Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі. 1 страница




Негізгі:

1. Республика Казахстан.Законы. О чрезвыйчайных ситуациях природного и техногенного характера: закон РК / принят парламентом 5 июля 1996г/

2. Закон Республики Казахстан «О пожарной безопасноти» от 22 ноября 1996г №48-1 2003-2007 /СД-диск/

3. Закон Республики Казахстан. Законы.о Гражданской обороне /принят парламентом 7 мая 1997г 1997 №9

4. Безопасность жизнедеятельности Учеб пособие книга 1 – 2 Алматы Республиканские курсы ЧС и ГО 2002-2003гг

5. С.В. Белов, В.А. Девисилов, А.Ф. Козьяков и др.; Под общ. ред. С.В. Белова Безопасность жизнедеятельности. Учебник для студентов.М.: Высш. шк., 2000

6. «Безопасность жизнедеятельности» Под общей редакцией д-ра техн. наук, проф. С. В. Белова Москва «Высшая школа» 1999

7. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов С.В.Белов, А.А. Ильницкая. А.Ф. Козьяков и др. Под ред. С.В. Белова –М: Высшая школа, 2001г

8. Приходько П.Г. Безопасность жизнедятельности Курс лекций Алматы Адилет 2000г

9.С Арпабеков «Өмір- тіршілік қауіпсіздігі» Алматы-2004ж

10.П.П. Кукин, В.Л.Лапин и др. М-2001г «Безопасность технологических процессов и производств» /Охрана труда/

11.Журавлев В.П. Защита населения и территорий в чррезвыйчайных ситуациях- М-1999

 

Қосымша:

1. Т.А.Хван,П.А.Хван «Безопасность жизнедеятельности.Практикум Ростов-на Дону-2006г

2. Денисов В.В.,Денисова И.А. и др. Безопасность жизнедеятельности. Уч. пособие. Ростов на Дону-2000

3. В.Г. Атаманюк, Л.Г. Ширшев, Н.И.Акимов «Гражданская оборана» М-1987

4. Гринин А.С. Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности М-2002

5. Правила пожарной безопасности в РК от 8 февраля 2006года № 35 2003-2007

/СД-диск/

6.М.М.Сулейманов, Г.С.Газарян и др. «Охрана труда в нефтяной промышленности М -1980г

 

 

3. Дәрістік кешендер(дәріс тезистері, таратпа және көрнекілік материалдар, қолданылатын әдебиеттер тізімі).

Тақырып-1. Кiрiспе:

Дәрістің мақсаты тіршілік қауіпсіздігіне кіріспе

Кілт сөзі: тіршілік қауіпсіздігі, шаруашылық объектілері, ұйым, таксономия, қауіптілік, эргономика.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны.

1.Тірішілік қауіпсіздігінің принциптері.

3.Тіршілік қауіпсіздігінің қамту құраладры мен әдістері..

4. «Адам- машина –өндірістік орта» жүйесіндегі қауіпсіздік мәселері.

Тіршілік қауіпсіздігі» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз- қарым қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға,сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Азаматтық қорғаныс*- бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы тж факторларынң зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік ауылшаруашылық өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделерне пайдаланатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс- әрекет ететін адамдар ұжымы.

Ұйым- бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзегег асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

Қауіптілік дегеніміз- белгілі бір жағдайда адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсерін тигізетін процесстер, құбылыстар. Қауіптілікті сипаттайтын белгілер саны талдау мақсатына байланысты кеміп немесе өсіп отырады. Пайда болу табиғатына қарай қауіптілік: табиғи, технологиялық, антропогендік, экологиялық, әлеуметтік және биологиялық болып бөлінеді. Әсер ету тәсіліне қарай физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық және механикалық болып бөлінеді. Кері зардаптардың білінуі уақытына қарай қауіптілікті импульсивті және кумулятивті деп 2-ге бөледі. Таралуына қарай қауіптілікті литосферамен атмосферамен және космоспен байланысты етіп бөледі. Тигізетін зардаптары бойынша ауру, жарақат, өрт, авария төндіретін болып келеді. Әкелетін шығыны бойынша қауіптілікті былай бөледі: әлеуметтік, техникалық, экологиялық.Адамға әсер ету сипатына қарай қауіптілікті активті және пассивті деп 2-ге бөледі.

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік- сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады.

Адамның іс- әрекетінің қауіпсіздігі- адамның іс тіршілігі мен қауіп қатер бір бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп қатер әр уақытта болғанымен ылғи да бола бермейді. Сонымен қауіпсіздік – бұл іс әрекет кезінде қауіп қатердің болмайтындығын айқын болған жағдай. Ол үшін 3 негізгі міндетті атқару керек.

Бірінші міндет- нақты іс әрекеттен болатын қауіп- қатерді талдау. (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

Екінші міндет- адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.Үшінші міндет- осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Қауіп қатердің өзі өте күрделі, көпжақты құбылыс болғандықтан, олардың негігі белгілері бір- бірмен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жоюға үлкен маңызы бар. Осы сияқты құбылыстарды жіктеумен және жүйелеумен айналысатын ғылымды таксономия деп атайды.

“Адам -машина -өндірістік орта”жүйесі

Эргономика пәні адамды “Адам -машина -өндірістік орта” жүйесіндегі бас түйін ретінде қарайды. Жүйе қаншалықты күрделі болса, адами фактордың алатын орны соншалықты маңызды.

Адами фактор - бұл адамға тән психологиялық және психофизиологиялық қасиеттері мен олардың жұмыс жасау барысында көрінетін қасиеттерінің жиынтығы.

Машина- “Адам -машина -өндірістік орта” жүйесіндегі адам мен ол басқаратын объектілер арасындағы барлық заттар.

Өндірістік орта- зиянды өндірістік фактор мен қауіпті өндірістік фактор деңгейі, сондай-ақ машиналарды қолдану барысында пайда болатын параметрлер (діріл, шу, электр тогы), сондай-ақ жүйеге сырттан түсетін ақпараттар ағыны.

Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру.

Операторлардың жұмыс орны - бұл адамның еңбектену әрекеті өтетін, ақпараттарды көрсету құралдарымен басқару органдарымен және көмекші құралдармен жабдықталған адамның жүйедегі орны. Жұмыс орны отыруға, тұрып тұруға, сондай-ақ отырып-тұруға арналады. Адамның буындарына күш түсуді азайту үшін күш эпюрасы тұрғызылады.

Оператордың жұмыс орны ақпарат және мотор алаңдарынан тұрады.

       
 
   
 

 


 

 


 

1-сурет. Ақпарат алаңы.


 

 

 


600 400 200 2-сурет. Мотор алаңы.

 

Ақпарат алаңынан 3 зонаны бөліп алуға болады.

1. Бірінші зонаға тез және дәл есептеуді қажет ететін ақпараттарды көрсету құралдарын орналастырады.

2. Екінші зонаға маңыздылығы төмен ақпаратты көрсету құралдары орналастырылады.

3. Үшінші зонаға аз қолданылатын ақпаратты көрсету құралдары орналастырылады.

Мотор алаңын 3 зонаға бөлеміз.

Бірінші зона - қолайлы, қол жеткізу зонасы. Иықтан шынтаққа дейінгі тоқпан жіліктің қозғалу шеңбері.

Екінші зона- оңай қол жеткізу зонасы, иық қозғалғанда бос тұрған қолдардың қозғалыс шеңбері.

Үшінші зона- қол жеткізу зонасы, иық қозғалысы кезінде қолдарды созған кездегі қозғалыс зонасы.

Адамның жұмыс жасау қабілеті.

Адамның жұмыс жасау қабілеті- бұл оның белгілі бір күрделілігі мен ауырлығы бар нақты жұмысты ауысым барысында жоғары дәрежеде атқара алуы.

Жұмыс жасау қабілеті жұмыс уақыты барысында 3 кезеңнен өтеді.

1- кезең (0,5-1,5сағат) – жинақталу кезеңі. Жұмыс жасау қабілетінің төмендігімен сипатталады.

2- кезең (2,5-3 сағат)- жұмыс жасау қабілетінің жоғары болуы.(80%)

3- кезең (0,5 сағат) – жұмыс жасау қабілетінің шаршау нәтижесінде төмендеуі.

Шаршау- жұмыс жасау қабілеті уақытша төмендегенде, көрініс табатын ағзаның ерекше физиологиялық күйі. Өзіне тән белгілері: еңбек өнімділігінің төмендеуі, физиологиялық қызметтердің (қан қысымының көтерілуі, тамыр соғысының жиілеуі, энергияны көп жұмсау), ынта мен есте сақтаудың әлсіреуі, қозғалыс реакцияларының бәсеңдеуі.

Шаршаумен күресудің бірден-бір жолы- үзіліс. Үзілістің ұзақтығы жұмыстың түріне байланысты. Кәсіби іріктеу- психофизиологиялық, кәсіптік жарамдылығы объективті бағаланған адамдарды күрделі, жауапты және қауіпті мамандықтар бойынша оқыту және жұмыс жасау үшін кандидаттар тобынан ғылыми негізде таңдау. Кәсіби іріктеудің мақсаты- еңбек қауіпсіздігін жоғарылату, сондай-ақ кадрларды тиімді пайдаланып, оларды жүйелі орналастыру.

Қайғылы оқиғалардың себептері- көбінесе адами фактор, яғни адамдардың қате іс-әрекеттері (қасақана және абайсызда) болып табылады. Сондықтан еңбек процесі кезіндегі адамның қауіпті және қауіпсіз мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ психофизиологиясына байланысты адамдардың қате әрекеттер жасау ерекшеліктері. Қате әрекеттер қасақана немесе абайсызда жасалуы мүмкін.

Адам кәсіби дайындығы төмен болғанда, машықтануы болмағанда, психофизиологиялық жағдайының жасалынып жатқан жұмысқа сай болмағанда (есте сақтау қабілеті төмен, ойлау қабілетінің сын көтермеуі, зиянды өндірістік факторлар, шаршау) қателікке жол береді.

Кәсіби іріктеу психофизиологиялық сынақ нәтижесінде жүргізіледі:

- медициналық- биологиялық;

- психофизиологиялық;

- психологиялық.

Сынақ кезінде тестілік,аспаптық, сауалнамалық түрде жүргізіледі.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

1. Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі мақсаттары қандай?

2. Тіршілік қауіпсіздігі түсінгі.

3. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

4. Қауіптілік түсінігі.

5. Қауіпсіздік түсінігі.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 8(5-15б),12(5-7б),14(5-8б)

Қосымша әдебиеттер: 1(ст 263),10(10-17б),15(5-15б)

Тақырып-2: Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және теориялық негіздері.

Дәрістің мақсаты: Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу- мемлекеттің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды функцияларының бірін оқыту, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар минстрлігінің ролі, негізгі міндеттері және ұйымдастырушы құрылымын оқыту.

Кілт сөзі: азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай, заң, нормативті акті.

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

1.Азаматтық Қорғаныс туралы ҚР заңы.

2. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртібі.

3. АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері.

 

«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы

Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы құқықтары міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс - әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми турде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ның негізгі міндеттері:

- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

- АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіндегі іс-әрекеттке тұрақты әзірлікте болу;

- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін дарлау және халықты үйрету;

- радиацияилық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

- АҚ әскери құрамалардың жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз ету;

- шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын атқару жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

-қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдарын және АҚ-ның өзге бөлігін жинау және әзірлікте ұстау;

- халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

- құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік (биологиялық) зақымдауын, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

 

АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртібі

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.

Ақ шараларын орталық, жергіікті өкілетті және атқарушы органдары, ҚР жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары жүргізіледі.

АҚ-ға даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін ҚР Үкіметі анықтайды.

АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу мақсатында маңыздылық деңгейін ескере отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызылу жүргізіледі.

Ақ шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жауапгершілік орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

АҚ және ТЖ басқару органдары мен қызметтері

Ақ шаралардың орындауды қамтамасыз ету үшін мына органдар құралады:

- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы мен оның құрлылымдық аумақтық органдыры;

- Орталық және жеогілікті атқарушы органдардың АҚ бөлімдері (қызметкерлері)

- Ұйымдарды АҚ шатбтарды немесе АҚ бастығына тікелей бағынатын АҚ мен ТЖ жөніндегі босалқы мамандар;

ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары лауазым бойынша АҚ тиісті орынбасарлыры болып табылады;

АҚ арнайы шараларын орындауд және осы мақсаттағы күш пен құралды даярлауды қамсыздандыру үшін республикалық, облыстық, аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері, сондай-ақ қажет жағдайда АҚ бастығына тікелей бағынатын ұйымдардың АҚ және ТЖ қызметтері құрылады.

АҚ және ТЖ қызметті ҚР Үкіметінің қаулысымен облыс, қала, аудан әкімдерінің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құрылады.

АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің тізбесін ҚР Үкіметі анықтайды. Олар туралы ередені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді.

АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштері мен құралдарының қызметтерінің әзірлігі жөніндегі жауапгершілік олардың негізінде құрылған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.

Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда АҚ көшіру шараларын ұйымдастыру мақсатында көшіру, көшіру-қбылдау коммисиялар құрылады.

Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау

Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен қауіпі төнген немесе болған кезде) және дау шабуылы қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа дер кезінде және сенімді хабарлауды, сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау мақсатында олардың назарын аудару үшін электр сиреналары мен өндірістік гудоктар және «Баршаңыздың назарыңызға!» АҚ ескетру дабылының берілгендігіне өзге де құралдар қосылады. Осы дабыл бойынша радионы, радио мен телевизиялық хабарлау қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың (бөлімнің) шұғыл хабарын тыңдаған соң, берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету керек.

Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе радиоциалық, химиялық және бактерологиялық қауіп төнген кезде де «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы беріледі, оның артынша халықтың алдынғы іс-әрәкет пен панаханалардың орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.

Азаматтық Қорғаныстық Төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорганысы халықты экономиканы, республика аумағы осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери дортина мен әскрери іс саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезкетегі міндет жүктеледі.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттері «АЗаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлыұ мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

 

Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру

ЖОО Азаматтық қорғанысының бағыты- ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысы бағытының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қызметтері құрылады. АҚ мен ТЖ қызметтері басшылыұты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру коммисиясының төрағасы болып проекторлардың бірі тағайындалады.

Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы

РҚ және ХЗҚ

 

 

АҚ мен ТЖ міндеттерін оұу орнының мүддесіне орай шешу үшін нысандық АҚ құрамалары құрылады. ЖОО-да тұрақты құрам мен студенттерден құтқару командасы (тобы), санитарлық жасақтар мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы, панаханалар мен жасырынатын орындарды күтіп-ұстайтын топ құрылуы мүмкін.

 

Шаруашылық объектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы

Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудағы жүйеде негізгі буын болып табылатын шаруашылық объектілері маңызды орын алады. Шаруашылық объектілерінде АҚ барлық шараларының негізі қаланды, мұнда соғыс уақытында жқмысшылар мен қызметшілерді қорғау, оъектілер жұмысының тұрақтылығын қамсыздандыру, құтқару және өзге де кешнді шаралар жүргізілді.

Шаруашылық объектілірінде Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принципті схемасы 1- суретте көрсетілген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 2932; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.087 сек.