КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы сипаты 4 страница
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері қаһарман үйленіп, хан болуымен тынады. Бұрынғы қызғаншақ хан мен оның зұлым уәзірі, ханның айуандық әрекеттеріне көмектесуші арамза кемпір мен ағайынды сатқындардың барлығы не қатаң жазасын тартады, не кешірім алады. Қазақ ертегілерінің композициясы, жалпы алғанда, Батыс пен Шығыстың көптеген халықтарының ертегілеріне ұқсас боп келеді. Сонымен бірге ол өзіндік сипатқа да ие. Мысалы, кейбір ертегілер даладағы жұтты баяндаудан басталады. Жұттың салдарынан ел басқа жерге қоныс аударады. Ал, ертегі қаһарманы ержеткен соң сол елді іздеуге аттанады. Сөйтіп, жұт қаһармандардың тағдырын өзгертіп, ертегілік сюжеттің басталуына ұйтқы болады. Қиял-ғажайып ертегі фольклордың классикалық түріне жатады, ол көркемдігі жағынан басқа жанрлардан анағұрлым артық, мұнда ежелгі утилитарлық қызмет атқарған көне ұғымдар мен сюжеттер шебер жымдасқан, соның нәтижесінде қиял-ғажайыпты ертегілік шығармалар эстетикалық функциясы бар өнер туындысына айналған. Сондықтан қиял-ғажайып ертегі фольклордың болмысқа эстетикалық қатынасының бір формасы болып саналады. Сол себепті ол қоғам дамуының әр кезеңіндегі халық идеалын бейнелейді, оның эстетикалық, этикалық түсініктерін танытады. Ал осылардың айқын көрінуінде ертегілік шығарманың композициясы мен тілі, яғни поэтикасы ерекше рөл атқарады. Қиял-ғажайып санатындағы ертегілердің құрылымы өзге халықтар ертегілерінің архитектоникасына ұқсас: кейіпкерді таныстыратын бастама, оқиғаны эпикалық рухта баяндау және бақытты аяқталуы, – міне, бұлар көптеген халықтың классикалық ертегілеріне тән. Мұндай ұқсастық жалпы ертегі жанрының табиғатынан және халық идеалын дәріптеу мақсатынан туған. Әрине, көп ел ертегісінің композициялық ұқсастығы мүлде бірдей деуге болмайды. Ұқсастық – жалпы құрылымда, оның бөлшектерінде. Ал, бөлшектің ішкі құрылысы мен мазмұны әр халық ертегісінде әр басқа. Жоғарыда айтқанымыздай, көптеген халықтың ертегісі, дәлірек айтқанда, қиял-ғажайып ертегісі, қаһарманның (дүниеге келгеннен кейін) үйден (алыс сапарға) шығуымен басталып, үйге қайтып келуімен аяқталады. Ғылымда мұны рамалық құрылым дейді. Мұндай құрылым тағы бір формада көрінеді: ертегінің басталуы мен аяқталу сөздері оқиғаға қатыссыз болады. Осының бәрінде кейіпкердің өмір жолы көрсетіледі. Демек, бізге жеткен көркем ертегінің композициясы халық сүйген қаһарманды дәріптеу мақсатына сәйкес құрылған. Кейіпкерді мадақтау үшін ертегі оның алдына неше түрлі қиындықтар мен бөгеттер қояды, солардан аман-есен өткен қаһарман мұратына жетіп, халық құрметіне бөленеді. Сондықтан ертегінің бастамасы кейіпкердің жолға шығу формасында болып келеді. Бұл – бүкіл ертегі оқиғасының өзегі, тіпті, сайып келгенде, кейіпкердің өтуге тиісті бірінші сынақ: үйден аттанған кейіпкер енді бейтаныс дүниеде жалғыз өзі сапар шегеді, алуан түрлі оқиғаны басынан кешіреді. Кейіпкер үйден шығысымен-ақ ертегінің оқиғасы күрделеніп, қоюлана түседі: оның орындайтын істері мен өтетін бөгеттері қиындай береді, бірақ ертегіге қосымша кейіпкерлер көп енгізілмейді, ал, енгізілген күннің өзінде (айталық, керемет көмекші немесе қаскүнем) олар қаһарманның ерекше күшін, тағы басқа қасиеттерін аша түсуге қызмет етеді. Ертегінің эпикалық, яғни оқиғалық бөлшегі түгелімен дерлік кейіпкердің әртүрлі мақұлықтармен, құбыжықтармен кездесіп, олармен шайқасуынан тұрады. Қаһарманның неше түрлі жауыздармен қақтығысып, оларды жеңуі – ертегі сюжетінің нағыз шарықтау шегі. Ал, барлық қиыншылықтан өтіп, жауларын жеңіп, қаһарманның өз жарымен еліне оралуы – көркем ертегідегі сюжеттің шешімі. Кейіпкерді айрықша даралап көрсетуде қиял-ғажайып ертегінің стилі мен көркемдік құралдарының атқаратын рөлі зор. Шығармаға, оның бас қаһарманының іс-әрекетіне өзіндік реңк беріп тұратын кестелі тіл мен әсірелеу, қайталау және контраст секілді тәсілдер бар. Мәселен, әсірелеу – жалпы фольклордың жанрлық табиғатынан туып, қарапайым мен керемет нәрселердің, шалқыған қиял мен кәдуілгі жәйттердің аралас келуін байқататын көркемдік тәсіл. Әсірелеу эпикалық образ жасауда негізгі рөл атқарады, кейіпкердің ерекше қасиеттерін айқындай түседі. Ертегі бас қаһарманның өзін де, көмекшілерін де, сондай-ақ оның қарсыластары мен қиындықтарды да әсірелей көрсетеді. Соның нәтижесінде ол тумысынан өзгеше, басқаларда жоқ қасиеттерге ие болып көрсетіледі және оның көмекшілері де, дұшпандары да сондай болып, әсіреленіп бейнеленеді. Біздің қиял-ғажайып ертегімізде кең қолданылатын тәсілдің бірі – қарсы қою, яғни контраст. Ол ертегіде екі түрлі көрінеді. Бірі – сырттай, көзге бадырайып тұрады, яғни образдар ізгілік пен зұлымдықтың өкілдері есебінде бір-біріне қарсы қойылады. Сыртқы контраст халық алдында қаһарманға қас дұшпандардың зымияндық ойлары мен әрекеттерін ашық әшкерелейді. Контрастың екінші түрі – жай көзге көрінбей, бір образдың ішінде кездесетіні. Басқаша айтқанда, образдың ішінде бірімен бірі сыйыспайтын мүлде кереғар қасиеттер мен қылықтардың орын алуы. Образдың өзінде жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, адалдық пен пасықтық сияқты қасиет-мінездер бірлікте, қақ ертегіге қосымша кейіпкерлер көп енгізілмейді, ал, енгізілген күннің өзінде (айталық, керемет көмекші немесе қаскүнем) олар қаһарманның ерекше күшін, тағы басқа қасиеттерін аша түсуге қызмет етеді. Ертегінің эпикалық, яғни оқиғалық бөлшегі түгелімен дерлтар көрінеді. Ертегіге тән көркем тәсілдің тағы бірі – қайталау. Ол ертегіде үш түрлі мақсатта қолданылады. Біріншісі – қаһарман кездесетін кедергілерді бірінен соң бірін күрделендіре түсу, сол арқылы образдың ерекше тұлғасын көтеріп көрсету; екіншісі –лалардың рөлі үлкен. Егер жинақтап айтар болсақ, олар мынадай жағдайларды суреттеу үшін жұмсалады: а) қаһарманның ерекше тұлғасын, қасиетін сипаттау үшін «атса – мылтық өтпейді, шапса – қылыш кеспейді, адамның күші жетпейді» делінеді; ә) бас кейіпкер мен дұшпан екеуінің күресін «ой жерді дөң қылады, дөң жерді ой қылады» деп суреттейді; б) қаһарманның жедел өсіп, ержеткенін «ай сайын емес, күн сайын өсіпті; алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты» деп хабарлайды; в) жүйрік аттың, яки желмаяның шабысын суреттегенде «айлық жерді алты аттап, жылдық жерді жеті аттап» делінеді; г) қыздың сұлулығын «ай десе – аузы бар, күн десе – көзі бар» деп сипаттайды; ғ) кейіпкер сапарының ұзақтығы мен қиындығы былай білдіріледі – «Ұшқан құстың қанаты күйеді, жүгірген аңның тұяғы күйеді»; «темір етіктен – теңгедей, темір таяқтан тебендей қалды»; д) қаһарманның кезген уақытының мөлшері мен жолының ұзақтығы «күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп, жыл артынан жыл өтті» немесе «күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді» деп хабарланады. Осындай тұрақты формулалармен қатар қиял-ғажайып ертегіде әртүрлі нақыл сөздер, мақал-мәтел мен жұмбақтар және өлең-шумақтар кездесіп отырады. Олар ертегінің тілін, көркемдігін арттырып, образды аша түседі, шығарманың әсерлілігін күшейтеді. Міне, осының бәрі бізге жеткен қиял-ғажайып ертегісінің үлгілері – толыққанды көркем дүние екенін көрсетіп, бұл жанр есте жоқ ескі заманда пайда болып, ұзақ даму жолынан өткенін айғақтайды. §5. Көне эпос
Ежелгі замандарда қалыптасқан жанрдың бірі – көне эпос. Көне эпосқа арқау болған фольклордың түрлері туралы әр алуан пікір бар. Кезінде В.Я.Пропп орыс былиналарының ілкі дәуірін мемлекетке дейінгі (догосударственный) эпос деп және онда мифтің үлкен орын алатынын атап көрсеткен[493]. Ғалымның бұл пікірі кейін Б.Н.Путилов, Е.М.Мелетинскийдің көлемді зерттеулерінде жан-жақты дамытылды. Мұнымен қатар В. М. Жирмунский қаһармандық жырларға негізгі арқау болған батырлық ертегі (богатырская сказка) деп қарады. Зерттеуші бұл ойын «Алпамыс» жырының түркі халықтарындағы версияларын ала отырып, типологиялық салыстырулар арқылы дәлелдеді. Алтайдың «Алып-Манаш» жырындағы ертегілік сарындарды ажырата қарап, оны батырлық ертегі деген қорытындыға келді. Осы пікірмен Ә. Қоңыратбаевтың ой-тұжырымы да сабақтас. Ол қазақ эпосының ежелгі дәуірін қарастыра келіп, эпос басында ертегі, аңыз, шежіре түрінде айтылады да, біртіндеп ертегілік сарыннан айығып, тарихи-реальдық жырға айналған деген ойға келеді. Қазақ батырлық жырының арғы тегінде тұрмыс-салт жырлары – қоштасу, естірту, жоқтау сияқты өлеңнің түрлері жатқандығын кезінде М. Әуезов айтқан болатын[494]. Типология жағынан алып қарағанда Солтүстіктегі және Қиыр Шығыстағы ұсақ халықтардың да көне эпостарында тұрмыс-салт жырларының, оның ішінде арбау-байлау өлеңдерінің ерекше рөл атқаратындығы анықталып отыр. Демек осы айтылған пікірлердің қай-қайсысының да жаны бар. Себебі бұл, біріншіден, көне эпостың региональдық, этностық, жергілікті ерекшеліктерінен хабар берсе, екіншіден, оның синкреттік табиғатын да айғақтайды. Оның үстіне мына мәселеге де айрықша назар аудару қажет. Көне эпостар ішкі тақырыптық, сюжеттік құрамы бойынша біркелкі емес. Әсіресе, анығырақ байқалатыны – бір тобында батырлық (әрине, бұл ру, тайпа шеңберінде, болмаса үйлену мотивімен байланысты) желі басым болса, енді бір тобында аңшылық, мергендік көбірек жырланады (мәселен, қырғыздың «Қожажаш» эпосы). Алғашқысында ертегілік сарын басым болса, соңғысында миф пен шежірелік (генеалогиялық) аңыздың рөлі айқынырақ. Сондықтан да көне эпостарды осы айтқан ерекшеліктеріне қарай жіктеуге болады. Ол, сөз жоқ, алдағы уақытта кең типологиялық салыстырудың нәтижесінде іске аспақ. Көне эпоста мифтің, ертегінің, аңыз-әңгімелердің рөлі біркелкі емес. Олар әртүрлі дәрежеде әр халықтың ежелгі жырларында көрініс беруі мүмкін. Алайда, көне эпостардың ең ескі нұсқаларында мифтің «моделі» сақталғандығын байқау қиын емес. Мәселен, эвендердің көне эпосында дүние – әлем мифтегідей үш бөліктен тұрады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы әлем (нижний, средний и верхний мир)[495]. Бұлардың арасындағы кеңістіктер арқылы адамдар бір-біріне қатыса алады. Үш әлемде де тіршілік бар. Төменгі және жоғарғы әлемнің көрінісі әртүрлі наным-сенім, шамандық түсініктермен сабақтас. Мәселен, жоғарғы әлемде өзендерде сүт ағып жатады, жағалауында алтын тастар шашылып, үйлер алтын, күмістен салынады. Төменгі әлемде темір айрықша рөл атқарады. Барлық үйлер темірден салынған, жолдар, тау-тас қиялар да темірден құралған. Төменгі әлем – қараңғы. Ортаңғы әлем жер бетінің көріністеріне сәйкес келеді. Эпостың бас кейіпкерлерінің де тұратын мекені осы – ортаңғы әлем. Ол судың жағасында, өзен аңғарында, айналасы таумен қоршалған жазық жерлерде тұрады[496]. Сөз жоқ, бұл өзгешелік ежелгі замандағы адамдардың жаратылыс, айнала қоршаған табиғат туралы көзқарастарының шектеулі екенін көрсетеді. Бүкіл дүние үш бөліктен тұрғанымен, кейіпкер санаулы уақыттың аралығында барлығын да аралап шыға алады. Үш әлем де мифтік қиялдың, мифтік сананың жемісі. Мифтік дәуірдегі бұл түсінік түркі-монғол халықтарының эпосы мен ертегілерінде түрлі дәрежеде сақталған. Ал, қазақ фольклорының ішінде ертегілік эпостардағы («Ер Төстік», «Күн астында Күнікей қыз», т. б.) төменгі әлемнің көріністері сол ежелгі замандардағы мифтік сананың сілемдері. Көне эпостағы мифтік сананың тағы бір көрінісі – кейіпкерлердің түрлі хайуанаттарға айналып, болмаса жан-жануарлардан адамға ауысып отыруынан да байқалады. Әрі бұл өзгешелік ежелгі тотемистік, антропоморфтық көзқарастармен тығыз байланысты. Ондай кейіпкерлер көбінесе рудың, жалпы адам атаулының алғашқы анасы немесе атасы ретінде бейнеленеді. Эпостың бас кейіпкері адам мен жануарлардың (кейде құстардың) ортасынан дүниеге келеді. Мәселен, солтүстіктегі тайпалардың эпосында аққумен некелесу үлкен орын алған. Мұның кейбір іздерін қазақтың «Ақ қасқыр» ертегісінде адам мен қасқырдың некелесуінен де көреміз. Адам мен хайуанаттардың (түрлі мифтік кейіпкерлердің) қосылуы ерікті түрде емес, көбінесе осылардың бірінің амалсыз қолға түсіп қалуынан болып отырады. Мәселен, эвенкілердің эпосында кейіпкер қыз кейпінде билеп жүрген аққудың кебін жасырып қояды. «Ақ қасқыр» ертегісінде жылқыларды жеп қойып, қолға түскен соң барып, қасқыр өзінің қызын қуғыншы жігітке бермекке уәде етеді. «Қорқыт ата кітабында» аңдаусызда адамның қолына түскен пері қыздан жалғыз көзді дәу – Төбегөз туады. Көне эпостың кейіпкерлері өз мақсатына түрлі тәсілдер, айла-амалдар арқылы жетіп отырады. Алайда, қиял-ғажайып ертегілердегі сиқыр күштерден бұлардың елеулі айырмашылығы бар. Алдымен мұнда сөздердің магиялық, дүниені өзгерткіш күшіне сену басым. Сондықтан да көне эпоста арбау-байлау (заговор-заклинание) өлеңдері үлкен орын алады. Екіншіден, ғажайып, сиқырлы заттарды қолға түсіріп, солардың көмегіне сүйену көне эпос үшін тән емес. Кейіпкер негізінен өз күшіне сенеді. Демек көне эпоста қиял дүниесінен гөрі өмірде негізі бар мифтік, тотемистік көзқарастар басты орын алады екен. Оның үстіне қиял-ғажайып ертегілерде бас кейіпкер қандай қиыншылықтар болса да, соңында жеңіске жетеді. Ал көне эпоста әрқашан да бұлай кейіпкердің өліп тірілуі, түрлі күштерден жеңілуі, трагедиялық жағдайларға ұшырауы жиі кездесіп отырады. Мәселен, қырғыздың «Қожажаш» жырында бас кейіпкер киелі Сұр Ешкінің қарғысына ұшырап, ақыры, адам жетпес шың-құздың басында қаза болады. Оның артында қалған баласы ғана кейін Сұр Ешкімен келісімге келеді, оның қызына үйленеді. Көне эпостарда алдымен көзге түсетіні – әйел бейнесінің айқындығы. Солтүстік пен Қиыр Шығыстағы халықтардың жырларында бас кейіпкерді ерлікке баулитын, оған садақ, жебе жасап беретін, бақсылықты үйрететін оның апайы, не болмаса қарындасы. Кейде әйел ағасының, не інісінің орнына өзі соғысады, олардың кегін қайтарады. Көне эпоста да үйлену салтына байланысты жорықтар үлкен орын алады десек, әйелдердің өзіне жар таңдап, жолға шығатынын жиі кездестіреміз. Ж.К.Лебедева Қиыр Солтүстіктегі эпостық жырларды салыстыра отырып, олардың сюжеттік құрамын типологиялық жағынан мынадай тақырыптарға бөліп қарайды: 1. Ерлерден бөлек тұратын әйелдер туралы; 2. Әйел шаман туралы; 3. Эпикалық әйел кейіпкердің кәмелетке толу тақырыбы; 4. Әйел кейіпкердің өзіне жар іздеу тақырыбы; 5. Батыр әйелдің кек алу тақырыбы; 6. Жас қаһарманның өсуі; 7. Батырдың кек алуы; 8. Батырдың әйел алуы туралы; 9. Ру мен тайпа арасындағы қақтығыстар мен соғыс тақырыбы[497]. Көрсетілген тақырыптардан анық байқалатыны – әйелдерге байланысты сюжеттердің кең таралғандығы. Сөз жоқ, бұл матриархат дәуірінің көрінісі. Алайда, осы дәуірдің ішкі ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік сипатта саралап бөліп, оның эпостағы көрінісін таратып қарастыру арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе. Бұл жерде біз қазақ эпосының сюжеттік құрылысында әйелдерге байланысты тақырыптардың Қиыр Солтүстіктегі халықтардың жырларындағыдай кең таралмағандығын айтумен ғана шектелеміз. Тегінде бұл өзгешелік қазақ эпосының ең ежелгі дәуірлерінде ғана орын алып, кейін сапалық өзгерістерге ұшырағандығын көрсетеді. Матриархат кезеңінің кейінгі замандардағы эпостық дәстүрдің дамуына сәйкес келген белгілер ғана сақталған. Оның өзінде де эпос сюжетінен басты орын алмай, екінші кезекке ысырылған. Матриархат дәуірі өтіп, оның орнына патриархат дәуірі келгенде әйелдерді қас күш, опасыз бейне ретінде көрсете бастау сияқты қисын ала бастайды. Зерттеушілердің пікірінше бұл өзгеріс мыстан кемпір образында жақсы сақталған[498]. Мыстандардың хандарға, әкімдерге «ақыл тауып» беруші, дұшпанның сырын танығыш, құпиясын көргіш болып есептелуі бір кездегі әйел қауымы үстемдігінің, қарт аналардың культке айналуының, олардың дүниеде білмейтін нәрсесі жоқ деп саналуының жаңғырығы екені табиғи. Сондықтан да бұл мыстан кемпірлер «даналығы» атаеркі (патриархат) дәуіріне аяқ басарда жақсылыққа кедергі, мейлінше жексұрын күш болып мінезделеді. Болашақты болжау, батырға үнемі қамқор болу, болмаса түрлі айламен, сиқырмен оның өзіне қарсы күресу, сөйтіп, дұшпандар жағында болу көне эпостарда кең суреттелетін бақсы әйелдер бейнесінің кейінгі трансформацияланған, жіктелген, ұзақ эволюциядан өткен түрі болуы ықтимал. Себебі түркі-моңғол халықтарының ежелгі жырларында бақсы әйелдер – басты кейіпкерлердің бірі. Олар болашақ батырға өз өнерлерін үйретеді, алда не істеу қажеттігін айтушылар да осылар. Бір қызығы – әйел бақсылар сиқырлық өнермен қатар ерекше күш иесі, өзінің іні-ағаларының жебеушісі, қамқоршы болып көрінеді. Мәселен, эвенкілердің эпосындағы Чолбон (Шолпан) бейнесінде осы қасиеттің бәрі де жинақталған. Көне эпостың бас кейіпкері көбінесе өзі сияқты адамдармен емес, жоғарғы не болмаса төменгі әлемдегі түрлі жауыз күштермен – шайтан, жезтырнақ, аю, қырғи, сиқырлы әйел-бақсылармен күрес жүргізеді. Сондықтан күрестің, соғыс көріністерінің сипаты да басқашалау. Олар жылдар бойы соғысып, «қыс болғанын бір-бірінің шашына қатқан қыраудан, жаз болғанын шаштағы қыраудың ерігенінен» біледі. Жалпы кезкелген уақиға, әсіресе, жекпе-жек мейлінше әсіреленіп, шегіне жеткізіле суреттеледі. Батырлар өз салмағының ауырлығынан қара жерді тізесінен кешіп жүреді. Атқан оқтары жасылдай жылдам ұшады, жаудың от шашқан найзасы күннің көзін күңгірттейді, ұшқан оқтың екпінінен адамдар өліп жатады. Әйелдің асқан сұлулығын бейнелегенде «тұла бойынан жеген май, өн бойынан жеген ет көрініп тұрады» деп суреттеледі. Көне эпостарға үлкен әлеуметтік мәселелер, таптық қайшылық, дін жолында күреске шығу сияқты мотивтер жат. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, күресі отбасы үшін, болмаса өз руының мүддесі үшін, соның шеңберінде ғана суреттеледі. Бас кейіпкер мал бағып не егін егіп отырған іргелі елдің, тайпаның ортасынан шықпайды, жалғыз болады. Кейде қарт кемпір мен шалдан туған ағайындылар (кейде қарындасы, апайы бар) ретінде айдалада жеке тұрады. Айналысатын негізгі күнкөріс кәсібі – аңшылық. Егін егіп, мал бағуды әлі білмейді. Тұратын мекендері ортаңғы әлем, өзендердің аңғарлары, айнала таумен қоршалған жазық жерлер, т. б. Көне эпос сюжеттерінің ішіндегі ең кең таралғаны – батырдың үйлену мақсатындағы жорықтары және осыған байланысты түрлі сынақтан өтуі. Бұл сюжеттің іштей өрілу жолдары әр жылдарда түрліше болып келе беруі мүмкін. Мәселен, батыр қыздың жақын туыстарымен, немесе түрлі жауыз күштермен, я болмаса қыздың өзімен жекпе-жекке шығады. Батырдың өзіне жар таңдап, әрі оны өз күшімен алуы – қалыптасқан типтік сюжет. Бұл кейін батырлық жырына да ауысқан. Алайда, батырдың үйлену сюжетінің басқа да түрі кездеседі. Тұңғыс тілдес халықтардың эпикалық дәстүрінде інісі ағасына әйел әпереді, ал, ненецтердің жырларында ағалары кіші інісіне қалыңдық таңдайды, құда түсіп, қызды алып қайтады. Қайтар жолда батыр жаумен соғысып, оны жаңа үйленген қалыңдығының көмегімен жеңіп шығады[499]. Батырдың үйленуіне байланысты осы үш сюжеттің алғашқысы кейін қалыптасқан батырлық жырына арқау болғандығы мәлім. Дегенмен қалыңдықты туыстары іздейтін сюжет те батырлық жырында сақталған. «Қорқыт ата кітабында» қалыңдықты жігіттің әкесі іздейді («Қан Тұралы туралы жыр»). Көне эпостарда үйлену сюжетінің этнографиялық сипаты басым. Ол тұрмыс-тіршіліктегі әдет-ғұрыптардан алшақ кетпеген. Үйленген соң батырдың ұзақ уақыт қыздың үйінде тұруы эпоста ғана емес, рулық-патриархалдық деңгейдегі халықтардың өмірінде де нақтылы негізі бар дәстүр. Көне эпостың сюжеттік құрамының бірдей еместігі, әрі оларда мифтің, ертегінің, аңыз-әнгімелердің рөлі де түрлі дәрежеде болатынын жоғарыда айттық. Бұған қоса архаикалық эпостың тақырыптық аясы да, идеялық бағыты да, образдар жүйесі де біртұтас емес. Олай болатыны бір тобында қаһармандық дәріптелсе, енді бірінде аңшылық, мергендік жырланады, үшінші бір жырлар тұтастай мифологиялық сюжетке құрылады. Бұлардың сюжеттік типін, ішкі құрылымын типологиялық белгілеріне қарай топтастыру алдағы уақытта шешімін табатын мәселе.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1146; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |