КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Лекция негіздері. Лекция негіздері Өндіріс факторлары
Лекция негіздері
Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық тәсілі. Икемсіз жалақы. 2. Жиынтық ұсыныс қисығын құру, оған әсер етуші факторларды атап шығыңыздар. 3. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі қалай қалыптасады? Негізгі әдебиет: (306-319, 324-331 б. /4/) 4 тақырып. Игіліктер нарығы Лекция мақсаты: Игіліктер нарығындағы тепе-тендіктің қалыптасу жағдайларын анықтау. Негізгі терминдер: еңбек нарығы, тепе-теңдік, инвестициялық функциясы, пайыз мөлшерлемесі, бюджет-салық саясаты.
Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді.
Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарлаған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы – фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Яғни, фирмалардың төменгі немесе жоғарғы сату деңгейіне байланысты өздерінің тауарлық-материалдық қорлар деңгейін көтеруі немесе төмендетуі болып табылады. Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады:
E = C + I + G.
C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған (=), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , .:
.
Осы теңдеуден жоспарланған шығыстар Е табыс Y функциясы болып табылады. E = Y. Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді. Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар, Y = E. Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.
Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Мұндай жағдай орын алуы мүмкін, егер Орталық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2 Сурет). E=C+I+G жоспарланатын шығыстар сызығы C=C(Y-T) тұтынушылық шығыстар сызығының (I+G) шамасына жоғарыға параллель түрде жылжуы арқылы шығарылады.
Дата добавления: 2014-01-06; Просмотров: 781; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |