Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Т l З l М l




ШЫМКЕНТ 2015 ж.

Мемлекеттік емтихан

Ж.

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИЕСТИТУТІ

Жизнь слишком коротка, и надо успеть духовную сущность в сердце воспеть.

 

АКУШЕРЛІК – ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДИАТРИЯ КАФЕДРАСЫ

 

«Бекітемін»

Шымкент медицина институтінің

директоры, м.ғ.д., профессор

Р.С. Бектұрғанов

________________________________

 

 

051301 – «Жалпы медицина» мамандығы 5 курс

«Акушерлік - гинекология» пәнінінен бойынша

2014-2015 оқу жылына

откізуге арналған

ОҚКЕ БЕКЕТТЕРІ

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

 

Кафедра меңгерушісі;м.ғ.к., доцент _________________________ Л.М.Бегимбекова

 

Хаттама №____«___»______ 2015ж.

 

 

Мемлекеттік емтихан өткiзуге арналған ОҚКЕ бекеттері

оқыту және бағалау комитеті мәжілісінде қаралған.

 

Комитет төрағасы _____________ м.ғ.д., м.а.профессор А.Ш. Садыкова

 

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

 

Мемлекеттік емтихан өткiзуге арналған ОҚКЕ бекеттері

білім беру бағдарламалары комитеті мәжілісінде

мақұлданған

 

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

 

Комитет төрайымы,м.ғ.к., доцент_________________ П.Е.Калменова

 

051301 – «Жалпы медицина» мамандығы 5 курс

«Акушерлік - гинекология» пәнінінен бойынша

2014-2015 оқу жылына

Мемлекеттік емтихан откізуге арналған

ОҚКЕ БЕКЕТТЕРІ Ң

 

Кезең студенттерге арналған мәселелер макс. ұпай уақыт мин.
  Сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізу      
  Босанудың ІІІ-кезеңін белсенді жүргізу      
  Гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері      
  Шүйдемен жатудың алдыңғы түріндегі босану жүггізу      
5. Жатыр ішілік контрацептивті енгізу техникасы      
  Қынаптан жағынды алу    

Бекеттің ең жоғарғы ұпайы – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин

 

 

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

 

  Бағалау критерилері сыртқы акушерлік тексеру әдістерін жургізуді Балл жүйесімен бағалау
Жоқ Ия, бірақ коррекция жасау керек Ия
     
Науқастарды жүргізу   Жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, ішінің пішінін қарау және тексеруді жүргізеді. Сантиметрлі лентамен іш айналымын өлшеп, оның өлшемін көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте іш айналымы 90-95 см тең)      
  Содан кейін жатыр түбінің биіктігін өлшейді, бұл үшін сантиметрлі лентаның бір ұшын қасағаға одан жатыр түбіне дейін жеткізіп, бұндағы ұзындығын анықтап көрсетеді. (мерзіміне жеткен жүктілікте ол 32 см тең) Жоғарыдағы көрсеткіштерге сүйене отырып жүктіліктің болжамалы мерзімін және ұрықтың болжамалы салмағын Жордания формуласы бойынша анықтайды (ІА х ЖТБ)      
  Леопольд-Левицкий тәсілімен сыртқы акушерлік зерттеу әдісін жүргізу үшін жүкті әйелді кушетқаға жатқызып, емтихан тапсырушы әйелдің оң жағында орналасады. І-тәсілде жатыр түбінің биіктігін және нәрестенің алғашқы бөлігін анықтайды, бұл үшін оң және сол қолдарының алақандарын жатыр түбіне саусақтарын ұштастырып орналастырады. ІІ-тәсілде жатыр түбінде орналасқан қолдарын жатырдың екі бүйіріне қарай жылжытып, осы жерде орналасқан ұрықтың арқасын және майда бөлшектерін, позиция және түрін анықтайды. Егер нәрестенің арқасы сол жағында орналасса- бұл бірінші позиция, ал оң жағында орналасса – бұл ІІ позиция. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасса- алдыңғы түрі, ал артқа қарап орналасса- артқы түрі болып орналасады.      
  ІІІ-тәсілде нәрестенің алғашқы бөлігін және оның кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтау үшін зерттеуші оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, бас бармақты бір жағына, төрт саусақты екінші жағына орналастырады. Егер нәрестенің бас бөлігі болатын болса ол тығыз, дөңес, қозғалмалы болып келеді, ал жамбасы болатын болса, ол жазықтау және қозғалмалы емес. ІV-тәсілде нәрестенің орналасуын және алғашқы бөлігінің кіші жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын анықтайды. Бұл үшін зерттеуші әйелдің оң жағында орналасып, аяқтарына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі бөлігіне қойып, қолдың екі ұшын шатқа тірейді      
  Нәрестенің жүрек соғысын тыңдау. Нәрестенің позициясына және алдында орналасқан бөлігіне байланысты стетоскопты орналастырады. Нәресте басымен орналасуында стетоскопты кіндіктен төмен, ал жамбаспен жатуда кіндіктен жоғарыда орналастыру қажет. І позицияда- стетоскоп әйел ішінің сол жақ бөлігіне, ал ІІ позицияда оң жақ бөлігіне орналастырады. Нәресте жүрек соғысының жиілігін анықтайды, қалыптысы - 110-160 рет/мин, анық, ритмді.      
Барлығы      

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

 

  Бағалау критерилері: босанудың ІІІ-кезеңін белсенді жүргізуді бағалау. Балл жүйесімен бағалау
Жоқ Ия, бірақ коррекция жасау керек Ия
         
Науқастарды жүргізу   Нәресте туылғаннан кейін қолды жуып стерильді қолғап киеді. Пальпация арқылы екінші ұрықтың жоқ екендігін дәлелдеген соң окситоцин-10 ЕД- 2 мл, нәресте туылғаннан кейін 1 минут аралығында сан аймағына, бұлшықетке енгіземіз.      
  Емтихан тапсырушы кіндікті бақылап тартады: Кіндік бауын аралыққа жақын қысқышпен қысады, қысқышпен кіндік бауды ұстап тұрады. Кіндікті бақылап тартып тұрып емтихан тапсырушы келесі қолмен қасағаның үстінен жатырды ұстап тұрады. Бұл жатырдың сыртқа айналып кетуін алдын алады. Емтихан тапсырушы кіндікті аздап тартып тұрып жатырдың жиырылғанын сезген сәтте кіндікті ақырындап өзінің тарапына, төмен тартып бала жолдасының туылуын күтеді.      
  Бала жолдасының қабықтары толық бөлініп шыққанша бала жолдасын екі қолмен жайлап айналдырамыз және оның бүтін бөлініп шыққандығына мұқият көңіл бөлеміз. Бала жолдасы туылып болғаннан соң емтихан тапсырушы жатыр тонусының алдыңғы қабырғасына массаж жасай отырып, жатыр жиырылуына дейін жатыр тонусына баға береді.      
  Босанғаннан кейінгі кезеңнің 1 сағат ішінде 15 мин сайын және 2 сағат ішінде 30 мин сайын жатыр тонусын тексереді. Қажет жағдайда жатырға массаж жасалынады. Нәресте туылғаннан кейін, емтихан тапсырушы нәрестенің жағдайын бағалайды.      
  Егер нәресте жағдайы қауіпсіз болса, тыныс алуы, айқайлауы, тонусының жақсы болуы, жылы және таза жаялықпен сүртіп болғаннан кейін, нәрестені теріге-тері жанасуы үшін анасының кеудесіне 2 сағатқа жатқызады. - нәресте басына таза қалпақ, аяғына таза нәски кигізеді - нәрестеге таза және құрғақ жаялық пен көрпе жабады - нәресте туылған соң 30 секунд ішінде кіндікті стерильді инструментпен кесу      
    Барлығы      
             

 

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

  Бағалау критерилері: гинекологиядағы арнайы тексеру әдістері Балл жүйесімен бағалау
Жоқ Ия, бірақ коррекция жасау керек Ия
           
Науқастарды жүргізу   Инструкцияға сәйкес қолды мұқият жуған соң бір реттік залалсыздандырылған резіңке биялайларды киеміз. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда қасағаның түріне, түктенудің сипатына, сыртқы жыныс мүшелерінің даму дәрежесіне, шүрті мен уретраның және қынаптың кіреберісінің сипатына, анус аймағына баға береміз және бартолин бездерінің аймағын пальпациялаймыз.      
  Жатыр мойнын айнамен қарау. Қолды жақсылап жуып, бiрреттiк қолданатып қолғапты қолға киедi, керектi құрал материалдарды дайындайды. Айнаны бүйiрiнен қынапқа енгiзiп, (екі жармалы айна) сосын айнаны ашады. Қынаптын шырышты қабатының сипатына, жатыр мойнының және бөліндінің сипатына баға бередi. Айнаны жауып қынаптан шығарады.      
  Қынаптық бимануальды тексеру. Емтихан тапсырушы креслонын аяғына он аяғын, еденге сол аяғын қояды.Оң қолының үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеулерін ашады. Қынапқа оң қолдың ІІ және ІІІ саусағын енгiзедi, алдымен ІІІ саусағын, қынаптын қабырғасын басып, сосын екiншi саусағын енгiзедi.      
  Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбас түбінің бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, қынаптың күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын (қалпы, көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ауырсынуы және т.б.) анықтайды.      
  Тексеруден кейін қынаптан саусақтарды шығарып, бөлінділердің сипатына баға беріледі. (қанды, іріңді, шырышты). Сосын резіңке биялайларды шешіп, утилизациялау үшін арнайы контейнерге саламыз. Қолдарын сабынмен жуып, сүлгімен сүртеміз.      
    Барлығы      

 

Бекет бойынша максимальды балл – 10 (100%)

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин

 

 

Акушерлік - гинекология пәнінен бойынша бекет

Экзаменаторға ақпарат: төмендегі критерийлерге сүйене отырып студенттердің біліктілігін бағалаңыз:

 

Құзіреттілік .Критерийлер шүйдемен жатудың алдыңғы түріндегі босанудың тәжірибелік дағдыларын көрсетіңіз Балл жүйесімен бағалау
Жоқ Ия, бірақ коррекция жасау керек Ия
     
Науқастарды жүргізу   Босанушымен танысу Партнердың қатысуын ұсынады, дене температурасын, пульс, АД өлшейді; Әйелге өзін ыңғайлы еркін ұстаумен орналасуына көмек береді. Ұрықтың жүрек соғуын босанудың 1 кезеңінің басында - әр 30 минуттан сирек болмау керек, белсенді фазасында - әр 15 минуттан сирек болмау керек. Қынаптық тексеруді босанудың белсенді фазасында 4 сағат сайын жүргізу қажет. Пульсті санау - әр 30 минут сайын. ҚҚ мен дене температурасын -әр 4 сағат сайын өлшеу керек.      
  10 минут ішінде ұзақтығы 20 секундтан кем емес 2-3 толғақ болуы тиісті. Босанудың 2 кезеңінде нәрестенің жүрек соғысын әр 5 минут сайын немесе әр күшенуден кейін тыңдап тұру керек. Баланың туылуы әйелдің өзіне ыңғайлы орналасуымен(арқасына жатқаннан басқа) өтеді. Күшенулер босанушымен реттеледі.      
  Нәресте басының жазықтықтардан жылжуын бақылайды. Күшеншік босанушы әйелдің өзі қадағалайды. Нәрестенің басы туылғаннан кейін, қан кетудің алдын алу мақсатында окситоцин-10 бірлік сан аймағына енгіземіз.      
  Егер кіндік бау оралуы байқалған жағдайда тығыз болса екі қысқыштың арасынан кіндік бауды кесу керек, тығыз емес оралуында кіндік баудың тартылуын босатып келесі күшенуді күтеді. Бала жолдасы жатырдың жиырылғанын сезген сәтте кіндікті ақырындап өзінің тарапына, төмен тартып, бала жолдасы туылады      
  Жаңа туған нәрестені залалсыздандырылған жылы жаялыққа қабылдайды. Қысқыштар арасында кіндік бауын кеседі, содан кейін нәрестені анасының ішіне жатқызады. Нәрестенің көзне 1% тетрациклинді жақпа майы жағылады. Кіндік сақинадан 0,3см жоғары кіндігіне пластикалық қышқыш салынады. Нәрестенің салмағын және бойын барлық жылулықты қорғау ережелерін сақтауымен екінші сағаттың соңында жүргізеді.      
Барлығы      

Тапсырманы орындау уақыты - 7 минут.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 861; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.032 сек.