Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ОСКЭ станциясы




ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма(8): 7 күндік нәрестеге алғашқы дәрігерлік патронаж жасалды. Қыз бала сау анадан, бірінші жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен (16 аптаға дейін жүрек айну), ІІ-ІІІ триместрде ТТА п.б. 38 апталық жүктіліктен дене салмағымен 2960 грамм, бойы 49 см дүниеге келген. Қарау кезінде: бала ширақ, айғайы қатты, эмоционалды, дене қызуы қалыпты, емшекті белсенді емеді. Терісі таза, беті және денесі аздап сарғайған. Кіндік жарасы құрғақ, қабыну үрдісі жоқ, кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Үлкен еңбегі 1,56х2 см. Тамыр соғысы 146 рет минутына. Жүрек тондары анық, ритмді. Тыныс алу жиілігі минутына 42 рет. Өкпесінде тыныс алу біркелкі, сырылдар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Он жақ қабырға астынан бауыр 1,5 см шығынқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Физиологиялық шығарымдары қалыпты. Үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін толығымен жабады. Нәресте рефлексі шақырылады. Бұлшықет тонусы қалыпты. Басында шашты жабын бар.

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Денсаулық және қауіп-қатер тобын анықтау   II-А денсаулық тобы. Кауіп тобы трофикалық өзгерісімен бірге.
  Баланы қарау бойынша ұсыныстар Педиатрға айына 1рет көрінуі тиіс. ЖҚА 3 айда 1 рет (анемия көрістерді бақылау).ЖЗА – айына 1рет.
  Фондық патологиялардың алдын алу бойынша нұсқаулар Мешелдің алдын алу (вит Д - 500 МЕ өмірінің алғашқы 14- 21 күндерінен бастап),анемияның алдын алу (құрамында темірі бар препараттар 2 мг/кг алғашқы3айында белгілері білінеді.).
  Баланы тамақтандыру бойынша нұсқаулар Емшек сүтін қажет етуіне байланысты, гипоаллергенді тамақтандыру енгізу.
  Вакцинацияға қарсы көрсету бар ма?   Қарсы көрсету жоқ.

 

«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (9). Сәби 1 айлық. Тунде ұйқысы бұзылуына,қатты айқай және мазаызданғанына анасы шағымданады. Емшекті тез алады, 250 мл/күніне су ішеді. Жүктілік кезінде ешқандай патологиялық ауытқулар болмаған. Анасының жағдайына байланысты табиғи жолмен босанбаған. Туылған кездегі дене салмағы 3800 г, ұзындығы 52 см. Анасы уақытымен баласын тамақтандырады, тәулігіне 5 рет, түнгі уақытта 8 сағат үзіліс. Лактация қалыпты. Нәжіс тәулігіне 1-2рет қоймалжың ботқа сияқты.

Қарау кезінде: дене салмағы – 4200, бойы 54 см., терісі таза қызғылт,ауыз қуысында ақ дақтар көрінеді. Кіндігі таза құрғақ,тамырлары пальпацияланбайды. Тері асты май қабаты көкірегінде және іш аймағында азайған. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ; неврологи­ялық статус — өзгеріссіз

 

 

Кезеңдері: Іс әрекеттердің реттілігі
  Сіздің алғашқы диагнозыңыз?   Анасында гипогалактия. Балада ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік даму қаупі бар.
  Денсаулық тобын анықтап, негіздеңіз   IІ А (дене салмағы тапшылығы 5%)
  Баланы бақылау бойынша нұсқаулар Педиатр қарауы айына 2 рет. Бақылаулық салмағын өлшеу. Гастроэнтеролог кеңесі. ЖҚА, ЖЗА, копрограмма, дисбактериозға нәжіс.
  Гипогалактияны жою бойынша нұсқаулар     Анасына көп сұйықтық беру, жиі емізу, сүт бездерінің массажы, Апилак күніне 3-4 рет, 1 таблеткадан тіл астына, лактацияны арттыру үшін шай, Лактомил, Амалтея қоспалары.
  Баланы тамақтандыру бойынша нұсқаулар   Сұрауы бойынша тамақтандыру, түнгі үзіліс жасамай жиі емізу.

 

 

«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 582; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.