Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Отбасы. 2 страница




Халық өз лидеріне баға бере алады, биліктің кемшілігіне және жетістігіне назар аудара алады. Билік халықтан шығады. Сол себепті халық биліктің қайнар көзі болып табылады.

Халық заңның қабылдануына, талқылануына және құрылуына белсенді түрде қатысуға тиісті. Сонда бұл заңдар халық арқылы әділетті қабылданар еді. Халық қалаулылары болған депутаттар қоғам таныан жүзеге асырады. Осыған орай, біздің мемлекеттің дамп, біздің бақытты өмір сүріп, заңбұзушылықтар болмай, заңдар орындалуы үшін халық саяси сауатты болуы қажет.

Халық және көпшілік. Испан философы Ортеги-и-Гасеттің пікірінше, көпшілік адамдардың ерекше артықшылығы жоқ көпшілігін айтады. Көпшілік дәм, қызығушылық, өмір сүру салты және т.б. сияқты кейбір ортақ ерекшеліктерге ие. Көпшілік жеке адамның пікірі болып есептелмейтін, бірақ қоғамдық пікірін білідір деп аталатын өзіндік пікірді білдіреді. қандай да бір оқиғаларға байланысты көпшілік жиналған жерге тобыр кездейсоқ жиналуы мүмкін. Бірақ кейбір саяси шараларды (митингілер, шерулер және т.б.) өткізу үшін алдын-ала ұйымдастырып, өткізуге болады.

Тобыр туралы түсінік халық туралы түсінікке жақын болғанымен, бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Басқарушы саналы болғаннан гөрі ызалы, қызу қанды адамдардың ұйымдаспаған, кездейсоқ жиналуынан пайда болатын тобырлық сана. Сезім және эмоцияға беріліп ақылға бой алдырмастан, тобырлық сана басымдықта болатын тобырды кездейсоқ ұйымдаспаған адамдардың шоғырлануы деп санайды. Тобыр тек қиратып, бұзатын бұқара, олардың психикасын әлеуметтік институттар мен ережелерді бұзуға оңай пайдалануға болады.

Сондықтан, саясаткерлер тобырдың пікірін ескеріп, қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруға мүдделі болса, қоғамға аса қауіпті. Әрине, көреген көсемдер тобырдың көңіл-күйін ескере отырып, қоғамның шынайы келбетін танытады. Бірақ тобыр әп-сәтте құрылғанымен, тез арада тарайды. Тобырдың саяси мәдениеті неғұрлым төмен болған сайын қауіпті әрі бұл қатерді ескерусіз қалдыруға болмайды.

Охлос – тобыр. Охлократия – тобырлардың билігі.

Тарихтың нағыз субъектісі ретінде тобыр не бұқара емес халық танылады.

 

Демократия. Демократия түсінігі және белгілері. Демократия – (еж.-грек. демос – халық, кратос – билік) - халық билігі. Басқаша айтқанда, жариялылық бұл ұжымдық шешім қабылдау әдісі негізіне жататын саяси режим. Осыған орай, қатысушылар саяси үдеріске шынайы әрекет ете алады.

 

Демократия белгілері:

 

Демократияның екі моделі болады:.

· тікелей демократия – азаматтар өздерінің құқығын тікелей саяси шешімдерді қабылдауда жалпы келісім (консенсус) жетістіктері немесе азшылықтың көпшілікке бағынуы процедуралары есебінен жүзеге асырады.

· өкілдік демократия – азаматтар да құқықтарын өздерінің сайлаған депуттары арқылы және басқа қызметтік тұлғалардың жекеменшік құқығы бөлігіне сол жерлдерге сапар шегу жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай, таңдап алынған жетекшілер азаматтар алдында өздерінің әрекеттеріне жауап береді.

Демократия тарихи нысаны. Демократия -көпшіліктің бір-бірінің бостандығы мен құқығын сыйлайтынбілімді,тәрбиелі билік. Ең бірініші жариялылық Ежелгі Афинада пайда болды. Афина жариялылығы жариялылықтың классикалық нысаны ретінде қабылданған.

Тарихтан мысал келтірелік.

! «Сіздер, барлық афиналықтар, мемлекеттік құрылымның тирания, олигархия и демократия деп аталатын үш типі болатынын жақсы білесіздер. Алғашқы екеуі мемлекеттің басшылары басқарса, үшіншісін заңды орнатқандар басқарады. Заңдардың орындалуы – жариялылықтың сақталуы. Осыны ескере отырып, заңға қарама-қайшы ұсыныстарды өткізгісі келетіндерді жек көрулерің керек» (Оратор Демосфен).

! «Біздің мемлекеттік құрылым өзгелердің тәртібін қайталамауы тиіс; біз асылында, бірелердің жолынан жүргеннен гөрі басқаларға үлгі болып табыламыз. Біздің жариялылықтың құрылымы азшылықтың емес көпшіліктің мүддесімен басқарылатынын атайды. Заң бойынша барлығының бірдей құқығы бірдей, қоғамдық жұмыстарда осы немес басқа партиялардың қолдауы емес, адамның қабілеті шешеді. Күйеуінің кедейліктен мүмкіндігінің жоқтықтығынан мемлекетке пайда әкеле алмайды деген түсіні мүлде болған емес... Біз сұлулықты рухтың әлсіздігінен мұңаймайтын кішіпейілдікпен, білімбілікпен үйлесімді болатынын жақсы көреміз. Қайсарлылықты өз ісімізді жаңадан бастағалы жатқанда санамыздан өткізіп, ойластыру арқылы үйлестіреміз. Кей жағ жағдайларда ғана көптеген адамдарға тек санасыздық қана қайсарлық береді, олардың мұндай ойлары сәтсіздікке әкеліп соғады. Біз байлық пен мансаптың артында дәулеттілік немесе атақ-даңқ саяси қызметтің құралы деп санаймыз. Ал кедейлікке қатысты біздің кемсітуіміз тек адамның өзі кедейліктен арылу үшін әрекеттенбейді деген ойды тудырады» (Периклдің сөздерінен).

Осы айтылған сөздерді талқылаңдар. Осы анықтамалықтардан жариялылықтың қандай белгілерін атап айтар едіңдер?

Қазақ халқының мемлекетінің тарихына назар аударайық. Көшпенді мемлекетте де демократия болды.

Демократияның мынадай ерекшеліктерін атап көрсетейік.

· Хандарды барлық төре руларының өкілдерінің арасынан – шыңғыстық-сұлтандар сайланды. Тек Шыңғысханның «ақсүйектер» тұқымдары ғана сұлтан болды. Осыған орай, сөз жоқ, сайлаушылар алдында беделге ие болған тек сұлтан ғана хан бола алатын еді. Хан тағына үміткер өзінің мемлекетті басқара алатын қабілетін дәлеледеу тиіс болатын.

· Қазақ даласында билер үлкен беделге ие болған. Шыққан тегінде ешбір талассыз бедел жинаған билерді ешкім сайлап немесе тағайындаған жоқ, Ел арасында би хан болған жоқ. Бірақ, әлеуметтік жекетұлғалық рейтінгісі бойынша ол үнемі осы ортаның үкімет басқаруынан жоғары болып отырды. Халық арасында: «Ханда қырық кiсiнiн ақылы бар, биде қырық кiсiнiн ары, бiлiмi бар» деген ескіліктің нақыл сөзі осы кезге дейін қолданылады.

· Көшпенді халықтардың өмірі бостандық пен теңдіктің жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның әрбір мүшесі тең құқылы болды, ел арасында жеке пікір білдіру құқығы ерекше құрмет болып саналды. Қасым хан мен Есім ханның ежелгі заңында: “Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ” деген сөзі бостандықтың ережесін қалыптастырған.

· Ұжымдық қоғамда қоғамдық пікір білдіру мемлекеттік мәжбүрлеуден де күштірек болған. Қоғам мүшелері ар, ұят, абырой сиқты қасиеттердің негізіндегі ішкі тухани мәдениеттің күшін қамтыған үрдіс пен салт-дәстүрлерді сақтай білген. Ар-ұят өмірден де жоғары қойылған.

Жариялылықтың іргелі принциптери (ұстанымдары).

Принциптер (ұстанымдар) басты идеялар, талаптар, негіздер.

Осы принциптерді атап көрсетейік.

Конституционализм. Заңды үдеріс белгілі бір параметр аясында жүріп отыру керек. Бұл параметрлер Атазаңда қарастырылған.

Жариялылық сайлаулары – барлық кәмелетке толған азаматтардыңдауыс беруге қатысу мүмкіндігі. Бұл жерде әрбір азаматтың дацусы маңызды, заң әрбір адамды дауыс беру кезіндегі құқық бұзушылықтың әсер етуінен қорғайды. Ашық және адал жинаған дауыстардың саны болады.

Заңдардың шығарылуы. Азаматтар тікелей не жанама түрде заң шығару үдерісіне өз үлесін қосады. Заңнамалық ұйымдар халық алдында жауапты болатынын және талаптардың есебінің ескеру қажеттігін назарға алған.

Сот ұйымдарының тәуелсіздігі – сот заң және сот алдында барлығы тең, ашық түрде жүзеге асырылуындағы жариялылықтың адам құқығын қорғау нысаны болып табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі. Жариялылықтың жағдайында халық сыбайлас жемқорлықтың, әділетсіз заңбұзушылықтың, нәтижесіз болғанда немесе мемлекеттік ұйымдардың заңнан тыс әрекет етуі орын алған жағдайында баспасөзге әшкерелеу құралы ретінде сүйенеді. Бірде бір мемлекетте баспасөз бостандығы болмаса, бостандықтың болуы екіталай.

Белсенді топтардың рөлі. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтардың мүддесін айқындауда және оларға назар аударуда тиімді көмек көрсетеді.

Ақпарат алудағы қоғамның құқығы. Азаматтар өздерінің төлеген салығының қайда жұмсалып жатқанын және сайлаған адамдардың заңды немесе тиімді заңның қабылдануында өз міндеттерін қалай атқарып жатқанын білуге құқылы.

Азшылықтың құқығын қорғау. Қоғам азшылық топтардың мүддесін қорғайды.

Демократия күштері. Жариялылық әртүрлі күщтерді дамытады. Біріншіден, тек мемлекет билігі күші. Мемлекет өкілдерінің жоғары жариялылылықтың мәдениетін меңгеруі аса маңызды. Екінші күші – жариялылыққа мұқтаж болып отыр. Сондықтан да халық саяси сауатты болуы тиіс.

Саяси режим. Саяси режим – қоғамдағы саяси бостандықтың көрсеткіші мен жеке тұлғаның құқықтық ережесінің жағдайының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекеттік билік. Саяси режим сол не басқа мемлекеттің өмір сүру қызметінде үлкен маңызы болып отыр. Саяси режимдердің өзгеруі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының күрт өзгеруіне әкеліп соғады. Саяси режим белгілі бір уақытта жариялылықтың даму нысаны мен деңгейін, мемлекеттегі саяси жағдайын көрсетеді.

Демократияға қарсы режимдер. Тоталитаризм и авторитаризм. Демократияғақарсы режимнің тираникалық, деспотикалық, фашистік, тоталитарлық және авторитарлық деп аталатын бірнеше түрлері бар.

Демократияға қарсы режимнің өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар: бір ғана саяси партияға бағынышты болу; бір ғана ресми идеологияның болуы; әдеттегідей жекеменшіктің бір нысанын бағынышты ету; саяси қандай да болмасын құқық және бостандықты жою немесе азайту мәліметі; қоғамдық топтардың, касталық және басқа да белгілері бойынша қоғамның сирек орналасуы; қоғамдың топтардың төмен экономикалық деңгейі; мәжбүрлеу және жазалау шараларына екпіндік ету; сыртқы саясатқа қысастық көрсету және т.б.

Тоталитаризм – жариялылыққа қарсырежимнің өте күңгірт тұстары бар. Мұнда қоғамға мемлекет тарапынан қатаң бақылауды жүзеге асыру, демократиялық партиялар мен ұйымдардың қызметіне тыйым салыну, адам құқығы мен бостандығын таптау, сөз бостандығының болдырмау, дамушы күштерге қарсы зұлмат өткізу жүзеге асырылады. Тоталитарлық билік халықтың бақылауынан тыс болады. Тоталитаризм үлгісі – ХХ ғ. 30 ж. Германиядағы фашистік Германияның саяси режимі.

Авторитаризм – бір адамның немесе ұйымның қолындағы биліктің белгілі бір шектеліп, шоғырландырылуын сипаттайтын режим типі.

Авторитаризм тоталитарлық режимнен айтарлықтай айырмашылығы болады:

маңызды дәрежедегі бостандықтың шектелуінің расталған сипаты бар, жекеменшік емес, саяси құқықтар пен бостандықтар шектеледі;

· режимнің тірек болу идеология немесе саяси партияда емес, әскекрде, дәстүрлі дінде болады;

· авторитаризм азаматтық қоғамды жою мақсатын және сананы жаулау сипатын болдырмайды. Бұл режимнің ауқымы кең, жаңалықты жақсы қабылдайды, дәстүрлі құрылымды сақтауға бағытталған;

· авторитаризм басқаруда басшылықтың командалық әдісіне және мемлекеттік биліктің қатаң түрде орталықтануына тірек болады.

Ең бастысы авторитаризм қоғамында қоғамның үстінен бақылау жасау жан-жақты бағыт беру болып табылмайды. Бұл оның тоталитаризмнен айқындалуы болып табылады.

Билікті сайлау. Демократияның ең басты белгілерінің бірі сайлау болып табылады. Сайлау – билікке келудің бірден-бір жарқын тәсілі. Барлық өркениетті мемлекеттерде көп жағдайда билікке қол жеткізудің жалғыз заңды тәсілі. Сайлаулар тек саясатта ғана емес, сонымен қатар, басқаруды қажет ететін салаларда қолданылады. Адамзаттың тарихында сайлаулар ежелгі заманнан бері келе жатқаны белгілі. Тіпті алғашқы қауымдық қоғамда да тайпалардың көсемдері мен ру басыларын сайлаған.

Сайлауға қатысу әрбір адамның өзінің ерікті жұмысы болып табылады. Онымен қоса сайлауға қатысу кез-келген адамның азаматтық борышы болып табылады. Кез-келген мемлекет сайлауларда азаматтардың көпшілігінің мейлінше түгел қатысуына әрекет етеді. Сайлауға қатысу – азаматтардың немқұрайды бақылаушысы болмай, өз мемлекеті үшін шын жанашыр бола алатындығының көрсеткіші. Немқұрайдылық және сырт қалу қоғамда күңгірт құбылыстардың пайда болуына жол ашып береді. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі «абсентеизм» деп аталады.

* Тарихтан дәлел келтірелік.

Сайлаулар өне бойы әділетті болған жоқ. Ежелгі замандарда және орта ғасырларда көптеген шектеулер болды. Сонымен, сайлауларға тек қана аристократтар ғана қатысып, қарапайым кедей халық, әйелдер, құлдар шеттетілді.

 

Қазіргі кезеңде сайлау заңында барлық азаматтар сайлауға жіберіледі, бірақ жас шамасына қарай мүліктік, білім, жынысына қарай және т.б. шектеулер енгізілген.

Сайлау бостандығы. Сайлаудың ашықтығы. Азаматтық саяси қатысу. Сайлаушылар. Мемлекеттік саясатқа азаматтардың әсер етуі. Сайлаудың қаржыландырылуы.

Сайлау бостандығы дегеніміз әрбір азаматтың сайлауға қатысуға, сондай-ақ олардың көзқарасынан шынайы және әділетті күресте сайлаушы болу мүмкіндіктеріне ие болуды білдіреді. Сайлаулар ашық түрде өтеді. Бұл дегеніңіз, әрбір адам сайлауға қатысады, дауыс санағы ашық түрде өтеді, сайлаудың барлық нәтижелері жарияланады. Сайлауда әрбір адам дауысының маңызы бар. Кез-келген адам өзінің шынайы нағыз өмірін келешекке әсер ету арқылы өзгерте алады. Болашақ әрбір адамның қолымен жасалатын сайлау арқылы анықталады. Қандай адамды сайлау керектігін шешу үшін болып жатқан оқиғалардан, іс-әрекеттерден басқа саяси партиялардың және олардың лидерлері қызметін жеке бастың мүддесін ойлайтын жағдайлардан хабардар, саяси сауатты болу керек. Сайлауларға қатысуға құқығы бар азаматтарды сайлаушылар деп атаймыз. Барлық азаматтар сайлаушылар болып табылмайды. Сайлаушыларға қойылатын белгілі бір талаптар бар. Азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін қатыса алады. Сайлауларда соттың шешімімен сотталып, жазасын өтеп жатқан тұлғаларға қатысуға болмайды. Әрбір сайлаушы кімді сайлайтынын өздері таңдайды. Дауыс құқығының берілуі ретінде басқа тұлғалардың орнына дауыс беруіне тыйым салынады. Сайлаулар мемлекеттің, жеке тұлғалардың есебінен қаржыландырады. Бұл үміткердің жеке қаражаты, саяси партияның қаражаты, қоғамдық бірлестіктердің қаражаты, ерікті түрде азаматтардың демеушілік қаражаты және Республика ұйымдарынан алынған қаражаты болуы мүмкін.

Тапсырма. Азаматтар мемлекеттік саясатқа қалай әсер ете алады, ойланып көрелік.

Қоғамдық ұйымдар. Саяси партиялар. Билік партиялары және оппозициялық партиялар. Оппозициялар және оның қызметі. Қоғамдық ұйымдар мен басқа қоғамдық бірлестіктердің қоғамның саяси өміріндегі рөлі.

Азаматтар қажеттіліктерін қанағаттандырып және өз мүдделерін білдіру үшін әртүрлі қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер еріктілік негізінде құрылады. Қоғамға мұндай ұйымдардың көп болуы пайдалы. Осындай ұйымдар арқылы адам өзінің құқығын көрсете алады. Қоғамдық ұйымдардың одақтар, қорлар, бірлестіктер және т.б. осындай түрлері болады.

БАҚ беттерінен мәліметтер келтірелік. Республикада қазіргі уақытта бірқатар 2500-ден астам үкіметтік емес ұйымдар, 2700 діни бірлестіктер, 30 конфессия өкілеттігі қызмет етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Қазақстан ТМД елдері арасында саяси және әлеуметтік-экономикалық рефомалар өткізу бойынша алдыңғы қатарда келеді. Қазақстанда қоғамның полиэтникалық тұрақтылығының жаңа формуласы болып табылатын барлық этностардың мүддесі келісім нәтижесінің тұрақтылығы ретінде жүзеге асырылған.

 

Азаматтардың саяси мүддесін білдіру үшін саяси партиялар пайда болды. Қазақстанда саяси партияның тіркеліп, жұмыс атқаруы үшін кем дегенде 50 000 мүшелері болуы керек. Бұл дегеніңіз партия қоғам арқылы қолдау тауып, саясатқа шынайы түрде әсер ете алады деген сөз.

 

Бүгінде Қазақстанда әртүрлі саяси партиялар жұмыс істейді:

 

 

Жариялылық қоғамда оппозиция болады.

Оппозиция (лат. Oppositio «қарама-қайшы тұру, қарсылық білдіру») саясаттағы басқарып отырған партияға қарсы шығу немесе көпшіліктің қолдауы арқылы айтылатын пікір.

Оппозиция саяси жүйенің кәдімгі жағдайда қалыптастыру үшін қажет. Оппозиция бар жерде билікті жеке басына асыру болмайды. Оппозиция үкіметке БАҚ арқылы сын айтады. Оппозиция өзінің қызметінде қаншама алуантүрлі әдістер мен қадамдарды қолданады: қарсылық білдіру жолымен митингілер, шерулер, пикеттер, ұйымдастыру, ереуіл және т.б. Барлық әрекеттердің күш қолдануды болдырмайтын Атазаң және заңдары аясында болуы тиіс екендігін есте сақтау аса маңызды.

Мысал келтірелік. Ұлыбританияда және бірқатар ірі оппозициялық партиялардың лидері бұрынғы колонияларда (яғни, парламент сайлауларында екінші орын алған партияларда) минстр деңгейінде корольдік шағымдану алатын, өйткені ол қоғам және мемлекет қызметінде маңызды болып саналған. «Ұлы Мәртебелінің оппозициясы» деп аталған бұл партия олардың оппозициялық бағдарламаларын жасай отырып, бағыттарын айқындауда үкіметтік шараларды сынға алып, бақылаған кезде «қараңғы кабинет», «минстрлер» деген жаңа сөздерді өмірге әкеліп, қалыптастырады. Билікке партияның келуі жағдайында, әдеттегідей олар үкiметтегi тиiстi орындарға автоматты түрде орналастырылады.

Мемлекет және оның нысаны.

Мемлекет туралы түсінік. Белгілі бірмекенге әрекет ететін саяси билік мемлекет деп аталады. Мемлекет заңбұзушылықтар орын алған жағдайда тәртіпке бағындыру үшін заңдар шығарады. Мемлекеттің ең басты міндеті азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамда тәртіп орнату, қоғамды басқару болып табылады. Мемлекеттің өзіне тән сипаттық белгілері бар. Мұндай белгілер мемлекетті биліктің басқа түрлерінен айырмашылығын байқатады.

 

 

Мемлекет белгілері:

 

 

Тапсырма. Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанға қатысты белгілерін кеңінен түсіндір.

Айталық, қазіргі заман демократиялық мемлекет қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне салықтарды жұмсауға ұмтылады. Сондықтан ҚР Атазаңы бабында адам үшін ең басты құндылықтары олардың өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатындықтан Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекіткен. Осылайша біздің мемлекет қоғамның барлық әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету міндеттері бірінші кезекте тұратынын алға тартады.

Мемлекет нысаны. Мемлекетті басқару нысаны. Монархия. Республика. Мемлекет нысаны– басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және саяси тәртібі нысанының жиынтығы. Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді: Жоғары билік қалай құрылған? Биліктің көзі кімдер болып табылады? Кім және кімнің алдында жауап береді? Мемлекеттің мекендейтін жері қанша бөлімнен тұрады? Мемлекет қандай әдіс қолданады? Мемлекет азаматының қандай құқығы мен бостандығы бар?

Басқару нысаны – жоғары және жергілікті ұйымдар мен тұрғындардың өзара әрекеттестігі, сондай-ақ басқару нысаны қоғам алдында мемлекеттік ұйымдардың жауапкершілік дәрежесі мен мемлекет ұйымдарының қалыптасуына тұрғындардың қатысу дәрежесін сипаттайтын мемлекеттің жоғары ұйымдарының тәртібі.

Басқарудың екі негізгі нысаны бар:

 

1. Монархия. Басқарудың мұндай нысаны жоғары билікті заң бойынша бірауыздан мұрагерлікке қалдыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, монарх қоғам алдында заң жүзінде жауап береді. Жер бетінде алғаш рет басқарудың нысаны жағынан абсолютті монархия болды. Монархияның екі түрі бар:

а) шектеусіз монархия (абсолютті). Монарх мемлекеттің жалғыз ең жоғарғы ұйымы. Заң шығару, атқару және сот билігі монархтың қол астында болады. Қазіргі уақытта осындай басқарудың пішіні Сауд Арабиясында және Біріккен Араб Әмірлігінде бар.

б) шектелген немесе конституциялық монархия. Бұл жерде мемлекеттік билік монарх пен басқа ұйымдар арасында парламент және сот болып бөлінеді.

Кейбір мемлекеттерде монарх зайырлы жүйемен басқарылып қана қоймай, сондай-ақ мемлекетті діни басқару жүйесі бар. Мұндай монархтар теократиялық деп аталады (Сауд Арабиясы).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 791; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.