Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 1 страница




ТОМ

Тарихы

Тарихы

Тарихы

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ КЕЗЕҢІ

 

a

 

 

БАСТА«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

МАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

 

АЛМАТЫ

 

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

__________________________________________________________________

 

Әшімбаев М., кеңестің төрағасы

Аскаров А.А., жауапты хатшы

 

Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.

Аяған Б.Г.

Әбусейітова М.К.

Әжіғали С.Е.

Әлімбай Н.

Әуезов М.М.

Байпақов К.М.

Биекенов К.У.

Бурханов К.Н.

Досжан А.Д.

Ертісбаев Е.К.

Есім Ғ.

Қасқабасов С.А.

Қошанов А.

Нысанбаев Ә.Н.

Салғара Қ.

Самашев З.

Сариева Р.Х.

Сейдімбек А.С.

Сұлтанов К.С.

Тұяқбаев К.К.

Түймебаев Ж.Қ.

Хұсайынов К.Ш.

Шаймерденов Е.

 

 

Қазақ

әдебиетінің

 

 

Он томдық

 

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:

________________________________________________________________

 

ҚИРАБАЕВ С.С., ҚР ҰҒА-ның академигі, төраға;

ҚАСҚАБАСОВ С.С., ҚР ҰҒА-ның академигі, төрағаның орынбасары;

БЕРДІБАЙ Р.Б., ҚР ҰҒА-ның академигі;

ЕЛЕУКЕНОВ Ш.Р., филология ғылымдарының докторы, профессор;

НҰРҒАЛИЕВ Р.Н., ҚР ҰҒА-ның академигі.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

______________________________________________________________

 

 

 

Қазақ

әдебиетінің

 

 

ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

 

Жалпы редакциясын басқарған – Қазақстан Республикасы

Ұлттық Ғылым Академиясының академигі

Сейіт Қасқабасов

 

 

ҚазАқпарат

Алматы

ББК 83.3. (5 Қаз)

Қ 17

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР

ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҰСЫНҒАН

 

Томның редакциялық алқасы:

 

Абылқасымов Б.Ш. – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Әзібаева Б.У. – филология ғылымдарының докторы;

Елеукенов Ш.Р. – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Керім Ш.К. – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Қасқабасов С.С. – ҚР ҰҒА-ның академигі;

Қирабаев С.С. – ҚР ҰҒА-ның академигі;

Матыжанов К.І. – филология ғылымдарының докторы;

Сейдімбеков А.С. – филология ғылымдарының докторы, профессор;

Ыбыраев Ш. – филология ғылымдарының докторы, профессор.

 

Жауапты шығарушы – Әлмұханова Р.Т., филология ғылымдарының кандидаты.

 

Қ 17 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.

Алматы. ҚАЗақпарат, 2007. –䀠耐Ș耐耐耤)!耧耆耆Uɍ舘ț舘ɍ耐ɬ舚舚Ș舜ȚȡȫȡȘȠ舜舢舥舞舥艑]耐ȘȫȠ舫ȞȤȫȡȟ舞ȥ耐艘ȝȡ舡舥ɍ耐докторы, профессор.

 

Жауапты шығарушы – Әлмұханова Р.Т., филология ғылымдарының кандидаты.

 

Қ 17 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-том.

Алматы. ҚАЗақпарат, 2007. – б.

ISBN

 

«Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы ұлттық уханиятқа айналғаны және жаңа дәуірде фольклор жанрларының өзгеріп, соны формалардың пайда болғаны зерттелген. Соның нәтижесінде фольклордың көне түрлері есте жоқ ескі заманда туып, алғашқы синкреттіліктен арылғаны, көп ғасырлар бойы дамудың арқасында қарапайымдықтан көркемдікке жеткені, сөйтіп қазіргі көп жанрлы, профессионалды әдебиетімізге, өнерімізге негіз болғаны дәлелденген.

 

ББК 83.3. (5 Қаз)

 

 

ISBN © М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2007

© «ҚАЗақпарат» баспасы, көркемдеу, 2007

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН

Кезінде өте жоғары баға алған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты 6 кітаптан тұратын іргелі еңбектің жарық көргеніне 40 жылдан астам уақыт өтті. Содан бері қоғамдық өмірде орасан өзгерістер болды, саяси-экономикалық реформалар жүргізілді. Бүкіл әлемге ықпал жасаған Советтік Социалистік Республикалар Одағы деген империя құлады. Соның нәтижесінде отарлықта болған ұлттық республикалар жеке-жеке мемлекет құрып, тәуелсіздікке ие болды. Кеңес өкіметінің құлауымен бірге Коммунистік партия да биліктен қуылды. Сөйтіп, коммунизм идеясы мен коммунистік идеология да ресми өмірден шеттетілді. Социалистік өмір салтының орнына капиталистік орнықты. Жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасы да нарықтық экономикаға көшіп, соның заңдылығына сәйкес өмір сүре бастады. Осының бәрі қоғамның рухани өміріне зор әсер етті. Тәуелсіздіктің қарсаңында, дәлірек айтқанда 1985-86 жылдары басталған «қайта құру» үдерісінің кезінде компартияның таптық солақай идеологиясының салдарынан «ұмыттырылған» көптеген талантты ақын-жазушыларымыз ақталды, олардың шығармалары жарыққа шығарылды, зерттеле бастады. Ал, Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі кезеңде цензура мен идеологиялық қыспақ жойылғанының арқасында бұрын жабық жатқан деректер, жаңа есімдер, белгісіз боп келген яки тыйымға түскен шығармалар анықталды. Сонымен қатар мәдениетімізде, әдебиетімізде, ғылымда жаңа көзқарас, плюрализм пайда болды, бұрынғы халықтық мұраға, ақын-жыраулар шығармашылығына деген қатынас оңға өзгерді, әдебиетті, өнерді бағалауда жаңа шарттар мен соны ұғымдар, тұжырымдар қалыптасты. Кеңес өкіметіне дейінгі және ХХ ғасырда дүниеге келген құндылықтарымызды жан-жақты, объективті түрде бағамдауға мүмкіндік туды. Мемлекет тарапынан да бұл мәселеге үлкен мән берілді. Соның айқын бір айғағы – жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарламада да көп ғасырлық фольклорымыз бен әдебиетіміздің тарихын зерттеу қажеттігі нақтылап айтылды. Міне, осы айтылған жағдаяттар қазақ әдебиетінің тарихын жаңа тұрғыда жазуды міндеттеді.

Осы ауыр да жауапты міндетті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты өз мойнына алып, «Қазақ әдебиетінің тарихын» 10 том көлемінде жазып, жарыққа шығарып отыр. Оның қамтыған мерзімі ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дәлірек айтқанда 2001 жылға дейінгі уақыт. Яғни, шамамен айтқанда, бірнеше мыңжылдықты қамтиды. Бұл еңбектің ең басты жаңалығы – әдебиетті, сөз өнерін зерттеуде, шығармаларды талдауда мүмкіндігінше саяси-идеологиялық ұстанымның қолданылмауы және ұлттық әдебиетіміздің көркемдік, жанрлық жағынан даму барысын жүйелі түрде зерделеу, оның өнерлік заңдылықтары мен қасиеттерін ашу. Екінші сөзбен айтқанда, біздің бүгінгі әдебиетіміздің қайнар-көзі қандай еді, оның жанрлары өз бастауын қайдан алды, олар әр дәуірде қандай түрде болды, қандай өзгерістерді бастан кешірді, бүгінгі жағдайы, дамуы қалай, міне, 10 томнан тұратын еңбек осы мәселелерді қарастырады. Әр томның өзінің міндеті мен аспектісі бар, олар жеке-жеке томдардың кіріспелерінде айтылған.

Кеңес Одағы кезінде біздің әдебиетті «младописьменная литература» санатында қарайтын. Бұл тұжырымның қате екенін өмір көрсетті. Сондықтан айтылмыш еңбектің тұғырлық концепциясы – бізге мұра боп жеткен сөз өнеріміз ерте заманнан бері үш түрлі болғаны және олардың бір-бірімен қатар ғұмыр кешіп, дамығаны ақиқат. Олар – фольклор, авторлық ауыз әдебиеті және жазба әдебиет. Фольклор – есте жоқ ескі рулық заманда туып, біздің дәуірімізге жетіп, бүгінгі мәдениетіміздің бір бөлігі болып отыр. Оның даму жолдары мен кезеңдері тұңғыш рет тарихи тұрғыдан зерделенді. Фольклордың мифтік, діни-нанымдық, ғұрыптық негізде пайда болған ең көне нұсқаларының қалай және қандай жолдармен көркем фольклорға айналғаны біртұтас үдеріс ретінде қарастырылды. Сөйтіп, ұлттық фольклорымыз ежелгі заманда, орта ғасырларда, жаңа дәуірде қандай болды, оның қарапайымдықтан көркемдікке жетуі қалай жүрді деген мәселелер өз шешімін тапты. Жалпы, фольклордың өзі мүлде жаңаша зерттелді.

Бұрын жазылған «Қазақ әдебиетінің тарихында», басқа да еңбектерде «ауыз әдебиеті» деген ұғымға фольклорды да, ақын-жыраулардың шығармаларын да сыйғызып келдік. Екеуінің ара-жігі толық ашылмады. Соңғы жылдарда сөз өнерінің осы екі түрін бөліп, бірін «фольклор», екіншісін «авторлық ауыз әдебиеті» деп тану қажеттігі дәлелденіп жүр. Еңбектің авторлық ұжымы екінші тұжырымды қисынды деп тауып, авторлық ауыз әдебиетін бөле-жармай, жалпы әдеби дамудың арнасында қарастырды. Мұнда бір байқалған заңдылық – көшпелі-бақташылық салттағы мемлекеттерде міндетті түрде жыраулар институты болатындығы. Оны көне Түркілер қағанаты мен Алтын Орда, әсіресе, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиеттен аңғаруға болады.

Жазба әдебиетіміздің де ертеден бері өмір сүріп келе жатқаны еңбектің арнаулы томдарында айқын көрсетілген. Ежелгі сақ, ғұн, үйсіндерден қалған әдеби жәдігерлер, түркілер қағанатының тасқа қашап жазған мәтіндері, сондай-ақ орта ғасырларда қолжазба қалпында сақталған шығармалар мен жаңа дәуірде баспадан шыққан туындылар – бәрі түгелімен жазба әдебиетке жатады. Рас, Қазақ хандығына дейінгі әдебиет ескерткіштері – бүкіл түркі халықтарына ортақ. Ендеше, оларды біз де әдебиетіміздің дүниелері деп қабылдауымыз керек. Осы идея қол жеткен материалдар негізінде дәлелденді.

Жаңа дәуірдегі әдебиетіміз Кеңес өкіметі тұсында ең көп жапа шеккені белгілі. ХІХ ғасырда жасаған Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының, Мұрат Мөңкеұлының, Шәңгерей Бөкеевтің шығармашылығы жаңа тұрғыда қаралып, жаңаша бағамдалды. Сондай-ақ ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында өмір сүріп, тарихтан шығарылып тастаған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ғұмар Қарашев, Нарманбет Орманбетұлының, т.б. ақын-жазушыларымыздың шығармалары бұл еңбекте арнайы талданып лайықты бағасын алды. Және қисынсыз дауға ұшыраған «Абай мектебі» өкілдерінің де шығармашылығы қамтылды. ХХ ғасырда ұлттық әдебиетімізді биікке көтеріп, әлемдік арнаға шығарған аса талантты қаламгерлеріміздің шығармашылығы кең әрі объективті түрде, жаңа көзқарас негізінде талданды.

Тәуелсіздікке ие болғаннан соң әдебиет жаңа арнаға түсті, оның тақырыптық аясы кеңейді, көркемдік-шығармашылық мүмкіндігі артты. Оқырман назарына ұсынылып отырған осы ұжымдық еңбектің соңғы, 10-шы томы Тәуелсіздіктің алғашқы он жылындағы әдеби-көркем үдеріске арналды. Мұнда әдебиеттің проза, поэзия, драматургия жанрлары жан-жақты талданып, олардың ішкі түрлері де сипатталды. Бұл шақтағы әдебиеттің социалистік реализм әдісінен шығып, идеологиялық ұстанымнан тазара бастағаны және плюрализмге қарай бет бұрғаны байқалады. Қаламгерлер әдебиеттің, өнердің міндет-мақсаты өзгергенін, ендігі жерде шығарма тек көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан бағаланатынын сезінген секілді. Мұны осы он жыл ішінде шыққан бірсыпыра романның рухани, имандылық мәселелерге көңіл бөлгені айғақтайды. Сонымен бірге елдің әр дәуірдегі тарихы, тыныс-тіршілігі де біраз шығармаларға арқау болғаны көрінеді. Жалпы, Тәуелсіздік жылдары әдебиетіміз қай жағынан болса да жаңара бастағаны айқын аңғарылады.

Сонымен, қорыта айтқанда, аса күрделі әрі үлкен жұмыс аяқталып, жұртшылыққа ұсынылып отыр. Сөз жоқ, мұндай ауқымды еңбектің жетістігімен бірге кемшіліктері де болады. Өкінішке қарай 70 жыл бойы санаға сіңген, ұстанымға айналған кеңестік кейбір ұғымдар зерттеуде әлі де болса бой көрсетеді. Сонымен қатар «Әдебиет тарихына» енбей қалған қаламгерлер де жоқ емес. Бірақ авторлық ұжым бұл тұста мынадай шартты ұстанды: әдебиет тарихы көркем ойдың даму жолдары мен заңдылықтарын қарастырады. Сол себепті оған қоғамның, халықтың рухани өміріне үлкен әсер еткен, мәдениеттің, эстетиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан, ұлттық көркем ойды биікке көтерген аса көрнекті суреткерлер енеді, тарихтан орын алуға лайық деп солар танылуға тиіс деген принцип негізге алынды. Бұрынғы «Әдебиет тарихында» болған кейбір авторлардың жаңа жазылған «Әдебиет тарихына» кірмеу себебі – осы. Бүгінгі ақын-жазушыларымыздың тарихтағы орнын келешек ұрпақ анықтайды деп сенеміз.

 

 

 

 

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы – әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді[1]. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.

Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды[2]. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды[3]. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек – үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді. Сөз жоқ, бұл кітап – өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды. Мәселен, тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарамазан және жарамазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау.

Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы – зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады. Мәселен, осы бөлімнің тараушалары мынадай: революциялық күрес кезеңіндегі өлең, жырлар; ауылды советтендіру жөніндегі өлең, жырлар; колхоз, өнеркәсіп өміріне байланысты халық әдебиеті; терме, мақалдар; қазақтың халық әдебиетіндегі Ленин, Сталин образы; ерлік туралы жырлар; халық әдебиетіндегі Аманкелді образы; Отан соғысы кезінің жырлары. Көріп тұрғанымыздай, тараушалардағы проблемалар азаматтық тарихтың ізімен, таза әдебиеттану шарттарымен қарастырылған және талданған шығармалардың дені – авторлық өлеңдер мен жырлар. Олар түгелдей таптық, советтік идеология тұрғысынан бағаланып, фольклорға ғана емес, бүкіл әдебиетке тән көркемдік-эстетикалық құндылығы жағынан қарастырылмаған. Сонымен қатар бұл бөлімде сол кездегі концепцияға сәйкес халық ақындары шығармашылығы мен фольклордың ара жігі ашылмай, біртұтас халық әдебиеті деп ұғыну орын алған. Сондықтан Ақмолда, Күдері, Жамбыл, Сәттіғұл, Иса, Нұрлыбек сияқты ақындардың өлеңдері совет фольклоры үлгісінде қаралған. Соның салдарынан бар деп есептелген совет фольклорының өзін дәуірлеу түгелдей дерлік ХХ ғасырдағы тарихи-қоғамдық кезеңдерге сәйкестендіріліп, фольклор өмір ағымына сай жедел өзгеріп отыратын рухани дүние емес екені ескерілмеген. Ал, «совет фольклоры» деген ұғымға келсек, ол көпке шейін ғылымда мойындалып келді.

Совет фольклоры – толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі – 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды[4]. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды. Дәл осындай көзқарас кейінгі еңбектерде де орын алды[5]. Мәселен, 1960 жылғы кітапта «Тарихи жырлар» бөлімінде 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясын сөз еткенде ақындардың шығармалары талданады. Ал, 1968 жылы жарыққа шыққан еңбекте «Советский фольклор» деп аталатын тараушада дәстүрлі фольклор жанрларының жай-жапсарына қысқаша шолу жасалып, содан соң Жамбылдың, Исаның, тағы басқа ақындардың импровизаторлық өнері мен өлең-толғаулары туралы жазылады.

Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т.б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды. Осы концепцияның айқын көрінісі – 1964 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбек болды[6]. Бұл том түгелдей совет фольклорына арналды да, қазақ совет фольклоры туралы ғылымның даму тарихы; қазақ совет фольклорының даму жолдары деген екі үлкен бөлімді қамтыды, сондай-ақ совет фольклоры есебінде атақты халық ақындарының авторлық дастандары мен поэмалары да қарастырылды. Бір тәуірі – бұл шығармаларды талдағанда зерттеушілер олардың ежелгі фольклор поэтикасының ізімен, дәстүрімен шығарылғанын атап көрсетеді. Әсіресе, шығыс дастандарының үлгісінде туғандарын да, әрі өзіміздің жазба әдебиетіміздің әсерінен жазылғандарын да нақты мысалдар арқылы нанымды дәлелдеген[7]. Ал, советтік өмірді бейнелеген шығармаларды реалистік көркем әдебиеттің талаптары негізінде талдау арқылы ғалымдар халық ақындарының дүниелері фольклорға келе бермейтінін мойындаған деуге болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1485; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.047 сек.