Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Интеллектуалды желі концепциясы

 

 

Интеллектуалды желілер концепциясы сөйлесу шақырылып отырған абонентпен төленетін қызметінде негізделеді. Бұл қызмет ағылшын әдебиетте Freephone деп танымал.

Сонымен қатар «800 қызметі» термині қолданылады. Бұл атауы абонентпен Қалааралық АТС шығу префиксінен кейін үшбелгілі DEF кодасын «800» теруіне байланысты.

DEF кодасынан кейінгі жетібелгілі кодасы логикалық деп аталады. Бұл нөмір абоненттік жол қосылуын белгілемейді. Желі алдын ала берілген ережелер бойынша логикалық нөмірді физикалық нөмірге түрлендіреді. ISDN сияқты Интеллектуалды желі ЖҚТфЖ – нің аппаратты-программалық қосымша ретінде қарастырылады. Бұл қосымшаның негізгі тағайындалуы бір қатар қызметтерді қолдау болып табылады. Интеллектуалды желінің функционалды моделі 3.3 суретте көрсетілген.

 

 

 

3.3 сурет – Интеллектуалды желінің функционалды моделі

 

Модельдің төменгі бөлігінде екі коммутация түйіні SSP (Service Switching Point) орналасқан. Техникалық әдебиетте «SSP» терминін «құралдар» немесе «пункт» деп аударады. SSP аппаратты-программалық құралдары цифрлы АТС бөлігі немесе автономиялық жабдықтау болуы мүмкін. SSP ЖҚТЖ мен IN құралдары арасындағы шлюз ретінде қарастыруға болады. SSP негізгі тапсырмасы - IN қызмет көрсетілетін шақыруларды анықтау және қызметтерді басқару түйінінің нұсқаулары бойынша шақыруларды өңдеу болып табылады.

SCP негізгі функцияларына - шақыруларды өңдеуге арналған нұсқауларды өңдеу және IN жұмысына қажетті деректер қорын қолдау жатады.

SSP және SCP жабдықтаулары бірігіп коммутация және қызметтерді басқару құралын іске асырады (SSCP). Бір SCP бірнеше SSP қызмет көрсету мүмкін.

Қызметтерді өңдеу құралдары SCEP (Service Creation Environment Point) IN программалық жабдықтауын өңдеу және тестілеу үшін қолданылады.

Қызметтерді эксплуатациялық басқару құралдары SMP (Service Management Point) жаңа қызметтерді енгізу, төлеу ақысын есептеу, статистика жинау, жабдықтауды тестілеу және IN трафигін басқару процесстерін қолдау үшін қажет. Қызметтердің кейбір түрлері Интеллектуалды желі ресурстарын қолданылуымен және басқа әдістер арқылы іске асырылады. Мысалы, абонент кіріс шақырулар туралы ақпарат алу үшін НАА (АОН – автоматический определитель номера) жабдықтауын орнатады. Интеллектуалды желісінде аналогиялық ақпараттың тіркелуін НАА жабдықтауын қолданылмай іске асыруға болады.

Қарастырылған модельдің ерекшелігі – жаңа қызметтер енгізу ЖҚТЖ жабдықтауында өзгерістерді жасауға талап қойылмайды. Яғни, ЖҚТЖ дамуының негізгі процесстері (мысалы, сыймдылықты үлкейту, ескірген коммутациялық станцияларын ауыстыру) мен жаңа қызметтерді енгізу бір біреуінен тәуелсіз болады.

 

3.1.2 Компьютерлік телефония құралдары

 

«Компьютерлік телефония» орысша термині ағылшын әдебиетінде CTI (Computer Telephone Integration) аббревиатура сәйкес келеді. ITU-T ұсыныстарында Service Node (SN) – қызметтерді қолдау түйіні немесе сервистік платформа термині қолданылады.

Интеллектуалды желі компьютерлік желімен салыстырғанда қабылданған принциптеріне толық сәйкестік бойынша құрылған. Бірақ ақылы көрсеткіштер бойынша компьютерлік телефония тиімді байланыс түрі болып табылады. ЖҚТЖ операторлары қызметтер нарығын зерттеп минималды шығындалуымен максималды табыс алып келетін жабдықтауды таңдайжы.

Компьютерлік телефонияның сервистік платформалар анықталған тапсырмаларды орындауға бағытталған. Сондықтан көптеген тапсырмаларды орындау үшін бірнеше платформа қолданылады. 3.4 суретте «Протей РВ» шақыруларға қызмет көрсететін көпфункционалды орталығының құрылымы көрсетілген.

 


3.4 - Шақыруларға қызмет көрсететін көпфункционалды орталығының құрылымы

 

TCM-I коммутациялық модулі IP-телефоняның шлюзы болып табылады. Бұл модульге ЖҚТЖ шақырулары берілетін Е1 тракттары жалғанады. Функционалды орталығының модульдер жабдықтауының дубликаттары жасалады. Барлық модульдер арасындағы ақпаратпен алмасу Ethernet стандарты бойынша құрылған резервтелген локальді желі арқылы іске асырылады. Яғни TCM-I модулінің шығысында барлық сөйлесу сигналдары IP-пакеттер болып түрлендіріледі. ACD модулі (шақыруларды автоматты тарату) шақыруларға қызмет көрсету тәртібін құру үшін қолданылады.

Ақпараттық сервер IS құрамына бірнеше жүйелер кіреді:

- мәліметтер сақтау,

- медиа-ресурстар,

- автоақпаратберуші,

- техни­калық қызмет көрсету.

Мәліметтер сақтайтын жүйесі жабдықтау конфигурациясы, оның қызмет көрсетілген статистикалық мәліметтер және өңделген трафик туралы ақпаратты сақтайды.

Медиа-ресурстар жүйесі Шақыруларға қызмет көрсету орталығы операторларының сөйлесулерін цифрлы түрде сақтауға арналған.

Автоақпаратберушілер абонентке трафик өңделу тиімділігін жоғарытуға арналған хабарламаларды жіберуге арналған.

Техникалық қызмет көрсету жүйесі жабдықтау диагностикасын, есеп беруді құру және архивтерге енгізу функцияларын іске асырады.

Операторлар жұмыс орындары локальді есептеу жүйесіне жалғанады. Жұмыс орындарына маршрутизатор арқылы қызмет көрсетуге талап ететін шақырулар түседі.

 

 

3.2 Интернет желілері (50 мин)

 

 

ARPANET желісінде компьютерлер арасында деректерпакеттер коммутациясы көмегімен берілетін, бұл әдісті датаграммалар әдісі деп атайды.

ARPANET түйіндер арасында пакеттер тасымалдауы IP (Internet Protocol) протоколы – желілік деңгейінің протоколы - және TCP {Transmission Control Protocol) протоколы – көліктік деңгейінің протоколы арқылы іске асырырылады. IP-тех­нологияның кең таралғаны келесі сипаттамаларымен анықталады.

- универсальность. Қазіргі кезде IP протоколдары локальді желілері мен қатар магистральді желілерінің желілік сегменттерінде қолданылады. IP технологиясы мәліметтер, сөйлесу және видеоақпаратты беру үшін қолданады. IP-протоколдар негізінде фиксирленген және сымсыз желілер құрылады.

- масштабируемость. Ірі масштабты желілер дамуға мүмкіндігіне ие болу керек. ARPANET желісін өңдеу кезінде IP протоколына көптеген желілерді біріктіруге талап қойылды.

- открытость. Интернет желісі ашық жүйелер принципінде негізделеді. Бұл протоколдарының ережелері орындалатын кезінде әр түрлі аппаратты және программалы құралдар өзара әрекеттесуін білдіреді. IP желілеріне кез келген протоколдарымен желілерді жалғау үшін протоколдар келісушілігін қамтитын шлюздар қолданылады.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Третий закон Ньютона | Интернет желідегі протоколдар эталонды моделі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 4880; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.