Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Астана – 2013ж




Тәжірибелік жұмыс № 1

Біріккен менеджмент жүйесі – тұрақты даму негізі

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Біріккен менеджмент жүйесі менеджмент жүйесіне бірнеше халықаралық стандарттар, сапа менеджмент жүйесіне 9000 сериялы ИСО стандарттары, экологиялық менеджмент жүйесіне 14000 сериялы стандарттар, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджмент жүйесіне 18000 сериялы OHSAS стандарттары, әлеуметтік жауапкершілік менеджмент жүйесіне SA 8000 стандарттары талаптарына жауап беретін жүйелерді әзірлеуді талқылау

 

Біріккен менеджмент жүйесі – тұрақты даму негізі

Біріккен менеджмент жүйесі менеджмент жүйесіне бірнеше халықаралық стандарттар, сапа менеджмент жүйесіне 9000 сериялы ИСО стандарттары, экологиялық менеджмент жүйесіне 14000 сериялы стандарттар, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджмент жүйесіне 18000 сериялы OHSAS стандарттары, әлеуметтік жауапкершілік менеджмент жүйесіне SA 8000 стандарттары талаптарына жауап беретін жүйелерді әзірлеуге байланысты кең көлемде талқылана бастады.

9000 сериялы ИСО стандарттары негізінде нақты саладағы қолданыс үшін салаға тән арнайы талаптармен толықтырылған салалық қолданыс стандарттары, сонымен қатар ХАССП (ИСО 22000) критикалық бақылау нүктелері мен тәуекелді талдау принципіне және GMP принципіне – тиісті өндірістік практика, және т.б. негізделетін басқару жүйесіне стандарттары әзірленген.

Әртүрлі менеджмент жүйелеріне, сонымен бірге экономика секторлар менеджменті жүйесіне ерекше талаптары бар халықаралық және ұлттық стандарттардың танымалдылығы өсуде.

Менеджмент стандарттарының тобы әлемдік даму беталысын көрсетеді және жалпы менеджменттің әртүрлі салаларындағы мақсаттарға жету үшін талаптарды бекітеді, менеджменттің нақты саласындағы қызметтерге талаптарды жүйелендіреді және жетілдіру мен тұрақты даму үшін жағдайлар жасайды.

ИСО 9001 жаңа версиясында қаржылық құраушылар атала бастаса, ал аудиттерге талаптар ұйым үшін қазына қосылу қажеттілігін қарастыруына қарамастан, көз жетерлік болашақта кәсіпорынның барлық қызмет аспектілері талаптарын қамтитын жалпы менеджментке стандарт жасау мүмкіндігінің болатындығы күмән тудырады.

Біріккен менеджмент жүйесінің бірнеше артықшылықтары бар:

· нәтижелілік пен тиімділікті жақсартатын ұйым ішіндегі іс‑әрекеттің келісушілігін қамтамасыз ету;

· ұйымда автономдық менеджмент жүйесін енгізу кезінде пайда болатын функционалдық бас бірікпеушіліктің ықшамдалуы;

· енгізу кезіндегі аз еңбек сыйымдылығы;

· кәсіпорынның қызметтерінің жоғарылуына персонал қатысуының жоғары дәрежесі;

· қызығушы жақтар ықылас балансын аса тиімді қамтамасыз ету;

· біріккен жүйені әзірлеу, жұмыс істету және сертификаттауға кететін шығындардың ықшамдалуы.

Біріккен жүйе жасау үшін 9000 сериялы ИСО стандарттары, бұл стандарттарда қалыптасқан базалық ұғымдар мен принциптер көп жағдайда жалпы менеджменттің ұғымдары мен принциптеріне сәйкес келетіндіктен, негіз болып табылады.Қазіргі бизнес процестерін шынайы көрсететін процестік әдістемені жүзеге асыруға ерекше мән беріледі.

Ұйымдастыру және біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу нәтижелілігі сөзсіз көптеген жағдайларда біріккен меенджмент жүйесін жасау туралы шешім қабылдайтын кәсіпорынның жоғары басшылығына байланысты болады.

Жүйені әзірлеуге кірісу кезінде жоғары басшылық бұл жұмысты жасаудан түсетін пайданы ғана емес, дегенмен потенциалдық тәуекелдікті, сонымен қатар жұмыс масштабын, қиындығын және ұзақтығын анықтап белгілеу керек.

Практика көрсетеді, ‑ менеджмент ті қайта ұйымдастыру ұзақтығын және оның нәтижелерінің алшақ көрінісі шаршағандық, кейістік, кейде ұйым менеджерлері мен мамандары ортасында толық көңіл қалушылық тудырады. Бұл олардың шығармашылық белсенділігі мен еңбекке қабілеттілігі төмендеуінің себебі болуы мүмкін. Біріккен менеджмент жүйесін жасау бойынша жұмыстың нәтижелілігіне жағымсыз психологиялық факторлардың әсер ету тәуекелдігін төмендету үшін мақсатқа сәйкес:

- біріккен менеджмент жүйесін жасау салдары мен мезгілін, сипаттамасын, мақсатын, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- біріккен менеджмент жүйесін жасаудың айқын стратегиясын әзірлеу, оның жүзеге асырылуы үшін қажетті ресурстарды анықтау мен бөлу;

- біріккен менеджмент жүйесін жасау процесіне қажетті импульс пен үздіксіздік беруге қабілетті инициативтік адамдардан тұратын жұмыс топтары мен басқарушыларды ұйымдастыру жолымен жұымсты орындау үшін қолайлы бастапқы шарттарды қамтамасыз ету;

- басқарушы мен жұмыс топтары үшін арнайы тапсырмалар және тренингтер;

- басшылық тарапынан жұмысты үнемі қолдау, жұмыстың ойдағыдай аяқталуына мүдделік көрсету, ең көп қарсылық күтуге болатын топтар мен жеке қызметкерлерге ерекше назар аудару;

- мониторинг және жұмысты жүйелі талдау, қызметкерлермен тікелей қатынас есебінен оның нәтижелері туралы барлық персоналға ақпарат беру.

БМЖ сертификаттауға дайындау

Ұйымда әзірленген және енгізілген БМЖ сертификаттауды оны жасау бойынша жұмыстың логикалық аяқталуы деп қарастыру керек. Біріккен менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау ұйымның халықаралық саудада ойдағыдай жылжу, ұйымды ең аз тәуекел категориясына жатқызу салдарынан инвесторлар, кредиттік және сақтандыру компаниялар тарапынан ұйымның бизнес‑процестер болжамын және оған деген сенімін көтеру шарттарының бірі болуы мүмкін. Ойдағыдай сертификаттау, ереже бойынша, сапалы қиын жұмыс жасағаннан ұжымда сезімдік жоғарылау тудыратынын ескермеу мүмкін емес.

Сертификаттау жөніндегі органды таңдау, ішкі аудиторлар және сыртқы кеңесшілер күштерімен ішкі аудит жүргізу, персоналдың сыртқы аудиторлармен әрекеттесуіне дайындау сәтті аудиттің маңызды факторлары болып табылады.

Менеджмент жүйелеріне кіретін жүйелі сертификаттау жолымен бір немесе бірнеше органдар сертификаттай алады, бірақ кәсіпорын үшін бір органмен сертификаттау нұсқасы жақсырақ.

Қазақстан ДСҰ кіруге дайындалуда, бұл ретте түсіну керек, ДСҰ кіру – бұл меже емес, өте қатты және таулы емес, бізді әр қадамда қауіптілік пен тәуекелдік аңдитын, олардан тек қана өз күшімізбен сақтана алатын, және мықты ұтатындығы көрсетілетін нарықтың соқпалы жолындағы жүгіру мәресі.

Бізге «Қасқырлармен өмір сүру ‑ қасқырша ұлу­» принципі,‑топ заңы бойынша өмір сүруді үйрену керек. Біз артықшылық пен шексіз «көмекті» күтпеуіміз керек‑бұл адам табиғатына жағымсыз...Даму үшін бізге өзімізге қарбалас жұмыс істеу керек. Біз тиіс мотивациямен жарысқа кірісуіміз және бізде тек қана бір мүмкіндік бар екендігін ұмытпауымыз керек.

Және бұл мүмкіндік «Қазақстан 2030» даму стратегиясында ел президентімен айқын анықталған және «Алдыңғы қатардағы елдердің 50‑жылдық тәжірибесіне негізделген халықаралық стандарттарды енгізу – отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген.

Көптеген елдер бұл мақсатты жүзеге асырып, өркендеді. Бізде сонымен қатар 21 ғасырда біздің кәсіпорындар озаттар қатарына, ал Қазақстан 50 өнеркәсіптік дамыған елдер қатарына қосылу үшін табиғи ресурстар, интеллектуалды потенциал бар.

 

Тәжірибелік жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

1. БМЖ стандарттарымен танысып, талдау жасау

2. Қандай салалар стандарттары қолданылады?

3. Біріккен менеджмент жүйесінің артықшылықтарын анықтау

4. БМЖ сертификаттауға дайындау үрдісін талдау

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1. Біріккен менеджмент жүйесі

2. Біріккен менеджмент жүйесін жасау бойынша жұмыстың нәтижелілігіне жағымсыз психологиялық факторлардың әсер ету тәуекелдігін төмендету үшін не істеу керек?

3. Ұйымның тұрақты дамуының сипаттамалық сипаттары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997.

2. Швандар В.А. Стандартизация и управление качеством продукции. – М.: ЮНИТИ, 1999

 

Тәжірибелік жұмыс №2

Менеджмент жүйесінің негізін салушылар

Тәжірибелік жұмыс мақсаты: Студенттерді сапа философиясының концепциялары мен қағидаларын, сонымен қатар сапаны басқарудың ұлттық жүйелерін жасауда сапаның негізін салуға аса зор үлес қосқан ғалымдармен таныстыру

 

Менеджмент жүйесінің негізін салушылар

Сапа философиясының концепциялары мен қағидаларын, сонымен қатар сапаны басқарудың ұлттық жүйелерін жасауда Э. Деминг, Дж. Джуран, А. Фейгенбаум, Ф. Кросби, К. Исикава, Г. Тагути сияқты сапаның негізін салушылар аса зор үлес қосты. Қазіргі заманғы жағдайда сапа теориясының философиялық-әдістемелік және нақты-ғылыми қағидаларын сапаны жалпы басқару тәжірибесімен біріктіру мүмкіндігі туып отыр. Өткен ғасырда сапа категориясын жан-жақты зерттеп, оны басқару, жақсартуда көптеген еңбектер жазылған, олардың арқасында көптеген елдер экономикасын жақсартып, көптеген компаниялар, фирмалар өнімінің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік алды. Сапа саласындағы ғалымдардың әдіс-тәсілдері, сапаны басқару құралдары қазіргі кезде де өте үлкен қолданысқа ие. Әрине сапа менеджменті жүйесін талқылап, қарастырмас бұрын оның ең алғашқы негізін салған тұлғалармен, олардың еңбектері, қысқаша өмірбаяны және еңбек жолымен танысып өткен жөн.

Де́минг, Уи́льям Э́двардс (ағылшынша Wílliam Édwards Déming) – бүкіл әлемге танымал американдық ғалым, статистик және сапаны басқару теориясы бойынша консультант. «Ұқыпты өндіріс» деген атпен белгілі Жапония және басқа да елдерде кеңінен қолданылатын кәсіпорынды қайта ұйымдастыру туралы инновациялық ұсыныстары арқасында ол үлкен танымалдыққа ие болды. 1946 жылы құрылған Америкалық Сапаны Бақылау бойынша Қоғамның негізін салушылардың бірі болып табылады, У. Шухарт медалімен марапатталған.

Уильям Эдвардс Деминг 1900 жылы 14 қазанда Айова штатының Су-Сити қалашығында дүниеге келіп, 1993 жылы

20 желтоқсанда Вашингтон қаласында дүниеден өткен. Э.Деминг әрі қарай білім алу үшін 12 жасынан жұмыс істей бастаған. Вайоминг штатында университет бітіріп, 28 жасында физика-математика ғылымдарының докторы дәрежесін Йель университетінде алды. Физика мен математикадан басқа ол инженерлік жұмысты, термодинамиканы, газдардың кинетикалық теориясын, астрономияны, геодезияны және басқа да көптеген ғылымдарды оқып зерттеді. 1936 жылы Деминг Лондон университетінде белгілі ғалым Р.Фишердің математикалық статистика теориясы бойынша лекциялар курсын тыңдады. Профессионалды статистик бола отырып, ол жүйелі басқару теориясын жасай білді.

Э.Деминг көптеген марапатқа ие болды, оның ішінде Шухарта Медалі (Shewhart Medal) және1956 жылы Американдық сапа бойынша қоғамның Медалі (American Society for Quality – ASQ) және 1983 жылы Американдық статистика ассоциациясының (American Statistical Association) Самуэль Уилкс (Samuel S.Wilks Award) марапатына ие болды. Дәл осы жылы ол Құрама Штаттардың Ұлттық инженерлік академиясына (US National Academy of Engineering) сайланды және көптеген америкалық университеттердің құрметті докторына айналды.

Шухарт, Уолтер Эндрю (Walter A Shewhart) (18 наурыз 1891 — 11 наурыз 1967) — әлемге танымал американдық ғалым және сапаны басқару теориясы бойынша конкультант. Шухарт Иллинойс штаты Нью Кэнтонда дүниеге келген, Иллинойс университетін бітірген. Калифорния университетінде 1917 жылы физика бойынша докторлық дәрежеге ие болды. Еңбек жолын 1918 жылы Bell Telephone Laboratories инженері ретінде бастаған. Сапаға деген батыстық европалық қатынаста революция 1924 жылы болды, осы кезде Шухарт нормадан ауытқуды анықтау әдісін және қатенің пайда болуынан бастап сапасыз өнімнің пайда болуына дейінгі тенденцияны ұсынған болатын.

1931 жылы Шухарт бақылау карталарын пайдалану туралы есебін және «Өндірістік өнімнің сапасын экономикалық басқару» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарды. Рютгер Университетінің профессорының өмірбаянында 1939 жыл ерекше болды. Осы кезде оның «Сапаны бақылау тұрғысынан статистикалық әдіс» атты екінші кітабы жарық көрді. Онжылдық соңында Шухарт өндірістік-технологиялық үрдістердің сапасын статистикалық әдіспен бақылау және осының негізінде дайындалатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарының қорытындысын жинақтады. Эдвардс Деминг «Шухарттың жақсарту циклін» өте ыждаһаттықпен насихаттады, тіпті әлемде ол формула «Деминг циклі» деген атпен таралып кетті. Сондықтан бұл анықтаманы «Шухарт-Демингтің жақсарту циклі» деп пайдаланған дұрысырақ болады. Негізінен Шухарттың зерттеулері арқасында «Алты сигма» статистикалық концепциясы жүзеге асырылды.

Филипп Кросби (Philip Crosby) - дүние жүзіндегі сапа саласындағы танымал американдық беделділердің бірі, МАК академигі. Оның кәсіпорындарды сапамен қамтамасыз ету үшін қолданылатын 14 қағидасы (абсолют) ең танымал болды. Айта кететін болсақ:

1. Сапа саласындағы мекеме басшылығының жауапкершілігін анық анықтау;

2. Сапамен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыратын бөлімшелерді ұйымдастыру;

3. Оны ұйымдастыру кезінде сапаны бағалау әдістерін анықтау;

4. Сапамен қамтамасз ету жұмысына жұмсалған шығындарды бағалау және есеп жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;

5. Сапа саласындағы мекеме басшылығының саясатымен бүкіл жұмысшыларды хабардар ету;

6. Сапамен қамтамасыз ету кезінде түзету процедураларын әзірлеу;

7. Ақаусыз өнім дайындау бағдарламасын енгізу (“ноль дефекттер” жүйесі);

8. Сапа саласында қызметкерлерді әрдайым оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;

9. Үнемі сапа күнін (“нольдік дефекттер” күнін) ұйымдастыру;

10. Әрбір мекеменің жұмысшысына сапа саласында әрдайым мақсат қою;

11. Ақау себептерін ұйымдастыратын процедураларды ұйымдастыру;

12. Сапа саласындағы талартарды орындағаны үшін жұмысшыларды мадақтау бағдарламасын ұйымдастыру;

13. Сапа саласындағы кәсіпқой қызметкерлерден құрылған мақсаты бар топтар құру;

14. Бәрін басынан бастау (циклді одан да жоғары жылдамдықта қайта орындау);

Ф.Кросби ZD жүйесінің (“ноль дефекттер”) идеалы болды. Сапаны сапаны бағалау құны сұрақтарын зерттеу кезінде, Ф.Кросби “Сапа – тегін” (Quality is free) деген танымал афоризмді айтты. Өзінің Сапа - тегін кітабында сапаны жоғарылату көп қаражатты қажет етпейтінін дәлелдеп, сапаны жоғарылату кезінде сонымен

қатар өнімділік те көбейеді, ақауларды жоюға, сапасы төмен

тауарларды қайта өңдеуге кететін шығынды азайтып, тұтынушы өнімді қайта қайтарудың алдын алады және т.б.

Ф.Кросби сапа мәселесін шешу үшін мекеменің қызметтік дәрежесі үшін универсальды бағалау

әдісін ұсынды. Бұл мақсат үшін ол 6 параметрлерді қолданды:

- Мекеменің басшылығының мәселеге қарымқатынасы;

- Мекемеде сапа бөлімінің мәртебесі дәрежесі;

- Сапа мәселесін қарау әдістері;

- Мекеменің жалпы айналымынан сапаға кеткен шығынның пайыздық деңгейі;

- Сапаны жоғарлату үшін шаралар;

- Мекеменің сапамен нақты жағдайы.

Каору Исикава (Kaom Ishikava — 1915—1990 жж.) — сапа саласындағы атақты жапондық маман, оның атымен жапон экономикасының қайта жаңғыруы және дамуын байланыстырады.

1939 жылы Исикава қолданбалы химия курсы бойынша Токиа университетін аяқтады. 1949 жылы ол сапаны басқару әдістерімен айналысты және көптеген жапондық фирмаларға алдыңғы қатарға шығуға көмектесті. Өмірінің соңғы жылдары доктор Исикава Мусаси технология Институтының президенті және сапаны басқару бойынша Жапония мен басқа елдерде жетекші консультант болды (ол көптеген американдық фирмалардың, соның ішінде Ford Motors компаниясының консультанты болды).

К. Исикава — сапаны кешенді басқарудың жапондық нұсқасының авторы болып табылады, оның айқын сипаттамалары: сапаны басқаруға жұмыскерлердің жалпылай қатысуы; сапа жүйесінің жұмыс істеуін тұрақты түрде ішкі тексеру; кадрларды үздіксіз оқыту; бақылаудың статистикалық тәсілдерін кеңінен енгізу.

Исикаваның бастамасымен Жапонияда 1962 жылдан бастап сапаны бақылау бойынша үйірмелер дами бастады. Ол себеп-салдар байланысын талдаудың графикалық тәсілін әлемдік тәжірибеге енгізді, Исикава диаграммасы («балық сүйегі», Fishbone Diagram) деп аталады. Диаграмма сапаны бақылаудың жеті қарапайым құралдарының құрамына кірді. Ол себептерді талдап, белгілі нәтижеге алып келетін өте ыңғайлы құрал.

Арманд Воллин Фейгенбаум – сапаны бақылау бойынша американдық маман, «жалпылық сапа менеджменті» деген атқа ие болған сапаны жалпы басқару концепциясының авторы.

Арманд Фейгенбаум екі оқу орнын бітірген: Юнион колледжі мен Массачусетс технология институты, алдымен бакалавр дәрежесін, кейін магистр, сосын философия ғылымдарының докторы дәрежесін иеленді. 1958 жыл мен 1968 жылдар аралығында Арманд Фейгенбаум «Дженерал Электрик» компаниясында өндіріс бойынша директор қызметін атқарған, ал кейін «Дженерал Системс» компаниясының президенті және бас директоры болды.

Бұл компания машина жасау, дайындау және операциялық жүйелерді орнату саласында жұмыс істейді. Арманд В. Фейгенбаум бірнеше кітаптың авторы және 1961 жыл мен 1963 жылдар аралығында Америклық сапа қоғамының президенті қызметінде болды.

А.Фейгенбаумның сапа менеджменті саласындағы жетістіктері келесі концепциялардан тұрады:

· «Жалпылық сапаны бақылау» концепциясы – өндірістің немесе қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға, яғни тұтынушының толықтай қанағаттануына мүмкіндік беретін ұйымда сапаны қамтамасыз ету, сақтау және жақсартуды интеграциялаудың тиімді жүйесі.

· «Жасырын» өндіріс концепциясы – өндірістік қателіктерді түзету бойынша жұмысты кез-келген ұйым көлеміндегі қосымша «жасырын» өндіріспен салыстыру идеясы.

· Сапаға жауапкершілік: Сапа ұйымның әрбір қызметкерінің жұмысы нәтижесінде қамтамасыз етіледі, осылайша соңында ешқайсысы өзіне жауапкершілікті алмауы мүмкін. Сондықтан мұндай қызмет ұйымның жоғарғы басшылығы тарапынан белсенді басқаруды талап етеді.

· «Сапаны қамтамасыз етуге шығын» концепциясы.

А.Фейгенбаумның марапаттары:

· Америкалық сапа қоғамымен құрылған Ланкастер премиясының лауреаты

· Америкалық сапа қоғамынан «қазіргі заманғы сапаны бақылау негіздерін жасап енгізгені үшін» Эдвардс құрмет медалі

· Ұлттық өнеркәсіптік қауіпсіздік ассоциациясының құрмет премиясының лауреаты

· АҚШ Қарулы Күштер кеңесі тобының мүшесі

· Юнион Колледжі негізін салушылар медалі

· Ғылымды дамыту бойынша Америкалық ассоциацияның мүшесі

· Электрлік машина жасау Институтының өмір бойы мүшесі

· Америкалық инженер-механиктер қоғамының өмір бойы мүшесі.

Доктор Тагутидің атымен байланысты әдістер көптеген елдерде таралды, сонымен бірге Америкада және Батыс Еуропада. Құрама Корольдігінде коммерциялық мақсатта Тагути Клубы құрылды. Клуб статистиктер Институты жанында жұмыс істейді, бірақ оның мүшелері –

әр түрлі салалардан түрлі компаниялардың мүшелері: басұару, жобалау, өндіру, инженерлік қамтамасыз ету мен сапа. Клуб ашық ақпарат пен идея алмасуға бағытталған және бұл әдістерді Ұлыбритания өнеркәсібінде қолдануды мақсат еткен.

Генити Тагути 1924 жылдың 1қаңтарында дүниеге келген. Әскери қызметке шақырудың алдында бір жыл бойы техникалық колледжде текстильдік машиина жасауды зерттеген. Жапондық императорлық әскери-теңіз флотының Навигациялық институтының Астрономиялық департаментінде әскери борышын өтегенннен кейін денсаулық сақтау Министрлігінде және білім Министрлігінің математикалық статистика Институтында жұмыс істеді. "Morinaga Pharmaceuticals" және "Morinaga Seika" компанияларында консультация жүргізді.

1950 жылы Г. Тагути жаңа негізі салынған "Nippon Telephone and Telegraph" компаниясының электр байланысы лабораториясында жұмыс істеді. Мұнда 12 жыл жұмыс істеді, дәл осы кезеңде ол өзінің жеке тәсілдерін жасап шығара бастады, өнеркәсіптік кәсіпорындарда белсенді консультация жүргізді. 50-жылдардың басында жапондық компаниялар, соның ішінде "Тойота" және оның филиалдары Тагутидің тәсілдерін кеңінен қолдана бастады. 1951 жылы Г. Тагутидің алғашқы кітабы жарыққа шықты, ол барлығын "ортогоналдық орналасулар" түсінігімен таныстырған болатын. 1954—1955 жж. Г. Тагути үнді ғалымы
П. Махаланолустың ұсынысымен Үнді статистика институтына шақырылды. Бұл жерде ол атақты статистиктер Р. Фишер және В.Шухартпен танысты. 1957—1958 жж. Оның екі томдық кітабы "Эксперименттерді жоспарлау" ("Design of Experiments") басылып шықты. 1962 ж. Ол Құрама Штаттарында Принстон университетіне шақырылған зерттеуші ретінде алғаш рет болды, және "AT & T" компаниясының "Bell Laboratories" болды. Осы жылы Кьюшу университетінде оған доктор атағы берілді. 1964 жылы Тагути Токиодағы Аойама Гакуин университетінің профессоры болды және осы қызметте 1982 жылға дейін болды. 1966 жылы Тагути "Соңғы нәтижелерді басқару" ("Management by Total Results") кітабын жазды, Юнь Ву қытай тіліне аударды. Осы кезде Тагути тәсілдері Үндістан мен Тайваньда қолданысқа ие болды. 70-жылдардың басында Тагути Сапаны жоғалту Функциясы концепциясын (Quality Loss Function) жасады. Осы жылдары ол тағы екі кітабын шығарды және «Эксперименттерді жоспарлау» кітабының үшінші соңғы баспасын шығарды. 1960 жылы тәсілдерді қолдану үшін және 1951 мен 1953 жылдары сапа бойынша әдебиеттері үшін Деминг премиясымен марапатталды. 1980 жылы Тагути Юнь Ву компаниясына шақырылды, бұл кезде ол Жапондық сапа академиясының директоры болған. Осы кезде "Bell Laboratories" тағы болып, Мадхав Фадкемен бірге эксперименттер жүргізді, соның нәтижесінде Тагути тәсілдері "Bell Laboratories" жақсы танылды. Тагути Америкада болғаннан кейін оның тәсілдерін америкалық көптеген өндірушілер қолдана бастады, оның ішінде "Ксерокс", "Форд" және ITT компаниялары да болды. 1982 жылы Тагути университеттегі оқытушылық жұмысын тастап, зейнеткерлікке шығып, Жапондық стандарттар ассоциациясының кеңесшісі болды. 1983 жылы ол Америкалық жеткізушілер институтының атқарушы директоры болып тағайындалды, кейін онда оның ұлы Шин жұмыс істеді. 1984 жылы Тагути сапа бойынша кітабы үшін тағы да Деминг премиясымен марапатталды, ал 1986 жылы Халықаралық технология институты оны Виллард Рокуэлл медалімен марапаттады.

Тагути әдістемесі көбіне сапаға бақылау арқылы қол жеткізуден гөрі өнім мен үрдістерді өндірудің алдында ұйымдастырушылық жақсартуға бағытталған. Тагути сапаны өндіруге дейінгі басқаруды үш кезеңге бөледі:

· құрылымды жобалау;

· параметрлерді (сапа көрсеткіштерін) анықтау;

Тагути теориясы — бұл инженер мен конструкторға тиімді параметрлерді анықтауға мүмкіндік беретін үлгі, оны орындаған жағдайда өнім өте сапалы болады және өндірістен алынып тасталмайды.

Зертханалық жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

Сапа философиясының концепциялары мен қағидаларын, сонымен қатар сапаны басқарудың ұлттық жүйелерін жасауда сапаның негізін салуға аса зор үлес қосқан ғалымдардың өмірімен танысу

 

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1. Шухарт – Деминг циклі пайда болу тарихы

2. Исикава диаграммасы

3. Деминг, Кросби өмірбаяндары

4. Тагути теориясының маңызы

5. Фейгенбаум марапаттары қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997.

2. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: учебное пособие.Изд-во «Инфра-М», 1995.

Тәжірибелік жұмыс №3

Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау кезеңдері

Тәжірибелік жұмыс мақсаты. Студенттерге ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау кезеңдерін үйрету

Бірінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру.

Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру және енгізу үшін ұйымдастырылған сілтеме құру.

Екінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жобалау.

Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің ұйымдастырылған құрылымын құру.

Үшінші кезең: Біріккен менеджмент жүйесін құжаттандыру.

Мақсаты: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің нормативтік ұйымдастырылған базасын құру.

Төртінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізу

Бесінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттауға дайындау

Бірінші кезең. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру.

Бұл кезеңде ЫМЖ-ны құру туралы шешім қабылдаған жоғары басқарушы елеулі роль атқарады. Құру жүйесін бастар алдында жоғары басқарма бұл жұмыстың өзіне ашық түрде қаншалықты пайда әкелуімен қатар, жұмыстың масштабын, қиындығын, потенциалды қаупін және жұмыстың атқарылу мерзімін ескеруі қажет. Бұл жұмысты сәтті атқару үшін, өзінің менеджерлері мен мамандарының деңгейін бағалау қажет, сондай-ақ ішкі кеңесшілерінің қызығушылықтарын анықтау керек. Бұл жағдайда ұйым ұжымның психологиялық тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдануы маңызды. Қазіргі тәжірибе көз жеткізгендей, ұйымның менеджментінің (әсірессе радикалды мінез көрсеткен жағдайда) ұзақтығы және жұмыстың шарықтау шегінен алшақ болған жағдайда ұйымның менеджерлері мен мамандарын жалықтырып жібереді, тіпті кейде олардың көңілдерін қалдырыды.

Екінші кезең. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жобалау.

Бұл кезеңде ұйымда жасалады:

· ЫМЖ-ны жобалауда қажетті менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандарттар таңдалып алынады;

· ЫМЖ-ң қызметі таралатын ұйымның процесстері идентификациялау;

· идентификациялық процестің қайтымдылығы және қайталануын ретке келтіру;

· басшылар мен иегерлер нәтижелі және тиімді басқаруға жауапты процестерді тағайындайды;

· менеджмент жүйесінде әр бір процесте орындалатын БМЖ-ге қолданушы халықаралық стандарттардың нақты талаптары анықталады;

· халықаралық стандарттарды таңдап алумен байланысты мониторингтің процесінің параметрлерін бекітеді;

· мониторинг, өлшеу және процестің талдауы үшін әдістер мен құралдарды анықтайды;

· ЫМЖ процестің тиімділігіне, қорытындысына тұтасымен бағалау критерийі құрастырылады.

Үшінші кезең. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құжаттандыру.

Құжаттандырудың мақсаты - Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құру, функциялау және оның күннен-күнге жақсаруы үшін нормативтік, ұйымдық негізді құру болып табылады. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі сапалы құжаттандыру талаптарды құру, процестерді іске асыру, бұл талаптарды дұрыс түсіну, процестерді іске қосу мен қайта жандандыру және жеткен жетістіктерді бағалау сияқты тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесі құжаттандыру талаптарға сай жүйедегі кез-келген менеджмент жүйесіндегі халықаралық стандарттарды құжаттандыруға ұқсас және де өзінің құру мен идентификациялау ережелерін бекіту, ықпалдастырылған менеджмент жүйесі құжаттарының құрамы мен құрылымын анықтауды қарастырады.

Төртінші кезең. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізу

Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізудің екі жолы бар:

· ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің аддитивті моделін жасау. Мысалы, кәсіпорында негізгі жүйе ретінде СМЖ қолданылса, оған қосымша ретінде OHSAS және ЭМЖ енгізу. Бұл кезде ИМЖ енгізудің ұзақтылығы жарты жылдан бірнеше жылға дейін созылады.

· Толық ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау және енгізу. Бұл жағдайдың экономикалық әрі методикалық артықшылығына қарамастан, өмірде аз кездеседі. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін әзілеудің кезектілігі СМЖ секілді болуы керек.

Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша мақсатқа сай жұмысты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кәсіпорын (ұйым) өз тұжырымдамасын жасауға тиіс, осы кезде кәсіпорынды басқару мыналарға сүйенуге тиіс:

· тұрақты даму өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті және әлеуметтік жауаптылықты қамтамасыз етпей, қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендету бойынша мақсатқа сай келісілген жұмысқа қатыспай жүзеге асырыла алмайды;

· экономикалық, әлеуметтік және экологиялық меңгерілген шешімдерді іздестіру және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс үнемі жүргізілуге тиіс;

· менеджмент жүйесінің жай-күйін және кәсіпорынның барлық құрылымдарының экологиялық қауіпсіздігін талдау негізінде қабылданатын шешімдер ISO 9000 және 14000; ОНSАS 18001 және SА 8000 сериялы халықаралық стандарттардың ережелері ескерілуі керек.

Бесінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттауға дайындау

Сертификаттауға дайындық кезінің басында мына жұмыстар жүзеге асады:

· ЫМЖ сертификаттайтын ұйымды таңдау;

· ішкі аудиторлар мен сыртқы кеңесшілердің күшімен дайындық аудитін өткізу;

· ішкі аудиторлармен қарым қатынаста болатын персоналдарды дайындау.

Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттауға оған қатысты менеджмент жүйесіндегі сертификаттау жолымен бір немесе бірнеше ұйымдардың қатысуымен жүреді. Бірақ ұйым үшін біріккен менеджмент жүйесін сертификаттауды тұтасымен бір ұйым арқылы жүргізген тиімдірек.

Ұйымда әзірленген және енгізілген ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттауды оны жасау бойынша жұмыстың логикалық аяқталуы деп қарастыру керек. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растау ұйымның халықаралық саудада ойдағыдай жылжу, ұйымды ең аз тәуекел категориясына жатқызу салдарынан инвесторлар, кредиттік және сақтандыру компаниялар тарапынан ұйымның бизнес‑процестер болжамын және оған деген сенімін көтеру шарттарының бірі болуы мүмкін. Ойдағыдай сертификаттау, ереже бойынша, сапалы қиын жұмыс жасағаннан ұжымда сезімдік жоғарылау тудыратынын ескермеу мүмкін емес.

Сертификаттау жөніндегі органды таңдау, ішкі аудиторлар және сыртқы кеңесшілер күштерімен ішкі аудит жүргізу, персоналдың сыртқы аудиторлармен әрекеттесуіне дайындау сәтті аудиттің маңызды факторлары болып табылады.

Зертханалық жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

1. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау кезеңдерін талқылау

2. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің үлгісін үйрену

3. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін енгізу үшін негізгі құралдар

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жасау кезеңдері қанша?

2. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін жобалау қандай кезең?

3. Бірінші кезең: Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін құрудың мақсаты қандай?

4. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесін (БМЖ) құру дегеніміз не?

5. Ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің үлгісі қандай

6. Бесінші кезең қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бишимбаев В.К.,Ниязбекова Р.К., Ермаханова Ф.Р. Менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу. Оқу құралы. – Астана:ЕНУ, 2009. – 216

2. Круглов М.Г., Сергеев С.К. Менеджмент систем качества. //Учебное пособие.- М.: Изд-во стандартов, 1997.

 

Тәжірибелік жұмыс №4

Экологиялық менеджмент жүйесінің 17 элементі

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Мамандық бойынша студенттерге экологиялық менеджмент жүйесінің 17 элементі талқылап, үйрету.

 

ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің 17 элементтері:

ЭМЖ-нің көп үлгісі (осы ИСО 14001 стандарты да) Шухарт және Деминг енгізген «жоспарлау, істеу, тексеру, түзету» үлгісінде құрылған. Бұл үлгі үздіксіз жетілдіру концепциясына негізделген. ЭМЖ-нің ИСО 14001 стандартындағы бұл кезеңдер, яғни «жоспарлау, істеу, тексеру, түзету» ЭМЖ 17 элементтен тұрады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат – ұйымда қоршаған ортаны міндеті туралы құжат жасау. Саясатты жоспарлау және әрекет ету кезінде негіз ретінде қолдануға болады.

Қоршаған орта аспектілері – қоршаған ортамен өзара байланысты қызмет көрсетудің, қызметтің және өнімнің сипатты белгілерін анықтау.

Құқықтық және басқа талаптар – сәйкес заңдар мен нормаларды анықтап, оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсаттар мен міндеттер – саясатқа, қоршаған орта әсеріне, қызығушы ұйымның пікіріне және басқа да факторларға сәйкес, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ұйымның мақсаттарын анықтау.

Қоршаған ортаны қорғауды басқару бағдарламасы – мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін әрекеттерді жоспарлау.

Құрылым және жауапкершілікті бөлу – қатыстырған қызметкерлерді, олардың міндеттерін анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету.

Оқыту, білім және құзыреттілік – ұйым қызметкерлері қоршаған ортаны қорғаумен байланысты өзінің міндеттерін орындай алатындай оқудан өтуді қамтамасыз ету керек.

Өзара байланыс – қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша ішкі және сыртқы байланыс процедураларын орнату.

ЭМЖ-нің құжаттамасы – ЭМЖ бойынша сәйкес құжаттарды және ақпаратты жүргізу.

Құжаттарды басқару – жүйе бойынша процедуралардың немесе басқа құжаттардың тиімді басқаруын қамтамасыз ету.

Оперативті бақылау – саясат, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес әрекеттер мен операцияларды анықтау, жоспарлау және басқару.

Апатты жағдайларға дайындық – потенциалды апаттарды анықтау және олардың алдын алу үшін процедуралар жасау.

Бақылау және өлшеу – негізгі әрекеттерді бақылап, жұмыс жасауын қадағалау.

Сәйкессіздік, түзетуші жне ескертуші ерекеттер – проблемаларды анықтау, жою және олардың қайталануын ескерту.

Есептік құжаттар – ЭМЖ-нің жұмыс жасауы бойынша сәйкес есептік құжаттарды жүргізу.

ЭМЖ-нің аудиторлық тексерістері – ЭМЖ жақсы жұмыс істеп тұрғанын периодты тексеру.

Басшылық талдауы – ЭМЖ-нің жетілу мүмкіндігін периодты талдау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. ИСО 14001 стандарты бойынша экологиялық менеджмент жүйесінің 17 элементтері қандай?

2. Экологиялық аспект дегеніміз не?

3. Қоршаған ортаны қорғау саясаты элементін түсіндір

4. Апатты жағдайларға дайындық қандай элемент?

5. 7 элемент қандай және оның мақсаты неде?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Системы экологического менеджмента для практиков / С.Ю.Дайман, Т.В. Островкова, Е.А. Заика, Т.В. Сокорнова; Под ред. С.Ю. Даймана. – М.: Изд. РХТУ им. Д.И. Менеделеева, 2004. - 248с.: илл.

2. 2. Т.В. Гусева, А.Е. Хачатуров, С.В. Макаров, Е.А. Заика, М.В. Хотулева. Добровольная экологическая деятельность. Неиспользуемые возможности / 3. С.В. Макаров, Т.В. Гусева. Экологический менеджмент

3. 4. Белов Г.В. Экологический менеджмент: Учеб. Пособие. – М.: Логос, 2006. – 240с.

Тәжірибелік жұмыс №5

Экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар сериясы

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар сериясы болып табылатын ISO 14000 стандартының қайдан бастау алатыны, қандай салаларда қолданылатыны, жалпы тарихы туралы деректерді студентке жеткізу.

Кәсіпорындар мен компанияларда экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттар сериясы болып табылатын ISO 14000 пайда болуы маңызды халықаралық табиғатты қорғау бастамаларының бірі болып саналады. ISO 14000 стандарттарының жүйесі сандық параметрлер (қалдықтар көлемі, заттардың конценрациялары және т.б.) және технологияға (нақты технологияны қолдану немесе қолданбау талаптары, «барынша қол жетімді технологияны» қолдыну талаптары) бағытталмаған.

ISO 14000 сериясының негізгі пәні экологиялық менеджмент жүйесі болып табылады. Бұл стандарттардың ағымдағы жағдайлары ұйымда белгіленген процедуралар мен құжаттар енгізілуі және сақталуы, экологиялық маңызды қызметтің нақты салаларына жауаптыларды тағайындауды қарастырады.

Серияның негізгі құжаты – ISO 14001 – ұйым арнайы құжатта өзінің ұлттық стандарттарға сәйкес болуға ұмтылатындығын жариялау керектігін есептемегенде, ұйымның қоршаған ортаға әсеріне ешқандай нақты бір талаптарды қарастырмайды.

Стандартардың мұндай сипаттары, бір жағынан, ISO 14000 халықаралық стандарт ретінде ұлттық нормативтердің таралу аймағына кедергі болмауы керектігімен түсіндіріледі. Екінші жағынан ISO-ның алғышарты өнімнің сапасына «ұйымдық» ықпал (мысалы, «сапаның жалпы менеджменті» концепциясы – total quality management) болып табылады. Оларға сәйкес сапаға жетудің кілті - өнім мен қызмет сапасы үшін ұйым құрылымын толықтай тарту және міндеттерді оңтайлы бөлуде.

ISO 14000 әзірлеу шешімі Бүкіләлемдік сауда келісімі бойынша келісімсөздердің Уругвайдағы раундының және 1992 жылы Рио-де-Жанейрода жоғары деңгейде өткен қоршаған орта және даму бойынша кездесудің нәтижесі болып табылады. ISO 14000 стандарттары Халықаралық Стандарттау Ұйымының (ISO) 207 Техникалық комитетімен (TC 207) әзірленді. Бұл жерде әлемде 70 000–нан астам кәсіпорын мен компаниялар сәйкестік сертификаттауынан өткен өнімнің сапа менеджменті жүйесі бойынша халықаралық стандарт ретінде көрсете білуі ескерілді.

Стандарттар жүйесі қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді азайтуды үш деңгейде қамтамасыз етуі болжалданады:

-ұйымдық – корпорацияның экологиялық «мінез-құлқын» жақсарту арқылы;

-ұлттық – ұлттық нормативтік базаға нақты толықтырулар және мемлекеттік экологиялық саясат құрамдастарын (компоненттерін) жасау арқылы;

-халықаралық – халықаралық сауда жағдайларын жақсарту арқылы.

Жүйеге кіретін құжаттарды шартты түрде үш негізгі топқа бөлуге болады:

-экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) жасау және қолдану қағидалары;

-экологиялық бақылау және бағалау құралдары;

-өнімге бағытталған стандарттар.

 

Айтылған үш салада келесі құжаттар жасалған және жасалу үстінде:

  Экологиялық менеджмен қағидалары қабылданған
ISO 14001 Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) – қолдану бойынша ерекшеліктер және басшылық +
ISO 14004 ЭМЖ – Қағидалар, жүйелер және әдістер бойынша жалпы басшылық +
ISO 14014 Кәсіпорынның экологиялық тиімділігінің «бастапқы деңгейін» анықтау бойынша басшылық. Экологиялық менеджмент жүйесін формалды құрудан алдын қолданылуы керек.  
Экологиялық реттеу және бағалау құралдары
ISO 14010 Экологиялық аудит бойынша басшылық – Экологиялық аудитің жалпы қағидалары +
ISO 14011/1 Экологиялық аудит бойынша басшылық — Аудит процедуралары – Экологиялық менеджмент жүйесінің аудиті +
ISO 14012 Экологиялық аудит бойынша басшылық – Экологиялық аудиторларының біліктілігінің критерийлері +
ISO 14031 Ұйым қызметінің экологиялық көрсеткіштерін бағалау бойынша басшылық  
Өнімге бағытталған стандарттар
ISO 14020 (құжаттар сериясы) Өнімді экологиялық таңбалау қағидалары  
ISO 14040 (құжаттар сериясы) «Өмірлік циклды бағалау» әдістемесі – өніммен байланысты экологиялық әсерлерді оның өмірлік циклының барлық сатыларында бағалау  
ISO 14050 Глоссарий +
ISO 14060 Өнімге стандарттардағы экологиялық аспектілерді ескеру бойынша басшылық  

 

ISO 14000 сериясындағы шешуші ұғым ұйымдағы (кәсіпорын немесе компания) экологиялық менеджмент жүйесі болып табылады. Сондықтан стандарттың орталық құжаты ISO 14001 – «Экологиялық менеджмент жүйесін қолдану ерекшелігі және басшылығы» болып есептеледі. Басқа құжаттардан өзгешелігі оның талаптары «аудиттелген» — оларға нақты бір ұйымның сәйкес болу немесе сәйкес болмауы жоғары дәрежелі нақтылықпен орнатылуы мүмкін. Дәл осы ISO 14001 стандартына сәйкестік формалды сертификаттау пәні болып табылады.

Ресми түрде ISO 14000 стандарты ерікті болып табылады. Олар заңнамалық талаптар ретінде қолданылмайды, компанияның қоршаған ортаға әсерін және заңнама талаптарының орындалу деңгейін анықтау жүйесін қамтамасыз етеді. Ұйым ISO 14000 стандарттарын ішкі қажеттіліктер үшін, мысалы, ЭМЖ үлгісі немесе экологиялық менеджмент жүйесіның ішкі аудитінің форматы ретінде қолдануы мүмкін.

Мұндай жүйе жасау ұйымға тиімді құрал бола алады. Оның көмегімен ұйым өзінің сыртқы ортаға әсерінің барлық жиынтығын басқарады және өз әрекеттерін әртүрлі талатарға сәйкестендіреді. Стандарттар сондай-ақ сыртқы мүдделер үшін де – өз тұтынушылары мен қоғам мүшелеріне экологиялық менеджмент жүйесінің қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін жариялау үшін қолданылуы мүмкін. Осылайша, ұйым формалды сертификаттауды үшінші (тәуелсіз) жақтан алуына болады.

Стандарттардың еріктілігіне қарамастан, ISO/TC 207 төрағасы айтқанындай, 10жылдан кейін 90-нан 100 пайызға дейін ірі компаниялар, тасымалдағыш компанияларды қоса есептегенде ISO 14000 стандартының талаптарына сәйкестікке сертификатталатын болады, яғни «үшінші жақтан» өзінің қызметінің аспектілері осы стандартқа сәйкестігі туралы сертификат алатын болады. Кәсіпорындардың ISO 14000 бойынша сертификаттауға ұмтылуынынң бірінші себебі мұндай сертификаттау халықаралық нарықта өнім маркетингінің айнымас шартына айналуымен байланысты болуы мүмкін.

Кәсіпорынға ЭМЖ енгізу немесе сертификаттаудың қажеттілігін туғызатын басқа себептер келесілер болуы мүмкін:

-Фирманың табиғатты қорғау талаптарын орындау саласындағы имиджін жақсарту (табиғатты қорау заңдылығының аясында);

-Энергия мен ресурстарды тиімді басқару есебінен таиғатты қорғау шараларына жұмсалатын шығындарды үнемдеу;

-Кәсіпорынның негізгі қорының бағалық құнын арттыру;

-«жасыл» өнімдер нарығын «жаулауға» ұмтылу;

-Кәсіпорынды басқару жүйесін жақсарту;

-Жоғары білікті жұмыс күшін тарту мүддесі.

ISO бойынша сертификаттау жүйесі ұлттық деңгейде әзірлену керек. Канада сияқты елдердің тәжірибесі бойынша ұлттық инфроқұрылымды жасаудағы негізгі рөлді Мемстандарт, сондай-ақ Сауда-өндірістік палаталар, кәсіпкерлер одағы және т.б. сияқты стандарттау бойынша ұлттық агенттіктер атқарады.

Стандартты тіркеу процесі кәсіпорынға экологиялық менеджмент жүйесін енгізуге кететіндей уақытты алады, яғни 12 ден 18 айға дейін созылуы мүмкін.

ISO 14000 талаптары көбіне ISO 9000 талаптарымен қиылысатындықтан, егер кәсіпорын ISO 9000 сәйкестік құжатына ие болса, онда оның сертификаттауы оңай болады. Бұдан әрі қарай жалпы бағаны төмендету үшін «қосарлы» сертификаттау мүмкіндігі қарастырылады. Кеңестік фирмалардың бірінің сөзі бойынша " ISO 9000 аясында сертификаттау – бұл ISO 14000 аясында сертификаттаудың 70% жұмысы болып табылады".

Көрініп тұрғандай, ISO 14000 алдымен экологиялық менеджмент жүйесінің өзіне талаптар қояды. Солардың міндеттісі жүйенің жұмыс істеуін ақырындап, сатылай, бірақ үздіксіз жақсартып отыру болып табылады. Мұнда кәсіпорын оның технологиялық жүйесі және ұйымдастырушылық шаралары қоршаған ортаға әсерді азайтуды қамтамасыз етпейтін болса да ISO 14000 сәйкестігіне сертификатталған болуы мүмкін.

 

Тәжірибелік жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

1. Кәсіпорынға ЭМЖ сертификаттаудың қажеттіліктерін тудыратын себептер анықтау

2. Осы жүйе қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуды қамтамасыз ету деңгейлерін көрсету

3. ЭМЖ жүйесіне кіретін құжаттар тобын талқылау

 

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1.ISO 14000 стандартын қабылдау қай жерде және қашан шешілді?

2.ISO 14000 стандарты кімдермен әзірленді?

3.ISO 14000 стандарты ресми түрде қалай сипатталады?

4.ЭМЖ ні кәсіпорынға енгізу қанша уақыт алады?

5.ЭМЖ ға кіретін құжаттарды неще топқа бөледі және оларды ата?

6.Кәсіпорындарды ISO 14000 бойынша сертификаттаудың себептерін ата?

7.Осы жұмыста айтылған кеңестік фирмалардың ЭМЖ ға қатысты ойын айт?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аронов И. О моделях систем управления: нужна ли альтернатива моделям МС ИСО серии 9000? Какова стратегия действий в этой области?/ //Стандарты и качество. – 2005. – № 2. – С. 56-58.

2. ИСО 9001:2000 для компаний малого и среднего бизнеса. – Н. Новгород: Приоритет, 2002. – 120 с.

3. Никитин В.А. Управление качеством на базе стандартов ИСО 9000:2000: Политика, оценка, формирование. – М. и др.: Питер, 2007. – 125 с.

4. Попов В. Приведение системы качества в соответствие с требованиями МС ИСО серии 9000 //Стандарты и качество. – 2006. – № 3. – С. 68-69.

 

 

Тәжірибелік жұмыс №6

Экологиялық менеджмент үрдісі мен аспектілерін анықтау

Тәжірибелік жұмыс мақсаты.

Студенттерге дәріс сабағынан берілетін экологиялық менеджмент туралы білімдерін кеңейту. Ферроқорытпа зауыты мысалында экологиялық менеджмент жүйесінің үрдісін қысқаша кестелеп беру арқылы керекті мекемемінің экологиялық аспектілерін анықтап үйрену.

 

Экологиялық менеджмент саласындағы практикалық әрекеттердің дамуымен әртүрлі экологиялық мәселелерді шешуде бірқатар нақты артықшылықтарға ие болу мүмкіншілігімен байланысады.

Мұндай артықшылықтарға ең алдымен экологиялық жағдайды өндірістік және аймақтық деңгейде дамытуда қалыптасатын кері тенденцияларды жоюда қолданылатын жаңа ықпалдар, дәстүрлі емес әдістер мен мүмкіншіліктер жатады. Экологиялық менеджменттің негізгі мақсаты — әрекет етудің мүмкін болған барлық салаларында сатылай жақсарту — өтпелі және нарықтық экономика жағдайында әртүрлі экологиялық мәселелерді шешуде жаңа ықпалдарды табуға, дәстүрлі емес әдістерді және мүмкіншіліктерді анықтауға жол береді. Мұнда экологиялық менеджмент барынша экологиялық таза өндіріс құруда практикалық негіз ретінде қарастырылады.

Экологиялық басымды мәселелерді практикалық шешу үшін қолдағы бар көптеген мүмкіндіктерді және құралдарды біріктіру және оларды белсенді ету экологиялық менеджментпен тікелей байланысты. Бүгінде әрбір кәсіпорында экологиялық мәселелерді шешуде қолданылуы мүмкін, бірақ қолданылмаған көптеген технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктер мен құралдар бар. Оларды шығару және белсенді ету тек экологиялық менеджмент жүйесінде ғана мүмкін

Экологиялық менеджмент жүйесін жасап шығару, осы ЭМЖн кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін қамтып отырып оны тиімді енгізу басты мақсат.

Осы зауытты экологиялық менеджмент жүйесіне енгізудің негізгі талаптарын денсаулық қорғау және экопроектілеу орталығынан анықталған.

 

Экологиялық аспект - мекеменің өнімі немесе қызметі қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қызмет элементі. Стандарт экологиялық менеджмент жүйесіне міндетті шарттарды анықтайды, қоршаған ортаға әсер етуші туралы ақпарат пен нормативті техникалық акт, заңның талаптарын ескерек отырып, ұйымға саясат пен мақсатты анықтағанда мүмкіндік береді.

Экологиялық менеджмент жүйесінде ұйым бақылай алатын, жүйе әсер ету кезінде өзгеретін ұйым қызметінің экологиялық аспектілерін қарайды. Ұйым қызметінің экологиялық көрсеткіштері анықталатын арнайы критерийлерді стандарт орнатпайды.

Аспектілерді анықтау кезінде әрекеттердің мақсаты, міндеті,жоспары анықталады. Мекеменің негізгі айналысатын қызмет түрлеріне қарап, қоршаған ортаны қорғау процедуралары бойынша құжаттама жасалынады:

-Өндірісті жобалау және құру

-Өндірістік үрдістер мен құрылғылар модернизациясы

-Қалдықтарды басқару

-Мониторинг және бақылау

-Апатты жағдайларға әрекет ету, апатты жағдайлардың салдарын анықтау

Тәжірибелік жұмыс істеу барысында тапсырмалар:

Осы берілген мәліметтерге қарап отырып, өзіңнің практикадан өткен немесе дипломдық жобада қолданылатын мекеменің экологиялық аспектісін кесте түрінде құрастыр

Жұмысты тапсыру үшін бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық менеджментті енгізу экологиялық мәселелерді шешуде қандай маңызы бар?(Осы зертханалық жұмыста қолданылған мәліметтерге сүйеніп студенттің өз ойы)

2.Экологиялық менеджменттің негізгі мақсаты?

3.Экологиялық аспект дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кравченко И.И. Экологическая теория в современных теориях общественного развития.- М.,1992.

2. Кобылянский В.А. Природа и общество. Специфика, единство и взаимодействие.- Красноярск,1990.

3. Окрепилов В.В. Управление и контроль качеством, - «Наука», 2000.

АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-04; Просмотров: 1743; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.32 сек.