Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Маркетинтгтік талдау 2 страница




Алынды
Шикізат, аралық өнім кг л Шикізат, аралық өнім кг л
Сасықшөп шөбі 13,17   Сасықшөп экстрактысы 23,25  
Спирт 40 % 24,11 25,92 Қалдықтар: регенерациядан кейінгі күнжара 13,17  
      Ысырап: сасықшөп экстрактсы 5% 1,16 0,92
Барлығы: 37,28 25,92 Барлығы: 37,58 25,92

 

3.9 Технологиялық режимді нормалау

9 –кесте Технологиялық режимді нормалау

№ р/с Өткізілетін операция Операция элементі Сызба бойынша жабдық Нормамен берілген уақыт Операцияға кететін жалпы уақыт
           
  Шикізатты дайындау Ұнтақтау, елеу, өлшеу Шөпкескіш, елегіш(3-5см), таразы 30 мин   60 мин 90 мин
  Жеделдетілген бөлшекті мацерация Сулау, тұндыру Перколятор-экстратор 18 са 32 сағ 50 сағ
  Тұндыру Алынған тұнбаны тұндыру Тұндырғыш 2 сут 48 сағ
  Фильтрлеу Дайын өнімді фильтрлеу Фильтр 60 мин 60мин
  Орау, қаптау және белгілеу Өнімді құтыларға бөліп құю Бөліп құю машинасы 60 мин 60 мин
  Қорапқа орау Екіншілік қорапқа орау Дайын өнімді қаптауға арналған үстел 120 мин 120 мин
  Барлығы       102 сағ 30 мин

3.10 Энергетикалық баланс

Электр қуатын тұтыну есебін препарат сериясын алу үшін қолданамыз. Есептеуді келесі формуламен шығарамыз:

(1)

Мұнда, электр машинасының немесе қозғалтқыштың күші, кВт;

өнім сериясын дайындау процессіндегі аппарат немесе машина қозғалтқышының жұмыс уақыты;

біртипті құрылғылардың саны, дана.

Шикізатты өлшеу: таразылар- электр қозғалтқышының қуаты - 1,5 кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты– 0,5с.

N1= 1,5 0,75

1. Перколяция: реакторы -электр қозғалтқышының қуаты - 1,1 кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі реакторлардың жалпы жұмыс уақыты - 72ч.

N2= 1,1 237,6

2. Перколяция: реактор -электр қозғалтқышының қуаты - 1,1 кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 9ч

N3= 1,1 29,7

3. Жуу: шөлмектерді жуудың машинасы: электр қозғалтқышының қуаты - 10 кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 1ч

N4= 10 10

4. Кептіру: кептіргіш қондырғы: электр қозғалтқышының қуаты – 30кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 0,5ч

N4= 30 15

5. Бөліп құю: құйғыш машина: электр қозғалтқышының қуаты

– 2кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 2,8ч

N4= 2 5,6

6. Зат белгілеу: затбелгілік автомат: электр қозғалтқышының қуаты – 0,24кВт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 1,1ч

N5= 0,24 0,3

7. Шамдар: қуаты – 90Вт. Тұнбаның сериясын дайындау процессіндегі таразылардың жалпы жұмыс уақыты - 72ч, шамдар саны – 4д

N6= 90 25200Вт=25,200кВт

Дайын өнім сериясын дайындауға жұмсалған суммарлы электроэнергии:

N= Ʃ Nі = 0,75+237,6+29,7+10+15+2,8+1,1+25,200= 643,8

 

10- кесте – Дайын өнім сериясына жасалған энергетикалық баланс

Құрал-жабдық атаулары Электродвигатель қуаты, кВт Жалпы жұмыс уақыты, сағ Біртектес құрал-жабдық саны, шт Жұмсалған электроэнергия көрсеткіші, кВт
Таразы 1,5 0,5   0,75
Реактор 1,1     237,6
Реактор 1,1     29,7
Құтыларға арналған жуғыш машина        
Бөліп құю машинасы   2,8   5,6
Заттаңба автоматы 0,24 1,1   0,3
Шамдар       25,200
Жиынды қорытынды 135,94 158,9   643,8

 

 


 

4 Өндірісті бақылау және автоматтандыру

Химия өнеркәсібінде механикаландыру кешеніне және автоматтандыруға көп көңіл бөлінеді. Бұл – технологиялық процесстердің жүруінің үлкен жылдамдығымен, күрделілігімен, режимді бұзудың, жұмыс жағдайының зияндығымен, қайта өндіріген заттардың жарылыс және өрт қаупінің тууымен түсіндіріледі.

Өндірісті механикаландыру барысында ауыр еңбек жеңілдетіліп, жұмысшылар саны қысқарып, еңбек өнімділігі артады.

Механикаландыру деп ауыр қол еңбегін жеңілдетуге бағытталған механизмдер мен машиналарды енгізуді айтамыз.Аппараттардың жүктемесінен, машиналар қуатының күшеюіне, өнеркәсіп аумағының ауырлығына, қысымның, температураның және химиялық реакция жылдамдығына байланысты қол еңбегін механикалық өнеркәсіпте пайдалану тиімсіз. Өйткені тәжірибелі жұмысшының өзі де, процесстің нормасынан ауытқу жағдайда тез арада икемделіп, әрекет жасай аламайды. Осындай жағдайлар салдарынан өрт, жарылыс апаттары болуы қауіпі бар.

Өнеркәсіптің дамуына – адам организмінің мүмкіндігінің шектеулігі, адамның тез шаршауы, қоршаған ортаның өзгеруіне және түсіп жатқан ақпараттардың мөлшеріне дер кезінде көңіл аудармауы, жағдайы субьективті бағалау сияқты факторлар кедергі келтіреді.

Адамзатты өндірістегі еңбектен босататын, технологиялық процесстерді, механизмдері машиналарды басқаруды автоматтандыратын, машина өндірісінің жаңа түрі – автоматтандыру заманы келді. Автоматтандыру өндірістің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар өнімнің санының сапасының өсуін арттырып, шығарылған өнімнің арзан болуына септігін тигізеді.

Автоматтық қондырғыларды енгізу арқылы өнімнің сапасы артып, қалдық азайып, сапасыз өнім саны қысқарып шикізат пен энергияны үнемделіп, жұмысшылар саны қысқарып, құралдардың көп уақытқа шыдауына қол жеткізіледі.

Арнайы автоматтық құралдарды енгізу жабдықтарды апаттан сақтайды және атмосфераны, су қойнауларын өнеркәсіп қалдықтарының ластануынан қорғайды.

Химиялық технологияның кешенді автоматтандырылуы түрлі автоматтық жабдықтарымен қамтамасыз етіп қоймай, жөндеу жұмыстарына арналған жабдықтарды қауіпті жағдайларда автоматты түрде қосу және тоқтатуды автоматты түрде басқарады.

Өндірістік процесстерді автоматтандыру техникалық прогрестің жетекші бағыты, қоғамдық еңбектің өнімділігін ұлғайтудың неғұрлым тиімді жолдарының бірі және мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бағыты болып табылады.

Өндірістік процессрерді автоматтандыру технолгиялық құрал-жабдықтар жұмысының дәлірек, сенімдірек және сапалы болуына септігін тигізетінімді, ұтымды технологиялық процесстер жасауға мүмкіндік беретіндігі белгілі. Бұдан бөлек, ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды сондай- ақ кәсіпорындардың ұйымдық құрылымның жетілдірудің тиімді құралы болып табылады.

Операциялар мен процесстерді автоматтандыру, сонымен қатар едәуір экономикалық тиімділік алуға мүмкіндік береді. Автоматтандырудың экономикалық тиімділігі көп жағдайда бұрыннан келе жатқан құрал-жабдықтар мен техгологияларды модернизация жасаумен, сондай-ақ жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялық процесстерді жасаумен байланысты.

Автоматтандырудың маңызды міндеттердің бірі өнім бірлігіне жұмсалатын материалдық және еңбек шығындарын төмендету, яғни өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады.

Әр түрлі өндірістік процесстер мен операцияларды автоматтандыру нәтижесінде өнім бірлігіне жұмсалатын шығындарды төмендету әр алуан факторлар: қызметкерлердің босатылуы, жоғалымдардың немесе материалдар жұмсалуының қысқаруы, өнім өндіру көоемінің ұлғаюы, құрал-жабдықтар жұмысын жөндеу арқылы кезеңін және қызмет ету мерзімінің ұлғаюы және тағы басқа есебінен жеткізідетін іс-тәжірибе көрсетті.

Автоматтандыруға жұмсалатын шығындар автоматтандырудың тандап алынған схемалары және көлеміне автоматика құралдарының құнына және тағы сол сияқты байланысты,

Біріңғай агрегатты жүйенің регуляторлар және басқада приборлардың пайда болуымен реттеудің көп контурлы жүйелерді қолдана басталды. Тікелей технологиялық қондырғылар орналастырылатын, химия өндірісіндегі өнімдердің сапасына ағынды бақылау жасаудың үздіксіз автоматты приборлары пайда болды. Бұл технологиялық параметрлерге өнімдердің сапасын көрсеткіштері жағынан әсер ету арқылы реттеудің көп контурлы жүйелерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Процесс параметріне бақылау жасау үшін жеке приборларды қондырғының көптеген нүктелерінде қолдану кешенді автоматтандыру жолындағы кедергі болып табылады, прибор қалқандардың өлшемдері ұлғаяды, соның салдарынан операторларға олардың көрсеткіштеріне қадағалау қиынға соғады. Бұл кемшілікті жою үшін бақылау қалқанына орналасқан технологиялық процесстің микросхемаларына монтаждалатын аз өлшемді приборлар ұолданыла бастады. Бұл олардың көрсеткіштеріне бақылак жасауды жеңілдетіп, қалқандардың өлшемдерін қысқартады.

 

 

5 Техника-экономикалық негіздемесі

11 – кесте Техника-экономикалық негіздемесі

  100000 флакон
Атауы Өлшем бірлігі. Шығын нормасы Баға (тенге) Құны
НЕГІЗГІ ШИКІЗАТ
  Сасықшөп шөбі кг 13,17 2000,00 26 340,00
  Спирт л 24,41 930,00 22 701,30
  Тазартылған су л   128,00 12 800,00
Негізгі шикізаттың қорытындысы       61 841,30
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
  Қораптар шт. 52,00 75,00  
  Қапшықтар шт. 10,00 40,00  
  Штамптар шт. 1,00 10000,00  
  Инструкции по п\рименению шт. 10000,00 3,00  
  Скотч м      
  Топтық этикетка шт.      
  Басқа көмекші материалдар        
Қосымша материалдар қорытындысы   44 975,00
БАСҚА ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАР
  Еңбекақы + аударым       500,00
  Басқа да шығындар       300,00
\Басқа шығындардың қортындысы 800,00
ӨНДІРІСТІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ   107 616,30
Б. ТОЛЫҚ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
\Өндірістің өзіндік құн   107 616,30
Администраторлық шығындар 40% 43 046,52
Коммерциялық шығындар 30% 32 284,89
БАРЛЫҚ ТОЛЫҚ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ 182 947,71
В. ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ МИНИМАЛДЫ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ
Толық өзіндік құны   182 947,71
Минималды кіріс (рентабельдік) 35% 54884,31
БАРЛЫҚ ЕСЕПТЕМПЕНІҢ МИНИМАЛДЫ ҚҰНЫ 10000 флакон 237 832,02
ЕСЕПТЕМЕЛІК ҚҰНЫ бір өнімнің бірлігі 23,78
 

7 ӨНДІРІСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Кәсіпорынның бас жобасы өндірістік нысандарды жобалаудың өртке қарсы және санитарлық нормаларына жауап беруі керек. Өндірістік кәсіпорын алаңын жобалау кезінде келесі қағидаларды ескеру қажет:

а) бөлінетін зияндылықтар (газ, шаң, түтін, шу т.б.) түрлеріне және атмосфераға лақтырылатын шығарылымдарды тазалау дәрежесіне байланысты технологиялық үрдіс сипаты;

Осыған сәйкес кәсіпорын класы белгіленіп, кәсіпорын мен жақын маңайда орналасқан тұрғын аймақ арасындағы санитарлық қорғаныс алаңының ені таңдалады. Санитарлық қорғаныс аймағының алаңын көгалдандырылу және жайландыру көзделеді.

б) құрылыс алаңы бетінің күйі (орналастыру, көлбеулер, шалағай және сарқынды суларды шығаруды қамтамасыз ету);

в) кәсіпорын алаңында жолдардың орналасуы және адамдардың қауіпсіздігін ұйғару бойынша оларға қойылатын талаптармен қамтамасыз ету;

г) алаң бойына адамдардың жүруі үшін аяқжол ұйымдастыру (аяқжолдардың ені, жабындысы, авто көлік пен темір жол көлігіне қатысты орналасуы);

д) адамдар мен көліктердің жұмыс істеу және қозғалыс алаңдарын жасанды жарықтандыру.

е) кәсіпорын алаңында орналасатын өндірістік ғимараттар, үймереттер, жабық қоймалар және қосалқы ғимараттар арасындағы негізгі өртке қарсы алшақтық (кесте 2);

ж) өндірістік зияндылықтар бөлінетін барлық өндірістік ғимараттар басқа ғимаратттар мен тұрғылықты кварталдарға қатысты алғанда басым желдердің бағытына сәйкес орналастырылуы керек;

з) кәсіпорынның бас жоспарында өртке қарсы іс-шаралар кешеніне кіретін барлық ғимараттар, оның ішінде гидранттардың орналасуымен өртке қарсы су құбырлары да белгіленуі қажет

Өндірістік аймақта әрбір ғимаратқа жоба бойынша бос жатқан аумақ бойымен өрт сөндіруші машиналар кіре алатындай кем дегенде екі жағынан ені 6 м-ден кем емес, ал ауданы 10 гектардан көп ғимараттар үшін барлық жақтарынан да кіре берістер ұйымдастырылуы керек.

Цех ішінде (өндірістік ғимарат ішінде) қондырғыларды орналастыру тәсімдері технологиялық сұлбаның талаптарын ескере отырып, яғни қызметкерлерге арналған өтпелдер мен цехішілік көліктерге арналған өту жолдарының минималды ені ұйымдастырылады. Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Жарақаттардың алдын-алу іс-шаралары (қоршаулы, қорғаушы, тежекті құрылғылар, қашықтықтан басқару, жабдықтар арасында, ғимараттың құрылыс элементтері мен жабдықтар арасында алшақтықтар ұйымдастырылады, желілердің айқындауыш бояулары болады, сусымалы материалдарды шығару кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары, апаттық дабыл секілді ескертулер, апаттық өшіп қалу т.б.), сонымен қатар апаттық жағдайлардың алдын-алу (ЭЕМ көмегімен қондырғыларды басқару, автоматтық бақылау және дабыл, өндірістік үрдістерді автоматтандыру, жұмыс көрсеткіштерін, зиянды және қауіпті факторларды бақылау жылдамдығы, блоктауыштар және шектеуіштер, бақылауыш-өлшеуіш құралдар, аса жүктемеден қорғаныс, қадағалаулар мен талдау жұмыстары) іс-шаралары ұйымдастырылады. Қауіпсіздік және эргономика тұрғысынан басқару пульттарына, сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс орындарын ұйымдастыруға мұқият назар аударған жөн.

 

Жобаланатын технологиялық үрдіс пен қондырғыларды зерттеу негізінде құрамында: айналмалы және қозғалмалы элементтері бар, жұмыстардың биіктікте орындалуымен, жүктердің биіктікте тасымалдануымен сипатталатын, электрлік желісінің жоғары кернеуінде жұмыс істеуімен, жоғары немесе төмеңгі температурадағы элементтері немесе беттік аймақтарымен, бу немесе жоғары температурадағы судың бөліну мүмкіндігі бар аймақтарымен т.б. сипатталатын жарақат қауіпті аймақтар белгіленеді.

Электр тоғымен зақымдалудан қорғану іс-шараларын, электр желілерінде қысқа тұйықталудың нәтижесінде жарылыс пен өрттердің пайда болуынан қорғаныс (арнайы орындалған электр қондырғыларын пайдалану; қауіпсіз кернеулік, күштік және жарықтандырғыш желілердің тоқ өткізгіш бөліктерін оқшаулау; оларды қолмен ұстап қалудан жеткіліксіз жерге орналастыру; блоктауды, ескерту дабылдарын қолдану; қорғаныстық жерсіндіру мен өшіп қалуды; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану т.с.с.).

Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғыны қарастыру, Мемтехбақылау ұйымының тіркеуіне жататындарын және кәсіпорын әкімшілігінің бақылауында болатындарын анықтау қажет. Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты зиянды және қауіпті факторлар мен мүмкін болатын апат себептерін анықтау қажет.

Қысыммен жұмыс істейтін әр жабдыққа қатысты бақылаушы-өлшегіш аппаратураны, қауіпсіздік жабдықтары мен автоматикасын таңдап, оларды негіздеу қажет. Қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын, оны орналастыруға лайықты ғимарат пен қызмет атқаратын жұмысшыларға деген талаптарды негіздеу қажет.

Ғимараттағы шу мен дірілдің пайда болу көздері белгіленеді және ғимараттағы діріл акустикалық активті қондырғыларды есепке ала отырып, жұмыс орындарындағы олардың нақты деңгейлері бағаланады.

Еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу, бұл өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді қауіпсіздікті, зияндылықты, оларда жұмыс істейтін ауырлығы мен қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы жүргізілетін іс-әрекеттер.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізуге кіретіндер:

­ қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы нақты нормативтермен сәйкес ұйымдардың жұмыс орындарын аттесттациядан өткізу;

­ қауіпсіздік пен еңбек қорғау облысындағы олардың нормативтерімен сәйкестігі бойынша ұйымдардың өндірістік объектілерін кешенді бағалау:

­ еңбектің қауіптілігі мен зияндылығы дәрежесін бағалау;

­ жарақат қауіпсіздігі дәрежесін бағалау мен ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

­ жеке қорғаныс құралдарымен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау.

Өндірістік объектілерді аттестациядан өткізу нәтижесі келесідей мақсаттарда қолданылады:

­ нормативті құқықтық актілердің талаптарымен сәйкес жұмыс орындары үшін еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсарту бойынша ұйымдық –техникалық шаралар кешенін өткізу;

­ жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік ортаның нақты жағдайының шарттарын бағалау;

­ жұмыскерлерді қажетті жеке қорғаныс құралдарымен және ұйымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін анықтау, олардың нақты жұмыс шартымен және оларға қойылатын стандарттар талаптарымен сәйкес келуін анықтау;

­ кәсіби аурулар мен кәсіби аруларға диагноз қоюға қауіп туындаған кезде орындалатын жұмыс пен кәсіпке байланысты аурумен байланыстылығын анықтау үшін қауіпті немесе зиянды жұмыс жағдайында жұмыс фактісін тағайындау, сонымен бірге дау-дамайлы жағдайларды шешу мен басқада жағдайларда сот түрінде шешу кезінде жұмыс фактілерін анықтау қажет;

­ өндірістік объектілерді немесе жабдықтарды пайдалануды (тоқтату), сонымен бірге технологияның өзгеруі туралы шешім қабылдау;

­ еңбек жағдай туралы статистикалық есеп беруді жасау;

­ жұмыскерлердің еңбектік міндеттерін (қызметтерін) орындауы кезінде, жұмыскердің денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянына жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру кезінде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін анықтау;

­ Қазақстан Республикасының еңбектік заңнамаларымен қарастырылған, зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыскерлерге жеңілдіктер мен жәрдем ақылар төлеуді негіздеу;

­ зиянды өндірістік факторлар мен олардың әсерінен қорғау бойынша жүргізілетін шаралар туралы еңбек қорғау мен қауіпсіздік шарттары туралы жұмыскерлермен нақты ақпарат алу.


 

8 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Технологиялық үрдіс және қондырғыларды зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорында пайда болатын зиянды заттар, олардың агрегаттық күйлері (шаң, газ, булар) анықталады.

Олардың шекті рұқсат етілген мөлшері (ШРМ) және қауіптілік класы белгіленеді (кесте 6). Қарастырылып отырған ғимарат ішіндегі басқа бір қондырғының жұмысын есепке ала отырып, кеңесшінің нұсқауымен біртекті зиянды заттардың бөліну қарқындылығының шамасы алынады (шаң, газ, булар немесе төмендегі теңсіздік сақталуы тиіс болатын бір бағытта әсер ететін заттар):

Ғимаратқа келіп түсетін әрбір зиянды зат үшін оның қауіптілік көрсеткіші белгіленіп, басым зат анықталады және ол арқылы жалпы алмасымды желдетудің өнімділігі есептеледі. Қауіптілік көрсеткіші (мг/м3)

Ро = М / СШРМ,

Мұндағы М – ғимаратқа келіп түсетін қарастырылып отырған зиянды заттың қосынды мөлшері, мг/м3;

СШРМ – оның ШРМ, мг/м3.

Басым зат Ро шамасының ең үлкен мәні арқылы анықталады.

Одан әрі нысанның орналасу аймағын сипаттау қажет (жергілікті рельеф, орман массивтерінің болуы – өрттің пайда болу көзі ретінде; өзен, көл маңайында орналасқан өнеркәсіптер үшін – су басу мүмкіндігі; автокөліктік және темір жолдарының, су көліктерінің болуы және т.б.). Өнеркәсіп алаңы құрылысының сипатын (құрылымын, тығыздығы мен құрылыс типін, өрттердің пайда болу және өршу мүмкіндіктерін, ғимараттар арасындағы өтпелдер мен қорғаныс паналарына кіре берістерде үйінділердің пайда болуы), жабдықтардың орналасу сипатын (ғимараттарда, ашық кеңістіктерде, үлдіріктерде), ғимартаттар мен үймереттердің техникалық сипаттамаларын (қабаттылығы, өлшемдері, қабырғалық толтырымы, жарық саңылаулары, төбе жабындысы, аралық жабындылары, ғимартаттың отқа төзімділігі, ғимаратқа қосарласып және оған жақын орналасқан қорғаныстық паналардың болуы) көрсету керек.

Ең үлкен ауысымдағы тұрақты жұмыс орындары мен қызметкерлердің болуы мүмкін орындарын көрсете отырып жұмыскерлер санын келтіру керек, энергетикалық және байланыс желілерінің сипатын (жер үстілік, жер астылық, эстакада бойында орналасқан, ор, топырақ қабатында, ғимарат қабырғаларының ішінде орнатылған), ішкі энергиямен қамамасыз ету көздерінің болуы, қажеттілік туындаған кезде (мысалы АҚ дабылы бойынша) жеке аймақтардың немесе барлық жүйенің электр желісінен қашықтықтан ажыратылу мүмкіндігінің болуын көрсету қажет.

Өндірістің газбен қамтамасыз ету жүйесінен автоматты түрде ажыратылу мүмкіндігін (егер мұндай мәліметтер бар болса), өндірісті ҚӘУЗ мен оттегімен, жарылыс қауіпті және жанғыш заттармен қамтамасыз ету жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жайлы ақпараттарды зерттеу қажет.

Өндірісті басқару жүйесінің санімділігіне, қызметкерлерді жұмылдыру аймағымен байланыс, хабарлау жүйесіне, жұмыс күшін толықтыру және басқарушы қызметкерлерді өзара алмастыру мүмкіндігіне баға беру қажет.

Бөлімде дауыстап сойлегіштердің, сиреналар, таблолардың орналасу орындарын (өндірістік ғимараттардың, этажеркалардың және өндіріс аймақтарының белгілену өстерінің координаттарын, әкімшілік тұрмыстық ғимараттардың атауларын) көрсету қажет, сонымен қатар кәсіпорынның ТЖ және АҚ штабының дабылдарын цехтың ТЖ және АҚ құрылымдарының басшыларына тарату мақсатында қолданылатын ақпарат тарату микрофондары, сиреналарды қосу құрылғылары мен жарықтық таблолары орнатылған бөлмелерді атап көрсету қажет.

Жобада АҚ дабылдары бойынша өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес жұмысты тоқтату, қызметкерлердің қорғаныс үймереттерінде жасырыну мүмкіндігін қарастыру қажет. Өндірістік технологиялық үрдіс немесе қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнайы кезекші қызметкерлерге қорғаныстық паналар ұйымдастырылуы қажет.

ТЖ зардаптарын жою ҚР Қарулы күштерінің, Азаматтық қорғаныс күштерімен, арнайы және Азаматтық Қорғаныстың әскериленбеген құрылымдарымен жүзеге асырылады.

Төтенше жағдай зардаптары құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар аяқталғаннан соң жойылған болып есептелінеді.

- Жер ресурстарын пайдалану. Негізгі және қосымша ғимараттардағы бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер келтіріледі, сонымен бірге административті тұрмыстық қызметтегі, территорияның қатты қаптама аудандары мен көгалдандыру газондары туралы мәліметтер келтіріледі. Сонымен бірге осы бөлімде уақытша пайдаланылатын бөлінген жер аудандары туралы мәліметтер беріледі: құрылыстық материалдар қоймалары, жолдар, құбыр өткізгіштер, электр берілісі желілері және басқада желілі үймереттер.

- Өнім түріндегі қосымша материалдар қорлары мен шикізат шығыны. Мұнда қосымша қорлар мен шикізат түрі туралы, қолданылатын шикізат өнімдері мен шикізат шығыны атаулары, сонымен бірге жылдағы жалпы тұтынатын өнім бірлігі туралы мәліметтер келтіріледі.

- Өнім түрі бойынша энергия қорының шығыны. Осы бөлімдегі ең маңыздысы, энергияға кететін өзіндік құнның артуымен байланысты, өндіріске кететін шығын мен өнім түрлері бойынша мәліметтер келтіріледі: электр энергиясы, газ, мазут, көмір және отынның басқа түрлері, сонымен бірге жылулық энергия; осы мәліметтерді өнім бірлігінде жалпы шығын бойынша беріледі, жылулық энергия бойынша қазандықта қанша шығындалады және қайтымды қорларды пайдаланғанда қанша болатындығы көрсетіледі.

- Өндіріс бойынша толығымен атмосфераға тасталынған зиянды заттардың сипаттамасы. Мұнда бөлінетін зиянды заттардың атаулары, олардың мөлшері, сонымен бірге тазалаудан өтпеген тасталынған заттар және тазалуға жіберілген заттар, сонымен бірге соңғы мәліметтерінде қанша зиянды заттар ауланды және қаншасы залалсыздандырылды және қанша жойылды көрсетіледі. Өндірістің атмосфераға тасталған зиянды заттардың (жеке түрлері бойынша) жалпы көлемі, олардан қаншасы ауланды және қаншасы пайыздық мөлшерде рұқсат етілген мөлшердегі қалдықтар мен мөлшерден асып кеткен қалдықтардың мөлшері туралы мәліметтер келтірілген.

- Атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын бөлетін көздердің сипаттамалары. Мұнда сызбаларда нөмірлеріне ұсыныстары көрсетілген мәліметтер, көздерден шыққан зиянды заттар мен олардың көлемдері туралы, шаң аулайтын жабдықтарды орнату туралы, оған кететін күрделі және пайдалану шығындары көрсетіледі, сонымен бірге атмосфеараға тасталынатын зиянды заттардың көлемі- максималды, жылдық-қосынды және өнім бірлігі мәліметтері келтіріледі, сонымен бірге қалдықтардағы (олардың көлемі мен температура) газ ауалы қоспалардың көрсеткіштері туралы мәліметтері келтіріледі.

- Су объектілерінен алынған, судың көлемі. Мұнда су объектілерінің атаулары келтіріледі, сонымен бірге су өткізу жүйелері, суды жинау лимитін бекіту және жылдағы алынған мөлшері, технологиялық және қосымша қажеттіліктерге кететін суды пайдалану, сонымен бірге шаруашылық- ауыз су шығындары мен тасмалдау кезіндегі судың жоғалымы туралы мәліметтер.

- Ағынды су көздерінің сипаттамалары Мұнда ағынды сулар көздерінің атаулары, жіберу режимі, бақылау-өлшеу аспаптары, ағынды сулардың максималды және орташа шығындары көрсетіледі (рН сутегілік көрсеткіштері, қалқымалы заттар, түсі, улылығы, арнайы нормативті қоспалары).

- Тазалау үймереттерінің сипаттамалары. Мұнда тазалау құрылғыларының атаулары және ағынды суларды тазалау әдістері, оның жобаланған өткізу қабілеттілігі және ингредиенттер бойынша тазалау тиімділігі беріледі.

- Су айналым жүйелерінің сипаттамалары (САЖ). Осы мәліметтер өндірістің экологиялық төл құжатында міндетті түрде көрсетілмейді. Олар айналымдық жүйелер туралы мәліметтерден (қызмет етілетін өндірістің атауы, судың шығыны, жүйелердің типтері, жазылу туралы мәлімет) және суды қайта пайдалану жүйелері (алғашқы және қайта пайдалану және судың шығындары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер бар.

- Өндірістегі пайда болатын қалдықтардың сипаттамасы. Мұнда қалдықтардың атаулары, олардың мөлшері және пайдалану туралы мәліметтер беріледі, сонымен бірге осы мақсатта берілген басқа өндірістер мен мекемелер, қалдықтарды залалсыздандыру (жою), оларды қоймалау, шақыру кезеңділігі және қалдықтарды пайдалану себептері туралы мәліметтері беріледі. Егер өндірістің, қалдықтарды көмуге (қоймалау) арналған полигоны мен жинайтын арнайы жерлері болса, оларды орналастыру орындары, қамтыған ауданы, санитарлы-қорғаныстық аймақтардың өлшемдері және осы үймереттерді сипаттайтын басқада мәліметтер келтіріледі.

- Бұзылған жерлерді қайта өңдеу және топырақтың бұзылған қабатын аршып алу. Мұнда бұзылған жерлердің ауданы мен егістікке, ауылшаруашылыққа, орман ағаштарын отырғызуға, су қоймалары мен басқада мақсатта пайдалану үшін оларды қайта қалпына келтіру туралы, сонымен бірге топырақтың өнімділік қабатын пайдалану мен оларды аршу туралы мәліметтері келтіріледі.

- Өндірістегі көліктер. Мұнда машиналардың типі және саны, олардың жүріп өткен уақыты, зиянды заттардың (СО, NОх, көмірсутегі) меншікті қалдықтары мен жылдық қалдығы туралы мәліметтер келтіріледі.

- Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарға төленетін ақы, қалдықтарды орналастыру. Мұнда рұқсат етілген, бекітілген лимиттері, осы лимиттер шегіндегі төлем мөлшерлері, мен осы мөлшерден асып кеткендегі төлемдері, бекітілген лимиттер шегіндегі жеке көлемдері және олардың асып кетуі туралы мәліметтер келтіріледі.

o Өндірістік орындардың табиғатпен толық өзара байланысындағы экологиялық төл құжаты, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған өндірістер үшін міндетті түрде болатын құжаты, соңғы уақытта осы құжат жыл сайын өндірістегі болып жатқан өзгерістермен жаңартылып отырады: өнімділіктің өзгеруі мен шығарылатын өнімнің түрі, жаңа тазалау қондырғыларының құрылғылары және т.б.

Дипломдық жобаларды жасау кезінде (жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта қалпына келтіру) жобаның жазбасында экологиялық төл құжаттың алдыңғы немесе соңғы бөліміне жататын, экологиялық төл құжаттың барлық бөлімдерінің атаулары көрсетілуі керек; осы мәліметтер сандық материалдармен, кейде жазбаша түріндегі сипатта болуы мүмкін.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1219; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.076 сек.