Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница




Сицилийская кассата.

5 ст ложек сливок, 200 г сахарной пудры, 500 г сыра рикотта. 1 ст ложка ванильного сахара, 150 г изюма, по 50 г лимонной и апельсиновой цедры. 100 г глазированных вишен, 10 ст ложек очищенных фисташек, 100 г горького шоколада, 1 бисквитная основа торта, 40 г ликера мараскина.

Сливки и сахарную пудру смешать с сыром. Добавить ванильный сахар, накрыть и поставить на 12 часов в холодильник. Изюм промыть, откинуть на дуршлаг и дать стечь воде. Лимонную и апельсиновую цедру мелко нарубить или натереть. Несколько глазированных вишен и часть фисташек отложить для украшения, остальные порубить вместе с шоколадом. Форму мороженицы или высокую посуду диаметром около 20 см выложить кусками бисквита и полить его ликером. Шоколадно-ореховую массу смешать с сырной массой, положить в форму, накрыть прямоугольниками бисквита и полить ликером. Поставить торг на 2 часа в морозильную камеру или на 8-10 часов в холодильник Когда торт застынет, осторожно выбить его из формы и украсить вишнями и фисташками. Сыр рикотта можно заменить хорошо вымоченной в воде и отжатой брынзой или творогом.

Тақырыптың өзектілігі. Италия қазіргі таңда үлкен сегіздіктің қатарына кіретін, әлем мойындаған, экономикасы жақсы дамыған және мәдениет пен өркениеттің еуропалық деңгейінің мысалы бола алатын таңғажайып елдердің бірі болып саналады. Италия түрлі елдерден саяхатшылар келетін туристік Мекке десекте болады. Ауа райының керемет болуы, ежелгі тарихи ескерткіштер мен монументтердің көптеп шоғырлануы, демалыс инфрақұрылымның дамуы, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі - мұның барлығы бүкіл әлемдегі саяхатшылардың Италияға келуіне жол ашады.

Италияның жағажайлар мен туристтік нысандары халықаралық экологиялық үлгілерге сай және бүкіл әлемде жоғарғы мәртебеге ие. Италия жағалауларындағы ауа райы өзінің жұмсақтығымен танымал. Аппенин және Альпі таулары елді салқын солтүстік желден қорғайды, сол себептен де Италияда мүлдем жел тұрмайды, елдегі жаңбырлы күндер жылына 60-90 күнді құрайды. Қыста ауа райы + 8..+9 C төмендейді, ал жазда теңізден келетін жел ауаны (+22..+24 C) аралығында ұстап тұрады. Италияның жағалауларына бірнеше теңіз жуады - олар Жерорта теңізінің бір бөліктері болып табылатын теңіздер - Лигури, Тиррен, Иони, Адриат. Ғалымдардың пікірі бойынша - Лигури теңізінің суы - көкшіл түстес, Тиррен көлі- ултрамаринадталған, Сардинии теңізі - изумруд сияқты түстес, Сицилии – қанық жасыл, Адриатика – аспан түстес болады. Иони теңізі күн батқанда көк түске айналады.

Италия экономикасы қызмет көрсету мен туризм индустриясымен тікелей байланысты. Жыл сайын Италияға 50 млн саяхташы келеді. Италия туризмнің дәстүрлі елі, ол бүкіл әлемге кең таңылған туристтік елдердің бірі болып табылады. Қазақстандық туристтерді Италияның тарихи және мәдени орталықтар мен Адриаттық курорт пен Жерота теңізіндегі демалыс орындары және де бұл мемлекеттің дәстүрі мен мәдениеті қызықтырады.

Ертегі тәрізді әсем табиғаты, жұмсақ ауа райы, көңіл көтеретін түрлі орындардың көп болуы Италияның демалыс және сауықтыру орындарына айналдырды. Италия – мұражайлар елі, алпауыт Рим империясының маңызды іздері және өз аймағындағы көптеген мәдени дәстүрлері сақталған тарихи елдер қатарына жатады.

Жұмыстың мақсаты: қазіргі Италиядағы туризм және туризм саласындағы жетістіктеріне талдау жасау. Сонымен қоса курстық жұмыстың мазмұнын ашу.

Мақсатты айқындай келе, келесі міндеттер анықталды:

1. Саяхатшылар үшін Италияның көз тартарлық орындарын қарастыру.

2. Туризм дамуының негізгі аудандарын қарастыру.

3.Туризм дамуындағы негізгі ерекшеліктерін зеттеу жүргізу

4.Италияның географиялық орны мен оның тарихи ерекшеліктеріне талдау жасау.

5. Италияның алдыңғы қатарда дамыған туризм түрін Қазақстанға енгізу мүмкіншіліктері.

 

1 Ел жайлы мәлімет

1.1Географиялық орналасуы, климаты

Италия Республикасы Еуропада орналасқан мемлекет. Жерінің ауданы 301,3 мың км, мемлекеттік құрылымы-парламенттік республика. Мемлекет басшысы-президент, заң шығарушы органы-парламент, ақша бірлігі-еуро, мемлекеттік тілі-итальян, интернет үйшігі it, телефон белгілемесі +378, радио белгілемесі IT.

Италия-Оңтүстік Еуропаның орталық бөлігін ала орналасқан жерорта теңіздік ел. Дүние жүзінің саяси картасында бытыраңқы ұсақ мемлекеттердің бірігуінен қалыптасқан жаңа ел ретінде 1871 жылы пайда болған. Оның аумағы Апенин түбегіен, солтүстіктегі материктик бөліктен және оңтүстік-батысындағы аралдардан атап айтқанда Сардиния, Сицилия және ұсақ аралдардан тұрады.Ал Рим қаласының батыс бөлігінде орналасқан Ватикан дүние жүзіндегі ауданы ең кіші мемлекет. Бұл мемлекет бар болғаны 0,44 км аумақты қамтып жатқанымен, бүкіл әлемдегі католиктерге күшті ықпал ету арқылы зор маңызға ие болып отыр.

Теңіздік шекарасы құрлықтағысына қарағанда 4 есе ұзын болатын Италия жағалауларының Батысында Лигурия, Тиррен, Оңтүстігінде Ион, Шығысында Адриат теңіздерінің сулары шайып жатыр. Елдің ең ішкері орналасқан ауданының теңіз жағалауынан қашықтығы 300 км-ден аспайды.

Елдің экономикалық-геогрфиялық және геосаяси жағдайының қолайлы тұстары:

1 Батыспен шығыс арасындағы сауда жолдарының қиылысындағы орнымен.

2.Мұнайлы Таяу Шығыспен Солтүстік Африка елдерін Батыстың күшті дамыған елдерімен жалғастырып жатуымен.

3 Ел аумағында аса маңызды әуе жолдарының тоғысуымен.

4.НАТО блогының Оңтүстік Еуропадағы қуатты әскери тірегі болуымен анықталады. 20 ғасырдың 90 жылдарында Югаславияның ыдырауы және ондағы ұлт араздығымен байланысты саяси оқиғалар кезінде одақтастары Италияның стратегиялық маңызына іс жүзінде көз жеткізді. Жалпы алғанда елдің-экономикалық-географиялық орны ЕО аумағында ғана емес, басқа дүние бөліктерімен де сыртқы экомикалық байланыстарын нығайтуына қолайлы әсер етеді.

Мемлекеттік құрылымы жөнінен 1946 жылдан бері президент басқаратын парламенттік республика. Әкімшілік жағынан ел аумағы 94 провинциядан тұратын 20 облысқа бөлінеді. Астанасы Рим-ұзақ тарихы бар, ежелгі өркениет орталығы болған, көне қалалардың бірі.

Табиғаты және табиғат ресустары. Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы. Монблан - Батыс Альпідегі тау массиві. Франция мен Италияның шекарасында орналасқан. Таудың ұзындығы 50 км. Батыс Еуропаның ең биік жері (4807 м). Гранит, гнейс, кристалды тақтатастардан құралған. Жер бедері күшті тілімденген; альпілік тау жасалуда пайда болған. Кен байлықтары: темір, магнезит, пирит, көмір, мыс, мырыш, қорғасын. Мұз басқан бөлігінің ауданы 200 км2-ден астам. Ең ірі мұздығы – Мер-де-Глас (ұзындығы 15 км). Туризмнің орталығы. Монбланда астрономия обсерватория бар. Монблан арқылы Франциядан Италияға автомобиль тоннелі (ұзындығы 11,6 км) салынған.

Солтүстігінде доға тәрізді созылып жатқан Альпі таулары елді Еуропаның басқа аймақтарынан бөліп тұрады. Тау тізбегін тілімдеп жатқан асулар арқылы құрлықтық көлік жолдары өтеді. Таулы аймақтың маңызды табиғи қорлары ретінде су энергиясына бай өзендерін, климаттық және тау шаңғысы курорттарын атауға болады. Ал ел аумағының ұзына бойына созылып жатқан Апенин таулары ең жас құрылымдардың бірі болғандықтан, жер сілкінулер мен жанартаулық атқылаулар жиі байқалады.

Таулы аймақтар негізінен әктастардан тұрады, сондықтан ел аумағында карст кең тараған. Италияда 70-тен астам ірі карст үңгірлері бар, олар өте әдемі жане сол әдемілігімен туристер назарын аударады. Осы маңдағы минералды бұлақтар мен емдік балшықтар жан-жақтан келетін туристер санын арттырып отыр. Жазықтар аз ауданды алып жатқанымен, елдің негізгі ауыл шаруашылығы жерлері мен өнеркәсіп орталықтары осында орналаскан.

Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Ел аумағы полиметалл кендері (Сардиния, Шығыс Альпі), сынап (Тоскана), марганец (Орталық Италия мен Лигурия) пен алуан түрлі құрылыс материалдарына бай. Италиялык әйгілі ақ мәрмәр, гранит дүние жүзінің көптеген елдеріне экспортка шығарылады.

Солтүстіктен оңтүстікке карай созылып жатуы ел аумағында климат айырмасын тудырады. Солтүстіктегі таулы аудандар мен Падан ойпатында қыс суық, кар жамылғысы калың, аяздар сирек болады. Көктем мен жазда жауған мол жауын-шашын кей жылдары апатты су тасқындарына себепші болады. Түбектің оңтүстігі мен аралдық бөлікке нағыз жерорта теңіздік климат тән: қаңтардағы орташа температура +8, + 10°С шілдеде +24°С, кейде +35°С ыстық болады. Жазда жауын-шашын аз, Африкадан ыстық, құрғақ шаңды желдер (сирокко) соғады, сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдары қолдан суарылады. Лигурия теңізінің жағалауы бойымен Франциядағы Көгілдір Жағалаудың (Ривьера) жалғасы — Италия Ривьерасы созылып жатыр. Климаты аса жұмсақ бұл өңірде дүние жүзіне әйгілі демалыс орындары орналасқан.

Елдегі өзендер көбінесе қысқа келеді, тек солтүстігінде өзен торы жаксы тарамдалған. Альпі өзендері энергия өндіруге пайдаланылады. Көктем мен жазда жаңбыр және еріген кар суымен қоректенетін өзендерде су деңгейі күрт көтеріледі. Апатты су таскындары По тәрізді ірі өзендерде ғана емес, кішігірім Тибр, Арно өзендерінде де байқалады. Мысалы, 1966 жылы Арно өзенінің арнасынан шығуы Флоренция қаласындағы ғимараттарға, мұражайлардағы өнер туындыларына үлкен зиянын тигізді. Альпіде өте әдемі тау көлдері бар, олардың маңы дүниежүзілік маңызы бар демалыс орындарына айналған. Орталық Италияда сөнген жанартаулар кратерлерінде кішігірім көлдер орналасқан.

Италияның топырақ жамылғысы, негізінен ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы.Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Падан ойпатындағы кұнарлы аллювийлі топырақтарда дакылдарды, жағалау жазықтардағы субтропиктік қызыл және коңыр топырақта жүзім, әр түрлі жемістер мен цитрустар өсіріледі. Ел аумағында халықтың тығыз орналасуы, ұзак ғасырлар бойғы шаруашылық әрекет табиғи өсімдік жамылғысын күшті өзгертті. Ормандар ел аумағының 20%-ын алып жатыр. Бағалы ағаш түрлері Италия жиһаздарын жасау өндірісіне негіз болған. Альпі ормандарының төменгі белдеуінде емен, шамшат, шегіршін, ал жоғары белдеуінде карағай, еуропалық шыршалар, майқарағай өседі. Биіктеген сайын, ормандар біртіндеп альпілік шалғындарға ауысады. Альпілік шалғындар жазғы мал жайылымдары ретінде пайдаланылады. Апенин түбегі мен аралдардың жағалауларында мәңгі жасыл тас жөне тоз емендері, пиния және альпілік карағайлар, пальмалар өседі. Көбіне табиғи өсімдіктер орнын цитрус тоғайлары, зәйтүн және бадам, анар, інжір тәрізді мәдени өсімдіктер алмастырған.

Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді жанеде теңіздері балыққа бай.

Табиғат қорғау. Ірі туристік орталықтар мен өнеркәсіп орындарының шоғырлануымен байланысты көршілес теңіз алқаптарында судың ластануы байқалуда. Өнеркәсіпті калаларда автомобиль санының артуы, зиянды химиялык кәсіпорындардың орналастырылуы ауаның шамадан тыс ластануына себепші болуда. Елде жалпы ауданы 2 мың км2 болатын төрт ұлттық саябақ бар: Гран-Парадизо мен Стельвио Альпіде, Абруцио саябағы Апеннин тауларында, ал Чирчео жағалаулардағы табиғи ландшафтыларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Италияда топырактың шайылуына және тозуына қарсы шаралар жүйесі іске асырылуда.

Туристерге анықтама

· Муниципальді жағажайларда түнгі сағат 1-ден 5-ке дейін болу Италияда заңмен тыйым салынады. Жағажайларда патрульдер заң бұзушылық үшін 150 $ айып пұл салынады.

· Дүкендерде саудаласуға болмайды, ал базарларда бұған жол беріледі, көшеде сатушылармен саудаласу арқылы бағаны 2-3 есе түсіруге болады.

· 2008 жылдың 12 шілдесінде қабылданған заңға сәйкес Италиядағы тарихи ескерткіштердің маңында тамақ жеуге, алкогольдік ішімдіктерді ішуге, айқайлауға, ұйықтауға тыйым салынады. Бұл заңға бағынбағандар 50 евро айып пұл төлейді.

· Қалалық су бүркемелеуге шомылуға да тыйым салынады, оның айып пұлы 500 евро.

· 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап италияда шылым шегу туралы жаңа заң қабылданды - шылым шегу барлық қоғамдық орындарда тыйым салынады, яғни, бар, мейрамхана, кинотеатр болсын шылым шегуге рұқсат жоқ. Рұқсат берілмеген жерде шылым тартқан адам 250 евро айып пұл төлейді.

· Италиядағы ауа райын 5 теле арна арқылы көруге болады(5 саны оң жақ төменгі бөлікте орналасқан): таңғы сағат 06:00 - 08:00 әр 15 минут сайын картаның белгіленуі бойыша ауа райын көрсетіп отырады.

· Поездға билет алған кезде баланыздың жасын айтыңыз. Егер сіз студент болсаныз оны да айтыңыз. Италияның темір жолдарында біршама жеңілдіктер бар және оны пайдалану арқылы қаржыңызды үнемдей аласыз.

· Көшеде такси ұстау өте қиын, оның орнына арнайы такси тұрағына барып немесе телефон арқылы шақыру жеңіл болады. Қосымша қаржы жүкке, түнгі қыдыруларға, мейрам және демалыс күндеріндегі қыдыруларға, әуе жайға бару кезінде төленеді.

· Жалпы алғанда Италия салыстырмалы түрде қауіпсіз, бірақ қалалардағы кәсіби қалта ұрыларынан сақтану керек, сәйкесінше үлкен қаржыңызды барлығын көрсетпеу қажет, барлық қаржыңыз бен қажетті құжаттарыңызды бір сөмкеде немесе бір қалтаңызда сақтамаңыз.

· Валютаны алмстыру кезінде алмастыру орындары мен арнайы алмасытру банк орныдарында алмастыру курсына ғана емес оның пайызына да назар аудару қажет.

· Италияда табак заттары мемлекеттік монополия арқылы сатылатын арнайы сауда дүңгіршектері бар, оларды арнайы белгілері бар орындардан ғана алуға болады.

· Римде ауыз судың бірнеше көздері бар. Олар біздің көшедегі су ішетін орындарға ұқсас болады. Егер кранда «non potabile» жазуы жазылса, онда бұл су ішуге жарамайды, онымен тек жуынуға болады.

· Киімдер мен аяқ киімдердің өлшемі Қазақстандағыдан ерекшеленеді. Италияндық аяқ киім өлшемдері 1 өлшемге жоғары болады: Қазақстандық 43 бұл Италияндық 44.

· Егер сіз эксклюзивті дүкендерді аралағыңыз келсе, онда уақытты үнемдемей қаладаға барлық дүкендерді араласаңыз, киімдердің бағасы мен түрлері өте көп болады.

· Егер сіз бір шыны аяқ кофе немесе шырын ішкіңіз келсе, онда сіз кафеге кіруге асықпаңыз, себебі оның құны екі есеге артық қаржы төленеді.

· Италияда жағажайларда орындарды сүлгіні төсеу арқылы белгілеп қоюға болмайды. Егер саяхатшы түскі ас ішуге кеткен кезде жағажайда өз орнын сақтау мақсатында сүлгісін тастап кетсе онда оған 1 мың евро қаржы тыйым салынады.

Италияның рәміздері. Парламенттік Итальяндық Республикасы 1946 жылы құрылған және сол кезде Республиканың сипатын көрсететін 3 ресми рәміздер қабылданды. Италияның жалауы наполеондық болып қабылданды, ол үш тік қатардан құралған: жасыл-тұрақтылық, ақ-сенім, қызыл- махабаттың белгісі. Тудың түсі Милан полицейлерінің киімінің түсіне сәйкес келеді деп отыр. Себебі полицейлердің киімі ақ-жасыл түсті болып кейіннен қызыл түс оған қосылды, сол кезде полиция Италияның Ұлттық Гвардиясына айналды (19тамыз 1976 жыл).

Италия Республикасының арнайы елтаңбасын Президенті Энрико де Никола 1948 жылы 5 мамырда жариялады. Елтаңбаның эскиздерін суретші Паоло Паскетто жасады, ол 1946-1947 жылдар арасында 500 үміткердің 800 эскиздерінің арасында бірінші болып қол жеткізді. 1948 жылы жаңа елтаңба пайда болды, ол елтаңбада елдің негізгі белгілері көрсетілді: бес бұрышты жұлдыз - қорғаныштың, тіс жиекті дөңгелек- еңбектің, зәйтүн бұтағы- әлемді, емен бұтағы- күшті білдіреді. Зәйтүн бұтағы Италияның оңтүстігін, емен бұтағы – солтүстігін білдіреді. Италияда саяхаттау кезінде бұл екі бұтақ италияндық пейзажды да бейнелейтіндігін көруге болады. Тағы бір ресми символ президенттің штандарты - 1965 жылы енгізілді, қазіргі күнге дейін бірнеше рет өзгертілді. Егер ресми емес символдарды алатын болсақ онда Пизанск мұнарасы және Римдік Колизей, осы елде өндірілетін «Феррари», «Фиат» автокөлігі, спагетти, пицца, шараптарды да айтуға болады.

Италияндық гимн әлемге «Италияның бауырлары» немесе «италияндықтардың әні» атымен белгілі. 1946 жылдың 12 қазанынан бастап Италия Республикасының ресми емес гимні болды. 2005 жылдың 17 қарашасында Италияның Сенаты ресми гимн туралы заң қабылдады, кейін ол заңға енбегендіктен де ресми емес түрінде қалып отыр, бірақ ол италияндықтар үшін ешқандай кедергі келтірген жоқ. Гимнің текстін Гоффредо Мамели 1847 жылы күзде жазды, ал әуенің кейінірек композитор Микелем Новаро жазды. Жиырмасыншы ғасырдың 80-ші жылдарында гимн ретінде Джузеппе Вердидің«Набукко» операсынан үзіндіқойылып жүрді.

 

1.2 Халқы, діні, экономикасы, транспорты

Италия халқының саны жөнінен Шетелдік Еуропада төртінші орын алады, мұнда 58 млн адам тұрады. Мұнда халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 193 адамнан асады.

Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; ең тығыз қоныстанған ойпаттарда (Падан, Лигурия жөне т.б.) әр км2-ге 300—600 адамнан, ал таулы аудандар мен нашар дамыған Сардиния аралында 10—50 адамнан келеді. Халықтың 90%-ы қалаларда тұрады. Қала халқының негізгі бөлігі солтүстікте шоғырланған, мұндағы Милан мен Турин қалаларының арасында түрғындарының саны 10—30 мыңнан аспайтын шағын калалар тізбегі жалғастырып жатыр. Аса ірі қала агломерацияларына Рим, Неаполь қалалары мен маңы жатады.

Италия халқының ел ішінде және сыртқа қоныс аударуы толастамай отыр. Ел аумағында артта қалған Оңтүстік Италиядан өнеркәсіпті Солтүстік Италияға қоныс аудару басым, сондай-ак халықтың Рим мен оның айналасына шоғырлануы артып келеді. Қазіргі кезде елден жылына шамамен 90 мыңдай адам кетеді. Бұрын италиялықтар, негізінен, АҚШ, Бразилия және Аргентинаға қоныс аударған болса, соңғы жылдары жұмыс іздеп, неғұрлым жақын Швейцария, Германия, Францияға баратын болды.

Халықтың ұлттық құрамы біртектес. Оның 90%-ы италиялықтар, калған бөлігін басқа ұлт өкілдері (реторомандыктар, француздар, албандар, еврейлер, гректер және т.б.) кұрайды.

Діні жағынан католиктер басым. Шіркеу ел халкының күнделікті өміріне, тұрмыс-салтына елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары табиғи өсу жоқтың касы. Туу коэффициенті 9% болса, өлім коэффициенті 10%-ға тең. Осы себепті ұлттың "картаюы" байқалуда. Соған сәйкес халықтың жас кұрылымында мынадай аракатынас орнаған: 14жаска дейінгі балалар 14%, 15—44 жас аралығындағылар 43%, 45—64 жастағылар 25%, ал жасы 65-тен аскан егде адамдар ел халкының 18%-ын кұрайды. Мысалы, жасы 65-тен асқан адамдар 1911 жылы халықтың 6,5%-ын құраса, ал 1985 жылы 13,5% болған.

Еңбек ресурстары құрылымында да айтарлықтай өзгерістер жүруде: ауыл халкының калаларға қоныс аударуы есебінен өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер саны артуда. Қазіргі кезде ел халқының 12%-ы ауыл шаруашылығында, 37%-ы өнеркәсіпте, 51%-ы кызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Италия шаруашылығы — жоғары дамыған индустриялы - аграрлы ел, ол дүниежүзілік өндірістегі үлесі жөнінен (3%-дан астам) алғашқы ондыққа енеді. Шаруашылық мамандануы мен экономикалык-әлеуметтік даму деңгейі жөнінен елдің солтүстігі ("индустриялы сол түстік") мен оңтүстігі ("аграрлы оңтүстік") елеулі айырма жасайды..

Бұл аумақтық сәйкессіздікке ең алдымен, тарихи-географиялык факторлар себепші болған. Еуропаның алдыңғы қатарлы дамыған елдерімен көршілес орналаскан Солтүстік Италия өзінің даму қарқыны жөнінен олардан кем түспейді. Сыртқы экономикалык байланыстарының күштілігі Ауданның шаруашылық құрылымының күрделенуіне де әсерін тигізеді. Оңтүстік Италия Салыстырмалы түрде нашар дамыған елдермен көршілес орналасқандыктан және Солтүстікпен теңестіруге бағытталған арнайы экономикалық саясат жүргізіл-мегендіктен артта қалып отыр.

Экономикасы. Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды.
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері т.б.

Италия мен Қазақстанның қарым-қатынасы жақсы жолға қойылған. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2 рет (1994; 1998) ресми сапармен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия Президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), “Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б. айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь қалаларында Қазақстаннан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып өтті.

Транспорты. Ел аумағының солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасуы құрлық жолдарының негізінен бойлық бағытта дамуына себепші болды. Тек Падан ойпатында ғана ендік бағыттағы жолдар желісі жиі орналасқан. Құрлык жолдарын салуға жер бедері белгілі дәрежеде кедергі келтіреді. Сол себепті таулы жерлерде жол құрылысы қымбатқа түседі. Темір жол туннельдерінің ұзындығы 20 км-ге дейін, ал автотуннельдердің ұзындығы кейде 10 км-ге жетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-26; Просмотров: 1247; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.048 сек.