Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 4 страница




ü контекстуалды, контексіне қарай ажыратылса[1].

Сонымен, педагогтың индивидуалды имиджі, сыртқы және ішкі, тұлғалық және кәсіби сапалардың бірлігіне айналса, онда ол білім беру процесінің қатысушыларымен субъект-субъект қатынасын орнату қабілеті болып табылады.

Студенттер аудиториясының алдында педагог имиджінің образы белгілі бір жағдайлардағы спецификалық қабылдауларға байланысты болады.

Педагогтың индивидуалды имиджінің қалыптасуы айтарлықтай қиын шара. Имидж типологиясын қарастырайық.

Қазіргі ғылым, имидждің функционалдық қатынасына қарай бірнеше түрлерін бөліп көрсетеді: айна сияқты, ағымдық, қалаулы, корпоративті және көпшілік.

1. Айна сияқты.Бұл имидж, өзіндік өзіміз туралы ойлардан тұрады. Айнаға қарап тұрып, өзіміз жайлы өзіміз талдау жүргізу сияқты. Әдетте имидждің бұл түрі тартымдырақ көрінеді, себебі, психологиялық тұрғыдан біз өзімізге қатысты тек жағымды ойларды бірінші орынға шығарып, ал әлсіз тұстарымыз – шет қалып жатады.

2. Ағымдық. Имидждің бұл түрі өзге адамдардың тікелей қарым-қатынас барысында немесе өзге де ақпарат көздерінен алған мәліметтер негізінде имиджді ұстанушы адамға берер бағасы болып табылады. Имидждің бұл нұсқасының кемшілігі, дұрыс емес немесе жеткіліксіз ақпарат арқасында туындаған пікір, тұлғаның имиджінің қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

3. Қалаулы. Өзіміз ұмтылатын бейнені, идеалды көрсететін имидж түрі.

4. Корпоративті. Жеке бөлімшелерінің немес жұмыс нәтижесінің емес, тұтас ұйымның имиджі.

5. Көпшілік. Тұтас корпорацияның емес, оның дербес бөліктерінің имиджі.

В.В.Бойко имидж құрылымының күрделілігін ескере отырып, оны құрамына келесі компоненттер кіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады:

1. Тұлғаның аудио-визуалдық мәдениеті: сөйлеуінің сауаттылығы мен жағымдылығы, өзін-өзі ұстау манері, киім киісі, шаш үлгісі және т.б. Сыртқы келбет көршіліктің немесе белгілі бір топтың ойынан шығу керек.

2. Өзін-өзі ұстау стилі, яғни, өзін-өзі ұстаудың әр түрлі аспектілері: кәсіби, интеллектуалдық, эмоционалдық, коммуникативтік, этикалық, эстетикалық.

3. Ішкі философия, адамның құндылықтар жүйесі: өмір жайлы не ойлайды, тапсырылған іс, бірге жұмыс жасайтын адамдар туралы ойы, оның принциптері.

4. Тұлғаның статусын көрсететін атрибуттары – кеңседегі жиһазы, көлік, үй жануарлары және т.б.

5. Психогигиеналық «Мен- бейнесі»: серіктесінің психогигиеналық образының тартымдылығы, яғни, адам сырттай да, іштей де сабырлы, белсенді, жақсы көңіл-күйде, ниеті жақсы, оптимист (1-сурет).

1-сурет. Имидж құрылымы (В.В.Бойко бойынша)

 

Тұлғаның эмоционалдық саулығы, психологиялық «Мен-бейнесінің» ішкі және сыртқы ықпалдардың әсерінен адекватты түрде өзгеруінен және коммуникабелділік диапазонның сақталуынан байқалады[5].

В.Н.Черепанованың айтуынша, имиджді қоршаған ортадағы үлгі ретінде қарастыруға болады. Ол өзара байланысқан екі компоненттен тұрады: өзегі, салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ, өзгеруге қабілетті, яғни, «Мен-концепциясы», және құбылмалы, қоршаған ортаның әсерінен жылдам өзгеріске түсетін, аудиалды, визуалды, ольфакторлы,кинестетикалық жүйе ретіндегі көрініске ие компонент[10, б. 14].

В.А.Баранованың пайымдауынша, имидж брйынша жұмыс төрт кезеңнен тұрады:

1.Адамның қазіргі уақыттағы бейнесі қандай және оның өзге адамдардың пікіріне қаншалықты сай келетіндігі анықталады. Имиджді құрушыға сол бейнесінің қаншалықты тартымды немесе тартымды еместігі туралы шешім қабылдауға тура келеді: сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөзі, сөйлеу манері, жүріс-тұрысы, қарыс-қатынасы. Имидж қоршаған ортаның көңілінен шығуды талап ететін болғандықтан, оны құрушыға өзектің негізгі үш элементтен тұратындығын ескеген жөн: тұлғаның сыртқы ортаға бағыттылығы (жүріс-тұрыстық); тұлғаның ішкі бағдары; тұлғаның уақыттық «Мен» иерархиясы.

Тұлғаның сыртқы ортағы бағыттылығы үш түрлі болады: қарым-қатынасқа; беделге ие болуға; қызметтегі нақты нәтижелерге.

Тұлғаның ішкі бағдары адамның мақсатқа жетуде басымдылық танытатын қабілеттеріне сүйенеді: біреулер интеллектуалдық қабілеттерінің басымдылығы арқылы, басқалары – эмоционалдық, ал енді үшіншілері – жегірінің есебінен.

Тұлғаның уақыттық «Мен» иерархиясы «Мен – өткен шақта», «Мен -қазір», «Мен - болашақта» бейнелерінің өзара байланысын көрсетеді. «Мен» образының қай түрі басымдылық танытқанына байланысты, тұлғаның санасында «Мен» образы қазіргіден болашаққа немесе қазіргіден өткен шаққа бағытталатын болады.

2. Бейненің қалыптасуы. Мұнда «публиканы» іздеу жұмысы басталады, яғни, имидж бағытталған топ (әлеуметтік, оқу). Сонымен қатар, имиджді қалыптастыру жолдары, тартымдылық факторлары мен назар аударту жолдары қарастырылады. Имиджді қалыптастыру жолдарының ең тиімділері:

- бірнеше рет қайталау: жиі қайталанатын нәрсе, есте қалады;

- ықпал етудің үздіксіздігі, яғни, логикалық немесе эмоционалдық аргуменнтерді арттыра түсу; сатылы түрде арттырып отыру, бірден берілген ақпаратқа қарағанда жақсырақ қабылданады, өйткені, адамның сенсорлық аппараты бірден берілген ақпаратты қабылдағысы келмейді.

3.Имидждің қалыптасуы кезінде айтылып жүретін ұран іздеу. Ұран адамға мақсатқа бағдарлануға және «қатты айтылған сөздер» кезінде ойыңды қысқа әрі тура жеткізуге мүмкіндік береді.

4.Аңыздар құрастыру. Ұсынылып отырған бейнеде, адам өзгелерден ерекшелене отырып, көпшіліктің бірі болып қала беруді көздейді[3, б. 8].

Өзін-өзі жарнамалау механизмдерінің негізі қаланған, П.Берд пен Ф.Дэйвистің имиджді қалыптастыру технологиясын қарастырсақ.

Имиджді құру мен оны өзгертуді ұғынудың бастамасында өз-өзіне талдау жүргізу жатыр.

Келесі кезең - бұл өзгертілген имидж кімге бағытталған соны анықтау. Мұнда екі нәрсе өте маңызды:1) әріптестеріңіздің сізге берер бағасы, сәйкесінше, әріптестердің қай тобына әсер ету керектігін анықтау; 2) имиджді құруда «имидж әткеншегі» принципі бар екендігін есте сақтау: тек бір бағытта құруға болмайды, ол әр түрлі бағытта болуы тиіс. Құрылмақшы имиджді жағдайға және сол жағдайға қатысушы адамдарға ыңғайлау керек.

Имиджді құрудағы тағы бір саты сендіру жұмыстары болып табылады. Ол әдіс-тәсілдер көмегімен жүзеге асады. Оған адамдармен қарым-қатынас орнату кезінде жағымды сәттер туғызу жатады: ұқсастықтарды таба алу; адамдардағы айырмашылықтарды анықтау; адамдардың үмітіне сыйластықпен қарау.

Имидж құрудың технологиялық әдісі имиджді қалыптастыруға жұмсалған қаржының көлемін анықтау болып табылады. Мүмкін қажеттіліктерді анықтау имиджді өзгертуге мүмкіндік береді.

Имидж құрудың аса маңызды әрі шешуші кезеңі өзін-өзі жарнамалау болып табылады.

Өзін-өзі жарнамалаудың барлық технологиялары тұлғаның аудиториямен кездесуі кезінде жеке даралық тартымдылығы мен энтузиазм және қабілеттері арқылы ықпал етуге бағытталған. Мұндай кездесу имиджді құрушыға өзіндік позициясын және әріптестерінің сеніміне қаншалықты лайық екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі жарнамалаудың негізгі сәті әсер қалдыру болып табылады. Имидж мен күнделікті сананың арасында өзара байланыс бар: имидж қарапайым эмоцияны тудырушы белгі, белгілер жиынтығы (көру және есту) ретінде көрінеді.

Имиджді құруда, эмоционалдық есте сақтау феноменін ұмытпау керек.

Имиджді үш бөліктен тұрады дейге болады, олар: өзіндік қиялдағы имидж; проекциялық, яғни, қоршаған ортаның сізді қалай қабылдайтынына сәйкес; құрылған имидж, шын мәнінде өзгелердің сізді қалай көретіндігін бейнелей отырып, ол проекциялықтан ажырап кетпеуі керек.

Осыған орай, имиджді ұсыну мен қалыптастырудағы алғашқы әсер жағымды болуы үшін, келесідей жағдайлар аса маңызды болып саналады:

- Қарым-қатынастағы ашықтық концепциясы. Ол шынайылық, ашықтық, сөздің түсініктілігі, тілдік грамматиканың дұрыстығы, туралық, әзіл, энтузиазм арқылы жүзеге асады. Сөйлеу манері имиджді ұстанушы тұлғаның өз пәнін қаншалықты меңгергенін және өзара байланыс орната алу дәрежесін көрсететін болғандықтан, көпшілік алдында өзін-өзі ұстау, сөйлеу манері аса маңызды болып табылады;

- жағдайға сай киім үлгісін таңдай алу;

- дене тілі. Біздің денеміз, ақылымыздың көрсеткіші болып табылады деген пікір қалыптасқан. Экспрессияның күші тұлғаның өз индивидуалдығын сақтай отырып, өзге адамдармен әрекеттесуі. Сонымен қатар, ол сөздің өзге адамдармен қаншалықты жақын қарым-қатынас орнатқыңыз келетінін немесе қандай да бір дистанцияны сақтағыңыз келетінін бейнелейді;

- дауыс адамның екенші бет-бейнесі іспеттес - өзін-өзі жарнамалаудың аса маңызды құралы. Өйкені, ол адамның сезімдері, білімі, қобалжу дәрежесі туралы айта алады, яғни, сіздің өзіндік психологиялық «Мен» бейнеңізді бейнелеп береді;

- белсенді тыңдау техникасын меңгеру.

Имиджді құру - асқан жауапкершілікті талап етеді. Имидж – баурап алу өнері десек болады. Сол себепті, имиджді құру технологияларының негізінде өзіндік тартымдылықты қалыптастыру жатыр деп сеніммен айта аламыз[4].

В.М. Шепельдің айтуынша, тартымдылық технологиясын ендіру логикасы – бұл имиджді құраушы сапалар тобының жүйесі: визуалдық эффект, коммуникативті техника, флюидті сәулелендіру (2-сурет).

Визуалдық эффект. Сапалардың бұл тобы сыртқы келбеттің құрылуы; фейсбилдинг саласындағы білімі мен білгінің артуынан (түр жасау);физиогимнастика (бетіне қарап жағдайын анықтай алу); кинестетика (манер мен жесттерді жеткізе алу) арқысында қол жетімді болады.

Коммуникативті механика. Коммуникативті механиканы меңгеру эмпатия, интуиция, сонымен қатар, сөйлеу әдебін игеруге негізделген. Адамдармен байланыс орнатудың негізі «көпірлерді өртеме» формуласы болса, «Сөз қадірін түсінгенге, алынбас асу болмас!» деген абхаздық мәтел ұранға айнала алады.

Флюидті сәулелендіру. Коммуникативті әсердің өзіндік биоқуаты. Флюидті сәулелендірудің мынадай жолдары бар: нимба эффектісі, яғни, күлімсіреу арқылы өзінің эмоционалдық және ақыл-ой қуатын өзгелерге тарату; сөйлеу және қимылдау манері, қалыбы, жесттері, дауыс модуляциясы; риторикалық жолдар: өз ойын жеткізу; аргументация күші; ассоциациялар келтіру; үзіліс, акцент, интонация эффектісі; эмоционалдылық; әдеби мәнер; қылымсу техникасы, өзгелермен сенімге, жылулыққа және шынайылыққа негізделген қарым-қатынас орнату арқылы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі сыйлау [11].

Сонымен, коммуникативті механика мен флюидті сәулелендіру мақсаты – адамдар арасында жағымды байланыс орнату мен олардың имиджді позитивті қабылдауына көмектесу.

Жоғарыда аталған имидж-технологиялардың барлығы Н.А.Мореваның айтуынша, педагогтың руханилығы және қайырымды іс-әрекет мотивациясының бірлігінен көрініс тапқан мінездемесінің жиынтығы, интеллигенттілікке келіп саяды. Аталған интеллегенттілікке жан-жақты білім, саналы іс-әрекет, адамдарға деген сүйіспеншілік кіреді. Интеллегенттіліктік базасы – тұлғаның қоғамдық мәдениеті[9].

Біздің ойымызша, педагог имиджі – бұл тұлғаның интеграциялық сапалары, интеллектуалдық, габитарлық, кинетикалық, тілдік, орта және әртістік мәдениетінің синтезі.

Сонымен, педагог имиджінің құрауыштары болып табылады:

· интелектуалдық мәдениет - бұл ойлау қабілетінің икемділігі, рефлексия және өзін-өзі ұғыну, шығармашылық бастамалардың дамуы мен педагог тұлғасының кәсіби шеберлігімен байланысты;

· габитарлық ( лат. habitus — сыртқы келбет) мәдениет — бұл тұлғаның физиологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын индивидуалдылығын; мамандықтың талаптарына сай индивидуалды шығармашылықты мінез-құлықты орнататын стилін (романтикалық, спорттық, драммалық); даму тенденцияларын көрсететін және педагогқа әріптестері мен білім алушылардың арасында заманауи болуға әрі өзін-өзі мойындатуға көмектесетін сәнді біріктіретін мәдениеті;

· кинетикалық (гр. kinesis — қозғалыс) мәдениет, мимика және пантомимикаға негізделген (жесттер, көз қарас, қалып, дене қимылы, жүріс-тұрысы және сымбаты);

· сөйлеу мәдениеті — тіл мен танымдық процесстің арасындағы объективті принцип негізінде дамушы, стильді сезіну, талғам мен эрудицияны қарастыратын тұлғалық мәдениет;

· орта мәдениеті — материалдық және әлеуметтік ерекшеліктері (қоршаған орта және аксессуарлар);

· Әртістік мәдениет — кәсіби қызмет пен қарам-қатынас барысындағы әр түрлі аксиологиялық және эстетика-этикалық бастамаларды, жалпы мәдениет пен әртістіктің бірлігін жүзеге асыратын, тұлғаның интеграциялық сапалары.

Демек, имидж, көпсатылы алуан қызметті жүйе ретінде педагогикалық шеберліктің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Ол кәсіби әлеуметтену процесін өзін қоршаған ортаға образды бейнелеу сияқты өзін –өзіне бейнелеу арқылы; өзін-өзі тану мен өзін-өзі ұғынудан өзін-өзі идентификациялау;әрі қарай өзін-өзі жетілдіру және дамыту процесі арқасында қоғамдағы өз орнын анықтау арқылы қамсыздандыру.

Сонымен, педагог тұлғасының образы педагог-шебер ватерпасын арттыра отырып, имиджді ұстанушыға да, қарым-қатынасты тиімді ете отырып, оны қолданушыға да (студент, әріптес, ата-аналар) әсерінің сан қырлылығы арта түседі.

Қорыта келе, кәсіби имидждің қалыптасуы, оқытушыға педагогикалық шеберліктің маңыздылығын түсінуге көмектеседі деуге болады.

Рефлексия - ұғымы ғылымға Декарттың есімімен енген.Ол адам мыйының шағлыстырушы қасиетін талдаған. Рефлексия Сократпен Платонның жазған және қолданған ойлау функциясының бір формасы. Ертедегілердің айтуынша адам парасатының (ақыл-ойының) жұмысшы аспабы.

Рефлексия - толғану, өзін бақылау, өзін зерттеу, өзінің ішкі дүниесі, психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті.

Қазіргі ғылымда рефлексия құбылыстар мен заттарды танудың объективті бағалау, сапалы талдаудың әмбебап әдісі.

Рефлексия педагогикалық қызмет барысында педагогтың әлдеқайда иілімді болуына, өз ойларын тиімді іске асыруға, басқа адамдармен корпоративті қатынастар түзуге, өз қызметіне қажетті өзгерістерді еңгізуге көмекші болады.

Рефлексия творчествалық мәселелерді тиімді шешудің бір механизмі болғандықтан, оның көмегімен адамда адекватты емес мінезді, жаңа тиімдіге өзгертуге мүмкіндік береді.

Социомәдени феномен болғандықтан рефлексия кәсіби руханилықты қалыптастырудың құралы болып табылады.

Педагогикалық рефлексия педагог қызметінің құрылымына кіре отырып ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ал таным тұрғысынан ғылыми рефлексия, философиялық және элементарлы болып ажыратылады.

Ғылыми таным әдістері негізінде Адам мәдениетінің болмысы

теориялық ғылымды сынаумен мен ойлауын тану және сезу

талдау

Педагогикалық рефлексия тәрбие және білім беру құбылысы ретінде онтология яғни пәндік ғылымдар мазмұнына – педагогикаға және педагог өзінің қызметі мен өзіне қатынасын көрсететін, анықтайтын субъект болғандықтан психология салаларына жіктеледі.

Рефлексия - бұл педагогикалық кәсіби талап ететін үлкен ішкі дүниенің жұмысы, өзімен өзінің "Мен" мүмкіндігі арасындағы қатынас.

Бірақ рефлексия - кәсіби қасиеттердің бар немесе жоқ екенін, ойлау немесе айту ғана емес, сонымен бірге, олардың дамуын, байуын, күшейуін қолдау болып табылады.

Педагогикалық қызметті атқаруға дайындығын компоненттері ретіндегі кейбір ерекшеліктерін бөліп көрсетілген (Сластенин В.А.):

- психологиялық дайындық яғни оқу-тәрбие жұмысында оқытушының әр түрлі кәсіби қызметіндегі белгілі бағыттың болуы;

- ғылыми-теориялық дайындық, яғни педагогта рефлексияға қажетті ғылыми-теориялық, психолого-педагогикалық, арнаулы білімдердің болуы;

- практикалық дайындық, яғни педагогтың кәсіби әртүрлі қызметін іске асыру үшін қажетті практикалық шеберлікпен дағдысының болуы.

Педагогикалық рефлексия механизмінің ерекшелігі оның екі деңгейлігінде: пәндік деңгей ол әрекет, қимыл образы; тұлғалық - әлеуметтік-психологиялық сфераны қамтиды.

Рефлексия типтері.

1. Тұлғалық-мазмұндық

2. Кооперативті

3. Коммуникативті

4. Интеллектуалды

Рефлексияның барлық тіптерінің (түрлерінің) іске асырылуы үшін рефлексивті дағды қажет, ол өз қызметінде өзінің тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып, өзінің психикалық күйін адекватты бағалай білу, сонымен қатар оқушы тұлғаның әр жақты тану және жан-жақты адекватты қабылдай білу.

Сонымен педагогикалық рефлексия, педагогтың кәсіби құнды позитивті бағытын ынталандырады өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бекіту жолдарын іздестіруге бағыттайды, жөнелтіледі, педагог пен студенттің тұлғасының творчествалық ашылуына себеп болады. Педагог рефлексиясы тәрбиеленуші тұлғаға зорлық көрсетуге, педагогпен студенттің санасымен манипуляция жасауға жол бермейді.

Педагогикалық бедел

Әрбір оқытушы оның жасына және қызмет өтіліне қарамастан өз студенттері, оқушылары алдында беделді болғысы келеді, өйткені ол педагог үшін әрі оны танытатын өлшем, әрі оған және пәнге қатынас жүйесі және оқытушының үкімділігін көрсету дәрежесі, және оны қоршағандардың оған сый кұрметінің көрсеткіштері. Оқытушы абыройы айтарлықтай күрделі педагогикалық категория, өйткені оның құраушыларының даму механизмдерін, ұстап қалу жолдарын бөліп қарастыру қиын мәселе.

Бедел - тұлғаның немесе ұйымның қоғамдық өмірдің әр түрлі саласында көпшілік таныған өз саласындағы терең білімділігіне, құзыреттілігімен (компетенттілігімен) жетістігіне негізделген, сонымен бірге, тұлға әйгілігімен немесе әсерімен танымал [9].

Бедел әлеуметтік қажеттілік түрінде пайда болады және оларды қанағаттандыру үшін тиімді қызметті қамтамасыз етеді.

Беделдің қазіргі замаңғы интерпретациясы оны әлеуметтік қатынас, яғни адамдар массасының өз басшысына, талабының әділдігіне, әділеттілігіне саналы түрде сенімі түрінде байқалуда.

Ғылыми әдебиетте абырой кең және тар мағында қарастырылады, бірінші жағдайда ол қоғамдық қатынастардың тіршілік ету формасы, екіншеде - қайсібір тұлғаның қоғамдық маңыздылығы айқындалды. Бедел объектівті түрде бар қоғамдық құбылыс, ал абыройлы адам төңірегіндегілерге белгілі бір әлеуметтік нормаларды тасымалдаушы ретінде болады.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда "бедел" билік ұғымымен байланыспауы да мүмкін. Ол үлкен лауазымды немесе жоғары дәрежелі референтті тұлғада болуы мүмкін, өйткені бұлар адамды белгілі дәрежеде сыйлауға аванс береді. Кейде лауазым кәсіппен ассоцияланады.

Ғылым мен білімде абыройға екі көзқарас бар.

Бірінші - абыройдың оң мәнін мойындамайды. Бұл мойымдамау ғылымдағы прогрестің кез келгеніне мойындалған, табылған шындықтық еш қандай концепциясы, ешқандай айтылатын ойлар абыройлы теориялар жасауда қауіпті болмай қоймайды, өйткені шындық авторитаризмнің душпаны.

Екінші - бағынуға негізделмеген, ол тұлғаның басқалардан артықшылығы ойлау қабілетінің ерекшелігінде, немесе басқа артықшылықтарында.

Білім береу жүйесі ретінде мансапқорлық бастамасы бар, бірақ өзінің творчествалық мағнасы болғандықтан, тұлғаның кең ауқымды ойлауы мен қанағаттандыруына (өзін анықтауына) қолайлы жағдай тұғызатың билік формасы әлдеқайда қонымды. Биліктің бір формасы ретінде абырой ұсынылады, ол өзінің компетенттілік, тәжірибе, танымал, сынауға мүмкіндік (доступность критике), өзарасенімділік сияқты сипаттары мен білім берудің өнімділігін анықтайды.

Білім беруде абырой педагогикалық процестің реалдылығын құрайды, оның өзін-өзі реттеу әдісін көрсетеуі және әр түрлі формада және түрде қызмет жасайды.

Абыройды жіктеудің критерийі ретінде оқытудың білім, қызмет және әлеуметтік институт түрінде қарастырылуы негіз болады. Сондықтан білім беруде абырой үш түрде көрсетілген:

- білім, идея, теория абыройы, яғни когнетивті абырой;

- қызмет, кәсіп, білім абыройы, яғни институционалды абырой;

- тұлғалық абырой.

Бұл абырой түрлерін тасушы және трансляциялаушы педагог болып табылады. Абыройдың түрлерімен бірге иерархиялық ұйымдастырылуына қарай о деңгейлерге жіктеге болады. Педагог әр түрлі абыройлардың ілімі әсерінде болады, педагогтардың, жазушылардың, өзі оқушы ролінде қабылдайды, сонымен бірге ол "үлкен абыройлар" мен өзінің оқушылары, студенттері, балалары дәнекер, бітістіруші болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1972; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.328 сек.