Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 8 страница




3. Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

4. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық.- Алматы: «Экономика», 2005.-416бет.

Тақырып бойыгша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қаржы рыногы дегеніміз не?

2. Қазақстан қаржы рыногының құрылымы қандай?

3. Қаржы нарығының делдалдары кімдер?

4. Қаржы қатысушылары үшін бұл ұйымдарда рейтинг қандай роль атқарады?

№13 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке қор нарығының экономикадағы рөлін түсіну, оның құрылымын негіздеу. Нарықтағы қаржы нарығының жұмыс істеу алғышарттарын игеру. Студенттер «ҚР-ғы бағалы қағаздар нарығының, зейнетақы нарығының, валюта нарығының, сақтандыру нарығының, несие нарығының қазіргі жағдайы» тақырыбында ақпарат дайындайды және талқылау ұсынылады


14-ТАҚЫРЫП.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ.

Мақсаты: Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасын, валюта ресурстарының қалыптасуы және пайдалану ерекшелігін анықтау.

Дәрістің жоспары:

1. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.

2. Валюта ресурстарының қалыптасуы және пайдалану.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: сыртқы байланысқаржылары, сыртқы экономикалық байланыстар ұғымы, валюта ресурстары және оны қалптастыру көздері.

 

1. Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы.

Экономиканы реттеу процестерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда (схемаларда) ғана болатынын есте сақтаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық парамертлерді теңдестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным; тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвесциялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері; мемлкеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының мен пассиві. Аталған арақатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңсіздікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында тепе-теңдікті тудыратыны анық.

Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипоикатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

2) кірістер (немесе бөліс) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (GNP) құны мына формула бойынша қалыптасады:

ЖҰӨ (GNP)=C+Ig+G+Xn

Мұндағы: С – үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі;

Ig - жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

G-тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу (өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);

Xn - таза экспорт көлемінің импорттан асып түсуі.

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтау арқылы жасалады:

1) тұтынылған капиталдың көлемі (амортизация);

2) бизнеске салынатын жанама салықтар;

3) жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;

4) ренталық төлемдер;

5) пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);

6) меншіктен (жеке жұмсалымдардан) түсетін кірістер;

7) корпорациялардың пайдасы (бұл пайдаға салынатын салық, дивидендтер, бөлінбеген пайда).

Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ деп аталады.

Мультипликатор әс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» - MPS және «тұтынуға шекті бейімділік» - MPC ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде – тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады.

 

 

1 1

me= =

MPS 1-MPC

 

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстіне бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайту жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді.

Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстардың графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық, мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

m1=TxMPC

мұндағы: Т – салықтық төлемдердің мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (MPC пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекеттің шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 млрд. теңгеге көбейетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 млрд. теңгеге көбейетінін күтуге болады.

Сонымен, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

 

mb=me+mt=1

Мұндағы: mb – теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;

me – шығыстардың мультипликаторы;

mt – салықтардың мультипликаторы.

 

2. Валюта ресурстарының қалыптасуы және пайдалану.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкішаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп,қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді. Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртәппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдың саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

1. мемлекет шығыстарының көбеюі;

2. салықтардың төмендеуі;

3. мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1. мемлекет шығыстарының азаюы;

2. салықтардың көбеюі;

3. бұл бағыттардың үйлесуі.

Дикредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін - өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дикредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің фазадарында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырай кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 19.1 сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюжет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғарғы деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жо№ға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

5) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);

6) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногінде пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;

7) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

8) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстардың көбейтуді, инвестицияларды ынталандыру (пайыз мөлшеолемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

Тұжырымдар

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1) сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2) салық салу;

3) инвестициялау;

4) сыртқы қарыз алу;

5) сыртқы берешек;

6) экспортты қаржыландыру.

Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық опреациялары жалпы қорытылып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі.

Негізгі әдебиет:

1. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2. С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

Қосымша әдебиет:

1. Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

2. Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

3. Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

4. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы, Қаржы-Қаражат, 1995.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қандай рол атқарады?

2. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қызметі қандай?

3. Валюталық реттеу түрлері?

4. Төлем баланасыныңы құрылымы?

№14 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке «Экономикалық теория» курсынан алған мемлекеттің сыртқы экономикалық байланысы туралы білімі қажет болады.Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржының ролін түсіну, сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қызметін түсіну. Валюталық реттеу түрлерін айқындау керек. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу әдісі ретінде валюталық курстың әрекет ету механизмін айқындау. Елдің төлем баланасыныңы құрылымын анықтау керек. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдардың қызметін анықтау.


15-ТАҚЫРЫП.

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ.

Мақсаты: Қаржы және инфляцияның байланысы, қаржының қажеттігі мен экономикалық мәнін, қаржының функцияларын, құндық экономикалық категориялардың өзара әрекеттестігін, қаржы рестурстары мен қорларының ерекшелігін анықтау.

 

Дәрістің жоспары:

1.Инфляция табиғаты және оның қаржымен байланысы.

2.Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Инфляция түрлері.

3.Инфляцияға қарсы саясат шаралары.

 

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: қаржы мен инфляцияның байланысы, инфляцияның табиғаты, инфляцияның түрлері, инфляцияға қарсы саясат.

 

1.Инфляция табиғаты және оның қаржымен байланысы.

Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феномені деп қарастыруға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Жоғарыда айтылып кеткендей, оның пайда болуын негізінен, ақшаның пайда болуымен, қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкады 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз долларының (гринбектердің) тым көбейіп кету процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдік дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңейуі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы менөнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.

Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымының оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде.

Сонымен, қорыта айтқанда көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі болып табылады.

Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).

Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.

Екінші жағдайда кәсіпорынның еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, бұл инфляциялық шиыршық аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді /2 суретке қараңыз/.

 


Инфляциялық шиыршық

 

Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемасымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынындай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

§ Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

§ Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

§ Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

§ Мемлекеттік бюджеттің көлемі.

Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.

Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірісітері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары. Төменде қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті сурет түрінде көрсетілген

 

Қаржы мен инфляцияның өзара іс- әрекеті




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1183; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.289 сек.