Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тестілер 2 страница




Сөйтіп, жаңа өнім өткізу нарықтарының пайда болуына байланысты 137 000 теңге сомасында өсімді шығындар пайда болады. Өсімді кірістер 250 000 теңгені құрайды. Егер өнім (жұмыс, қызмет) сатудан түсетін түсім нарықты игеруге жұмсалатын шығыннан тез өссе, онда компания нарықтың оның белгілі бір бөлігін игергенін, ал егер баяу өссе, онда компания өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтқанын айғақтайды.

Шекті шығындар мен кірістер деп бүкіл шығарылған өнімге шаққандағы қосымша шығындар мен кірістер аталады, ал инкременттік (өсімді) шығындар мен кірістер өнім бірлігінің жалпы тобына анықталады.

Жоғарыда атап өтілген мысалда тауар айналымы 25 000 бірлікке артуы тиіс. Демек, бұйым бірлігінің шекті шығындары 137 000: 25 000= 5.48 теңгені, ал шекті кіріс – 250 000: 25 000 = 10 теңгені құрайды.

Жоспарланған және жоспарланбаған шығындар. Жоспарланған – бұл өндірістің белгіленген көлеміне белгіленген нормаларға, нормативтерге, лимиттерге сәйкес есептелген өндірістік шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына кіреді. Жоспарланбаған шығындар – бұл негізінен өнімсіз және басқа да жоспарланбаған шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына кіреді.

 

5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.

Жоғарыда қарастырылған шығындардың жіктемесі оларды бақылау жөніндегі барлық мәселелерді шешпейді. Әдетте, өнім жасау процесінде әр ұйымның түрлі бөлімшелерінде (цехтарында, учаскелерінде) әр бірі үшін жеке адам жауап беретін жүйелі өңдеуден өтеді. Өнімнің өзіндік құны туралы ақпарат болған жағдайда осы шығындардың өндірістік учаскелердің (жауапкершілік орталықтары) арасында қалай бөлінетінін дәл анықтау мүмкін емес. Осы проблеманы шығындарды есебін жауапкершілік орталықтары бойынша ұйымдастырып шешуге болады. Жауапкершілік орталығына оның жұмысы үшін менеджер жауап беретін кәсіпорын сегменті (учаске) деген анықтама беруге болады.

Жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелетін шығындар реттелетін және реттелмейтін, бақыланатын және бақыланбайтын, тиімді және тиімсіз ретінде жіктеледі.

Реттелетін – мөлшері менеджердің тарапынан оларды реттеу дәрежесіне байланысты шығындар. Ұйымның барлық шығындары реттелуге тиіс, алайда барлық шығындарды басқарудың төменгі деңгейінде реттеу мүмкін емес. Мысалы, ұйымның жоғарғы басшылығы кәсіпорыннның барлық құралдарына иелік жасауға, қызметкерлердің санын, өндірістің құрылымын өзгертуге құқылы, ал басқарудың төменгі деңгейінің басшысы бұған құқықсыз. Осы жауапкершілік орталығының менеджері ықпал жасай алмайтын шығындар осы менеджердің тарапынан реттелмейтін шығындар деп аталады. Шығындарды реттелетін және реттелмейтін шығындарға бөлу сметалар мен жауапкершілік орталықтарының оны орындау туралы есептерде қарастырылады. Бұл әр бір менеджердің бөлімшенің (сегменттің) шығындарды бақылауға қатысты жұмысын бағалауға мүкміндік береді.

Тиімді – нәтижесінде өнім (жұмыс, қызмет), тауар сатудан кіріс алатын шығындар.

Тиімсіз – нәтижесінде өнім өндірілмейтін, демек кіріс алынбайтын өнімсіз сипаттағы шығыстар. Оларға ақаудан, бос тұрып қалудан болатын ысырап, айыппұлдар, өсімдер, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі жатады.

Шығындарды бақылау жүйесінің пәрменділігін қамтамасыз ету үшін олар бақыланатын және бақыланбайтын шығындарға бөлінеді.

Бақыланатын шығындарға ұйымның лпуазымды тұлғалары тарапынан бақыланатын шығындар. Бақыланатын шығындар өзінің құрамы бойынша реттелетін шығындардан ерекшеленеді, өйткені бақылау мақсатты түрде жүзеге асырылады және олар қандай да болмасын жекелеген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бақыланатын шығынның мысалы ретінде бүкіл ұйым бойынша электр энергиясының пайдалануын бақылады келтіруге болады. Бақыланбайтын шығындар – бұл ұйымның қызметімен байланысты емес, мысалы, үкімет шешімімен негізгі құралдарды қайта бағалау салдарынан амортизациялық аударым сомасының артуына әкеп соқтырған шығыстар, отын-энергетикалық ресурстары бағаларының, теміржол қызметтері тарифтерінің өзгеруі және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. «Шығасылар», «шығындар», «шығыстар» деген не? Олар бір-бірінен немен ерекшеленеді?

2. Басқарушылық есепте шығындар қалай жіктеледі?

3.Тікелей және негізгі шығындардың, жанама және үстеме шығындардың арасында қандай айырмашылық бар?

4. Запастардың өзіндік құны мен алынған пайданы анықтау үшін ұйымның шығындары қалай жіктеледі?

5. Шешім қабылдау мен жоспарлау үшін шығындар қалай жіктеледі?

6. Бақылау мен реттеу үшін шығындар қалай жіктеледі?

7. Кіріс және мерзімі өткен шығындар деген не?

8. Өндірістік және кезеңді шығындар деген не?

9. Қай шығындар өнімнің өзіндік құнына кіреді?

10. Тұрақты, шартты-өзгермелі және шартты-тұрақты шығындар деген не?

11. Бір элементті және кешенді шығындарға сипаттама беріңіз.

12. Шешім қабылдаған кезде есепке алынатын шығындарға қандай шығындар және қандай шығындар есепке алынбайтын шығындарға жатады?

13. Қандай шығындар қайтарылмайтын шығындарға жатады?

14. Жүктелген шығындар деген не және олар қашан пайда болады?

15 Шекті және өсімді шығындар деген не? Олардың қандай айырмашылығы бар?

16. Шығын орталықтары тарапынан реттелетін және реттелмейтін шығындарға қандай шығындар жатады?

17. Қандай шығындар жауапкершілік орталықтары тарапынан бақыланатын және қандай шығындар олардың тарапынан бақыланбайтын шығындарға жатады?

18. Тиімді және тиімсіз шығындар деген не?

Тестілер:

1. Атап өтілген шығындардың қайсысы реттелмейтін (бақыланбайтын) шығынға жатады?

а) технологиялық мұқтажға жұмсалатын электр энергиясы;

ә) негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы;

б) мерзімнен тыс жұмыстардың төлемі;

в) негізгі материалдар;

г) жалгерлік және коммуналдық төлемдер.

2. Атап өтілген шығындардың қайсысы реттелетін (бақыланатын) шығындарға жатады?

а) жалгерлік төлем;

ә) коммуналдық қызметтер;

б) жарық пен жылыту төлемі;

в) негізгі материалдар;

г) жалпы шаруашылық шығындары.

3. Басқарушылық шешім қабылдаған кезде жүктелген шығындар қашан есептеледі?

а) ресурс артық болғанда;

ә) ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарамастан;

б) ресурстар шектелген жағдайда;

в) ресурс болмаған жағдайда;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

4. Жүктелген шығын деген не?

а) құжатпен ресімделмеген шығыстар;

ә) әдетте ақша шығындарын білдірмейтін;

б) әдетте бухгалтерлік есепке кірмейтін шығасылар;

в) құжатпен расталатын шығыстар;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

5. Қандай шығыстар кезеңді шығыстарға жатады?

а) өндірістік шығасылар;

ә) коммерциялық және коммерциялық емес шығыстар;

б) үстеме шығыстар;

в) цех шығыстары мен сату жөніндегі шығыстар.

6. Басқарушылық есепте тікелей материалдық шығындар қандай шығыстарға жатады?

а) тұрақты;

ә) өзгермелі;

б) шартты-тұрақты;

в) үстеме;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

7. Ұйымның іскерлік белсенділігі артқан кезде үлестік тұрақты шығыстар қалай өзгереді?

а) өзгеріссіз қалады;

ә) артады;

б) іскерлік белсенділікке тәуелді емес;

в) бірте-бірте азаяды;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

8. Бір балама нұсқаны таңдау жөнінде шешім қабылдау үшін қандай ақпарат қажет?

а) сараланған шығасылар мен кірістер;

ә) әр бір нұсқа бойынша жиынтық кірістер мен шығыстар;

б) бақыланатын және бақыланбайтын шығындар;

в) екінші және үшінші жауап дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

9. Өндірістік жұмысшылардың жалақысы қандай шығыстарға жатады?

а) тұрақты;

ә) өзгермелі;

б) үстеме;

в) шартты-тұрақты;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

 

 

6-тарау. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

Бұрын атап өтілгендей өндірістік шығындар өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, пайда болған жерлер мен жауапкершілік орталықтары бойынша тікелей материалдық шығындар; тікелей еңбек шығындары; өндірістік үстеме шығыстар деп аталатын баптар бойынша есептеледі.

 

6.1. Материалдық шығындардың есебі

Материалдар негізгі және қосалқыға бөлінеді.

Негізгі материал деп өнім жасалатын немесе өнімнің материалдық (зат) негізін құрайтын еңбек заттары саналады.

Қосалқы деп шикізат пен негізгі материалға ықпал ету, өнімге білгілі бір тұтынушылық қасиет беру немесе өндіріс процесіне қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материал дар аталады..

Басқарушылық есепте өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың құны тиісті өндіріс шотының дебеті бойынша өнім түрлері мен шығын орталықтары бойынша «Тікелей материалық шығындар» бабы бойынша есептеледі. Өндіріске жұмсалған қосалқы материалдардың құны «Өндірістік үстеме шығыстардың» құрамында есептеледі және есепті кезеңнің соңында жекелеген өнім түрлері арасында арнайы әдістермен бөлінеді. Басқарушылық есепте негізгі материалдарға әдетте жасалатын өнімнің негізіне кіргенімен, алайда оның өзіндік құнында өзіндік салмағы мардымсыз шамалы материалдардың шығындары (желім, бүркеншек шеге, болттар) жатпайтынын атап өту керек. Олардың есебіне жұмсалатын еңбек шығыны өнімнің өзіндік құнын дәл калькуляциялау үшін қосымша шығынды қажет ететіндіктен өзін-өзі ақтамайды. Мұндай материалдар қосалқы деп, ал олар бойынша шығыстар өндірістік үстеме шығыстардың құрамында есептеледі. Материалдар өндіріске қоймадан материал босату талабының негізінде босатылады.

Материалдарды бағалау әдістері. ХҚЕС (IAS) 2 «Запастардың өзіндік құнына» оларды сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалатын барлық шығындар мен запастарды олардың ағымдағы жай-күйі мен олар қазір орналасқан жерге жеткізуге жұмсалатын барлық шығындар кіруге тиіс. Бұл жағдайда сатып алу шығындарына сатып алынған құнмен қатар тасымалдау шығыстары мен объектіні сатып алумен тікелей байланысты басқа да шығыстар кіруге тиіс.

Алайда іс жүзінде көлік шығыстары көбінесе әр түрлі өлшем бірліктерінде (данада, салмақта, литрде, текше метрде, метрде және т.б.) есептелетін бірнеше материал түрімен байланысты болады. Бұл жағдайларда көлік шығыстарын әр трүрлі өлем бірліктерінде есептелетін жекелеген материал түрлері арасында әр кезде мүмкін бола бермейді және көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан көптеген ғалымдар оңайлату үшін материалдарды тасымалдау шығыстарын жалпы өндірістік үстеме шығыстарын жатқызуды ұсынады.

Өндіріске жұмсалатын материалдардың өзіндік құны алғашқы түсу әдісімен – алғашқы түсу (ФИФО) немесе өлшенген орташа құн әдісімен анықталады.

Өзара алмастырылатын жекелеген материалдар түрлерінің өзіндік құны жеке шығындарды арнайы сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарында запастарды бағалау әдісін пайдалану қолайлы болу үшін запастарды нормативтік әдіс бойынша бағалауға жол беріледі. Нормативтік шығындар – бұл есепті кезеңнің басында жоспарланатын, болашақта материалдарды тиімді сатып алуда олардың сатып алу қанша тұруға тиіс екенін көрсететін мақсатты шығындар. ХҚЕС-та нормативтік шығындар оларды есепті кезеңнің нақты шығындарына жеткілікті жақындасуын қамтамасыз ету үшін ұдайы тексерілуге тиіс екені көрсетіледі. Нақты өзіндік құн мен нормативтік бағаның арасындағы айырма ауытқудың жеке шотында жинақталады.

Запастарды нормативтік шығындар бойынша бағалау әдісі әсіресе шығындардың есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудің нормативтік әдісі қолданылған жағдайда ерекше қажет. ХҚЕС-та сондай-ақ еер запастардың өзіндік құны өтелмейтін болса, онда запастардың өзіндік құнын ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығаруға жол беріледі. Запастар толық немесе ішінара ескірген жағдайда немесе оның сату бағасы басқа себептер бойынша төмендеген жағдайда, олардың өзіндік құны өтелмейтін болуы мүмкін. Бұл жағдайда ХҚЕС-та шикізат пен материалдар кіретін даяр өнім өзіндік құны немесе одан жоғары бағамен сатылатын болған жағдайда, олар өзіндік құнынан төмен есептен шығарыла алмайтыны қарастырылады.

Жеклеген экономистер өтеу бағасын шешім қабылдау үшін босатылатын запастардың бағасын анықтаудың ең қолайлы әдіс деп санайды. Осы әдісті қолданудың қиындығы жеткізушімен әр кезде байланыс жасап, одан босатылатын материалдың әр бір түрі бойынша өтеу құны жөнінде ақпарат алу мүмкін еместігімен байланысты.

Сонымен бірге НИФО әдісі де қолданылады. НИФО әдісі өтеу әдісіне ұқсайды.Осы әдіс бойынша да босатылатын материалдардың құнын жаңа түсімнің құнымен теңестіру үшін түзету енгізу керек. Осы әдістің артықшылығына ол бойынша запастар мен өндірістік шығындардың нақты бағалауға болатыны жатады. Ал әдістің кемшілігі ретінде әр бір материал босату үшін кейінгі тапсырыстың бағасын анықтау үшін көп еңбек жұмсалады және босату мен жаңа түсімнің құнын теңестіру үшін үнемі түзету енгізу қажет болады.

«Дәл мерзімінде» жүйесі. Қазіргі уақытта компаниялар жеткізушілермен неғұрлым тығыз байланыс орнату арқылы запастардың деңгейін төмендетуге және неғұрлым ірі топтармен жиі жеткізілім ұйымдастыруға тырысады.Сондықтан материалдармен жабдықтаудың дәстүрлі әдістерімен қатар «дәл мерзімінде» сатып алу жүйесі де қолданылады. «Дәл мерзімінде» сатып алу жүйесі (Iust-intime) Жапонияда ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында «Тойота» компаниясында бастау алды. Жапондық компаниялар әлемдік нарықта осы сатып алу жүйесін қолдануы олардың табысқа жетуінің бір факторына айналды. Аталмыш жүйеде өнімді ірі топтармен өндіруден бас тартылады. Бұның орнына үздіксіз-ағынды зат өндірісі құрылады және өндірістік цехтар мен учаскелерді жабдықтау белгіленген мерзімдерде шағын топтармен, запастар ең аз санға қысқартылған және өндірістің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті санда ғана жүзеге асырылады. Осы жүйеде өнімді оған сұраныс болған жағдайда және сатып алушыға қажет санда ғана шығару деген қағида қолданылады. Осы жүйе бойынша әр бір операцияда келесі операцияға қажет нәрсе жасалады немесе орындалады. Бұл жағдайда өндірістік процесс өндіріске кірісу қажет екені туралы сигнал алынғаннан кейін ғана басталады. Бөлшектер, тораптар мен материалдар өндірістік процесте олар пайдаланылатын мезетке ғана жеткізіледі.

«Дәл мерзімінде» жүйесінің басты мақсаты артық шығын жұмсамау және ұйымның өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

«Дәл мерзімінде» сатып алу жүйесінде материалдар жеткізушіден түскенде «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредитінен өндірістің тиісті шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Сондықтан қойма запастарын бақылау үшін жеке материалдар шотын пайдалану қажет болмайды.

«Дәл мерзімінде» жүйесін қолданудың мынадай артықшылықтары бар:

–осы жүйеде запастарды дереу пайдалану үшін олардың ең аз санының болуы талап етіледі, сол себептен запастар деңгейі азаяды;

–осы жүйе қолданылатын жағдайларда өнім өндірісі сатып алушылардың тапсырыстары бойынша шағын топтармен жүзеге асырылады, сондықтан материал сатып алу мен сақтауға аз уақыт жұмсалады;

– тапсырыс жасалған өнімнің саны шамалы болған жағдайда, оның сапасына көп көңіл бөлінеді;

– материалдар мен даяр өнім запастарын сақтау үшін қойма үй-жайларын ұастауға шығын аз жұмсалады;

– қойма шаруашылығы қызметкерлерін ұстау мен материалдарды қоймадан өндірістік цехтар мен учаскелерге дейін апарумен байланысты шығындар болмайды;

– қажет емес және өтімсіз запастардың пайда болу тәуекелі төмендейді;

– құжаттаманың көлемі азаяды;

–есеп жұмысының көлемі қысқарады.

6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу

 

Ұйым қызметкерлеріне жалақы есептеу үшін ақпарат көзі ретінде тиісінше ресімделген табельдер, тапсырыс карточкалары, бос тұрған уақыттың табельдері, жеке есептік карточкалар және т.б. жатады. Өндірістік жұмысшылардың енегізгі жалақысы тиісті өнім түрінің өзіндік құнына «Жалақы төлеуге жұмсалатын тікелей шығындар» бабы бойынша кіреді.

Өндірістік емес қызметкерлердің орта басшы қызметкерлер мен әр түрлі жұмыс атқаратын жұмысшылар сияқты кейбір санаттары бойынша олардың әр бір қызмет түрі мен өнім (жұмыс, қызмет) түріне жұмсалған жұмыс уақытын әр кезде есептеу мүмкін емес. Осы санаттар бойынша жұмыс күшінің шығыны олардың жеке карточкаларының деректері бойынша белгіленуі және үстеме, әкімшілік немесе өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары бойынша тиесілігіне сәйкес белгіленуге тиіс.

Әр бір кезеңнің кесімді жалақысы келісілген кесімді ставканы өндірілген сапалы өнім бірлігінің санына көбейту арқылы есептеледі.

Әдеттте жұмысшымен оның ең аз апталық жалақысы алдын-ала келісіледі. Егер жұмысшының өндірімі оған байланысты емес себептер бойынша апталық минумумнан аз болса, онда оған нақты кесімді жалақы мен кепілді ең аз мерзімді жалақының арасындағы айырма қосымша төленеді. Мысалы, жұмысшыға кепілді ең аз апталық жалақы 40 000 теңге мөлшерінде белгіленді делік. Апта ішінде оның өндірімі 300 бірлік бұйымды немесе бірлік үшін 120 теңге есептік ставкаға (бағаға) шаққанда 36 000 теңгены құрады. Бұл жағдайда 36 000 теңге тікелей жалақы негізгі өндіріс шығынына жатқызылады. Кепілді және нақты кесімді жалақының арасындағы айырма 4000 ()040 000 – 36 000Р теңге өндірістік үстеме шығыстардың есебіне жатады және өнім түрлері арасында жанама тәсілмен бөлінеді.

Демалысты төлеу. Қызметкер демалыс төлемі ретінде алатын сома тапсырысқа олардың сағаттық ставкасын арттыру арқылы есептелуі мүмкін, сол себептен бұл әдетте тікелей ретінде қарастырылатын жалақы шығындары. Мәселен, егер қызметкерге әдетте сағатына 800 немесе 40 сағаттық апта үшін 32 000 теңге төленіп және оған 5 апталық демалыс тиесілі болса, онда қызметкердің демалысының төлемі 160 000 теңгені (32 000 х 5) құрайды. Қызметкер қалған 48 апта жұмыс істеді, сол уақытта оның жұмыс уақыты 1880 сағатты (47 х 40 часов) құрайды делік. 160 000 теңгені 1880 сағатқа бөліп қызметкердің сағаттық ставкасына қосылатын бір сағат үшін 85,1 теңгені аламыз. Сөйтіп, оған демалыстың төлемінің өтеміне кепілдік беріледі.

Осы тәсілдеменің артықшылығына демалыстың төлемі жұмыс күшіне жұмсалатын тікелей шығын ретінде қарастырылатыны жатады.

Түнгі ауысымдағы жұмыс мерзімнен тыс жұмыстар әдетте өндіріс кестесіні тығыздығымен байланысты болады және нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрімен байланысты бола бермейді. Әдеттегі 8 сағаттық жұмыс күні ішінде орындалған тапсырыстармен салыстырғанда мерзімнен тыс және түнгі уақытта орындалған тапсырыстар үшін төленетін қосымша төлем олардың өзіндік құнын қымбаттады. Сондықтан түнгі уақыттағы мерзіміне тыс жұмыс үшін төленетін қосымша ақы әдетте үстеме шығыстарға жатады. Алайда, егер мерзімніен тыс немесе түнгі уақыттағы жұмыстар тапсырысшының өтініші бойынша орындалған жағдайда, онда осы қосымша ақы тікелей тиісті тапсырысқа жатқызылуға тиіс.

Жұмысшыларға олардың кінәсінсіз бос тұрып қалған уақыт үшін төленетін төлем жанама шығыстарға жатады және егер бос тұрып қалу ішкі өндірістік себептер бойынша орын алған жағдайда үстеме шығыстардың құрамында есептеледі. Сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалу әкімшілік шығыстарға жатады.

Жұмыс беруші жалақы мен әр түрлі қосымша ақылардан басқа қызметкерлерді жалға алумен байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақы қорына жарна төлеу сияқты бірқатар басқа шығыс жұмыс жұмсайды. Өндірістік қызметкерлерді жалға алумен байланысты шығындар өндірістік үстеме шығыстарға жатады.

Жалақы төлеу нысандары мен жүйелері. Жалақы төлеудің мерзімді және кесімді нысандары мен еңбекке сыйлықақы төлеу жүйелері қолданылады.

Мерзімді жалақыда қызметкерлердің еңбегіне ақы нақты жұмыс істеген уақыт үшін, шығарылған өнім көлеміне қарамастан, белгіленген сағаттық, күнсайынғы немесе апта сайынғы жалақы нормасының негізінде төленеді. Мерзімді төлем табельдік есеп карточкасының деректері бойынша төленеді.

Кесімді жалақыда қызметкерге әр бір өндірілген өнім бірлігі үшін жалақы белгіленген баға бойынша, жұмсалған уақытқа қарамастан төленеді.

Сондай-ақ сараланған кесімді жалақы қолданылады. Бұл жүйедебастапқы өнім бірлігі үшін төмен бағалар, ал кейінгі бірліктер үшін – неғұрлым жоғары бағалар қолданылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 1071; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.