КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Арай топталуы 7 страница
Қаншама тұлпар десе де, М і н і п б о л м а с ж а л с ы з д ы, Қанша білгіш десе де, Халық сүймес арсызды (мақал). е) Негізгі етістік көсемшенің -й формасында келгенде, жақсыз сөйлемнің мазмұны істің істелмеуіне ешбір жағдайдың жоқтығын, қалайда істелуі керек екендігін көрсетеді. Бірақ күрделі баян-дауышы тұлғалық құрылысы жағынан болымсыздық формаларда тұруы шарт болады.
Әке не десе, о десін, бұны і с т е м е й б о л м а й д ы. Бірақ к е т -п е й болмайды (Әуезов). Балаларды оқытпай б о л м а й д ы ғ о й (Көбеев). Бұл қуаныштарды т о й л а м а й б о л м а с (Сәрсенбаев). Бәрібір алаң арқылы ө т п е й болмайды ғой. Ай туып қалады, а с ы қ п а й болмайды (Шолохов). Сол үшін де коллективтің бірлігіне ақау түсірер жарқышақ білінсе, дереу көріп, қиюластыруға б а р д ы с а л м а й болмайды (Иманжанов). ж) Мазмұн, модальдық мәні жағынан алдыңғы сөйлемдермен си-нонимдес болып келетін, бірақ негізгі етістік шартты райдың 3-жа-ғында тұратын жақсыз сөйлемдер де болады. Бұл типтес жақсыз сөйлемдер, әсіресе, ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылады. Осылар сияқты ауыл пролетариатының бас көтерерлері көбейген кезде, б а й ғ а ш а б у ы л ж а с а м а с а б о л м а й д ы. Жерді тыңайтпаса бола ма? Оның аузын қарымаса б о л м а й д ы (Мұстафин). з) Негізгі етістік есімшенің -а р\\-е р, -р формасының болымды, болымсыз түрінде келіп, ал көмекші етістікке есімшенің осы форма-сы тек болымды түрінде ғана тіркесіп келіп те жақсыз сөйлем ба-яндауышы жасалады. Мұндай сөйлемдердің, модальдық мәні міндеттілікті, қажеттілікті білдіретін жақсыз сөйлем түрлерімен синонимдес келеді. Әрі зілді нақыл, үйрету сияқты қосымша мәні де болады. Бірақ сөйлемнің субъектісі біржола ығыстырылып, айтылған ойдың ешбір жаққа арнай қатысы болмайды. Жиенді олай қумас болар (Мүсірепов). Жазықтыны зауалдар б о- л а р. Түк күшің жоқ. Міне, б ы л а й с о ғ а р б о л а р. Қонақты о л а й қ а р с ы а л м а с б о л а р (Сәрсенбаев). Өзі берген білімін Отан бақытынан а я м а с б о л а р (ІПаймерденов).
Күрделі баяндауышы -у тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған жақсыз сөйлемдер
Тұйық етістік -м а қ формалы қимыл есімі түрінде де келеді. Істелетін іс-қимыл үш жақтың біріне де қатысы болмай, жалпы айтылуы да немесе белгілі субъектіге бағытталуы да мүмкін. Бірақ белгілі субъектіні көрсететін сөз атау емес, барыс септігінде тұрады да, синтаксистік субъектіні — жақты ғана көрсете алады, ал грам-матикалық субъект (бастауыш) болмайды. Күрделі баяндауыштың тұйық етістіктен болған компоненті тәуелденіп келгенде, мұндай жақсыз сөйлемнің субъектісі ілік септігінде де тұра алады. Көңілдің көзіне б а с т а т у к е р е к. Бірақ мұның қазіргі көңілін ұ ғ у к е р е к е м е с, с е з і н у к е р е к. Ендеше, мына тұста осындай шалғай кетіп бара жатқан баланы ұлықтықпен қ а й т а т а р т у к е р е к. Арқа-басыңды бұдан былайғы ауыртпалықтан б о с а т у к е р е к (Әуезов). Енді қолмен істегенді мойынмен көтеру керек (Мұқанов). Жарайды, бізге де бір тынығу к е р е к ш ы ғ а р (Нұртазин). Рас, с а ғ а н інілеріңді а с ы р а у к е р е к (Сәрсенбаев). С а ғ а н Қауменовты да құтқару к е р е к б о л д ы (Әуезов). Міндетті бойға шақтау к е р е к (Мұстафин). Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын б і л- м е к к е р е к (Абай). Тұйық етістік тәуелденіп келсе, бұл сөйлемдердің қимыл субъек-тісі ілік септіктегі есім болуы да мүмкін. М е н і ң т ү с у і м ке-рек. Сенің к е т у і ң к е р е к. Сонда, менің ауданға б а р у ы м керек п е? Баруың керек. Бәрібір менің жатуым керек (Иманжанов). Қимыл субъектісі ілік септігінде тұратын жақсыз сөйлемдердің
ерекше белгісі сол, мұндағы ілік жалғау бірде көрініп ашық тұрса, бірде жасырын тұрады. Мәселен, Біз адамды ақтық өміріне дейін тәрбиелей беруіміз керек. Оларға мен емес, сен өзің айтуың керек (Иманжанов) деген сияқты сөйлемдер қазіргі әдеби тіл нормасынан едәуір орын алады. Бұл жағдай — ілік септігі жалғауының басқа септіктермен салыстырғанда түсіп қалып айтылуға икемділік қасиетімен байланысты тілдік процесс. Соның нәтижесінде ілік септіктегі қимыл субъектісі активтеніп 19, грамматикалық субъектіге айналған. Қазіргі қазақ тілі фактілерін үнемі тарихи тұрғыдан ғана қарап анықтамай (өйткені тіл фактілері де елеусіз дамып, өзгеріп, бір кате-гория екінші категорияға айналып жатады), дәл қазіргі даму дәреже-сіне сәйкес қарайтын болсақ, жақсыз сөйлемдердің кейбір жақты ва-рианттарының болатыны байқалады. Б і з енді қалай да жақсы оқуымыз керек. Б і з оған көмекте-суіміз керек (Иманжанов). Бұл ж а с б у ы н өз өмірінің бар мінде-ті сол қоғамды құру екенін білуі керек («Ленин комсомолы» жинақ).
Күрделі баяндауышы барыс септіктегі тұйық етістікке тура келу тіркесінің 3-жағы тіркесіп келу арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Мұндай құрылыстағы жақсыз сөйлемнің қимыл субъектісі барыс септіктегі есім болуы да мүмкін, Істі істеуге я істемеуге мұқтаждық мәнді білдіреді. Билетті екі-екіден екі вагонға а л у ғ а т у р а к е л д і (Мұқа-нов). Кімнің жағасы болса да, жыртуға тура келеді. Қазір амалсыздан осылай і с т е у г е т у р а к е л е д і (Мұстафин). Тағы да баланың үйіне б а р у ғ а т у р а к е л д і. Сіздің балаңыз жақсы оқиды, бірақ, амал жоқ, оны оқудан шығаруға дейін шара қ о л д а н у ғ а т у р а к е л і п о т ы р (Көбеев). Амал не, к өнуг е т у р а к е л е д і (Сәрсенбаев). Бәрібір екеуімізге ажырасуға т у р а к е л е д і. С а ғ а н Жанқия апайдың «бөлмесіне» ертең-бүрсігүні көшуге т у р а к е л е р (Сәрсенбаев). Күрделі баяндауыштың негізгі компоненті тұйық етістік тәуелде-ніп барып барыс септігінде тұрса, сөйлемнің қимыл субъектісін бай-қататын сөз ілік септігінде тұрады. Сөйтіп, А б а й д ы ң тек өз басы үшін ғана емес, сонымен бірге Әйгерім үшін, оның әні үшін де күреске түсуіне т у р а к е л д і (Нұрқатов).
Күрделі баяндауышы -қ ы//-ғ ы, -к і//-г і жұрнақты қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Модальдык, мағынасы қалау, тілеуді білдіреді. Қалау-тілеу мәні кейде іс-қимыл субъектісінің қалауымен, еркімен болса, кейде еркі- нен тыс, еріксіз процесс екенін білдіреді. Күрделі баяндау-ыш құрамындағы тәуелдік жалғаудың әрқашан болуымен байла-нысты сөйлемнің субъектісі ілік септікте тұрған есім сөз арқылы білінеді, ондай сөз жеке берілмегенде де, үш жаққа тән тәуелдік жалғауларының бірі арқылы жақтык, мағына, субъект белгілі бола алады; Әбіштің оқшау ойларын А б а й д ы ң ұ ғ ы н а түскісі к е л д і. Оразбайдың мына жиын алдында д а у л а с қ ы с ы к е л г е н ж о қх (Әуезов). Менің ол қорлыққа да к ө н г і м к е л м е д і (Мұқанов). Жоқ, сен айт, парторгтың пікірін естігісі келеді ж ұ р т т ы ң (Нұртазин).
19 М. Б. Б а л а қ а е в. Активизация субъекта в казахском языке. Известия АН КазССР. Серия лингвистическая, вып. 5, 1948, стр. 27.
Күрделі баяндауыштың грамматикалық орталығы н е есімдігі болып, оның айналасына керек, қажет, пайда, бар, жоқ, қанша сияқты көмекші сөздер үйіріліп келуі арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Бұлай жасалған жақсыз сөйлемдердің қимыл субъектісі ілік септігінде тұруы жиі кездеседі. Мұндай жақсыз сөйлемдердің модальдық мәні баяндауыштың құрамындағы сұрау есімдігінің лексикалық мағынасына қарай, түйық, қарсы, сұрау ретінде айтылады да, іс-қимылдың болымдылығынан да болымсыздығын мақұлдағандық бағытын білдіреді, кейде істің істелуінің қажет еместігін кесіп айтады. Күрделі баяндауыштың құрамындағы сөздер және олардың тіркесу түрлері өзгеріп, құбылып отырғанымен, жақсыз сөйлемдердің негізгі модальдық мәні біріне-бірі синоним-дес, жақын болып отырады,. мыс.: керегі не, не керегі бар, керегі қанша, керегі жоқ, өйтіп не керек, өйтіп керегі не сияқты күрделі баяндауыштар жақсыз сөйлем жасағанда, өз ара жақын модальдық мәнде екені аңғарылады. Мәймөңкелеудің н е к е р е г і бар? (Шашкин). Шүкірлік етпеске амал н е? Біздің арамыздағы бұл с ы р д ы ң сізге қ а н ш а к е р е г і б а р. Кетер болған соң, кінәласып ж а т у д ы ң к е р е г і қанша? Бақыт деген қуаныш тағы. Қуанышсыз б а қ ы т т ы ң к е- р е г і н е! (Мұстафин). Сонда қызды «ұл» деуден не п а й д а? Ондай и т ж а н д ы л ы қ т ы ң қайсымызға к е р е г і б а р! Сон-дай, адамдарды сұраумен мазалаудың қажеті қанша? (Мұқанов). Ар жағын ж а з у д ы ң қ а ж е т і ж о қ, кейін бір оралармын. Осының бәрін тәптіштеп, түгелдей ж а з у д ы ң қ а ж е т і жоқ. Қарсыласудың қ а ж е т і н е, қан төгіс болады гой, тумалар. Қойыңыз, көз жасыңнан н е п а й д а (Сәрсенбаев). Ендігінің к е р е- г і ж о қ. Жаттың сыншысының к е р е г і ж о қ. Байсалбайдың маған к е р е г і ж о қ (Әуезов). Сондай бекер мінездің к е р е г і н е? (Нұртазин). Екі жаққа тең бөлінбейтін махаббаттың к е р е г і қанша? (Мұқанов). Машинист болудың несі жаман? (Иманжанов). Осы типтес жақсыз сөйлемдердің белгілі жаққа қатысы болмай, субъект біржола ойдан шығарылып айтылғанда, баяндауыш құрамы-на -п тұлғалы көсемше араласып келеді. Субъект белгілі болғанда да, ол барыс септігінде ғана тұруы ықтимал. Немесе қимыл-іс қай жақ-қа тән екені контекстен байқалады. Бірақ сөйлемде грамматикалық субъект (бастауыш) болмайды. Е, оны. білмесе, құрыш ағызудың м а с т е р і б о п н е к е р е к. Енді оны айтып қ а ж е т і д е ж о қ (ІПашкин). Сонша шырқап не керек. Онда қ у д а л а й беріп керегі не? ( Мұстафин).
Күрделі баяндауыштың құрамындағы бір сөздің тәуелденіп тұруы арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Қазіргі қазақ тілі фактілерінің даму дәрежесі тұрғысынан қара-ғанда, кейбір жақсыз сөйлемдер баяндауыш құрамындағы бір сөздің (заттанған есім сөздің) тәуелденіп келуі арқылы жасалады. Сөйлемнің бастауышы болмай, жақсыз болып құрылуына себеп болып, ұйытқы болып тұратын тәуелдік жалғаулы сөз болады. Соған байланысты сөйлемнің субъектісі әрқашан ілік септігінде тұрады. Жақсыз сөйлемнің модальдық мәні ызалы кекесін, мысқыл мағыналарын білдіреді. Қарсы с ө й л е г і ш і н ө з і н і ң! Т і л д е р і н ш ы ғ а р у ы н б ұ- л а р д ы ң! Ш і р к і н н і ң қ а л ж ы ң қ о й ы н! Мына б а л а н ы ң ауылға а с ы ғ у ы н-а й! Қап, мына біреу бір жапырақ неменің 145 қылып к е т к е н і-ай! (Әуезов). Б а л ы қ аулағышын мұның! Қарай көр, к ө з і н қысқышын ш о л а қ қ о л неменің (Шолохов). Женя, сенің осы бір әдетіңнің қалмайтыны-а й! (Шаймерденов). Осы із, ыңғаймен, бірақ баяндауыш құрамына көмекші етістік араласып келіп және баяндауыш құрамындағы тәуелдеулі негізгі компонент, негізінде, -ған тұлғалы есімше формасында тұрып та жақсыз сөйлем жасалады. Мұндай жақсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылады. Ж ан ашырдың ж о қ б о л ғ а н ы ғ о й! (Әуезов). Онда, а у з ы ң- ның аппақ б о л ғ а н ы е м е с п е? (Мүсірепов). Ө т к ен жазда сурет көрмесінде бір әдемі пейзаж к ө р г е н і б а р- д ы! (ІПашкин). Менің айтқаным к е л д і. Бір жерде к ө р г е н і м б а р.
Күрделі баяндауышы идиомалық тіркестерден жасалған жақсыз сөйлемдер
Жай сөйлемдердің грамматикалық субъектісі (бастауышы) бол- май жақсыз болып құрылуының енді бір себебі — олардың бас мүшесінің мағыналық жағынан бөліп талдауға келмейтін түйдекті идиомалык, тұрақты тіркестерден болуы. Мұндай жақсыз сөйлемдердің үлкені бір тобы адамның еркінен тыс болуға я болмауға тиісті табиғи процесті білдіреді, мыс.: Зәрем ұшты; ұйқым келді; айтуға аузым бармайды т. б. Ал, енді бір тобы табиғат, жаратылыс құбылыстарына байланысты процесті көрсетеді, мыс.: Таң атты. Қас қарайып қалды. Ымырт жабылды. Жақсыз сейлемдердің бұл түрі құрылысы жағынан жалаң және жайылма болып келеді. ¥йқым келді., Менің ұйқым келді. Баяндауыш құрамында тәуелдік жалғау тұрған жағдайда жалаң түрі жайылмаға ең әуелі ілік септіктегі субъект немесе грамматика- лық тұрғыдан қарағанда, анықтауыш арқылы оңай айналады. Бұл сапарымның оң я теріс боларына кімнің к ө з і жетіпті (Мұқанов). Мырзаны сондай адам деуге аузым б а р м а й д ы. Мейрамның ш е к-с і л е с і қатып жатыр. Күн батып, қ а с қ а- р а й ды (Мұстафин). Күндіз қ о л ы м т и м е й д і, кешкі тамақты ішкен соң келгенім ғой, ғафу етіңіздер! Г е н н а д и й д і ң з ә р е с і т а с т ө б е с і н е шықты (Шашкин). «Бұларың ұят, қойыңдар» деп айтуға ешкімнің т і л і к е л е а л м а д ы. Түнімен аунақшып ұйықтамаған жауыздардың д і ң к е с і құрыды (Торайғыров). Бастауышы жоқ бір тұрлаулы мүшелі жай сөйлемдердің (белгісіз жақты, жақсыз сөйлемдер) қай-қайсысы болсын, құрмалас сөйлем-нің құрамына өз құрылысы мен мағынасын сақтаған күйінде еніп тұра береді: Қойымды қасқыр жей ме десем, қ о й д ы ң ө з і н і ң д е ж е- г і с і к е л е м е, қалай? (Әуезов). Кімніц жағары болса да, ж ы р -т у ғ а т у ра к е л ед і (Мұстафин). Алдын ала қам жасамай, өкі- нішт е қ а л у ғ а б о л а ма? Жете ойласа, операциялардың ара- сын созбай, жақындатып, у а қ ы т ұ т у ғ а б о л а д ы екен. (Шашкин). Мырза-ай, қық етпейтін қара нарсын-ау! Көтереді деп арта б е р у г е б о л м а й д ы, нар көтермейтін де жүк бар (Мұстафин). Әйтеуір,қ ай ж е р д е т ә ж ім е т у к е р е к, қай у а қ ы т т а тұ ру к е р ек, қай уақытта ты- мақты к ө з д е н а л ы п к е ң о т ы р у ғ а б о л а д ы, бәрін өзің айтып отыр (Әуезов). Колхоздың бастығы екенін былай қойғанда, қара басының беделіне күйе ж а ғ у ғ а болмайды (Мүсірепов).
IV. Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ Жалпы мәлімет
Лингвистика синтаксистің негізгі объектісің үш салаға бөледі: оның бірі — сөздер тіркесі, екіншісі — жай сөйлем с и н т а к с и с і, ушіншісі — құрмалас сөйлем сиңтаксисі. Бұл салалардың әрқайсысының өздеріне тән зерттеу объектілері бар. Солардың ішінде құрмалас сөйлемнің негізгі объектісі — жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара ұласып бір бутінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен амал-тәсілдері. Бұл жағынан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен мейлінше басқа: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өз ара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сыпаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі — ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің объектісі — ой тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. Қазақ тілі білімі саласындағы ең кеш қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі — құрмалас сөйлем синтаксисі. ¥лы Октябрь социалистік революциясына дейін қазақ тілі грамматикасының басқа салалары жөнінде, оның ішінде жай сөйлем синтаксисі бойынша да онша терең, жан-жақты болмағанмен біраз зерттеу еңбектері бар дейтін болсақ, құрмалас сөйлем синтаксисі туралы олай деуге болмайды. Революциядан бұрын шыққан грамматикалық еңбектердің бар- лығында дерлік құрмалас сөйлем синтаксисі өз алдына жеке қарал-ған емес. Құрмалас сөйлем, Бағыныңқы сөйлем деген атауларды олардың тек кейбіреулерінен ғана кездестіруге болады; оның өзінде де құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатымен емес, есімше, көсемше және етістіктің кейбір райларының синтакси стік, кызметте рін баяндауға арналған жерлерде «етістіктің бұл түрі бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады» дегендер тәріздес көлемде ғана кездеседі. Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылд ар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу программаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин практикалық тілде кездеспейді, грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау — құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем — екі я одан да көл жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.
Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де (рас, бірі — жалаң бір ойды, екіншісі —жеке ойдан құралған құранды, күрделі) ойды білдіреді, ойды жарыққа шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің ара тусінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен і ш к і мазмұндарында болады. Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден (сөз- дерден) құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана (мүшелерге) жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі — сөз, екіншісінің мүшесі — сөйлем. Бұл — жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешелігі — олардың бірінің (жай сөйлемнің) жеке бір ғана ойды білдіріп, екіншісінің (құрмаластың) күрделі ойды білдіруінде. Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да к ө п жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғ а н а ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің жоғарыда айтылған ерек-шеліктерінен құрмалас сөйлем әрдайым көлемді болады да, жай сөйлем оған қарағанда көлемсіз болады деген қорытынды шықпасқа керек. Сөйлемнің құрмалас болуы я жай болуы оның көлеміне бай-ланысты болмайды. Айтылмақшы ойдың ерекшелігіне қарай бірде бірі көлемді болса, екіншіде екіншісі көлемді болып келе береді. Мысалы: Қажымұқанның мейлінше күнге күйіп, желге жарылған қара қайыс жүзі, уысына зорға сиярлық дөкір, ірі саусақтары, тара-мыс әлді денесі, етсіз шықшыты жайылып, езу тартқанда ақсита қалған аққаладай тістері, көзінің айналасындағы мәз болып жиырылған жұқа қыртысты, қалтқысыз шырайы. Андреевтің көз алдына қырдың еңбегі еш, тұзы сор көп еңбекшісінің бала мінезді, батыл кейпін алып келгендей болды (Есенжанов), Біз ауылға қайтамыз дейміз, ауыл бізге келеміз дейді (Мүсірепов). Бұл екі сөйлемнің алдыңғысы соңғыдан жеті еседей көлемді, бірақ соған қарамастан ол — жай сөйлем. Ал, кейінгі, алдыңғыдан әлдеқайда ықшамдылығына, шағындығына қарамастан, құрма-лас сөйлем. Өйткені алдыңғы қанша көлемді болғанымен, сөйлемдік сипаты бар элементтерге, бөлшектерге жіктеле алмайды, ал соңғы ондай бөлшектерге жіктеле алады. Олай болатын болса, с ө й - л е м құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт. Бірақ құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге болмайды. Құрмалас сөйлем — компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышты, өз ара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін. Оның құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғанда-рымен әдеттегі дербес жай сөйлемдермен бір емес. Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да аякталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады.
Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер ол бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда-ғы мәндерін жояды. Мысалы: Балапандар қанаттанғанша, дәуіт те қанаттанады (Мұқанов) деген құрмалас сөйлем — осы тұрған қалпында екі бөлшектен құралған бір бүтін. Оның бір жартысы балапандар канаттанғанша болса, екінші жартысы — дәуіттің де қанаттанатындыгы. Бұл екі жартының бірігіп бір бүтін болып тұрғандағы білдіретін мағынасы олардың жеке-жеке тұрғандарын-дағы мағыналарындай балапандардың немесе дәуіттің қанаттана-тындығы жайында емес, солардың қанаттануларының бір мезгілдің ішінде болатындығы жайында. Ал, бұл екі компоненттің бірлігі бұзылатын болса, осы негізгі мағына жойылады. Сонымен бірге, әр компоненттің формалық және интонациялық ерекшеліктері де өзгереді. Дәл осы жөнінде профессор В. А. Богородицкийдің өзінің «Орыс тілінің жалпы курсы» деген еңбегінде айтқан мына пікірі өте орынды. Ол кісі құрмалас сөйлем компоненттерінің өз ара байла-нысты бір бүтін екемдіктерін айта келіп, сөздің морфологиялық бөлшектерінің сөзден тысқары өмір сүре алмайтыны, тек сөзбен бірге ғана қолданылатыны сияқты, құрмалас сөйлемнің бөлшектерінде де дербестік болмайды, олар өз ара бірлесіп барып бір бүтін болып тұрады дегенді айтады.
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 993; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |