Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

СИЛЛАБУС 1 страница




Астана

Билет №28

Билет №27

Билет №26

Билет №25

Билет №24

Билет №23

Билет №22

Билет №21

Билет №20

Билет №19

1. Производственная мощность фирмы, ее виды и методика расчета.

2. Структура основных фондов и факторы, ее определяющие. Методы оценки основных фондов.

 

1. Понятие, разделы и показатели производственной программы фирмы.

2. Понятие и виды износа основных фондов.

 

1. Назначение и содержание предпринимательского бизнес-плана.

2. Амортизация как целевой механизм возмещения износа. Методы расчета амортизационных отчислений.

 

1. Стратегическое планирование.

2. Формы воспроизводства и совершенствования основных фондов.

 

1. Сущность, задачи и особенности внутрифирменного планирования.

2. Система показателей использования и динамики основных фондов. Пути улучшения использования основных фондов.

 

1. Формы и системы заработной платы.

2. Экономическая сущность оборотных средств, и их значение для деятельности фирмы.

 

1. Факторы, влияющие на уровень производительности труда.

2. Понятие и состав оборотных фондов и фондов обращения.

 

1. Производительность труда как главный показатель эффективности использования трудовых ресурсов фирмы.

2. Структура оборотных средств и определяющие ее факторы.

 

1. Понятие трудовых ресурсов. Состав и структура персонала фирмы.

2. Показатели использования оборотных фондов. Материалоемкость продукции, ее влияние на эффективность производства.

 

1. Значение экономии материальных ресурсов, источники и пути экономии.

2. Система показателей эффективности использования оборотных средств. Пути ускорения оборачиваемости оборотных средств фирмы.

1. Курс оқытушысы: Нұрышев Мұрат Жүсіпбек ұлы, Биология ғылымдарының докторы, қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжинирингі кафедрасының профессоры. Ресей жаратылыстану академиясының академигі.

Байланыс телефоны – 35-38-06; 3331 кафедра «Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы».

Ғылыми қызығушылық: Экологиялық және эко-генетикалық, қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Ғылыми мектеп: ҚР ҰҒА академиясының академиктері Ю.Н.Барминцев-И.Н.Нечаев жетекшілігімен аспирантурада және докторантурада оқып, кандидаттық және докторлық диссертация қорғалған. Ғылыми жұмысы ҚРҰҒА-да сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің гранттық жобалармен жасалуда.

2. Пәннің аты. Экология және тұрақты даму

Жалпы міндетті модуль 3

3. Курсты өткізу уақыты мен орны: Семестр 1

Дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.

4. Пәннің пререквизиттер

Бұл курсты оқып меңгеру үшін мектеп бағдарламасындағы келесі пәндер бойынша білімдер қажет: биология

Пәннің постреквизиттері

- философия

- экономика

- саясаттану

- мәдениеттану

5. Пәннің сипаттамасы

5.1. Оқу тәртібінің бағыты.

Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері

- негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру.

- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру

- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру

- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Аутэкология

Дэмэкология

Синэкология

Биосфера және тұрақты даму

5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апта- лар Тақырыптар аты Сағаттар саны мен оқытуды ұйымдастырудың формалары СӨЖ үшін тапсырмалар
  Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және әдістері. Экологияның қалыптасуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология, ғаламдық экология. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экологиялық мәселелерді шешудегі экологияның ролі. 1 сағат. Шолу дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Экология және оның қысқаша даму тарихы. 2 сағат
  Особьтар экологиясы-аутэкология.Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Организм және тіршілік ету шарттары. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі». 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Особьтар экологиясы-аутэкология. 2 сағат
  Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.Антропогенді фактордың әсер ету заңдылықтары. Либихтың минимум заңы. Шелфордтың толеранттылық заңы. Стенобионтты және эврибионтты организмдер. Организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні. Ортаның экологиялық сыйымдылығы. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. 2 сағат
  Популяция экологиясы-демэкологияПопуляция түсінігі. Популяцияның статистикалық сипаттамалары: саны, тығыздығы, биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Кеңістіктік таралуы және оның сипаттамасы.: кездейсоқ, біркелкі топтық. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамасы: туылым, өлім-жітім, тірі қалу қисығы, өсу қарқындылығы. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция санының реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ«Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері». 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Популяция экологиясы-демэкология 2 сағат.
  Бірлестіктер экологиясы-синэкология.Биоценоз туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм) Түр аралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Бірлестіктер экологиясы-синэкология. 2 сағат.
  Экожүйенің құрылу заңдылықтары.Экожүйе жайлы түсінік. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% ережесі және линдеманның 10 % ережесі. Бірлестіктің трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қоректік тізбектер, қоректік деңгейлер, қоректік торлар. Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия). Экожүйенің өнімділігі (бірінші реттік және екінші реттік). Экожүйелердің тұрақтылығы мен тұтастығы, экожүе тұрақтылығының механизмі. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Экожүйенің құрылу заңдылықтары. 2 сағат.
  Биосфера және оның тұрақтылығыБиосфера концепциясының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы. Тірі зат концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролі. Антропогенді әсер өте күшті геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. Биосферадағы заттар айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялықзаңдары. Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биосфера және оның тұрақтылығы» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Биосфера және оның тұрақтылығы 2 сағат.
  Тұрақты даму концепциясы.«Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері. (Өсу шектері, 1972). БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992 және Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994). Тұрақты даму факторлары: Экологиялық (өркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография) 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты даму концепциясы» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Тұрақты даму концепциясы. 2 сағат.
  Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық.Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар. Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері»1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Тұрақты даму теориясының ғылыми талдауын жасаудағы халықаралық ұйымдар әрекеті 2 сағат.
  Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін. Биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология. Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері. 1 сағат Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ«Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде». 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. 2 сағат.
  Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері. Өркениет типтеріне және оның дамуының сатларына байланысты қоршаған ортаға дифференциалды антропогендік жүктеме. Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесу тарихы.: негізгі этаптары (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық) 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері. 2 сағат.
  Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдарыӨндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер»1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер. (климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ш-лейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, Әлемдік мұхиттың ластануы т.б.), оның туындау себептері мен салдары 2 сағат.
  Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық өзгеруі. Туылымға әсер ететін факторлар және отбасын жоспарлау. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік және кірістің теңсіз бөлінуі. Энергетикалық кризис мәселесі., шешу жолдары. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис. Генофондтың өзгеруі,ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ«Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.2 сағат
  Табиғатты қорғау және тұрақты даму.Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық территориялары қоршаған ортаны қорғаудың формасы. Биосфералықрезерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері»1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Табиғатты қорғау және тұрақты даму. 2 сағат
  Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі., себептері мен салдары. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары. Ядролық қару жарақты сынаудың адамзатқа әсері мен салдары. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Невада-Семей антияджролық қозғалысы. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критериилері. Экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. Химиялық, физикалық, биологиялық мониторинг. ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары. ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру. ҚР тұрақты дамуды қамтамасыз ету. ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы және механизмі. 1 сағат. Дәріс-1 сағ. практикалық сабақ «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері» 1 сағат СОӨЖ-2 сағ. СӨЖ-2 сағ. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. 2 сағат.

 

 

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. Ю. Одум Экология. 1,2 том, Мир, М., 1986

2. Р.Ф. Реймерс Экология М., 1994

3. И.А. Шилов Экология. М., 1997

4. В.А. Вронский Прикладная экология. Ростов-на-Дону, 1996

5. Сабырбаева Х.С. А.В. Чигаркин. Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе. Алматы, 2004.

6. Ә.С. Бисенова, Ж.Ш. Шілдебаев, Г.З. Сауытпаева. Экология. Алматы: Ғылым, 2001

7. Г.С. Оспанова, Г.Т. Босшатаева. Экология. Алматы: Экономика, 2002

8. А.Ж. Ақбасова, Г.Ә. Саинова. Экология. Алматы: Бастау, 2003

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. В.И. Вернадский Биосфера М., 1967

2. М. Бигон, Дж Харнер Экология особи, популяции и сообществ. 1,2 т. Мир, М., 1989

3. Т.А. Работнов Фитоценология, М., 1983

4. А.М. Гиляров Популяционная экология М., 1990

5. А.Д. Потапов Экология М., 2000

6. М.А. Аскарова Общая экология, Алматы: Қазақ Университеті, 2004.

 

7. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау; коллоквиум және бланкілік тестілеу формасында екі аралық бақылау; компьютерлік тестілеу формасындағы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.

Ағымдық бақылау - 20%

СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын бақылау - 20%

Ағымдық бақылау:

Коллоквиум - 10%

Бланкілік тестілеу - 10%

Ағымдық және аралық бақылау - 60%

Қорытынды бақылау -40%

8. Оқу тәртібінің саясаты.

Архитектура мамандығының 1 курс студенттері үшін «Экология және тұрақты даму» міндетті курс болып есептелінеді.

Оқу жүктемесі 2 кредит, оның ішінде 15 сағат- дәріс, СОӨЖ -30 сағат,СӨЖ -30 сағат.

1. Сабаққа кешікпеңіз;

2. Сабақ кезінде сөйлеспеңіз, газет оқымаңыз, ұялы телефонды өшіріңіз, сағыз шайнамаңыз;

3. Сабаққа үлгілі киіммен келіңіз;

4. Сабақты себепсіз жіберуге болмайды, себепті жағдайда анықтама қағазын әкеліңіз;

5. Жіберілген сабақты оқытушының бос уақытында қайта тапсырыңыз;

6. Тапсырманы орындамаған жағдайда баға төмендетіледі;

7. Сабаққа үнемі келіңіз;

8. Оқу процесіне белсенді ат салысыңыз;

9. Үй тапсырмасын ұқыпты орындаңыз;

10. Әрқашан курстастарыңызға және оқытушыға мейірімді, шыдамды, ашық пейілді болыңыз;

11. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын сапалы және дер кезінде орындау;

12.Бақылаудың барлық түрлеріне қатысу (аралық бақылау, СОӨЖ,СӨЖ-ді бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау);

12. Ұжымдық жұмыста белсене атсалысып және дискуссияға ұялшақ білімгерлерді қызықтырыңыз.

 

 

Кафедраның әдістемелік секциясында қаралды, хаттама № 1 «26» 08.2011ж.

Кафедра меңгерушісімен бекітілді М.Р.Хантурин.

Оқу пәні бойынша глоссарий

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)

Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.

Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.

Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация акклимация организмдердің жеке даму процесін қамтып, оның генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.

Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.

Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.

Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.

Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен немесе организмнің жеке даму процесінде ерекше кезеңнің қалыптасуына байланысты олардың тіршілік әрекеттерінің уақытша тоқтауы.

Анаэробты организмдер - оттегіні қажет етпейтін, оттегі қатысынсыз ортада тіршілік ететін организмдер.

Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.

Апвеллинг - мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.

Ареал - органимздердің систематикалық топтарының -популяциялар, түр, т.б. таралу аймағы.

Аутэкология - белгілі түрге жататын жеке особьтарды зерттейтін экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.

Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.

Альтернативті энергия көздері - Күн, жел, теңіздер мен геотермальды энергия түрлері

Аэробты организмдер - бос оттегі қатысында тіршілік ететін организмдер.

Азотфиксация - топырақ бактерияларының атмосферадағы молекулалық азотты сіңіруі.

Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи экожүйелердің жағдайын бақылау.

Бентос - мүхит пен континетальды сулардың түбінде, грунтта тіршілік ететін организмдер (зообентос, фитобентос).

Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның ішінде мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан, сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.

Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері нәтижесінде түзілетін заттар (атмосферадағы газдар, таскөмір, мүнай, торф, ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер, био-гендік элементтер - тірі организмдер құрамына кіретін элементтер - көміртегі, оттегі, азот, сутегі, күкірт, т.б.

Биогеохимиялық цикл - минералды қосылыстар құрамындағы химиялық элементтердің өсімдіктер мен жануарлар организмдері арқылы табиғаттағы айналымы.

Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз) абиотикалық жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия мен информация алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.

Биосфера - құрамы, құрылысы мен энергетикасы тірі организмдер тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше қабықшасы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-29; Просмотров: 853; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.062 сек.