Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Lecture II




Лекция

Лекция

Лекция

Модульдік оқыту технологиясы

1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

2. Модульдік оқытудың тиімді жақтары.

 

Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты. Мұны Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы мынадай жолдар «..Білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр.

Мектепте, жоғары оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі - пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж.Рассель, П.Юцявичене, Р.Бекирова, Г.Лаврентьева және Н.Лаврентьева, М.Жанпейісова, К. Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді.

Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта ұсынуға болады. Модульмен оқыту - толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль — іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы.

Н.Оралбаеваның, Ф.Оразбаеваның, К.Жақсылықованың еңбектеріне сүйене отырып «Модульмен оқыту дегеніміз - қазақ тілінде өзара тілдік қатынасқа түсу дағдысы мен іскерлігін сапалы қалыптастыру мақсатында жұмсалатын оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің, оқытушы мен оқу тобының жасырын ішкі күші мен бірлескен әрекетінің белсенділігін арттыру негізінде тілді сапалы оқыту жүйесі» деген анықтамасвн қабылдаймыз.

Дж. Рассельдің пайымдауынша, модуль бойынша студенттерді оқыту мәселесін шешуде барлық сезімдік мүмкіншілік қолданылуы керек, өйткені, оқытудың мультисенсорлық белсенділігі студенттің танымдық үрдісін арттырып, модульдік оқытуды ұйымдастырудың маңызды тәсілі болады. Бұл мәселе еліміз бойынша әлі шешілмей тұр.

Тәжірибе модульдік бағдарламаны құрғанда оқытушының әрекетінде

болу керек екендігі анықталды.

Бірінші қадам – бұл оқу курсын жүйе ретінде беру, яғни мазмұнды бастапқы құрылымдау. Екінші қадам бойынша курсқа технологиялық карта жасалынады. Үшінші қадам - модульдік бағдарламаны құру, оның бөліктері дидактикалық мақсат және модульдік бағдарламаның модульдері жиынтығы болады. Төртінші қадам дидактикалық мақсаттарды ннтеграциялайтын кешенді дидактикалық мақсаттарды бөлу болып табылады. Бесінші қадам – интеграцияланған дидактикалық мақсаттарды жекелік дидактикалық мақсаттарға бөлу және модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру. Алтыншы қадам – модульдің өзін құру.

Тәжірибе модуль арқылы оқыту оқытушыдан жоғары әдіскерлік шеберлікті, жоғары кәсіби деңгейді талап етеді.

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер – тарихи объективті үрдістер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады.

Бүгінгі танда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз.

ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарга арналған мемлекеттік бағдарламасының түсініктемесінде «Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткердік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың «ұлт көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі таныта алатын жеке тұлғаны қалылтастыру басымдық болып табылады» делінген. Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ.

Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін баланы оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдану талап етіліп отыр. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымы бекітілген. Педагогтерге оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқыту үрдісін кез келген модул бойынша (авторлықты қоса) құруға мүмкіншіліктер жасалған.

Қазіргі уақыттағы технологиялық жедел дамыған қоғамда жаңа оқыту технологияларын пайдалану оқушылардың білім деңгейін заман талабына сай арттырады.

Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқушы әдісінің пәрменділігін, дәрежесін көрсетеді.

Жаңа технологиялардың ішіндегі ең тиімдісі М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы деп есептейміз. Модуль дегеніміз - міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының қисынды аяқталған бөлімі. Модульді құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы - модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі, бәрі-бәрі өлшеніп, бағаланып отырады.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оку циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.

Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік окытудың басты мақсаты - оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.

Модульдік оқытудың біраздан бері қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсінуде, оның мазмұн құрылымын түрлендіруде, оқыту әдістері мен түрлерін өңдеуде әлі күнге дейін әр түрлі көзқарастар бар.

Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

- модуль - биіктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оку пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

- модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралык қатынасты қамтамасыз етеді;

- модуль - бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру - әдістемелік құрылымының бірлігі.

Модуль деп біз өзіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталған бірлігін (пәнішілік және пәнаралық байланыстар сақталған), әдістемелік нұсқауды (дидактикалық материалды қоса) және бақылау жүйесіне енетін оқу пәнінің дараланған ұйымдастыру - әдістемелік құрылымын түсінеміз.

Оқытудың модульдік тәсілі оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.

Оқытудың максаты оку-тәрбие үрдісінің барлық бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады. Мақсаттар маман даярлау жүйесінің барлық жалпы бағытын айқындайды.

Модульдік окытудың кәсіби білім беру жүйесінде кең түрде танымды болуын түсіну қиын емес, өйткені модульдік бағдарламалардың операциялық типі кәсіби икемділікті қалыптастыруға бағытталған.

Модульдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді, кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.

Одан әрі кешенді мақсатка сәйкес оқыту мазмұны қайта қарастырылады, кіріктірілген және дербес мақсаттар оның құрылымдығын және негіздемесін білім беру мазмұнын ұйымдастыру негізімен және таңдап алу өлшемімен айқындайды.

Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқада дидактикалық жүйелер сияқты окытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Модульдік бағдарламаларды құрастыруда әр түрлі тәсілдер байқалады. Даралық модульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, ділгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.

Модульдердің қалыптасуы оқу мақсаты мен оқыту мазмұнынан ғана тұрмайды. Оқыту үрдісі, сонымен қатар басқару болып табылады. Онда меңгеруші және бағынушы жақтары бар, яғни, педагог - білім алушы.

Педагогикалық үрдісті басқару - модульдік оқыту теориясының өзекті мәселелерінің бірі.

Оқыту үрдісі - әлеуметтік үрдіс, онда ұстаздар мен оқушылар белсенді түрде әрекет етеді. Педагогакалық үрдісті басқару кезінде басқару нысанын анықтап алу ерекше орын алады.

Көптеген психологиялық-педагогикалык, дидактикалық зерттеулерде оқу іс-әрекетін басқарудың түрліше нұсқаулары талданып, қолдануға ұсынылған. Мысалы, оқу үрдісін басқарудың жалпы кибернетикалық жүйесі негізге алынады.

Модульдік оқытуда модуль мен модульдік бағдарлама арқылы циклдік басқару жүзеге асырылады, яғни басқарушы жүйенің басқарылуы жүйеге кері әсер ету үрдісі арқылы. Кері байланыс - модульдік оқытуда басқарудың басты құралы. Кері байланыстың іске асырылуы кері байланыстың мазмұнын ғана емес, меңгеру сапасының диагностикасын көрсететін модульдік бағдарламалар арқылы орындалады.

Модульдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ модульдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді. Ендеше модульдік окыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімет беру үрдісіне бағытталған циклділігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатуымен ерекшеленеді.

Сөйлесу (әңгімелесу) бөлімінде танымдық үрдіс, негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді сабақ формаларын (топтық, топтық – жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар, т.б.) қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында алынған білімді талдау, бекіту және бағалау үшін оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4 – ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.

 

 

Қашықтан білім беру технологиясы.

1.Қашықтан білім берудің ерекшеліктері.

2. Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары.

3. Қашықтан білім беру принциптері.

 

Елімізде жаңа ақпараттық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруды басқаруға негізделген. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды, информатиканың әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы дамыта, қашықтықтан және жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады.

Қашықтықтан оқыту барысында біріншіден, оқушының оқу материалын түсінуге бағыттау керек (герменевтик бағыт); соның негізінде білім мен білік қалыптасады, екіншіден, оқытудың іс-әрекеттік (интеллектуалды, практикалық және баға беру іс-әрекеттері) пен шығармашылық (ассоциация, қиял) аспектілері ұштасуы тиіс. Сонда оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетінің әр түрлі кезеңдерінде орындайтын рөлдік функцияларын сезініп, олар оқытуды ең әуелі өзін-өзі оқыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі белсенді ету тұрғысында қабылдайды.

Оқытудың кез-келген инвариантты бөлігі оқу материалын ұсыну формасының дұрыс таңдалынуы болып табылады. Дидактикада ең тиімді форманы таңдау оқытуды жемісті етеді. Дегенмен, оқу материалын қай тұрғыдан беруді тиімді деп санауға болады деген мәселе дау туғызып келеді.

Бұл оқушының тікелей байланысы жоқ ортада адамның хабарды қабылдауы, түйсінуі психологиялық-педагогикалық аспектілермен байланысты болса, кейде оқу материалының әр түрлі «кірпіштерден»: заңдардан, аксиомадан, түсініктерден, деректерден, гипотезадан, әдіс-тәсілдерден тұратындығымен байланысты. Сондықтан аксиомаларды ұсынудың ыңғайлы формасы кейде оқу іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін ұсыну формасымен сәйкес келе бермейді. Оқу материалын ұсынудың жалпыға ортақ әдістері оқытудың жалпы әдістерімен тұспа-тұс келіп жатады, атап айтқанда, мәселелік, эвристикалық, түсіндірмелі-иллюстрациялық, т.б. бұл жерде аталған түсініктердің әрқайсысы педагогикада көп мағыналы және ол тек оқыту әдістері ғана емес екені де белгілі жайт. Бұл жайында Г. Селевко былай дейді: «Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы көптеген технологиялардың атауын анықтайды. Мысалы: догмалық, репродуктивтік, түсіндірмелі- иллюстративті, бағдарламалық оқыту, мәселелік оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқыту, диалогтік коммуникативтік, ойын, шығармашылық және т.б.

Әдетте оқыту өз табиғаты жағынан әрқашан мәселелі келеді. Яғны оқу материалының бір бөлігі оқушы меңгеруін талап ететін бірқатар күрделі мәселелерден тұрады. Көптеген педагогикалық зерттеулерде атап көрсетілгендей, біз оны оқу міндеті деп атаймыз. Оқу міндеті ең алғашқыда оқушы үшін мәселелі болып табылады, өйткені, ол – жаңалық. Мұғалім бұл жаңалықты шешуге әр түрлі тәсіл пайдаланады. Мысалы, ол мәселелік жағдаят жасап, оқушымен бірге оны шешуге ұмтылады. Сабақты осылайша ұйымдастыру оқу материалын берудің мәселелік түрі деп аталады.

Педагог кейбір кезде ізденушілік жағдаятын жасайды, яғны оқушыға мәліметтерді, деректерді беріп, олармен жұмыс істеу тәсілдерін үйретеді. Бұндай оқу материалын беру тәсілін эвристикалық деп атау орвнды. Ал мәселені жайлап бөлшектеп оқу, түсіндіру оқыту үрдісінде жүзеге асса, бұл тәсілді түсіндірмелі-иллюстративті деп атау керек.

Қашықтан оқыту формасында компьютер Интернетпен байланысты болса, оқу материалындағы мәселелік және эвристикалық әдістерді басты етіп алуға болады. Мына төмендегі сызбада осы үш тәсіл беріліп отыр.

 

 

Көп сабақтарда аталған тәсілдер аралас қолданылады. Бұның әрқайсысы оқыту жағдайларына байланысты оңтайлы болады.

 

Қашықтан оқыту жүйесінің үш моделі.

Қоғамның ақпарпттандырылуы, компьютерлік технологияның, әсіресе телекоммуникациялық технологияның қарқынды дамуы қашықтықтан оқытуды маңызды әрі ауқымды жүйе ретінде қарастыруға әкелді.

Р. Танинга және И. Сейнен шетелдік қашықтықтан білім беру қызметтерінің барлық түрін зерттеп, қашықтықтан оқыту жүйесін қолданылатын технологияларын қарай үш моделге бөлуге болатынына тоқталған: кеңес беру; корреспондеттік; басқарылып реттеуге келетін өз бетінше оқу. Кеңес беру моделі арнайы орталықтардың құрылып, онда студенттер үнемі барып оқу іс-әрекеттерін жасап отыратындығымен ерекшеленеді. Мүндай орталықтарда тьюторлардың болуы, студенттердың топқа біріктірілуі, олардың арнайы уақытта кеңес беру орталығына жиналуы ұйымдастырылған болуы шарт. Корреспонденттік моделде тьютормен нақты емес виртуалды қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады.Оған пошта және электронды пошта, телефон, факс, компьютерлік желі, т.б. қызметтері қолданылады. Бұл жағдайда студентке белгіленген уақыт мерзімінде оқу материалдарын игеріп, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру міндеті жүктеледі. Қажет жағдайда тьютордан жеке кеңес алуға, таңдау бойынша дәріс тыңдауға да мүмкіндік беріледі. Басқарылып реттеуге келетін өз бетінше оқу моделінде студенттің өз бетінше оқуға қабілеттілік, тәртіптілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің болуы сапалы білім алуына кепілдік болып табылады.Өйткені, мұнда оқу уақыты мен орны, оқуға болінетін сағаттар көлемі, тіпті емтиханды тапсыру мерзімі де студенттің өз еркінде белгіленеді.

Ресейлік және қазақстандық қашықтықтан оқыту жүйесін қолданылатын техникалық құралдары мен технологияларына байланысты төрт моделге бөлуге болатынын анықтадық.

1.Кейс технологиялық моделі.

2. Корреспонденттік оқыту.

3. Радиотелевизиялық модель.

4. Желілік оқыту.

Кейс технологиялық моделі бойынша оқытуда студенке оқу-әдістемелік құралдар кешені беріледі (кейс).Кейс құрамына пәнге қатысты келесі материалдар жынақталады.

1.Оқу бағдарламасы,

2.Әдебиеттер тізімі.

3.Курсты оқып-үйренудің әдістемелік нұсқауы.

4.Оқу құралдары (тірек конспектілері, дәріс конспектілерінің жоспары).

5.Тестік сұрақтар (кіріс, аралық, иденфикациялық, қорытынды).

6.Аудио кассеталар.

7.Видео кассеталар (тағайындау немесе шолу дәрістері. т.б.).

8.Қарапайым және мультимедиалық компьютерлік оқыту бағдарламалары.

9.Жұмыс дәптерлері (тапсырмаларды орындау үлгілері, өзіндік жұмыстар, т.б.).

10. Хрестоматиялар немесе оқу материалдарының ксерокөшірмелері.

11. Студенттің өзіндік жұмыстарының жоспар графигі, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған нұсқаулар.

Жаратылыстану-ғылыми пәндер үшін виртуалды зертханалар мен практикум материалдары қосылады.

Елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту үшін білім саласын басқару жүйесінің ақпараттық инфоқұрылымын жасау ұсынылған. Ол құрылымның телекоммуникациялық жүйесі республикалық білім беру саласының ақпараттық ғылыми-әдістемелік орталығының, областық және аймақтық, қалалық ақпарат орталықтарының ашылуына алып келді. Қашықтықтан оқыту орталықтарын жоғары оқу орындарында да құру жаппай қолға алынып жатқандығы белгілі. Ал жоғарыда келтірілген моделдердің ішінен желілік оқыту Интернет желісін қолдануғы негізделгендіктен, кез келген ЖОО үшін оны қашықтықтан оқыту жүйесі моделі ретінде таңдау тиімді.

Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі желілік оқыту моделі – ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар және ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру түрі болғандықтан, оны дұрыс жолға қою үшін мына мәселелер шешімін табу тиіс:

- компьютер кабинеттерінің болуы және оқу орнының соңғы үлгідегі компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі;

- ЖОО-да қашықтықтан оқыту курстары мен бағдарламалары жасалынған болуы;

- қашықтықтан оқыту тәсілін құрастыру, жобалау;

- оқушының білімін қадағалау және бағалау критерийлерін жасау;

- алыс-жақын шетелдердегі қашықтықтан оқытудың іс-тәжірибелерін үйрену және тиімді тұстарын пайдалануды іске асыру;

- қашықтықтан оқытудың арнаулы орталықтарын құру;

- құқықтық және экономикалық негіздеулерін дайындау, бекіту.

Қашықтықтан оқыту жүйесі оқулық курстарын ұйымдастырудың ең тиімді жолы модулдік ұстанымды пайдалану болып табылады.

Оқулық курс оқулық модулдер жиынтығы түрінде құрылады, сондықтан оқытудың мақсатына немесе оқытудың ерекшелігіне сәйкес оларды әр түрлі ретте (тізбекпен) етуге болады.

Курсты пайдалану контексі оқушының бастапқы бағалау нәтижесінде анықталады, соған сәйкес оқытудың әр түрлі траекториясы жоспарланып, бекітіледі. Ең алдымен оқуға түсуге емтихан тапсырылып, сосын қажетті құжаттар қабылданатыны белгілі. Сол оқуга түсу емтиханының көрсеткіші көп жағдайда қашықтан оқыту жүйесіндегі бастапқы бағалау ретінде қабылданады.

Сапалық деңгейде қашықтықтан білім беру курстарын құру әдістемесіне қойылатын негізгі талаптарды былайша тұжырымдаймыз:

- қашықтықтан оқыту жүйесі курстарын модульдік ұстаным бойынша құру;

- қашықтықтан оқыту жүйесі модулін дайындауды бірыңғай формальды модел негізінде жүргізу;

- модульдердің ақпараттық элементтерін өз бетінше оқуға бағытталған педагогикалық әдістер негізінде жасақтау;

- модуль немесе оқу элементі мазмұны студенттің дайындық деңгейіне және модульді пайдалану мақсатына сәйкес әр түрлі контекстегі пайдалану нұсқауларын қамтитын болуы керек;

- әр модульдің құрамына міндетті түрде оқушының білім деңгейін модульге ену алдындағы және модульді меңгергеннен кейінгі бақылау жасауға мүмкіндік беретін бөліктер кіріктірілуі тиіс;

- бағалау процедурасы да контекстік қасиеттермен, яғни материалды меңгеру деңгейін анықтай алатындай етіп классификациялануы керек;

- білімді және дайындықты бағалау процедурасы сенімділікке және білім деңгейінің базалық стандартына негізделген болуы шарт;

- курстың модульдері және оқу элементерінің құрамына бағалаудың және контекстің маңызына сәйкес модульді, яғни курсты өту траекториясын анықтауды қамтамасыз ететін эксперттік ережелер жинағы енуі керек.

Бұл келтірілген талаптар жалпы жағдайды қамтығанымен, олар қашықтықтан оқыту жүйесінде унификациялаудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді.

Сонымен, желілік оқыту моделінде, біріншіден, интернет құралдары арқылы оқу-әдістемелік материалдарды жеткізу, тасымалдау, ақпарат алмасу жүзеге асырылады, екіншіден, модульдік ұстанымдармен құрылған дәрістік материалдар, мультимедиялық зертханалық жұмыстар мен практикумдар, гиперсілтемелік технологияларға негізделген оқулықтар оның оқыту құралдары болып табылады. Үшіншіден, өзара әсерлесудің дидактикалық құралдары және оқыту түрі ретінде дәрістер, семинарлар, зертханалық және өзіндік жұмыстар, тьюторлық кеңестер алынады.

 

 

Кредиттік оқыту жүйесі

1. Қазіргі жоғары және кәсіптік білім беру саласын модернизациялау.

2. Білім берудің ашық жүйесін құру.

3. Кредиттік технологияның ерекшелігі.

 

Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуының Мемлекеттік бағдарламасына, ҚР білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасына сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау, енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгрістердің туындауына себепші болып отыр.

Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (1999 жылғы 7 маусым № 389) білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек деп атап көрсетілген.

Білім беруді кредиттік технологияландыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А. Батешовтың, Р.М. Дұзбаеваның, Д.М. Жүсібалиеваның, Ж.А. Қараевтың, М.С. Мәлібекованың, Ә.К. Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Кредиттік технологияны оқу процесіне енгізу мәселесімен В.П. Беспалько, И.Ф. Исаев, И.Я. Лернер, В.А. Сластенин, Н.Ф. Талызина, Е.Н. Шиянов және т.с. сынды ғалымдар айналысқан.

Біздің ғасыр – білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы орайда білім берудің, білім алудың өмір бойы жалғасатын үздіксіз үдеріс екені ұйымдастыру жүйесі бойынша кәсіби оқытудың жаңа үлгілерін енгізу, интерактивті әдістерді пайдалану, ғылым мен білімнің кіріктірілуі, кредиттік технологияларды меңгеру, тест және рейтинг арқылы білім дәрежесін бағалау сияқты бағыттарды ерекше атап көрсетуге болады.

Егер жоғары оқу орнының оқу процесінде кредиттік технология арқылы студенттердің өздігінен оқу іс-әрекетін жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары енгізілсе, оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.

Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу, іріктелуі және даралану танымдылығы негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі. Осының негізінде кредиттік технологияны оқыту жүйесіне енгізудің мақсаты – ҚР-ның білім берудегі ұлттық жүйесін әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялау, халықаралық стандарттарға сай келетін дипломдарды конверциялануын, олардың еңбек нарығында талап етілу жағдайларын қалыптастыру, студенттердің өзіндік дербестігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп отыр. Қазіргі таңда республиканың жоғары оқу орындарында несиелік оқытудың еуропалық жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары жасалынып отыр.

Несиелік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де несиелік жүйеге өте бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлерінің бірлескен отырысында несиелік оқытудың еуропалық жүйесі қабылданды.

Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша несиелік оқытудың іргелі төрт жүйесі бар. Олар: еуропалық жүйе – ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе – САTS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қзақстанның білім жүйесі негізінен еуропалық несиелік жүйеге (ESTS) енуді көздеп отыр. Еуропалық несиелік жүйе бойынша Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.

Республика білім беру жүйесінің несиелік технологияға көшуіндегі басты мақсат – Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған несиелік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Біздің көздеп отырған мақсатымыз – несиелік оқытудың еуропалық жүйесіне (ESTS) ену. Әлемдегі 1200 университетте жоғары білім беру еуропалық несиелік оқыту жүйесі негізінде іске асырылады.

Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп жүйесіне көшу бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы болып табылады. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 12-13 жыл. Франция, Испания, Польша, Жапония – 12 жылдық. Италия, Швеция, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі.

Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру жүйесінде толықтыру қажет.

Білім беру жүйесіндегі интеграциялық үрдістердің мақсаттары мынаған саяды:

- жоғары білім алуға мүмкіндік алудың шарты ретінде 12-13 жылдық мектептегі оқыту жүйесіне көшу;

- оқу мерзімі 4 жыл және біліктілігі еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын «бакалавр» дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;

- «магистр» және «доктор» дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру;

- барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйені енгізу.

Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру талаптары мынадан тұрады:

- білім берудің қазақстандық моделін (үлгісін құру);

- білім беру жүйесін Лиссабондық конвенцияның (1997) және Болондық декларацияның (1999) ережелеріне бейімдеу;

- ҚР Білім заңы, «Еуропалық аймақта жоғары білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы», «Конвенцияны ратификациялау туралы» тұжырымдамасы қазақстандық моделін (үлгісінің) құқықтық негізі болып табылады.

Несиелік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары мынадай:

- ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүмкіндік беру;

- кез келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі;

- жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, арақашықтықтн (дистанциялық) сырттай оқыту) қолданылуы;

- халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі;

- «диплом қосымшаларының» жалпы еуропалық үлгіге сәйкестігі.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігіне енуі үшін төмендегі сатылар енгізіледі.

1. Бакалавриат (аяқталмаған жоғары кәсіптік білім) – 4 жыл, төменгі сатысы – 2 жыл; жоғарғы сатысы – 2 жыл.

2. Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратура 3 семестрді қамтиды – 1 жыл; ғылыми магистратура – 2 жыл.

3. Докторлық бағдарлама – жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратурадан кейін – 3 жыл; ғылыми магистратурадан кейін – 2 жыл.

Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің несиелік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізіледі: «бакалавр», «магистр», «доктор».

Бакалавриаттың толық курсын бітіру үшін студент 128-ден кем емес теориялық оқыту бойынша несие тапсыру керек, оның 61-81 несиесі міндетті, 41-61-і студенттің таңдауы бойынша берілетін несиелер. Осының ішінде 6-8 несие ағылшын тіліне беріледі. Бір оқу жылында студенттің меңгеретін білім көлемі 32 несиеден аспауы керек. ал бір академиялық кезеңде 12-16 несие көлемінде білім беріледі.

Несиелік оқыту жүйесі бірізді емес (нелинейная) оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес (нелинейная) оқыту жүйесіне оқу үрдісін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады.

Несиелік оқыту жүйесінің мақсаты мыналар:

- ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету;

- білім сапасын әлемдік дәрежеде көтеру;

- студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабілетін дамыту.

Несие дегеніміз – студенттің немесе оқушының оқу жұмыс көлемінің өлшем бірлігі. 1 несие студенттің академиялық кезеңдегі апталық дәрісханалық жұмысының 1 академиялық сағатына тең болады, академиялық сағат – 50 минут; дәріс – 50 минут; тәжірибелік семинар немесе студиялық сағаттар 1,5 сағат – 75 минут, зертханалық сабақтар, дене тәрбиесі 2 контактілі сағат – 100 минут; кез келген тәжірибе 5 контактілі сағат – 250 минутқа тең.

Бірізді емес оқыту жүйенің бірізді жүйеден негізгі айырмашылықтары мына төмендегідей:

- оқу жоспарында қамтылған пәндерді студенттер еркін таңдай алады;

- жеке оқу жоспарын жасауға студент тікелей қатыса алады;

- бірізді емес оқыту жүйесінде білім алушы кейбір қосымша несиені өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар. Білім алушы өзі қалаған ғалымдардан дәріс ала алады;

- несиелік технология бойынша оқытуда әр оқытушының оқу жүктемесін есептеу өткізілген материалдар көлеміне, яғни несиеге байланысты болады.

Несиелік оқыту жүйесінде әр студенттің дәрісханалық сағатына дәрісханадан тыс 2 сағат сәйкес келеді.

Несиелік технологияның негізгі ерекшелігі – студенттің жекелей оқу жоспарын құруында. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз – эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім траекториясын айқындады. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен бекітіледі, біреуі оқу жоспарын орындауы туралы деканатта сақталады, ал екіншісі студенттің қолында болады.

Бакалавр өзіне тиісті несиенің кез келген басқа жоғары оқу орнында оқуына мүмкіндігі бар. Несиелік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушы-профессорлардың атқаратын қызметтері: ассистент, доцент, профессор деп аталады.

Несиелік оқыту жүйесінің білімдік кәсіптік бағдарламасы.

Жоғары және жоғары кәсіптік білім беру білімдік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске аады.

Оқу жоспары үш түрлі формада қамтылады: 1) типтік оқу жоспары; 2) жұмыс оқу жоспары; 3) жекелей оқу жоспары. Ол әрбір жеке стуенттің білім траекториясын анықтайды.

Типтік оқу жоспарларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер жасайды. Ал жұмыс оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім стандарты және типтік оқу жоспары негізінде жасалады.

Несиелік оқыту жүйесі бойынша жұмыс оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты пәндердің үш тобын қамтиды: 1) А тобына-міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады; 2) В тобына – міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді, бірақ жүйелілік сақталмайды; 3) С тобына – кез келген академиялық кезең барысында студенттің қалауы бойынша өтілетін пәндер кіреді.

Жұмыс оқу жоспарында жалпы білім беретін циклға несиенің 25 пайызы беріледі. Жұмыс оқу жоспарына енетін міндетті негізгі пәндер: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, математика (мәдениет және гуманитарлық мамандықтардан басқа), информатика, қауіпсіздік негіздері, экология, дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі пәні типтік оқу жоспарында теориялық білімге берілген 128 несиеден тыс оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады.

Жалпы білім беретін цикл бойынша таңдау пәндерге: әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, психология пәндері жатады. Базалық пәндерге жалпы несиенің 50 пайызы, яғни 64 несие беріледі. Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі. Кәсіптік пәндерге жалпы несиенің 25 пайызы беріледі. Оның 30 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі.

Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілген пәндер негізінде жүргізіледі, ал таңдау пәндерін институттың ғылыми кеңесі шеше алады. Несиелік оқыту жүйесі бойынша несиелер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі.

Несиелік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу. Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады:

- оқытушының студентпен жұмысы;

- студенттің оқытушының басшылығымен жүргізетін өз бетінше жұмысы;

- студенттің өз бетінше жұмысы.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ):

- материалы қосымша оқуға бағытталған;

- СӨЖ оқу графигіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді;

- СӨЖ-на студенттермен консультация, интерактивтік форма түрінде сабақтар өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша консультация алу, рейтинг көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын студенттер үшін ақыл-кеңес беру, курстық, бақылау жұмыстарын орындау кіреді;

- СӨЖ оқытушының оқу жүктемесіне енеді.

Жұмыс оқу жоспарында қамтылған пәндердің 70 пайызы студенттің өз бетінше жұмысына беріледі, оның 50 пайызы оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысына (СӨЖ) берілсе, ал 20 пайызы студенттердің өз бетінше жұмысына бөлінеді. Әр айдың 25-де тіркеуші-офисі мен кафедра меңгерушісі оқытушылардың қанша несие орындағаны туралы институттың ОӘБ-на мәлімет түсіреді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында (бакалавриат) несиелік оқыту жүйесі бойынша студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы – дәрісханада және дәрісханадан тыс жүргізілетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Сабақтың түріне және мазмұнына байланысты бакалавр кітапханада, үй жағдайында, мекемелерде, т.б. білім беру мекемелерінде білім ала алады.

Жеке оқу жоспары – жұмыс оқу жоспары негізінде студенттің 1 жылға жасайтын жеке оқу жоспары. Жеке оқу жоспарына оқу пәндері, несие саны және студент қалаған профессор, доцент, ассисенттердің аты-жөні жазылады.

Студенттің дәрісханалық және оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы дәріс беретін доцент пен профессорларды таңдауы бойынша жүргізіледі. Жылдың басында әр ғалым туралы резюме дайындалады, сол резюме негізінде 1 курс студенті эдвайзердің көмегімен ассистент, доцент, профессорларды таңдайды, оқытушылардың аты-жөндері студенттің жеке жұмыс жоспарына жазылады. Ал 2 курстан бастап студент өзіне сабақ беретін ғалымдарды еркін таңдай алады.

Несиелік оқыту жүйесі бойынша академиялық кеңесшілер мен эдвайзерлер қызметі енгізіледі. Эдвайзерлер қызметі мынадай:

- студенттерге білім кеңістігін айқындауға және оны іске асыруға ықпал етеді;

- эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылы бір немесе екі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс жасайды және академиялық кеңесшінің міндетін атқарады;

- эдвайзерлер қызметі факультет декандарының жанында құрылады және тікелей деканға бағынады;

- эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.

Эдвайзердің міндеттері мынаған саяды:

- қызметі бойынша факультеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді;

- оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материалдарды дайындайды;

- студенттерге оқу және жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауға жекелей кеңестер береді;

- аралық және ағымдағы бақылауларды өзкізуді қадағалайды, студенттің академиялық рейтингін бағалауға қатысады;

- қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.

Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық кеңесшісі рөлінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедраларда құрылады.

Несиелік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы мыналар:

- әр студенттің және оқытушының несие бойынша еңбек шығынын есептеу;

- жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауы;

- студенттің оқытушыны еркін таңдауы;

- студент жекелей оқу жоспарын өзінің тікелей араласуымен, эдвайзердің басшылығымен жасауы.

Несиелік оқыту жүйесінің негізіне әр пән бойынша силлабустарды жасау жатады. Силлабус дегеніміз – студенттерге арналған оқу бағдарламасы.

Силлабустың құрылымы мынадай болады:

- курстың атауы, коды (нөмірі) және несие саны;

- оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны, кафедрада болатын уақыты;

- курстың болатын уақыты мен өткізілетін жері;

- курстың пререквизиттері мен постреквизиттері;

- курсқа қысқаша сипаттама (мақсаты мен міндеттері, мазмұны);

- курсты меңгеру үшін білім, білік, бағды;

- курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары;

- СӨЖ-ге берілетін тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі;

- ұсынылатын әдебиеттер тізімі;

- тест тапсырмаларының сұрақтары;

- білімді бағалауды есептеу әдісі;

- курстың саясаты.

Несиелік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 балдық жүйенің орнына 10 балдық сандық жүйе енгізіледі.

Жоғары оқу орнын бітіруші студент барлық емтихандарын «А» және «А-», «В» және «В-» тапсырып, орта балы 3,25-тен кем болмаса, мемлекеттік емтиханды немесе дипломдық жұмысын «А» және «А+» тапсырған студент қызыл диплом алуға құқығы бар.

Несиелік оқыту жүйесінде студент аралық бақылаулардан пән бойынша төмен балл алатын олса, емтихан кезінде одан жоғары балл қоюға оқытушының құқығы жоқ. Аралық бақылау нәтижелері негізгі орын алады. Білім сапасын аралық бақылауға бір апта семестр ортасында өткізуге немесе сабақтан тыс уақытта да қабылдауға болады.

Студенттің қанша несие алғаны туралы және оқылған пәндер бойынша білім сапасына қойылған балдарды қамтитын ресми құжат транскрипт деп аталады. Курстарды өтуіне байланысты студенттің барлық алған бағалары жиналған несиелерінің саны транскриптіге енгізіледі. Тіркеуші офисі транскриптінің толтырылуына және оған бағалардың қойылуына жауап береді. Студент кез келген уақытта транскрипті талап етуіне құқығы бар. Егер студент бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысса, транскрипт студенттің қолына берілмейді, ол тек байланыс жүйелері арқылы сол жоғары оқу орнына жіберіледі.

Несиелік технология бойынша оқытушы мен студенттің жұмыс шығынын есептеп отыратын тіркеуші офисі қызметі (офис регистратора) енгізіледі.

Тіркеуші офисі қызметіне мыналар кіреді:

- қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

- студенттің дайындық сапасын бақылау;

- оқытушы қанша несие орындағаны туралы мәліметті беру;

- институттың күнтізбелік сабақ кестесінің уақтылы құрастырылуы мен орындалуын бақылау;

- маманның қанша несие орындағанын жинақтау;

- ағымдағы емтихандардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылау;

- мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу;

- статистиканы жүргізу және статистикалық мәліметтерді жинақтау.

Несиелік оқыту жүйесіне көшу материалдық тұрғыда үлкен дайындықтар жүргізуді қажет етеді. Себебі несиелік оқыту жүйесінің тәртібі бойынша студенттің қолында бүкіл ғылыми - әдістемелік материалдар, оның ішінде дәрістің мазмұны тезистік түрде әр студенттің қолында болуы керек, көп жағдайда оқыту арақашықтық (дистанциялық) тұрғыда, электронды пошта, т.б. шаралар негізінде іске асады. Әр оқытушы мен студенттің үйінде компьютер, электронды пошта болуы керек.

 


9-лекция. Тақырыбы: Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде.

Жоспары: 1.Дидактика туралы жалпы түсінік.

2. Дидактиканың негізгі ұғымдары.

3. Дидактиканың қалыптасуы мен дамуы.

Лекция мақсаты: Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері, дидактиканың педагогикалық ғылымдар жүйесінде алатын орны, негізгі категориялары, қалыптасуы мен дамуы кезеңдерімен таныстыру.

Лекция мәтіні (қысқаша). Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни үйретуші, мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелікнегіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады.

Дидактиканыың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 – 1670). Оның «Ұлы дидактика» кітабында оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып-сабақ жүйесі баяндалған. Ол бұл еңбегінде өзінің алдында оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды. Коменский мектеп үшін жалпы бағдарламалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін,оқушыларға арналған демалысты,оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сынып – сабақ жүйесі ұсынылды.

ХVІІ ғасырда швейцар педогогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746 – 1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.

Песталоцци оқудың негізін оның көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің әдістемесінің негізін салды.

ХІХ ғ. неміс педагогы Адольф Дистервег (1790 – 1866) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Песталоцци сияқты Дистервег те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл -ойын және қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан-жақты дамытумен қатар балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Дистервег бастауыш мектепте берілет




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-11; Просмотров: 4383; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.252 сек.