Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сан динамикасы факторлары




Қазіргі экологияда жануарлар санының жүйелі өзгерістері үшін жауаптыларды екі топқа бөлу қабылданған: популяция тығыздығына тәуелді емес факторлар және оған тәуелді факторлар. Осы факторлар топтарының өсімталдық және өлім динамикасына принциптік әр түрлі әсер етуі туралы түсінік баяғыда қалыптасқан, бірақ бүгінгі күні де маңызын жоғалтпаған (А. Николсон, 1933 ж.). Жалпы алғанда бұл екі топ экологиялық факторлардың абиотикалық және биотикалық деп бөлінуімен сәйкес келеді.

1. Популяция тығыздығына тәуелді емес факторлар. Бұл топқа абиотикалық факторлар кешені жатады, олар жануарларға әсер еткенде климат пен ауа-райын құраушылар арқылы іске асырылады. Осы факторлардың биологиялық әсері, олардың организм деңгейінде әрекет етуімен сипатталады және сондықтан да олардың әсер ету эффекті сан және тығыздық сияқты ерекше популяциялық параметрлермен байланысты емес. Бұл факторлар бір жақты әсер етеді: организмдер оларға бейімделуі мүмкін, бірақ оларға кері әсер ете алмайды.

Климаттық факторлардың сан деңгейіне әсер ету эффекті және оны өзгертудің бағытталғандығы, бірінші кезекте, әсер етуші фактор күшінің оңтайлы шамадан ауытқуы шамасына қарай өсетін өлімді өзгерту арқылы іске асырылады. Сонымен бірге өлім және тірі қалу деңгейі организмнің бейімді мүмкіндіктерін және ортаның кейбір сипаттамаларын есепке алғанда тек әсер етуші фактор күшімен ғана анықталады: аса қолайлы жағдайлары бар баспаханалардың бар болуы, жалғас факторлардың жұмсартушы әсері және т.с.с. Кейбір жағдайларда осы топтың факторлары өсімталдықты өзгерту жолымен, басты түрде жанама, азықтық жағдайларды өзгерту арқылы әрекет етуі мүмкін. Мысалы, өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі үшін қолайлы абиотикалық факторлар кешені, өсімдік қоректі жануарлардың жақсы көбеюіне мүмкіндік туғызады. Популяциялар тығыздығына тәуелсіз факторлардың сан динамикасы циклдерін құрудағы ролі климаттың және ауа-райы типтерінің көп жылдық өзгерістерінің циклдік сипатымен байланысты. Мысалы, сүт қоректілер (басты түрде кеміргіштер) саны циклдерінің және күн белсенділігінің сәйкес келуі орын алады.

Жалпы алғанда, климаттық факторлардың санның елеулі өзгеруінің себебі болуы мүмкін екендігі күмәнсіз. Бірақ бұл факторлардан басқа, сан динамикасы көптеген басқа факторлармен де анықталады. Бұдан басқа, климаттық факторлардың әсері тұрақты тепе-теңдікті жасауға әкелмейді: бұл факторлар тығыздықтың өзгерістеріне әсер етуге, яғни кері байланыстар принципі бойынша әрекет етуге қабілетсіз.

2. Популяция тығыздығына тәуелді факторлар. Бұл факторлар тобына берілген түрдің деңгейіне және динамикасына, санына оның тағамының, жыртқыштардың, ауру қоздырғыштардың және т.б. әсері жатады. Факторлар тығыздығына байланысты әсер ету сипаты жоғарыда қарастырылған фактор-лардан түбегейлі ерекшеленеді: басқа түрлер популяцияларының санына әсер етіп, олардың өздері олардың тарапынан әсерді сезінеді. Сонымен, бұл жағдайда екі түр санын биоценотикалық реттегіш ролінде болатын биоценоз құрамындағы әр түрлер популяцияларының өзара әрекеттесуі туралы айту дұрыс болады. Мұндай текті қатынастардың реттеуші әсері өзара әрекеттесетін популяциялардың мекендеу тығыздығына байланысты болады.

Сан циклдерін қалыптастыру үшін аса маңызды биотикалық өзара қатынастар түрлері – тұтынушының және оның тағамының қатынастары. Аса қарапайым нұсқада циклдер индукциясының факторы ретінде тағамның ролі мынаған келтіріледі: тағаммен жоғары қамтамасыз етілгендік туудың өсуін және тұтынушылар популяциясында өлімнің азаюын тудырады. Нәтижесінде олардың саны өседі, бұл тағамның күшті желінуіне және сәйкесінше оның санының (биомассаның) төмендеуіне әкеледі. Соңғысы тұтынушының өмір сүру шарттарының нашарлауын, туудың төмендеуін, өлімнің көбеюін және санның азаюын білдіреді. Нәтижесінде азықтық организмдер популяциясына қысым азаяды, оның (биомассалардың) саны артады, бұл тұтынушының санының өсуіне мүмкіндік туғызады және цикл қайтадан басталады.

Аса нақты түрде санның қоректік қамтамасыз етілген циклдері түрлер жұптарының өзара әрекеттесуі жағдайларында пайда болады – «жыртқыш -құрбан» типті өзара қатынастар. Екі өзара әрекеттесетін популяция да бір- бірінің мекендеу санына және тығыздығына әсер етеді. Мұндай өзара әрекет-тесудің тамаша нәтижесі екі түрдің санының қайталанатын көтерілуі мен құлдырауының қалыптасуы болып шығады және де жыртқыш саны өзгеруінің ауытқу жүйесінде фазасы бойынша құрбан популяциясының динамикасынан қалады.

Шамамен сол сұлба бойынша паразиттік жүйелердегі санның түйіскен динамикасы жүзеге асырылады («паразит - қожайын» типті өзара қатынастар).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 1920; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.