Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 4 страница




Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуіяр мемлкеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілуі себептеріндегі әдістерідегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиакны тұрақтандыру мен оны дамытудың кіріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпарациялардан, банктерден, басқы қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақша қаражаттары өнімді пайданылыды және аталған қарызгерлердің активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономиаксын дамытуға қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

1.Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының есебінен, яғни салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі; сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.

2.Салықтарды көбейту жолыменмемлекетік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуелділіктер қосылады; жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымыны деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.

3.Жеке меншік кәсіпкерлердің «инвестицияларын ығыстыру» нәтижесі іс-әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногіне шыға отырып, ақша рыногіне бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.

Егер мемлкет ақша рыногінің оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономиак жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.

Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптар бойынша ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше «қаржы пирамидасы» болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша берешек нысаныңда көрсетіледі. Мемлкеттің қолданыстағы жоғары дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.

Ішкі мемлекетік борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:

Бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;

Облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен рәсімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Қазақстанда оның дербес дамуынан бастап, ішкі мемлекеттік борыштың өзгеше нысандары болды:ауыл шаруашылығы өнімнің, жеңіл өнеркәсіп шикізатының баға айырмашылығын өтеу және ауыл шаруашылығы өнімнің сатып алу бағасына сараланған үстемелер бойынша бюджеттің есептен шығарылған берешегі, мұның өзі бөлудің әкімшілік әдістері жағдайындағы баға сәйкессіздігінің нәтижесі болатын;

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен су шаруашылығы ұйымдарының қырсыздығы,несие берудің және шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп әдістерінің қағидаттарын бұзушылық салдарынан болған банк несиелері бойынша есептен шығарылған берешегі;

“директивалық” кредиттер деп аталатын нысандағы жинақталған, сондай-ақ ішкі республикалық есепке алу міндеттемелеріне қызмет көрсету және оларды өтеу жөніндегі берешек. Директивалық кредиттерді Ұлттық банк Қаржы министрлігінің кепілдіктерімен кәсіпорындар мен салаларға даңдарыс жағдайындағы олардың шаруашылық қызметін қолдау үшін беретін. Ішкі республикалық есепке алу кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық және кредиторлық берешектері бойынша өзара борыштарын өтеу үшін жүргізілді. Директивалық кредиттер мен өзара есепке алуды пайдаланудың нәтижелері бойынша келеңсіз салдарланға байланысты ішкі несие берудің бұл нысандары бұдан былай қолданылмайды.

Ішкі мемлекеттік борыштың пайда болуы мен үдей түсуі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығынан туындайды. Қазақстан үкіметінің ішкі мемлекеттік борышы 2000 жылы елдің ЖІӨ- нің 3,4%- ын және жалпы борыштың (сыртқыны қоса) 13,2%- ын құрады, мұның өзі борыштың бұл түрінің біркелкі параметрлері ретінде көрінеді.

Сыртқы мемілекеттік борыш – шетелдік несиегерлер турасында (жөнінде) белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.

Елдің сыртқы борышының болуы орынды дүниежүзілік практика болып саналады. Алайда оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкісінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сырқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту несиегер елдерді эканомикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.

Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш борышқа қызмет көрсетудің коэффиценті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің (негізгі сома және пайыздар бойынша) елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылады. Мұндай қатыстың қауіпсіз деңгейі 25% болып саналады.

Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде жасауға болады. Осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегі төмен деп есептелінеді, егер:

а) жалпы сыртқы борыштың ЖІӨ- ге қатысы 48%-дан аспаса (Қазақстанда – 33,8); ә) жалпы сыртқы борыштың экспортқа қатысы – 132 (бізде – 113)

б) берешекке қызмет көрсету сомасының экспортқа қатысы – 18 (22,8);

в) сыйақы (мүдде) төлемдерінің экспортқа қатысы – 12 (5,1). Сөйтіп, егер мезгілі өткен төлемдердің көптігін есепке алмасақ, Қазақстанның берешегін әзірше төмен деп санауға болады. Бірақ республика борышының жоспары өсіп отырғанын, ал оның экспортының керісінше төмендеп отырғанын ескерсек ахуалдың нашарлауы мүмкін.

Тұжырымдар

Мемлекеттік кредит- жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзеледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынғын және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

Негізгі әдебиет:

1 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2 С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

Қосымша әдебиет:

1 Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

2 Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

3 Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойыгша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік несие дегеніміз не?

2. Мемлекеттік несие қызметі қандай?

3. Мемлекеттік несие басқа экономиялық категорияларымен байланысы

4. Мемлекеттік несие пен қарыздың айырмашылығы неде?.

№9 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке жалпымемелекеттік қаржылардағы мемлекеттік кредиттің рөлін түсіну, мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу көзі ретінде қарастыру ұсынылады. Мемлекеттік кредит түрлері, ұйымдастыру негіздерін, айырықша белгілерін игеру қажет. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемінің лимиттерін айқындау. ҚР Ұлттық банкісінің сыртқы қарыз лимитін түсіну. Сырқты қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту несиегер елдерді экономикалық және саяси тәуелділікке әкелу мүмкіндіктерін түсіну керек. Дүниежүзілік практикада мемлекеттік борыштың мөлшерін салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш борышқа қызмет көрсетудің коэффицентінің маңызын ашу. Студент өздігінен Мемлекеттік қарыздар формасын кестемен толтыруы керек. Елдің экономикасының көлемімен салыстырғандағы оның сыртқы борышының мөлшері туралы түсінікті Дүниежүзілік банктің сыныптамасы негізінде айқындау, осы халықаралық қаржы ұйымының анықтауы бойынша мемлекеттің берешегінің дәрежесін көрсеткіштер арқылы сипаттау.


10-ТАҚЫРЫП.

ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

Мақсаты: Үй шаруашылықтарының қаржысының мәнін, мазмұнын, табыстарының және шығыстарының құрамын айқындау.

Дәрістің жоспары:

1. Үй шаруашылықтарының қаржысы мәні мен мазмұны.

2. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы.

3. Үй шаруашылықтарының шығыстары.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «үй шаруашылығының қаржысы» ұғымы, функциялары, үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары мен қорлары, табыстары мен шығыстары.

 

1. Үй шаруашылықтарының қаржысы мәні мен мазмұны.

Қаржы жүйесінде үй шаруашылықтарының қаржысы ерекше буын ретінде қарастырылады. Үй шаруашылықтарының қаржысы маңызды экономикалық қызмет субъектілері, өйткені жекелеген субъектінің жағдайына әсер етеді..

Үй шаруашылықтары экономикалық агент ретінде шешімдер қабылдайды, алдымен олар жанұя мүшелерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Үй шаруашылықтары деп бір немесе бірнеше тұлғалардың, бірге тұратын және ортақ бюджеті бар шаруашылықты айтады.

Үй шаруашылықтары жанұяның қажеттілігін қанағаттару үшін өндірістік қызметінің нысанын көрсетеді.

Үй шаруашылықтары қаржысы жанұя мүшелерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және бөлу бойынша экономикалық ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Қаржы жүйесінің буыны болып қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылымының бастапқы элементі ретінде қарастырылады.

Г.Поляктың ойынша үй шаруашылықтары қаржысының келесі екі фукнциялары бар: Жанұяның қажеттілігін ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету, бөлу функциясы.

2. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары – жанұя қарамағындағы ақша қаржаттарының жиынтығы. Үй шаруашылықтарында екі қор құрылады:

- тұтыну қоры, ұжымның (жанұяның) қажеттілігін қанағаттандыруға (тағам алу, тұтыну тауарларын алу, қызметтерді төлеу, т.б.);

- жинақтау қоры, қымбат бағалы тауарларды сатып алу үшін немесе болашақта табыс табу мақсатында жинақталатын қор.

Қаржы ресурстарының құрамы:

1) Меншікті қаражат, яғни жанұяның мүшелерімен алынған табыстар– жалақы, коммерциялық қызметтен табыс;

2) Нарықта жинақталған қаражат, яғни несиелік мекемеден алынған қаражат, дидвдендтер, пайыздар;

3) Қайта бөлу нәтижесінде алынған қаражаттар– зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан алынған ссуда.

3. Үй шаруашылықтарының шығыстары.

Үй шаруашылықтарының бюджеті – үй шаруашылықтарының ақша қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану нысаны.

Бюджет шеңберінде ақшалай қаражат шығыстары:

- жеке бюджеттер, жанұя мүшелерінің түрлі тауарларды сатып алуына қажетті қаражат шығыстарына арналған бюджет;

- ортақ бюджет, ортақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға арналған бюджет (телевизор, тоңазытқыш алу үшін және т.б..);

- жинақтар (резервтік қор), болашақ күрделі шығындар үшін қажетті шығындарға арналған бюджет (үй, пәтер, жер учсакесі, көлік алуға арналған шығындар).

Тұжырымдар

Үй шаруашылықтары жанұяның қажеттілігін қанағаттару үшін өндірістік қызметінің нысанын көрсетеді.

Үй шаруашылықтары қаржысы жанұя мүшелерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және бөлу бойынша экономикалық ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Үй шаруашылықтарының қаржысы келесі функцияларды орындайды: жанұяның қажеттілігін ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету, бөлу функциясы.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары – жанұя қарамағындағы ақша қаржаттарының жиынтығы.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2. Мельников В. Д.Основы финансов. Учебник для вузов. Алматы, 2005. -512с

3. С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

4. Қаржы. Несие. Банк. Оқулық. Орманбаев А.Ж. Өмiрбаев С.М, Есенгельдин Б.С. Қарағанды 1998ж.

5. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

6. С. М. Омирбаев Финансы. Учебное пособие для вузов. Астана-2003-385с

7. С. М. Омирбаев Финансы. Метод. рекомен. Астана-2002 -98с

Қосымша әдебиет:

1. Сабанти Б.М. Теория финансов. Учеб.пос. М: 1999г.

2. Финансы предприятий: Учебно-практ. пособ. Орманбаев А.Ж., Омирбаев С.М., Комекбаева Л.С.- Караганда: Болашак-Баспа 1998г.

3. Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

4. Финансы. денежное обращение. кредит. Учебник для вузов/Л.А.Дробозина, Л.П. Окунева М.1997г.

5. Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

6. Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

7. Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрамы мен қүрылымы.

2.Үй шаруашылыктарының бюджеті. Кірістердің қалыптасуы. Ақша қорлары: дара, бірлескен қорлар.

3.Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сы­ныптамасы.

4. Үй шаруашылықтарының шығыстары.

№10 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке қаржы жүйесіндегі үй шаруашылықтарының қаржысының маңызын, функцияларын ашуы керек. Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрамы мен қүрылымын түсіну. Үй шаруашылыктарының бюджеті. Кірістердің қалыптасуы. Ақша қорлары: дара, бірлескен қорлар туралы түсінік. Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сы­ныптамасын студент өздігінен блок- сызба арқылы ұсынуы керек. Үй шаруашылықтарының шығыстарын кесте арқылы жіктеу.

 

11-ТАҚЫРЫП.

САҚТАНДЫРУ

Мақсаты: Сақтандыру ұғымын, оның қажеттігі мен экономикалық мәнін, функцияларын, түрлерін анықтау.

Дәрістің жоспары:

1. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру

 

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «сақтандыру» ұғымы, функциялары, сақтандыруды қаржыландыру көздері.

1. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

Сақтандыру- қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1) қатынастардың ықтималдық сипаты;

2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

Оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

Ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы- несие институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігіне. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен-қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастардың бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды- әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1429; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.091 сек.