамалы ауруы тән. Ұстамалар қысқа, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін. Ауырудың өткірлігі өт шаншуына ұқсас. Шаншудың себебі: Одди, Люткенс сфинктерлерінің және өт қабының бір бірімен келісімсіз, яғни бір уақытта түйілуі, осыдан өт қабы ішілік қысымның кенет биіктеуінен өт қабы қабырғасының керілуі. Оң жақ қабырға асты тамақтанғаннан кейін бір сағаттан кейңн ауыралы, ауырсыну оң иыққа, жауырынға, кейде кеуденің сол бөлігіне тарайды; шаншу қалай кенет басталса, солай басылады, кейде күніне бірнеше рет қайталанады. Ұстаманың кезінде қызу көтерілмейді, лейкоцитоз болмайды. Кейде жүрек айну, құсу, ішектің дискинезиясы және нейро вегетативтік белгілер болады (терлеу, тахикардия, гипотония, әлсіздік, бастың ауруы). Көбіне түнгі ұйқы бұзылады, жүректің тұсы шаншиды. Ұстамадан тыс кезде оң қабырға астында салмақ сезінуі мүмкін.

Өт жолдарының дискинезиясының гипокинетикалық түрі. Бұл түрінде оң қабырға асты сыздап ауырады, салмақ бату сезімі үнемі мазалайды. Өт шаншуына ұқсайтын ұстамалар болмайды. Оң қабырға астында дискомфорт тамақтан кейін күшееді, ауыру басқа жаққа тарамайды. Бірақ диспепсиялық бұзылыстар (тәбеттің төмеңдеуі, ауыздағы ащы дәм, жүрек айну, іштің кебуі, қатуы, жиі өтуі) көп мазалайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1010; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.