Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Менеджмент-1 кредит 2 страница




Ұйымға сыртқы ортадан жанама әсер ететін факторлар: Ұйымға жанама әсер ету ортасы – ұйым қызметіне әсер етеді, бірақ ұйым қызметкерлері бұл әсерді басқарып не реттеп отыра алмайды. Жанама әсер ету факторларына саяси, экон/лық, әлеу/к-мәдени, ғылыми-тех-қ, табиғи, халық-қ,ж/е т.б. факторлар жатады. Саяси: Ұйым қызметіне саяси тұрақтылық не тұрақсыздық, елдегі әлеу-к жағдай, экон-ға мем-тің кірісу дәрежесі ж/е бизнес дамуына жағымдвы көзқарасынан туатын шаралар, экон-ка секторларын мем/т меншігіне не жекешелендірушаралары, қоғамның демократизац-ның даму деңгейі ж/е т.б. жатады. Экон/қ жағдай: ұйым басқармасымен бағалануы тиіс. Себебі экон/ка циклдың қай стадиясында болуы, инф-ның болуы ж/е оның түрі, инв-р үшін тартымдылығы және т. б. Факторлар ұйым іс-әрекетінің нәтижесіне үлкен әсер жасайды. Әлеу/к фактор:Қоғамда қалыптасқан өмірлік құндылықтар, стеоретиптер, дәстүрлер, ережелер, жеке тұлғалар мен топтардың ұйым ішінде жүргізілетін іс әрекет әдістеріне айтарлықтай әсерін тигізеді, Ұйымның сыртқы ортасы – ұйым жұмысына әсер етуші сыртқы факторлар жиынтығы. Ұйым ашық жүйе болғандықтан сыртқы ортамен тығыз байланыста болады.

Сыртқы орта сипаттамалары:Сыртқы орта күрделілігі. Сыртқы ортаның әсер етуші фактор санының көптігі.Сыртқы ортаның қозғалмалығы. Ол дегеніміз ұйым жұмысына сыртқы ортадан әсер етуші фактордың жиі өзгерістерге ұшырауы.

 

Ұйымға жанама әсер етуші факторлар.

Сыртқы экономикалық орта – инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты,

қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі т.б. ұйымның жұмысына әсер етеді.

Сыртқы технологиялық орта. Әрбір кәсіпорын технологияның соңғы

жетістіктерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұйым байланыс құралдарымен толық жабдықталып, мәлімет-ақпараттар, жаңалықтар мезгілінде қызметкерлерге жетіп отыруы қажет. Технология - өнім өндіру мен қызмет көрсетудің, оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне жаңаруына байланысты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де біршама өзгеруі мүмкін.

Сыртқы әлеуметтік-этикалық орта – адамдардың көзқарасына, тәрбиесіне,

тілек-ықыласына, зиялылығы мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Кез келген адам белгілі бір әлеуметтік ортада жарық дүниеге келеді, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы басталып, адамзат ұрпағының қалыптасу жолы басталады. Осындай күрделі құрылыс адамдар ортасын қалыптастырады және адам баласы қоғамға тәуелсіз ешқандай өмір сүре алмайды. Басшы әлеуметтік ортамен санаспай болмайды. Менеджер үшін әлеуметтік көзқарас, сенімділік, бағалылық өте маңызды:

- сенімділіктің болатын себебі мынада: жұмыс істегісі келетін адамдарда жұмыс барысында әртүрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану қажет;

- бизнеске сену, кәсіпорынның басшысын бағалау, құрметтеу;

- іскерлік қызметте бәсекелестікке сену;

- жеке адамдардың діни наным-сеніміне, нәсіліне қарамастан құрметтеу;

- білімге сену және оны құрметтеу;

- қисынды процестерге ғылыммен техникаға сену;

- әртүрлі өзгерістердіңмаңыздылығына, бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі – іс жүзінде қолданылатын адамның жеке басының жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан құралады. Ұйымға қатысты этикалық нормативтер азаматтық кодексте жазылған, ол нормативтерді әрбір қызметкер білуі тиіс (пара алу, қиянат жасау, залымдық, заңсыз ақша төлету, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу т.б.).

Сыртқы саяси орта. Әрбір ұйымдағы әрбір басшы түрліше заңдармен,

қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады.

Халықаралық жағдайлар да ұйым жұмысына әсер етеді. Мысалы, ұйым өнімдерін

өткізіп немесе сол жақтан шикізат алып жүрген елдердің халықаралық жағдайлары өзгерсе, ұйымның жұмысына да ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан ұйым басшысы тығырықтан шығатын басқа да жолдарды қарастыруы тиіс.

Тікелей әсер ететін факторлар.

Жеткізушілер (жабдықтаушылар). Ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан

алады. Мысалы, еңбек ресурстарын, шикізатты, техника, құрал-жабдықтарды, энергияны, қаржыны белгілі бір бағамен, белгілі бір уақыт аралығында басқа ұйымдардан алып отырады, міне осындай ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын мекемелер жеткізушілер (жабдықтаушылар) болып саналады. Ресурстар қажет кезінде жеткізілмесе, онда ұйымның жұмысына кедергі болып, тоқтап қалады. Сондықтан олар тікелей әсер етуші фактор болып табылады.

Кәсіподақ. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты көптеген мекемелерде

кәсіподақ ұйымы өз жұмысын тоқтатқан жағдайлар кезедеседі, бірақ ол дұрыс емес. Ұйым мүшелерінің мүддесін қорғаушы, оларды еңбекпен қамтамасыз етіп, келісімшарттың орындалуын қадағалайтын кәсіподақ болуы тиіс. Әрбір ұйымда еңбек қатынастары заңдарының сақталуы кәсіподақ келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың заңдары мен қаулы-қарарларын орындамаған ұйым заң

алдында жауап береді. Әрбір ұйымға тән белгілі бір шектеулер, жеңілдіктер, салық төлеу міндеті, еңбек тәртібін сақтау, бухгалтерлік есеп-қисапты ережеге сай жүргізу т.б. әртүрлі заңдылықтар белгіленген. Ұйымның осындай заңдылықтар мен ережелерді уақытында орындап отыруы тиіс.

Тұтынушылар. Әрбір кәсіпорынның мақсаты өндірілген өнімдерін

тұтынушыларға ұсынып, олардың тілек-талабынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыру. Егер тұтынушылардың сұранысын алдын-ала зерттеп, анықтамаса, онда өнімдер сатылмай, ұйымның шығындары ақталмайды, сондықтан тұтынушылардың талабымен санасу арқылы ғана ұйым мақсатына жетеді.

Бәсекелестер. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін басқа да бәсекелес

ұйымдардың іс-әрекеттерімен санасуына тура келеді. Бәсекелес ұйымдардың нарықта алатын орны, өндіріс ауқымы, сату шапшаңдығы, басты ерекшеліктері, баға деңгейі, жарнамаларының тиімділігі, жаңалығы, тәжірибесі, өнім сапасы, қызметкерлердің білім деңгейі, жалпы беделіосы ұйым үшін ерекше роль атқарады. Әрбір ұйымның бәсекелестік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана табысқа жетеді. Сол себепті, кәсіпорын өзімен бәсекелес, даму деңгейі жоғары ұйымдардың жұмысын үнемі бақылап отыруы тиіс, бұл жағдайда кәсіпорын әрқашан алға шығып, дами түседі.

Тікелей әсер ететін факторлардан басқа да, сыртқы орта ұйымға экономикалық тұрғыда, технологиялық, әлеуметтік-этикалық және саяси тұрғыда ықпал етеді.

 

4. Коммуникация анықтамасын беріңіз және коммуникацияның түрлерін сипаттаңыз

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар – бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушыларға жарнама арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық немесе халықаралық деңгейде байланыс жасауға ерекше кеңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуынын баска да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен бірі беріліп, алмасып отырады. Жоғарғы басшылықтан төменгі басшылықка күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар т.б. беріледі. Төменгі деңгейдегі басшылықтан жоғары деңгейдегі басшылыкка берілетін мәліметтер еңбек өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.

Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейдегі басшылыкка берілетін мәліметте не істеп жатқандығы айтылады. Басшы осындай жолмен ағымдағы және толғағы жеткен мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардын мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады.

Әр түрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым ұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені, оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан басшы мақсатқа жетуі үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

5. Коммуникация процессінің элементтерін анықтап, әр кезеңін түсіндіріңіз

6. Жекетұлғалық коммуникациядағы кедергіліерді және жекетұлғалық коммуникацияны жетілдіру әдістерін сипаттаңыз

7. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдердің, пайымдалған және ұтымды ерекшелігін түсіндіріңіз.

Басқарушылық шешім дегеніміз- лауазымды адамдардын өздеріне берілген міндеттерді орындау үшін таңдай білу қабілеттілігінің болуы. Оның мақсаты мемлекеттің алдында тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтанда тиімді шешімдер қабылданған және орындалған мақсатын айтуа болады. Басқарушылық шешімдер екіге бөлінеді.

1. Бағдарланған шешім.

2. Бағдарланбаған шешім.

Бағдарланған шешім — математиқалық теңдеулерде қолдынылатын бір қадам мен құрлымын белгілі бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады немесе іс қимылдың айқын, белгілі бір қисынға сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылуы

Бағдарланбаған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: ұйым мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болмайды, бөлімшенің құрылымын қалай жетілдіру қажет, бағыныштыларды қалай ынталандыру керек.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: Шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру.

Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім кабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ыкпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

 

8. Стратегия мен стратегиялық жоспарлау мәнін ашыңыз. SWOT – талдау түсінігін көрсетіңіз

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілерінде қандай бес белгі бар? Атқаратын қызметі қандай?

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.Стратегия дегеніміз - ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.Стратегиялық жоспарлау дегеніміз - басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стратегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

. Сүт тағамдарын өндіретін «Адал» компаниясының қызметіне SWOT-талдау жасаңыз.

SWOT анализ:

Күшті жақтары

- жоғары сапа

- кең ассортимент

- орамасының тартымдылығы

Әлсіз жақтары

- тұтынушы нарығының маусымдығы

Мүмкіндіктері

- өткізу нарығын басып алу

- экспортқа шығу

Қауып-қатер

- импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы

- әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

- Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;

- мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;

- тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

 

9. Теорияның мазмұндық теориясын ашыңыз. Оның басқару теориясына қосқан үлесі мен кемшілігі

10. Бақылау мәнін ашыңыз және оның түрлерін қолдану уақытына қарай көрсетіңіз

Бақылау – ұйымды да қызметкерлерді де шығыннан алдын ала қорғау үшін бағытталады. Бақылау дегеніміз ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол қолда не барын және не болуы керектігін ұдайы салыстырады. Оның мақсаты түзеу мен алдағы уақытта қайталанбауы үшін қателер мен жаңылысуларды атап өту.

Бақылаудың функцияларының бірі –дағдарсты ахуалдың пайда болуын болдырмау.Бақылау процесі үш кезеңнен тұрады:

1. Стандарттар мен критерийлерді белгілеу.

2. Нақты нәтижелерді стандарттар және критерийлермен салыстыру.

3. Қажетті түзетулерді белгілеу және қабылдау.

1) Стандарттар мен критерийлерді белгілеу кезеңінде бақылауда пайдаланылатын барлық стандарттар ұйым стратегиясы мен мақсаттарына орай таңдалуы тиіс. Нәтижелі көрсеткіштер көбінесе сандық өлшеммен беріледі. Яғни, стандарт дегеніміз бұл жағдайда қол жеткізуге қажетті жоспарланған нақты мақсаттар. Стандарттар түрінде қолданылатын мақсат уақыт мерзімі мен шектелген және өлшемді болуы тиіс.

2) Нақты нәтижелерді стандарттар мен критерийлермен салыстыру кезеңі бақылау процесіндегі ең маңызды әрі ең күрделі кезең. Бұл кезеңде менеджер қол жеткен нәтижелердің белгіленген стандарттарға сай келуін немесе ауытқуын салыстыру арқылы анықтайды. Бұл кезеңнің өзі келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

• Ауытқу масштабын анықтау

• Нәтижелерді өлшеу

• Ақпаратты беру

• Ақпаратты бағалау

Кез келген ұйым нәтижелері қойылған мақсаттардан қалай болса да ауытқиды, сондықтан да ұйымдар ауытқудың рұқсат етілетін мөлшерін анықтауы керек. Ауытқу бұл мөлшерден асатын болса, оған сәйкес шара қолданылуы қажет. Бұл рұқсат етілетін ауытқулар масштабы ұйым жұмысының тиімділігіне әсерін тигізеді.Нәтижелерді өлшеу үшін ең алдымен өлшем бірліктерін анықтап алу қажет. Сонымен қатар нәтижелерді өлшеу неғұрлым тез, дәл және белгілі бір жиілікпен орын алуы керек.Ақпаратты дәл және толық беру бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етуде өте маңызды. Бақылау жүйесі ұйым қызметкерлеріне қабылданған стандарттарды ғана емес жұмыс нәтижелерін де жеткізуі керек.Ақпаратты бағалау яғни алған ақпаратты жүйелеу талдау және сол бойынша қорытынды жасау болып табылады.

3) Қажетті түзетулерді белгілеу және қабылдау кезеңінде бақылаушы орган үш мінез құлық линиясының біреуін ұстануы мүмкін.

• Ешқандай шара қолданбау

• Ауытқуды жою

• Стандарттарды қайта қарастыру

Тиімді бақылау сипаттамалары

Бақылау ережелерінің типтері:

1) бақылау қақтығыспен шектелмеуі тиіс;

2) жаппай бақылау ұқыпсыздыққа ұшыратады;

3) жасырын бақылау реніш туғызады;

4) тек жауапты учаскені бақылаумен шектеуге болмайды;

5) сенбегені үшін бақылауға болмайды;

6) бақылау сырт көзге көріну үшін істелмейді;

7) өз қорытындыңды іште сақтама.

Мінез құлық ғылымының өкілі Ньюмен бақылау тиімділігін арттыру үшін менеджерлерге бірнеше ұсыныс айтады.

1.Қызметкерлерге қолайлы ойластырылған стандартты белгіле

2.екі жақты қарым қатынасты белгіле

3. өрескел бақылауға жол берме

4.стандарттарды қатаң бірақ жеткілікті белгіле

5.стандартқа жеткені үшін мадақта.

Бақылау барынша қарапайым болған жөн. Бақылаудың тиімді болуы үшін негізгі сипаттмалары бар:

1) Бақылау стратегиялық сипатта болу керек

2) Бақылау Іске сәйкес болу керек

3) Бақылау Нәтижеге бағытталуы керек

4) Бақылау Дер кезінде жүргізілуі керек

5) Бақылаудың икемді бейімді болуы керек

6) Бақылаудың қарапайымдылығы

7) Бақылаудың үнемділігі

8) Халықаралық нарықта бақылау қосымша күрделілік сипат қабылдайды.

Бақылау түрлері

Жиналатын ақпараттың мазмұны мен көлеміне қарай:

1. Кешенді (жүйелі)

2. Тақырыптық.

 

Бақыланатын, зерттелетін объектілердің түрі мен санына қарай:

1. Жеке бақылау

2. Топтық (сыныптық-талдау, қорытындылау; пәндік талдау, қорытындылау;

проблемалық талдау, қорытындылау)

3. Фронтальды (жалпы мектепішілік) бақылау.

 

 

Бақылау дегеніміз ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ететін процесс. Ол қолда небарын және не болуы керектегін ұдайы салыстырады. Бақылудың қажеттілігі дағдарыстың пайда болуын алдын ала сақтандыруға байланысты. Бақылау басқарудың күрделі және маңызды қызмметі. Бақылаудың үш түрі бар:

1. Алдын ала бақылау.

2.Күнделікті немесе ағымдағы бақылау

3. Қорытынды бақылау.

Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары болып белгіленген ережелерді, процедураларды және мінез құлық линиясын ұстану болып табылады. Алдын ала бақылау үш саладан ж.а. бірінші, адамдық ресурстар саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет, міндеттерін орындауға кәсіпкерлік білімі мен шеберлігін мұқият таңдау негізінде біліктілігі бар мамандарды таңдауға мүмкіндік береді. Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігін, жаңа материалдардың жай күйі, жарамдылығы анықталады. Қаржы ресурстарын алдын ала бақылау маңызды буын, бұл бақылау түрі негізінен бюджет құру арқылы ж.а. Бюджет алдын ала бақылаудың негізгі механизмі, ол жоспарлау функциясымен бақылау функциясын қатар орындауға мүмкіндік береді.

Екінші күнделікті немесе ағымдағы бақылау, жұмыс барысында жүзеге асады, оның обьектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер ал, жүзеге асырушы тікелей басшы. Бұл бақылау нақты жұмыстарды орындаумен бір мезгілде жүргізілмеуі мүмкін. Оның өзі жұмыс орындалғаннан кейін, нақты нәтиженің өлшемін білуге, ойланғвн мақсатқа жетуге негізделеді.

Үшінші, қорытынды бақылаудың маңызды екі функциясы бар: Бірінші, жоспарды оындау үшін ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екінші, қорытынды бақылау мотивацияғв ықпал етеді. Егер, ұйым бвсшысы ынталандыруды белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, онда нәтижені де әділетті бағалауы қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 2378; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.102 сек.