Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 3 страница




2. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойып жаз: Ерін...адамның ертеңі бітпес. Әдеп... бала – арлы бала, әдеп...бала – сорлы бала. Сөйлем мүшесіне талда. 3 мақал жаз, жай сөйлемдердің түрлерін ажырат.

3-ші деңгей. Ішінді сын есімі бар төрт сөйлем құра, сөйлем мүшесіне талда.

Деңгейлік тапсырмаларды үш және төрт деңгеймен ұсына беруге болады, ол мұғалімнің шығармашылығына, аталмыш тапсырмаларды қолдану шеберлігіне байланысты.

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы cөйлемдерді игертудің маңызы зор. Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі.Өз бетінше ойланып мәселені шешу үшін бостандық керек. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес:басқаның пікірімен міндетті түрде келісу емес, керсінше келіспеуіміз де мүмкін ғой. Бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының ой бостандығы кең болғандықтан өзгенің пікіріне жиі келісе бермейді.Бұл тұлғаның қоғамдағы пікірін, орнын анықтайды. Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.

Қазақ тілі сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда қолданудамын. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды,, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін – өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез – келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін – өзі тәрбиелейді. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау оқушыны тәрбиелеп, білім біліктілігін артырып қана қоймай,шәкірттерге еркін ойлауға мүмкіндік беріледі; ақыл ойы дамиды, шығармашылық деңгейі артады,топтық іс-әрекетке тәрбиеленеді, тіл байлығы жетіледі, өзі жан – жақты жетіледі,өз ойын жеткізеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып қол жететін алғышарттар мыналар:

1.Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармаен қосымша ізденеді, өзбетімен дайындалады.

2.Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

3.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

4.Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

5.Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

6.Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

7.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

8.Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы - ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологясы.

 

1.3 Қазақ тілін дамыта оқытуда оқушылармен жүргізілетін шығармашылық бағыттағы жұмыстар

 

 

Шығармашылықтық тұлға – бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде прогрессивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенді тұлға[19].

Бүгінгі таңда қоғамның дамуына ондағы болып жатқан үлкен өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінің алдында жаңа талаптарға сай дайын білімді, дағдыларды қайталайтын емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін жаңа идеялар иесін, ашқан жаңалықтарын, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарға сай қолдана алатын, ойлаудың сындарлық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру тұр.

«Сөйлем» тақырыбын оқытуда атқарылатын шығармашылық жұмыстардың қатары үлкен. Соның бірі - оқушылар берілген сөздерден сөйлем құрайды.

1. өте, ауаның, таза, зор, мәні;

2. сабағында, білім, қазақ тілі, мол, аламыз, білім;

3. болашақта, Отанды, боламыз, көркейтетін;

4. үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар;

5. көңілі, ананың, балада, далады, баланың, көңілі;

6. отырыңдар, жаңартып, ауаны.

Оқушылардың мұндай шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың алғышарттарының бірі – олардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап етеді. Өздік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімін, іскерлігін бекіте отырып, оның қабілеттілігін, белсенділігін, дербестігін дамытады. Өздік жұмысты оқу үрдісінің барлық буындарында қолдана отырып, шығармашылық сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге, игерілген білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға болады.

Шығармашылық әрекетті ұйымдастырудағы өздік жұмыстың келесідей мүмкіндіктері бар:

-оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

-жеке тұлғаның бойында дербестік, белсенділік, ерік, жауапкершілік, мақсаттылық сияқты қасиеттерді тәрбиелейді;

-пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастырады;

-оқушының алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда қолдануға болатындай шығармашылық дағдыларын қалыптастырады;

-оқушыларды өз бетімен нәтиже шығаруға жетелейді;

-оқушылардың біліктіліктерін дамытады.

Өзіндік іздендіру жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға не өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, шығармашылықпен ой толғай білетін, оқу арқылы өзінің ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға не өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан- жақты тануды ойлап, оқушылардың ізденіс деңгейін бақылап отыру - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

Өздігінен іздендіру арқылы білімді терең игеруге жетелейтін әдістер:

1. Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі

2. Қарама-қайшылықтарды шешу әдісі

3. Сиқырлы объектілер әдісі

Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісі. Бұл әдіс-

жазба жұмыстар жазуға үйретуде таптырмайтын құрал. Сұрақтар арқылы жазушы, яғни оқушы монолог түрінде жауаптар жазады. Берілген тапсырмаға қарай сұрақтар да ауысып отырып, олар болашақ әңгіменің, шығарманың желісін түзеді. Мысалы, 6-шы сынып «Сөйлемнің түрлері» тақырыбындағы жазба жұмысының сұрақтары төмендегідей болуы мүмкін.

Сұрақтар:

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Қандай түрлерін білесіңдер?

3. Сөйлемді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?

Осындай сұрақтар арқылы оқушыларды өздігінен іздендіре жұмыс жасауға бағыттап, оқушылар қосымша материалдарды үйден қарап, осы сұрақтар көлемінде дайындықтарын жүргізеді.

Ғалым Р. Әміров өздігінен іздендіре оқытудағы сөздік қорды, ойларын ұштауды ұйымдастыруға мынадай талаптар қояды:

1. Оқушылардың сөздік қоры мол, бай болуы тиіс. Сөздік қоры мол оқушының ұғымы да кеңейе береді, тілі оралымды болып, пікірін толық жеткізе алады. Өздік жұмыстарды орындау қабілеті жоғары болады.

2. Оқушылардың сөзі грамматикалық жағынан дұыс, мінсіз болуға тиіс. Сөйлемдегі сөздердің орны, грамматикалық байланысы тілдің заңдарына сай болғаны жөн.

3. Оқушылар өз ойын ретімен бір жүйеге түсіріп айта білуі тиіс. Бұлай дағдыланбаған оқушы әңгімедегі оқиғаларды еске түсіруіне қарай байланыссыз шашыратып айтады да, оның мәні түсініксіз болып шығады.

4. Оқушылар ойын күмілжітпей, айқын, дәл айтуға үйренуі керек. Бұл үшін айтайын деген ой ұғымына мағынасы дәл келетін сөздерді теріп жұмсауға, ойды білдіруге көмегі жоқ, артық сөздерден аулақ болуға, таза сөйлеуге дағдыландырылады.

5. Оқушылар сөйлем ішінде ойдың тірегі болып тұрған сөздерді тауып, оған логикалық екпін түсіре сөйлеуге, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді, төл сөздерді тиісті интонацияға түсіріп сөйлеуге дағдылануы тиісті деп есептейді [15].

Қазақ тілі сабақтарында «Сөйлемдер» тақырыбын игертуде дидактикалық тапсырмалар қатар орындалады. Мақсаты – оқушылардың тақырыпты терең меңгеруі, өткен материалдарды берік есте тұтуларын көздеу. Дидактикалық тапсырмалар бірде жеңіл, бірде күрделі болады, оқушылардың білім деңгейі де ескеріледі. Оқушыларды сыныпта үш деңгей, төрт деңгейге бөліп тапсырмалар ретін ұсынуға болады. Жеңілден күрделіге оқушылар біртіндеп өздері ойысады. Сөйлемдерге қатысты дидактикалық тапсырмаларды түрлендіріп ұсынуға болады. Бірнеше түрін үлгі ретінде келтірейік.

1 тапсырма. Мына сұрақтарға жауап бер:

а) Мөйлемдер айтылу сазына, құрылысына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

ә) Жай және құрмалас сөйлемдердің қандай айырмашылықтары бар?

б) 5 жай және 5 құрмалас сөйлем құраңдар.

2 тапсырма. Лепті, бұйрықты, сұраулы және хабарлы сөйлемдерді қатыстырып сөйлемдер құра, оларды сөйлем мүшелеріне талда.

3 тапсырма. Бұл күрделі тапсырма деп есептеуге болады. Бұл тапсырмада көлемді мәтін ұсынылады. Мәтіндегі сөйлемдерді айтылу сазына, құрылысына қарай талдау жүзеге асады. Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері туралы балалармен толық қайталау жұмысы жалғасады. Мәтіннің атауы: Байлық, Бақыт, Ақыл. Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады.

Алдымен Байлық сөз алып: - Менің арқамда адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, - деп кеудесін қағады.

Сонда Бақыт былай дейді: - Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегені-алғыс, қара дегені-қарғыс» дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

- О, достарым, мен сендердің таластарына қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайы. Келіспесеңдер, Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын, - дейді Ақыл сабырлы түрде. Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді.

Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан: - Өмірдің өзі- сабақ: «Байлық – бір жұттық». Бақыт баянсыз. Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тыңдыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырғағы жоқ. Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, - деген екен.

Бұл мәтіннің оқушылар үшін әрі тәлімдік мәні зор, сөйлемдер тақырыбын қорытындылауда жүйелі жұмыс атқаруға қолайлы.

6-сынып оқушыларына қазақ тілінен сөйлемдерді қорыту, жинақтау мақсатында Қараев технологиясы бойынша ұсынылатын деңгейлік тапсырмалар реті:

1 деңгей.

1. Сөйлердердің айтылу сазына қарай жіктелім ерекшелігін көрсетіп, сызбасын сызыңдар.

2. Интерактивті тақтамен 6 сөйлем ұсынылады, сөйлем соңында ешқандай тыныс белгілері қойылмайды. Оқушылар өздері сөйлемнің айтылу сазына қарай ережеге сұйене отырып қойып шығады.

3.Жалаң және жайылма сөйлемдердің анықөтамасын еске түсырып, әр түріне бес сөйлемнен құрастыру.

2 деңгей.

1. Толымды және толымсыз сөйлемдердің ережелерін еске түсіріп, әрқайсысысна 4 сөйлемнен жазу.

2. Интерактивті тақтамен сурет ұсынылған. 5 сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

3. Сөйлем тақырыбын арқау ете отырып 10 тапсырмадан тұратын тест құраңдар.

3 деңгей.

1. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына әңгіме жазу, ішінде 8 құрмалас сөйлем болуы талап етіледі.

2. «Сөйлем» тақырыбын арқау ете отырып сөзжұмбақ құрастыру.

3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға қатысты 5 сөйлем жазып, теориялық ерекшеліктерн баян уету.

Тұжырымдайтын болсақ, оқушыларды сөйлемдерді өздігінен іздендіре оқытуда дидактикалық тапсырмалар мен дидастикалық ойындардың пайдасы зор. Алдымен, ізденіске, творчестволықпен еңбек етуге жұмылдарса, екіншіден, қызықтырып, әр деңгейдің тапсырмасын тезірек орындауға ұмтылады.

Қазақ тілі сабақтарында сөйлемдерді оқытуда ауызша шығармашылықты дамыту жұмыстарының да зор маңызы бар:

1. Қазақ тілі сабақтарында оқушының жауабы мұғалімнің қатысынсыз өз тарапынан айтылуы тиіс. Өздігінен әрекеттің іске асуы көп пайда әкеледі, оқушыны дамытады. Оқушы теориялық материал жөніндегі ойын жинақтап сөйлеуге әдеттенеді. Грамматикалық талдау, сөз мағыналарын ашу, көрнекіліктегі материалдарды жүйелі дәлелдеп беруге дағдыланады.

2. Жаттығу, тапсырма жұмыстарының мақсатын, шартын дұрыс түсініп, материалдарды ауызша талдап, дәлелдеп, жүйелі айтып беруге дағдыландырылады.

3. Оқығанын, естігендерін, көргендерін мазмұндап, суреттеп, баяндап айта білуге баулу. Мазмұндап баяндаудың тартымды болуына мұғалім үнемі жол сілтеп отырады. Ауызша сөйлеудегі мазмұндау – жазу жұмыстары түрлеріне әзірлік болады.

4. Оқушылардың ізденіс жасаған шығармашылық жұмыстарын жинақтап айтқызу. Мұғалім оқушыға белгілі бір тақырып ұсынып, оған ізденіс жасатады. Берілген тақырып жөнінде қосымша оқушыларға қосымша материал жинатып, жинаған материалдарын жүйелі түрде қорытындылап, жинақтап баяндама, хабарлама жасатылады. Мұндай жұмыстың түрі оқушыны ізденіске баулып, оның белсенділігін арттырып, ойын ретті, тұжырымды, жинақты баяндауға дағдыландырады. Өздігінен ізденуге жұмылады.

5. Ауызша суреттеп сөйлеу. Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды-жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеуге дағдыландырылады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушының жауапкершілігі арта түседі. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады. Ауызша суреттеу жұмысы оқушының эстетикалық қабілетін дамытып, көркем сөйлеуге дағдыландырады. Ауызша суреттеу жұмыстарына ұсынылатын тақырып та, сөзге тиек етілетін мәселелер де, табиғат құбылыстары да көп-ақ. Бұларды тек балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап ала білу керек. Мысалы: «Менің сыныбым», «Табиғат тамашалары», «Адал дос», «Менің отбасым», «Жайлауда»т.б. тақырыптарын суреттеу ойларын, сөздік қорларын дамытуға септігін тигізері сөзсіз.

6. Ойдан әңгіме, өлең шығарту. Оқушылар қиялға бай келеді, сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегілер айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмыстың түрі оқушылардың арман-қиялын дамытады. Болашақ ақын, жазушы боламын деген оқушылардың талабын оятып, жазбаша тілін ширатады.

7. Көпшілік алдында сөйлеуге баулу. Көпшілік алдында сөйлеу оқушының белсенділігін арттырып, жауапты, батыл сөйлеуге жаттықтыру мақсатын көздейді. Сынып сағаттарында, үйірме жұмыстарында, түрлі шараларда ойларын ашық жеткізуге дағды беруді сабақ барысында басшылыққа алған орынды.

Осы тіл дамыту жұмыстарының барлық түрлеріне «Сөйлем» тақырыбы арқау етіледі. Әр тапсырманы орындату барысында сөйлемдерге қатысты сауалдар, қосымша тапсырмалар реті ұсынылады.

Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады.

Оқушылардың білім, білік және дағдылар деңгейін қазақ тлі пәні бойынша бағалау кезінде тест әдісін қолданудың да рөлі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.

Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Мысалы, қазақ тілі пәні бойынша «Сөйлем» тарауын аяқтаудан кейін тест жұмысын жүргізу өте пайдалы. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар реті орын алады.

Топтық бақылау мен жеке бақылауға арналған тапсырмалар қазақ тілі сабақтарында дайындалып отырады. Бақылаудың жеке пішінінде әр оқушы мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, енді бірде ұсынған тапсырмаларын орындайды. Нақты бір оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тапрсырмалар реті дайындалады. Көбінесе бұл жағдайда кеспе қаттамалардың мәні зор, ол әр түрлі күрделілік деңгейін қамтиды. Оқушылардың өтілген тақырыпты қалай игергендігін анықтап, ойлау, жады, есте сақтау, сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сыныптың барлық оқушыларының белсенділіктерін арттыру мақсатында қазақ тілі мұғалімі сұрақтар жиынтығын да дайындайды. Бұл жұмысты ұйымдастыруда мұғалім өзінің шеберлігін алға тартады: оқушылардың бір бөлігі тақтада ұсынылған тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді (сызбалар сызады, кестелер толтырады, шығармашылық жұмыстар жүргізеді). Ал енді бір бөлігі мұғалімнің сұрағы жазылған кеспе қаттамалармен (карточкалармен) жұмыс жасайды. Тақтада орындалған тапсырманы сыныптың барлық оқушылары талдауға қатыса алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-13; Просмотров: 1198; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.