Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция №14

Бөлшектердің эскизін жасау реті

1-суретте осы бөлшектің аксонометриялық проекциялар ережелері бойынша, қолдан орындалған көрнекті кескіні, яғни техникалық суреті келтірілген. Техникалық суреті бойынша «Ползун» бөлшегінің эскизін орындаймыз.

Бұл жағдайда төмендегі кезеңдерді ерекшелеуге болады:

1. Бөлшекетің конструкциясын зерттеу. Бөлшектің аталуын, тағайындалуын және жасалған материалын анықтау керек.

2. Бөлшектің басты көрінісін таңдау керек. Ол бөлшектің формасын барынша толық айқындау керек. Бөлшектің басты көріністе орналасуы оны жасап шығарғандағы орналасуына сәйкес болуын көздеген жөн.. Басты көріністе оларды айналу осі негізгі жазбаға параллель болатындай етіп орналастыру керек. Дайындамасы құю арқылы алынатын бөлшектерді басты көріністе олардың жинау процесі кезіндегі (немесе жұмыс жағдайында) жағдайында орналастыру керек.

 
 

 

 

    1-сурет

Бұл кезде бөлшектің негізгі өңделген беті горизонталь қалыпта болуы керек. Мұндай бөлшектерге тұлғалар, қақпақтар, кронштейндер және басқалар жатады.

Кескіндердің оптимал саны анықталады. Ол бөлшетің өлшемдері мен формасы туралы толық мәлімет алуға жеткілікті және одан көп болмауы тиіс.

 
2-сурет

3. Бөлшектің күрделілігіне және өлшемдеріне қарап қағаздың сәйкес форматы таңдалады (эскиздер кез келген қағазға – миллиметрлік, тор және т.б. орын-далуы мүмкін). Беттердің өлшемдері ГОСТ 2.301-68 форматтарына сәйкес болуы керек, яғни А4 (210х297), А3 (297х420) және т.б.

Негізгі жазба мен формат рамкасын жүргізіп бетті жобалау керек, б.а. әр кескіннің орнында жіңішке сызықтармен сызба алаңын оптималды толтырып, кескіндердің габаритті тіктөртбұрыштарын сызу және осьтік сызықтарды жүргізу керек (2-сурет).

4. Жіңішке сызықтармен бөлшектің сыртқы және ішкі контурларын сызып бөлшектің әр элементі барлық кескіндерде көрсетілуі керек (3-сурет).

5. ГОСТ 2.305-68 бойынша қажетті тіліктер, қималар және шығару элементтері орындалады. Симметриялық бөлшектер үшін әдетте көріністің жартысын және тіліктің жартысын бірге орындайды. Жергілікті тіліктер қолданылуы мүмкін (4-сурет).

 

 
    4-сурет  
I

 

 

    5-сурет  

6. ГОСТ 2.307-68 сәйкес шығару және өлшем сызықтарын жүргізу. Өлшем сызықтарын жүргізгенде белгілі реттілікті сақтау керек. Ең алдымен габариттік өлшемдер, бөлшектің жеке элементтерінің орнын анықтайтын өлшемдер, ал одан кейін бөлшек элементтерінің және барлық қалған өлшемдер қойылады. Әдетте сыртқы элементтердің өлшемдері көрініс жағынан, ал ішкі элементтердің өлшемдері тілік жағынан көрсетіледі (6- сурет).

7. Кедір-бұдырлық шамасын анықтап, оны сызбада белгілеу. Кедір-бұдырлық класы бұйымның жұмыс істеу жағдайларына және жасалу технологиясына байланысты визуалды түрде анықталады.

 

 
 

 

 

  6-сурет

8. Өлшеуіш құралдар көмегімен бөлшекті өлшеу және сызбада сол өлшемдерді көрсету.

9. Бөлшектің кескіндерінің толықтығын тексеру. «Сызықтар типтері» ГОСТ 2.303-68 талаптарын сақтай отырып, контурды жұмсақ қаламмен басып шығу (7-сурет). Ұсынылатын контур сызығының жуандығы S = 1 мм.

 
 

 

 

  7-сурет  

Бөлшектерді өлшеу және өлшемдерді анықтау

Өнеркәсіпте өлшемдерді анықтау үшін дәлдігі жоғары приборлар мен құрылғылар қолданылады. Оқу процесінде бұған қарағанда қарапайымдау құралдар қолданылады:

1. Металл сызғыш.

2. Кронциркуль (8-сурет).

3. Нутромер (9-сурет).

4. Радиустық шаблон (10-сурет).

5. Бұрандалық шаблон (11-сурет)

және т.б.

 
 

 

  Металл сызғыш сызықтық шамаларды өлшеу үшін, нутромер – тесіктер шамаларын өлшеу үшін қолданылады, ал кронциркульмен әдетте сыртқы өлшемдерді өлшей-ді. Бірақ бұл үш құрал әмбебап құралмен–штангенциркульмен ал-мастырылуы мүмкін. Бөлшек элементтерінің қис-ықтық радиустарын анықтау үшін арнайы пластиналар (шаблондар) қолданылады (6.99-сурет). Егер платина қисық бетке тығыз жана-сатын болса, осы пластинада көр-сетілген мән беттің қисықтық радиусы болып табылады. Плас-тиналар жоқ жағдайда қисықтық радиусын практикалық жолмен анықтауға болады. Бұл үшін қағаз бетінде қисық бөлік бастырылып, қисықтық центрі мен радиусы
8-сурет
R 7,5-15
 
 

 

    9-сурет

6.101-суретте көрсетілгендей тәсілмен анықталады. Метрикалық бұрандалар-дың адымы немесе құбырлық (дюймдік) бұрандалардың өзек ұзынды-ғындығының 1 дюймдегі иірімдері бұранда өлшегішпен анықталады. Бұранда өлшегіштің тұлғасындағы М 60 таңбасы, бұл шаблонның метрикалық бұран-далардың адымын анықтауға арналғанын көрсетеді (6.100-сурет).

       
   
 
 

 

 
10-сурет 11-сурет

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
МЕСТ 2. 311-68 | Растыру сызбасын орындау реті
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-03; Просмотров: 2037; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.