Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 2 страница. Шығармашылықты дамыту мәселесі 1970 жылдары күн тәртібіне өткір қойыла бастады




Шығармашылықты дамыту мәселесі 1970 жылдары күн тәртібіне өткір қойыла бастады, өйткені қазақ мектептеріне реформа жасалды. Бұл өзгертудің мәнін 1970 жылғы конференцияда А. Ысқақов: «Жаңа бағдарламада «Тіл дамыту» деп аталатын жұмысқа ерекше назар аударылып отыр. Бұл жұмыс - өмір талабынан туған нәрсе. Қауымның жалпы мәдениетін көтеріп, сөйлейтін, жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі әуезді етіп құпуды қалайды. Бұл үшін оқушының тілін жазуда да, ауызша да дамыту қажет»-деп көрсетті. 1970-1980 жыдары тіл дамытудың «тіл ұстарту», «байланыстырып сөйлеу» деген бөлімдерінің негізгі міндеттері анықталып, сол бойынша жұмыс түрлері ұйымдастырыла бастады. 1975 жылы Қ.Исабаевтың «Мектепте фонетиканы оқыту», ал 1976 жылы Қ.Тұрғановтың «Мектепте морфологияны оқыту» еңбектері жарық көрді.

И. Ұйықбаев оқушылардың ауызекі тілін дамыту үшін, ең алдымен, оқушылардың сөздік қорын молайту; әдеби сөйлеудің нормасын, сөйлемді дұрыс құрауды үйрету; ойын байланысырып жүйелі айтып беру дағдылары мен машығын қалыптастыруға аса назар аударуды ұсынды. 1988 жылы Б.Құлмағамбетованың «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты кітабы жарық көрді.

Өмір талабына байланысты шығармашылықты дамытудың жалпы мәселелерімен бірге жекелеген бағыттары бойынша да зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұған А.Жапбаров пен М.Мусинаның «Қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту» еңбегін жатқызуға болады. Бұл еңбекте алғаш рет қазақ тілі пәнін оқытудағы тіл дамытудың ғылыми негіздерін, салалары мен міндеттерін анықтауға қадам жасалды. Сондай-ақ фонетика, лексика, морфология және синтаксистен білім беруге байланысты оқушылардың тілін дамытудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Авторлар мұғалімнің тілін дамыту жұмысындағы әдіс-тәсілдерін анықтап, оқушылардың қызметін ұйымдастырудағы жаттығу жұмыстарын жүйеледі. Б.Құлмағамбетова 1965 жылдың өзінде-ақ шығармашылықты дамытуды жүйелі түрде жеткізудің қажеттігін айтқан болатын. Ол өзінің еңбектерінде әр сыныптағы қазақ тілі грамматикасын берілетін біліммен қоса оқушылардың тілін дамытуда дұрыс нәтиже беретін жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерін анықтауды мақсат тұтты. Мәселен, қазақ тілін оқытумен байланысты шығармашылықты дамыту жұмысын ұйымдастырудың мақсатын: «Оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету мен сөйлеу икемділіктерін дамыту», - деп, бұл жұмыстарды мынадай дидактикалық ұстанымдарға негіздей жүргізуді нәтижелі деп табады. 1) сөйлеу мен ойлаудың байланыстылығын негізге алу; 2) ауызекі сөйлеу мен жазба тілін дамытуды бір-бірімен байланысты ұйымдастыру; 3) тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, орфоэпиямен бірлікте жүргізу; 4) тіл дамыту жұмысын стилистикалық білім негізінде үйрету. Бұл жерде сөйлеуге үйрету грамматикалық пен стилистикалық материалдарды оқыту барысында жүзеге асатындағы ескерілмей, ұстаным деп анықталған[5].

1990 жылдарда оқушылардың шығармашылығын дамыту мәселесі біршама жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазақ тілі сабақтарында шығармашылықты дамыту жұмысы бағдарламада көрсетілген материалдарды игертуге, сөйлеу тілінің стилін қалыптастыруға, баланың ойлауы мен тілінің дамуына байланысты жұмыс түрлері анықталады. Мәселен, С.Рахметова оқушыларды ауызша, жазбаша сөйлеуге дағдыландыру мен үйретудің жүйесі және жұмыс салалары туралы өзекті мәселелеріне тұжырымдама жасап, мазмұндама, шығарма жұмыстарын бастауыш сыныптарда-ақ жүргізудің сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы нәтижелі мүмкіндіктерін белгіледі. Ғалымның 1991 жарық көрген «Қазақ тілін оқыту методикасы» еңбегінде мектепте қазақ тілін оқытудың қыр-сыры баян етіледі. 1990 жылы жарық көрген С.Қазыбаевтың «Қазақ тлі методикасы» еңбегі де әдістеме мәселесін арқау еткен құнды еңбек. 1993 жылы Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» оқулығы шықты. К.Аханов, Б.Кәтенбаева, Т.Әбдіғалиевалардың авторлығымен «6-сыныптың Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» еңбегі 1990 жылы жарық көріп, әдістемелік салада құнды туынды болып саналды. 1997 жылы К.Н.Назарғалиева «7-класта қазақ тілін меңгерту жолдарын жетілдіру мәселелері» атты кандидаттық диссертация қорғады.

Т. М. Әбдікәрімова өзінің зерттеуінде мәтін құрастыру арқылы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуда оң нәтижеге жетуге болатынын дәлелдеді. Сол сияқты әдістеменің қазіргі белсенді авторларының қатарында Г.Қосымова, К.Назарғалиева, Т.Әбдіғалиева, Ф.Оразбаева, А.Жанәбілова, Ж.Дәулетбекова, А.Қайырбековаларды айтамыз. Күрделі сөздерді оқытудың әдістемесіне қатысты ғалым Ж.Шәкеновтың «Мектепте күрделі сөздерді оқыту» атты 1982 жылы жарық көрген еңбегі бар. Сол сияқты күрделі сөздерді Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, К.Аханов жан-жақты қарастырған, өз еңбектеріне арқау еткен [6].

Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау ерекшеліктеріне қатысты және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесімен басқа ұлт тілдерінде оқытуға байланысты соңғы кездерде зерттеулер жүргізіле бастады. Мәселен, И. П. Тарасова, Т. А. Скат, Т. А. Скат, Е. М. Розенбаум, И. В. Рахманов, А. Райхель, Б. С. Мучник, Ф. Геншц, Н.В. Месхишвили, М.И. Васильева, Л.С. Байкова, С.Я. Андруков, В.А. Алексаняндардың еңбектерінде сөйлеу икемділіктерін қалыптастыру екі бағытта қарастырылды. Біріншісі, сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын іс-әрекет сипатында қалыптастыру, ал екіншісі, қатысымдық сипатта сөйлеуді дамыту. Бұл бағыт мына сияқты пікірлерді басшылыққа алады.

Мәселен, Л.П. Федоренко тілді игеру ұстанымын: «Понимаем речь, значит понимать лексические и грамматические значение языка. Закономерность такова: научится языка можно в том случае, если усвоить (запомнить и научится употреблять в речи) материальные языковые средство обозначения лексических и грамматических значении данного языка», - деп тұжырымдайды.

Бұл жағдай оқыту мазмұнын өзгертуге әкелді. Орыс педагогикасында дамыта оқыту мәселелері көтеріле бастады. Оның өкілдері К. Бабанский, И.Я. Лернер, М.И. Власенков дамыта оқытудың қажеттілігін айта отырып, оның мәнін: «Специфической особенностью занятий по русскому языку является и то, что они в большой мере направлены на развитие речи учащихся, тесно связанное с развитием личности в целом», - деп көрсетеді.

Дамыта оқытудың негізгі мәселелері ретінде мәселелік (проблемалық) оқыту немесе проблемалық әдіс күн тәртібіне қойылды. Оқытудың қандай түрі болса да ол баланың ақыл-ойын, тілін дамытатын болуы мен шығармашылық икемділіктерін жетілдіру керек деген талаптар қойылып, оның әдіс-тәсілдері зерттеле бастады. Бұлай оқытудың мәнін Ю. К. Бабанский: «... критерием оптимальности обучения является достижение каждым учеником такого уровня успеваемости, воспитанности и развитости, который соответствует его реальным учебным возможностям в зоне его ближайщего развития» [7], - дей отырып. «Выбор оптимального варианта требует проблемно – поискового стиля педагогического мышления», - дегенді айтады. Демек, күн тәртібінде баланы дамыта оқыту, оның ішінде тілін, ойын дамыту мәселелері қойыла бастады. Мәселен, Ф.Ф. Королев: «Будушее приведет к тому, что идеи оптимального упровления процессами развития станут характерными для всех областей деятельности, будут руководящими...и в педагогике» [8], - деп жазған болатын. Педагогикадағы мұндай ізденімпаздық оқытудағы жаңа теориялық пікірді әкелді. Оқытуды В.В. Выготский негізін салған әс-әрекет теориясына негіздеудің қажеттігі нақтылана бастады.

Аталмыш бөлімде қазақ тілінен білім берудің, әдістеменің зерттелуі арқау болды. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің ана тілімізде зерттеуіне даңғыл жол ашып, туған тіліміздің теориялық тұрғыдан тұғырлы тұжырымдалуының негізін қалаушы, өзінен кейінгілерге жөн-жоба көрсетуші ғұлама ғалым. Зерттелу жағдайларын арқау еткенде ғалымның зерттеу бағытындағы еңбектері атап өтілді. Сол сияқты 1940, 1950, 1960, 1970, 1980-90-шы жылдардағы қазақ әдістемесінің зерттелу барысы нысан болды. Сол сияқты қазіргі қазақ тілі әдістемесі саласында еңбектеніп жүрген ғалымдардың еңбектері енгізілді.

 

1.2 Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын нәтижеге бағытталған дамыта оқыту технологиялары

Дамыта оқыту технологияларының жалпы негіздерін меңгеру арқылы оқушыларды белсенді жұмыс істеуге үйрету мүмкіндігі туады. Дамыта оқыту технологияларына Л.В.Занковтың «Дамыта оқыту технологиясы», Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту жүйесі», оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясының мазмұны мен стратегияларын жатқызуға болады.

Дамыта оқытуға тән сипаттар: білім алушыға іздену қажеттілігін туғызу, яғни іздену іс-әркеттерінің бастапқы кезеңі – білім алушылардың алдына өздерінің әрекет жағдайын жаңаша талдап түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою, осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әрекетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім білім алушыларды іздену іс-әрекетіне тартуы қажет, ол үшін төмендегі екі шартты орындау керек: мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керке; ол білім алушылар жүргізіп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім алу жолын көрсету керек.

Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі құрылымы. Оқушы алдына білім беру мақсаттарын қойғанда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлін атқарады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімінің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт.

Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптары мүлтіксіз орындалуы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады.

Дамыта оқыту технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңыздылығы:

- оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру;

- ұйымдастыру;

- оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі[9].

Модульдік оқыту – оқуды жаңаша ұйымдастырудың бір түрі, оқушылар модульге құрылған оқу бағдарламасы аясында жұмыстарын жалғастырады. Оқыту модулі деп оқу курсының мазмұнының қомақты бөлігін әдістемелік материалдармен ұштастыру көзделеді. Модуль келесі компоненттерден тұрады: нақты қалыптасқан оқу мақсаты мен міндеттері (мақсатты бағдарлама); ақпараттар банкі: оқу материалы оқу бағдарламалары, мәтіндер түрінде материалдарды тану, игеру бойынша әдістемелік басшылық (мақсатқа қолжеткізу барысында); қажетті дағдыны, икем-машықты қалыптастыру бойынша тәжірибелік сабақтардың жолға жүйелі қойылуы; жабдықтар, құралдар, материалдардың толықтай кешенін ұйымдастыру; диагностикалық тапсырмалар, аталмыш модуль бойынша қойылған мақстатпен ұштасуы қажет.Модульдің өзі курс мазмұнын үш деңгейде ұсына алады: толық, қысқартылған және тереңдетілген. Мазмұнның белгілі бір компонентінің талабына сай келетін модуль әр түрлі құрылады, жыл бойына созылмай, кіріктіру, шоғырландыру амалдары қолданысқа енеді.

Модуль – оқу ақпаратындағы логикалық тұрғыда бөле-жара байқалатын жүйе, мақсатты түрде әрекеттер ыңғайы мен қорытындыға негізделіп, игерілген ілімді бақылаумен ұштасады. Әр модуль өзара байланысқан тапсырмалардың жиынтығы, оларды мақсатты түрде рет-ретімен қалыпты іске асыру қажет.Мазмұны модульдер жүйесінен тұрады, олардың көлемі мақсатымен, тереңдігімен, пәндік мәдениет танымының ауқымдылығын назарға алады. Модульдік оқытудың проблемалық, модульдік және блоктық технологиясы жеке, топтық, кіріктірілген оқыту пішіндерімен үйлестіріледі [10].

Модульдік оқыту шығармашылыққа бағыттайды. Модуль әдетте блоктардан тұрады,бірақ модульдердің блоктарға біріктірілуі де ықтимал (эстетикалық блок, коррекционды бағдарлама блогы. Модульдік технологиямен жұмыс жасаудың маңызды бір саласы - проблемалық ситуациялар туғызу. Осы орайда проблемалық ситуациялар қолданудың тиімділігінің неде екеніне тоқталып өтуге болады. Ең алдымен ситуациялар қолдану жоғарыда аталған жаңаша оқытуда мұғалімдерге жүктелген міндеттерді іске асыруға ықпал жасайды. Оқушылар ситуациялық тапсырмалар орындаған кезде пән бойынша алған білімдерін күнделікті өмірлерінде әр түрлі жағдайда қолдана алатынын сезеді. Проблемалық ситуациялар сабақты өткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да пайдасын тигізеді. Тапсырмаларды іріктеген кезде мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын, оқушылардың дайындығын, қабілетін ескереді. Мұндай жұмысты жекелей, жұппен, топпен ұйымдастыруға болады. Модульдік оқытуда шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға ден қойылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды орындату (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар (мәтін мазмұнын өңдеу, шағын әңгіме мәтінін құру).

5. Мәтіннің ұқсастығын салыстыру, ат қойғызу.

6. Қиялдау арқылы сурет салғызу.

7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.

8. Аяқталмаған мәтіндерді аяқтап, ой жалғасын іске асыру.

Осындай жұмыстарға оқушыларды үнемі баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сөйлеу дағдылары, өзара пікірлесу, ойларын дамыту қабілеттері де дамиды. Бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі етіп берілген ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар түрлі жағдайда салыстыру, қорытынды жасау процестерінен өтеді. Проблемалық ситуациялармен үнемі жүйелі түрде жұмыс жүргізудің нәтижесінде ғана оқушылардың білім сапасын көтеру бағытында жақсы жетістіктерге жетуге болады. Дамыту кезеңінде өздік жұмысы арқылы қалыптасқан пәндік білім, білік, дағдылар ойлау операцияларын орындау нәтижесінде оқушы біліктілігі қалыптасады. Оқушы біліктілігі – оның өмірге дайындық деңгейі, иемденген білім, білік, дағдыларын нақты нәрсеге не жағдаятқа байланысты қолдана алуы.

Модуль – жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеудің үлгісі – оқу процесін түрлендірудің әдістемесі. Қазақ тілі сабағында модуль бойынша төмендегіше сараланып, жүйеленеді.

І. Дидактикалық мақсатына қарай:

1. Жаңа білімді меңгеру сабағы.

2. Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.

3. Білімді қорыту және жүйелеу сабағы.

4. Қайталау және бекіту сабағы.

5. Аралас сабақ.

ІІ. Оқыту әдістеріне қарай:

1. Әңгіме сабағы.

2. Лекция сабағы

3. Киносабақ

4. Сұхбат-сабақ

5. Лабораториялық сабақ

6. Жарыс сабағы

7. Пікір-сайыс сабағы және т.б.

ІІІ. Сабақтың сабақтар жүйесіндегі орнына сәйкес:

Кіріспе сабақ

Экскурсия сабағы

Қорытынды сабақ

Жаңа материалмен таныстыру және оны алғаш рет пысықтау

Тәжірибеде алынған білімді қолдану сабақтары

Жаттықтыру сабақтары

Жаттығулар мен машықтандыру арқылы дағдыларды қалыптастыру

Қайталау мен жалпылау сабақтарға бақылау

Тексеру мен есепке алу сабақтары

Бұл модульдің мақсаты – білім, біліктерін қалыптастыру [11].

Модульдік технология негізінде білім сапасын жетілдіруге болады. Оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда «Модульдік технологияның» маңызы ерекше. Модульдік оқыту технологиясында оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық –жеке және топтық, ұйымдастыру және диспуттар, пікір таластыру) қолдану – оқытудың шарты болып табылады. Модульдік оқыту сабақтары тіл сабақтары үшін өте тиімді. Модуль дегеніміз үлкен бір жүйе. Бұл технологияның ерекшелігі оқушы үлкен бір тарау немесе тақырып бойынша жүйелі білім алады. Өзін-өзі дамытады, бірін-бірі оқытады, білімді сапалы меңгереді, біреуден үйрену, біреуге үйрету арқылы логикалық ойлау, байланыстырып сөйлеу, салыстыру, дәлелдеу, т.б. дағдыларды қалыптастырады. Модульдік технологияда барлық оқушының жұмыс істеуі көзделеді. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Модульдік технологияның басты тиімділігі:

-оқушылар үнемі әрекетке қосылады;

-оқушылар кезеңдік тұрғыда өздігінен білім алуға ынталандырады;

-тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді;

Қазақ тілі сабағында Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі зор. Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай келтіріп, сабақ үдерісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді. Әрине, жаңа технологияларды, оның ішінеде Қараев технологиясын қолдана отырып сабақ берудің тиімділігі зор, білім сапасы артатыны белгілі. Жауынбай Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы оқушылардың өздігінен шығармашылық бағытта жұмыс жасауларына септігін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі. Ізденіске бағыттап, пәнге деген қызығушылықтарын ұштайды. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі мақсат – баланың келбетін ашу, шығармашылық қабілетін шыңдау. Осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, оқушылардың бір-бірімен алған білімдерін алмасуларына жағдай туғызылады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға ықпал етуге болады. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үдерісінде бірнеше деңгей бойынша жұмыс атқаруларында.

Репродуктивтік деңгей.Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырмаларды орындайды.

Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгеру қажет екендігін біледі, соның нәтижесінде лайықты тапсырмалар легін әзірлеп. Оқушылар да осы бағытта жұмыстарын жалғастырады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктемей, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған тапсырмалар жүйесі. Деңгейлік әдістердің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсене әрекет ету қабілетін дамытады, әр оқушыны өздігінен ізденуге баулиды, өткен грамматикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді. Алғашқы деңгейде бағдарламалық материалдар ұсынылатын болса, біртіндеп тапсырмалар реті күрделене береді.

6-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша сөйлемдерге арнап деңгейлік тапсырмаларды дайындауға болады. Үлгілерін көрсету арқылы нақты мысалдармен дәлелдей аламыз. Сөйлемдерге қатысты деңгейлік тапсырмалар:

1 деңгей. Төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне тыныс белгісін қойыңдар:

Қызыл тал мен ақ қайыңның қырау басқан ұзын бұтақтары жалтырап күнмен шағылысады Таза ауа, салқын Алатаудың қойнауына, биік басынан ақырын есіп, баяу шалқыды Қандай керемет

2.Интерактивті тақта бойынша мынадай сұраулар, тапсырмалар жазылады. Оқушылар осы сұрақтарға жауап жазулары керек:

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлемнің қандай белнгілеріне қарап жіктелетінін сызба арқылы көрсетіңдер.

3. Жай және құрмалас сөйлемдерге 5 сөйлемен жаз.

4.Тақтадағы суретке қарап әңгіме құрау.

2-ші деңгей. Төмендегі сын есімдерді топтап жаз (дара және күрделі сын есімдерге топтастыру): сұр, қара ала, көгілдір, қаракер, жүрдек, бидай өңді, қара шұбар, ала, ұмытшақ, қой көзді, қызыл шырайлы, ат жақты, тобылғы түсті, қара мұртта, жирен, қиқар, аласа өкшелі, тығыз денелі, шикіл сары, бадырақ көзді, бауырсақ мұрын. Күрделі сын есімдерді қатыстырып 3 құрмалас сөйлем құра.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1088; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.