Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Odyssey




Prodat

OmniTracs

EutelTracs

 

EutelTracs жүйесі 1992 жылы іске асырылды және қазіргі кезде Еуропа, Солтүстік Африка және Таяу Шығыста қолданылады. EutelTracs жүйесінің құрамына орталық станция және маршруттандыру станциясы (жүйенің «пошта жәшігі», Францияда орналасқан), сонымен қатар бірнеше спутниктік диспетчерлік пунктер және жылжымалы терминалдар кіреді.

OmniTracs және EutelTracs спутниктік байланыс жүйелері абоненттің орнын анықтауды және ақпаратты екіжақты алмасуды қамтамасыз етеді. Станциядан жерсерікке дейінгі мәліметтерді беру жылдамдығы - 5-15 кбит/c. Екі жүйе арқылы да шұғыл хабарламаларды жіберуге болады.

 

OmniTracs торабы 1989 жылы қолданыла бастады және АҚШ-тің бүкіл құрлықтық аймағына қызмет көрсетеді. Желі конфигурациясы: ғарыштық сегмент (ретранслятор-жерсеріктер), жүйені басқару орталығы және жылжымалы терминалдар. Жүйе ретранслятордың екі бағанын қолданады: біреуі – мәліметтерді жылжымалы терминалдарға беру үшін, екіншісі кері байланыс үшін. Басқару орталығы – тікелей және кері байланыс каналдарының процессорлары бар түйіндік жер станциясы. Бұл VSAT типіндегі қарапайым станция, бірақ оның антеннасының өлшемі 7,6 м-ге дейін жетуі мүмкін. Ортақ қолданыстағы телефон жүйесімен бірге интерфейс коммутирленетін телефондық каналдар және мәліметтерді жіберу желілері бойынша байланысты қамтамасыз етеді.

 

1992 жылы пайдалануға берілген Prodat спутниктік торабын Еуропа ғарыш агенттігі (ЕҒА) жасақтаған болатын.

Әр түрлі типтегі терминалдар үшін қабылдаудың нашарлауы бірнеше физикалық факторлармен байланысты: теңіз және әуе терминалдары үшін кедергілер көп сәулелілік әсерінен пайда болса, жердегі терминалдар үшін жердың беткі қабатының бедерінің әсерінен туындайды. Жердегі қолдану үшін ЕҒА жүзеге асырған желіде (Prodat) мәліметтерді жіберу хаттамасы жер бедеріне байланысты туындайтын кедергілердің әсерін азайтуға мүмкіндік берді.

Prodat жүйесі жылжымалы объектілердің өзара, басқару ортаығыммен және ортақ қолданыстағы желілердің стационарлық объектілерімен байланысын қамтамасыз етеді. Prodat жылжымалы терминалы үш блоктан (сыртқы, байланыстыратын және қолданушыдағы соңғы құрылғы) тұрады және спутниктік (GP S, «Глонасс») немесе жер навигациялық жүйесінің (LORAN-C) көмегімен абоненттің орнын анықтауға мүмкіндік беретін қабылдағышпен жабдықталған. Барлық жаққа бағытталған антеннасы (антенна диаметрі 1,05 м, биіктігі 1,3 м, салмағы 180 г) бар сыртқы радиожиіліктік блок көлік құралының сыртында да, ішінде де орналасуы мүмкін. Ішкі байланыстырушы блок мәліметтерді жіберу құрылғысымен жабдықталған. Қолданушыдағы соңғы құрылғы сұйық кристалды дисплеймен (8 жол x 40 символ), 60 пернелі пернетақтамен (өлшемі 220х210х90 мм, салмағы 1,5 кг) және портативті принтермен жабдықталған. Бұған қоса стандартты хабарламаларды жіберуді қамтамасыз ететін 5 батырмалы панелі бар.

4.2.2. Төмен орбиталық спутниктік жүйелер

4.2.2.1 Globalstar

 

Жүйе 1991 жылы негізі қаланған халықаралық телекоммуникациялық компаниялардың консорциумы болып табылады. Globalstar жүйесі қолданушылардың кең көлеміне арналған жоғары сапалы спутниктік қызметтерді көрсету үшін жасалған. Оның қызметтеріне келесілер жатады:

қауыстық байланыс;

қысқа хабарламалар қызметі;

роуминг;

орналастыру;

факсимильді байланыс;

мәліметтер жіберу.

Globalstar жүйесі отандық желінің қамтуы шекарасынан тыс жерлерде роумингті қолданатын ұялы байланыс қолданушылары, алшақ аудандарда жұмыс жасайтын адамдар үшін арналған. Спутниктік топтама Жер бетінен 1414 км (876 миль) биіктікте төмен орбитада орналасқан 48 жұмыс істейтін және 4 қосымша жерсеріктерден тұрады.

Globalstar персоналды байланыс жүйесіне үш негізгі сегмент кіреді: ғарыштық, жердегі және қолданушы сегменті. Жердегі станциялармен тығыз байланыстымәліметтерді жіберуді басқару және сигналды өңдеу жүйесі CDMA технологиясын қолданады.

Globalstar жердегі сегментіне байланысты және ұшуды басқару орталығы, сонымен қатар өзара байланысты аймақтық станциялар кіреді.

Желі үш типті абоненттік терминалдармен жабдықталады: портативті (ұялы телефондық аппаратқа ұқсас трубка), жылжымалы (көлік құралдарында орнатылатын) және стационарлы (таксофон). Портативті және жылжымалы аппараттардың жасақтаушысы Qualcomm компаниясы құрылғылардың үш түрін шығарады: үш модты (Globalstar/AMPS/CDMA), екі модты (Globalstar/GSM) және бір модты (Globalstar). Олардың бас ерекшелігі – сигнал қуаттылығының қауіпсіз деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті жіберу құрылғысының қуаттылығын реттеудің арнайы схемасы (жіберу құрылғысының қуаттылығы сигнал сапасының жоғалуынсыз 400 мВт-тан 400 мВт-қа дейін төмендетілуі мүмкін). Байланысты орнатудың есептік уақыты 30 с –тан артық емес, сигналдың кідіруі 150 мс-тан артық емес, жіберу жылдамдығы - 9,6 Кбит/c.

Odyssey жобасы орташа биіктіктегі жерсеріктер топтамасының көмегімен жаһандық радиотелефондық байланыспен қамтамасыз ету және персоналды байланыстың әр түрлі қызмет түрлерін көрсету үшін құрылған болатын. Жобаның құны - 2,5 млрд. долл.

Odyssey жүйесінің ерекшелігі – Жер бетін квазистатикалық қамту. Барлық жерсеріктер Жер бетін қамтудың үздіксіз ұялы құрылымын жасайтын көп сәулелі антенналармен жабдықталады.

Байланыс жиілікті түрлендіре отырып жасалады және «мөлдір» ретранслятор негізінде ұйымдастырылған. Хабарламалардың маршрутизациясы және өңдеуі жердегі станцияларда жүзеге асырылады. Ақпаратты жіберу үшін кең жолақты синалдар және каналдары кодтық бөлінетін көп станциялық қол жеткізу (CDMA) қолданылады. Ақпаратты абоненттік терминалдардан қабылдау L-диапазонда (1610,0-1626,5 МГц), ал жіберу жиіліктердің S-диапазонында (2483,5-2500 МГц) жүзеге асырылады.

Жердегі сегментке негізгі станциялар мен терминалдар кіреліһһді.

Сөйлеген сөзді жіберу 4,2 Кбит/с жылдамдығымен жүзеге асырылады; бұл каналдағы қателесу ықтималдығы 10-3-тен артық емес. Бұған қоса Odyssey терминалы пейджинг, электронды пошта режимін, абоненттің орнын анықтау функциясын атқарады. Мәліметтерді жіберу жылдамдығы 2,4-64 Кбит/с құраса, битке қателесу ықтималдығы 10-5-тен артық емес.

Персоналды байланыс торабының анықтаушы сипаттамасы сигналдың кідіруі болып табылады. Желіде жерсеріктер арасындағы байланыстар қарастырылмаған. Берілген аймақтың барлық трафигі өзара көп каналды байланыс линиялары арқылы байланысқан түйіндік станциялары арқылы жіберіледі. Түйіндік станция аймақтық трафикті қабылдап және жіберіп қана қоймай, ортақ қолданыстағы телефондық желімен байланысты, сәулеаралық коммутацияны басқару, жерсерік бортынан телеметрияны қабылдау және өңдеуді жүзеге асырады.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-07; Просмотров: 599; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.