Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Репродуктивтік органдар 5 страница




Сабақтың схема түріндегі секторын, ол қамтитын өткізгіш шоқтарыдың саны екеуден кем болмайтындай етіп салады да, детальдарын белгілейді.

 

27-тақырып. Кирказонның сабағының шоқтық құрылысы

 

Материал. Кирказонның жаңа кесілген немесе фиксаторға салыңған сабақтары; флороглюцин, тұз қышқылы. Осы сабақтың көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепаратты пайдалануға болады.

 

Сабақтың буынаралығы деңгейіндегі бөлінген жұқа көлденең кесінділер жасайды да, осыған дейінгі объектідей перпарат дайындайды.

Зерттеуді сабақтың үстінен бастайды. Препараттан эпидермияны, алғашқы қабықты (колленхиманы, паренхиманы, эндодерманы) орталық цилиндрді (склеренхиманы; коллатериалды шоқты флоэманы және ксилеманы; шоқтық жән шоқарлық камбийді; өзектік сәулелерді; өзекті) табады (79-сурет). Соңында сабақтың схема түріндегі суретін салады да, детальдарын белгілейді.

 

28-тақырып. Дара жарнақты өсімдіктердің

сабағының құрылысы

 

Материал. Қарабидайдың немесе бидайдың, жүгерінің жаңа кесілген немесе фиксаторға салынған сабағы, флороглюцин, тұз қышқылы, глицирин. Осы өсімдіктердің сабағының көлденең кесіндісінен жасалған микропрепаратты пайдалануға болады.

 

Қарабидайдың сабағы

 

Бузинаның өзегіне жас сабақтың буынаралығының кесіндісін қсытырады да, бірнеше жұқа көлденең кесінділер жасайды, содан соң оларға флороглюцинмен және тұз қышқылымен әсер етеді де препаратты дайындайды. Препаратты микроскоптың кіші және үлкен үлкейткішімен қарап зерттейді. Одан эндодерманы, механикалық ұлпалардың ішінен хлолофилді бар поренхималардың участогін, кіші және үлкен шоқтарды, негізгі поренхиманы және қуысты табады (80-сурет). Схема түрінде сабақтың секторын салады да детальдарын белгілейді.

 

Жүгерінің сабағы

 

Зерттеуге ең жақсы келетін сабақтың диаметрі 1-1,5 см-дей болады. Сабақтың көлденең кесіндісінен препаратты осыған дейінгі тәсілмен дайындайды. Препараттан эпидерманы, механикалық ұлпаның қабатын, жабық колотериалды шоқты, негізгі переанхиманы табады (81-сурет). Кесіндінің бір бөлігінің секторын схема түріндее салып алады да, детальдарын белгілейді.

 

29-тақырып. Жапырақтың макро морфологиясы

 

Материал. Жапырақтың гербарий үлгілерінің коллекциялары: құрылысы әр түрлі болып келетін жай жапырақтар, әр түрлі жүйкеленген жай жапырақтар, жапырақ тақтасынан формасы тұтас және ойыс болып келетін жай жапырақтар, жапырақ тақтасының шеттерінің формасы әр түрлі болып келетін жай жапырақтар, құрылысы әр түрлі болып келетін күрделі жапырақтар.

 

Жай және күрделі жапырақтардың құрылысын қарастырады сағақты (алма), отырмалы (қызғалдақ), қынапшалы (арпа, жүгері) және күрделі (раушан)(83-сурет). Суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

 

Зерттеуді одан әрі жағастыра отырып, жапырақ тақтасы әр түрлі жүйкеленген (84-сурет), тақтасының формасы тұтас және ойыс (85,87-суреттер), жапырақтың шеттерінің формасы әртүрлі болып келетін (86-сурет) жай жапырақтарды анықтап суретке салады.

Күрделі жапырақтардың анықтап (88-сурет) суретке салады

 

30-тақырып. Жапырақтың микроскопиялық

(анотомиялық) құрысы

 

Материал. Буктың немесе камелидің, жүгерінің, қарағайдың жаңа үзілген немесе фиксаторға салынған жапырақтары: флороглюцин, тұз қышқылы, глицирин. Осы өсімдіктердің жапырақтарының көлденең кесіндісінен жасалған тұрақты микропрепараттарды пайдалануға болады.

 

Буктың жапырағы

 

Жапырақты бузинаның өзегіне қысып, негізгі жүйкесіне перпендикуляр кесінділер жасайды. Кесінлерді зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салады да, микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, ең жұқасын таңдап алады. Содан соң лигнинге реакция жасап, препаратты дайындайды. Кесіндіні алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен көріп зерттейді. Одан мыналарды табады: жоғарғы және төменгі эпидермисті, устица аппаратын, кутикуласын, мезофиллді (бағаналы және борпылдақ поренхиманы), өткізгіш шоқты (флоэманы, ксилеманы), механикалық ұлпаны, көмкерме клеткалары (обкладка) (89-сурет).

Жапырақтың бір бөлігін, негізгі жүйкелерімен схема түрінде суретке салып, детальдарын белгілейді.

 

Жүгерінің жапырағы

 

Тұрақты препарат жоқ болған жағдайда уақытша препарат жасау керек. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда жапырақ тақтасының біршама жұқа екендігі, оның тек ортаңғы бөлігінің ғана қолдану болып, төменгі жағынан томпайып тұратындығы байқалады. Ұлпаларды микроскоптың үлкен үлкейткішімен қарастырады. Препараттан мезофиллді, шоқтарды (ксилеманы, флоэманы), көмкерме клеткаларды (обкладка), склеренхиманы, тақтаның ортаңғы қалыңдау бөлігіндегі түссіз паренхиманы табады.

 

Жапырақтың бір бөлігін схема түрінде салып алады да, детальдардын белгілейді.

 

31-тақырып. Сиреннің өркенінің макроморфологиясы

 

Материал. Ағаштардың жас өркені немесе гербариға салынған үлгілері.

 

Кәдімгі сиреннің бұтағын қарастырады (97-сурет). Өркендері жазда көп жапырақтар береді, ал қыста жапырақтарының қалай орналасқандығын, олардың орнында қалған айқын байқалатын, дақтардан (листовой рубеп), білуге болады. Әрбір буыннан екі екіден жапырақ кетеді, яғни жапырақтары қарама-қарсы орналасады, әрбір жапырақтың қолтығында бір-бірден бүршіктер орналасады. Буынаралықтары қысқарған және жақсы байқалады, сондықтанда бұл нағыз ұзарған өркенге жатады.

Тқбелік бүршігі көп ұзамай өсуін тоқтатады. Осыдан кейін, төбесіне жақын орналасқан, екі бүйірлік бүршіктері өсе бастайды. Оның біреуі бұрынғы өсті жалғастыратын, ал екіншісі жанына қарай өсетін өркендер береді. Осы өркендер береді. Осы өркеннің әрқайсысы көп ұзамай өсулерін тоқтатады да, екі екіден жаңа өркендер береді. Яғни өркендері сиполиальды өседі, ал бұтақтануы симподиалды системаның өсімен бүйріне қарай тармақталады. Тармақталған өркенді суретке салып детальдарын белгіледі.

Буршіктің құрылысын зерттеу үшін, оның біреуін бөліп алады да, тікесінен скальпельмен немесе бәкімен жарып лупаның астына қойып немесе стериоскопиялық микроскоппен қарайды. Бүршіктің үстін бүршіктік қабыршақтар жауып тұрады. Олардың арасында төбесінде өсу конусы бар, өте қысқа сабқтың бастамасы (зачаточный стебель) және жапырақтың бастамасы (примордии) орналасады. Олардың қолтықтарында аздаған төмпешіктері (буторки) болады. Осы төмпешіктерден келешегінде қолтықтық бүршіктер пайда болады. Кейбір бүршіктердің жапырақтарының бастамасының (примордии) қолтығында, гүл шоғы гүлдің бастамасымен орналасады. Яғни бұл вегетативтік-репродуктивтік бүршіктер. Бүршіктің сыртқы түрін және тікесінен жарып жасаған кесіндісін суретке салып, детальдардын белгілейді. Осы схема бойынша басқа да ағаштардың өркендердін зерттейді.

 

 

32-тақырып. Өркеннен жетілетін метаморфозға

ұшыраған органдар

 

Материал. Мына өсімдіктердің жаңа дайындалған, фиксторға гербарий түріндегі үлгілері: пияздың пиязшығы, гладиолустың немесе лапыздың (безвременник) түйнек пиязшығы, бүлдіргеннің (землянника) немесе қазтабанның (лапчатка) мұртшалары, бидайдықтың (пирей) және ландыштың тамырсабақтары, картоптың сталоны және түйнегі, қиярдың (огурец), доланның (боярышник), бөрікқарақттын (барбарис), түйетікеннін (чертополох), асбұршақтың (горох) өркендері.

 

Мысал ретінде картоптың түйнегін қарастырады. Оның үстінен жапырықтың іздерін (листовые рубцы) және көзшелерін оңай аңғартуға болады. Әрбір көзшеден 2-3-тен бүршіктер болады, оның біреуі қолайлы жағдай туғанда өркен береді. Егер көзшелердің арасын буір түзумен қосатын болсақ, онда соңғысы спиральдың формасына келеді. Картоптың түйегіндегі жапырақтың іздереінің және қолтықтың бүршіктердің болуының өзі, оның жапырақтары кезектесіп орналасқан өркен екендігін көрсетеді.

Осылайша басқа да түрі өзгерген (метоморфозға ұшыраған) оргондарды зерттейді (57,99,100-суреттер). Қарастырылған түрі өзгерген органдарды суретке салып, жекелеген бөліктерін белгілеп, оларға сипаттама береді.

Одан әрі ұқсас оргондары бар өсімдіктерді бөлек топтастырады. Мысалы, артық қор заттардың жинайтын органдары бар өсімдіктеріді бір бөлек, тікенектері бар өсімдіктерді бір бөлек және тағы сол секілді болып жалғасады. Осы топтарға жататын өсімдіктердің түрі өзгерген органдарының шығу тегін көрсете отырып, олардың тізімін жасайды

 

Пысықтау сұрақтары

 

1. Өсімдіктердің органдарының қандайларын вегативтік, ал қандайларын репродуктивтік деп атайды?

2. Өсімдіктердің органдарында қандай симметрия болуы мүмкін?

3. Полярлық, геотропизм дегендер не?

4. Встетативтік органдардың түрлерін өзгеруі неге байланысты? Қандай органдарды аналогиялық, ал қандайларын гомологиялық деп атайды? Гомологиялық органдар барлық уақытта бір-біріне ұқсамайтын болады ма?

 

 

5. Дән өнеген кезед ұрықтағы вегативтік органдардың қайсысы алдымен өседі? Оның қандай биологиялық маңызы бар?

6. Шығу тегі, формасы, экологиясы жағынан қандай тамырлар болады?

7. Тамыр системасы дегеніміз не? Шығу тегі және формасы, жағынан тамыр системасын қанадай типтері бар?

8. Тамыр қандай зоналардан тұрады? Олардың ірқайсының құрылысы мен атқаратын қызметтері қандай?

9. Тамырдың алғашқы құрылысында ұлпалардың қандай компаненттерін бөлуге болады? Олардың әрқайсысы қандай ұлпалардан тұрады?

10. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өткізу зонасының құрылысы қандай?

11. Тамырдың алғашқы құрылысының соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді?

12. Тамырдың соңғы құрылысы қандай ұлпалардың комплекстерінен тұрады?

13. Тамыр жеміс өсімдіктердің қандай бөліктерінен түзіледі? Тамыр жемістің тамырдың түйнектерінен айырмасы қандай? Бұл гомологты оргондар ма немесе аналогты оргондар ма?

14. Сәбіздің, репаның, қызылшаның тамырының қандай бөліктерінде артық қор заттары жиналады?

15. Микориза тамырдың қандай зонасының қызметін атқарады? Эктотрофты микоризанның эндотрафты микроизадан айырмасы қандай?

16. Түйнек бактериялары тамырдың қандай бөліктерінде жиналады және олар өсімдікке қандай пайда келтіреді?

17. Саңырауқұлақтар мен бактериялардың жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамырларымен селбесіп өсуін симбиоз деп атайды?

18. Сабақтың алғашқы құрылысты қайда және қалай қалыптасады?

19. Сабақтың алғашқы құрылысында, алғашқы қабық пен орталық цилиндр қандай ұлпалардан тұрады?

20. Сабақ пен тамырдың алғашқы құрлысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

21. Сбақтың соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді? Ол қандай өсімдіктерде болады?

22. Сабақтың соңғы құрылысында қабық пен орталық цилиндр қандай ұлпалардан тұрады?

 

 

 

 

23. Сабақ пен тамырдың соңғы құрылысының микроскопиялық структурасында қандай айырмашылықтар бар?

24. Ағаштардың сабағының құрылысының ерекшеліктері неде? Оларда прокамбий қалай пайда болады?

25. Соңғы сүректе жылдық сақианлардың пайда болуының себебі неде? Шел қабаты (заболонь) бар ядролық сүрек дегеніміз не?

26. Қылқанжапырақтардың флоэмасы мен ксилемасының құрылысының ерекшелігі неде?

27. Шөптесін өсімдіктердің сбақтарының құрылысының негізгі типтері қандай?

28. Сабақтың ауыспалы және шоқтың құрылыстарында прокамбий қалай пайда болады және камбий қалай дифференцияланады?

29. Шөптесін өсімдіктер мен ағаштардың сбақтарының микроскопиялық структурасының негізгі айырмашылықтары неде?

30. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының структурасының ерекшеліктері неде?

31. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысының қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысынан айырмашылығы қандай?

32. Жапырақ қалай түседі? Осының биологиялық мәні неде?

33. Жапырақтың қандай формациялары болады? Гетерофилия деген не?

34. Жай жапырақтың күрделі жапырақтан айырмашылығы неде? Жай жапырақтар мен күрделі жапырақтарды қалай классификациялайды?

35. Қандай жапырақтарды қарапайым жапырақтарға жатқызады?

36. Дорсиентральды және изолатериалды жапырақтардың құрлысының жалпы планы қандай?

37. Қылқаның құрлысының ерекшелігі қандай?

38. Өркен дегеніміз не? Буын, буынаралығы, жапырақтың қолтығы дегендеріміз не? Қандай өркенді ұзарған, ал қанадайын қысқарған өркенге жатқызады?

39. Бүршік дегеніміз не? Оның структурасы қандай? Атқаратын қызметіне қарай, қанашлықты қорғағандығына, ораналасқан жеріне қарай, бүршіктерді қалай классификацялайды?

40. Жапырақтардың оранласуының қандай варианттары болады?

 

 

41. Монопадиалды бұтақтанған өркенмен симподиалды бұтақтанған өркеннің айырмашылықтары неде?

42. Төбесінен бұтақтанудың, бүйірінен бұтақтанудан айырмашылығы неде? Бүйірінен бұтақтанғанда өстердің қандай системалары болады? Түптеніп өсу дегеніміз не?

43. Тамырсабақ дегеніміз не? Тамырсабақты тамырдан қалай ажыратады?

44. Түйнектердің шығу тегі қандай? Картоптың түйнегінің жіне пияздың пиязшығының өркеннен пайда болғандығын қалай дәлеледеуге болады?

45. Пиязшықты пиязшық түйнектен өалай ажыратуға болады?

46. Тікенектер мен мұртшалардың шығу тектері қалай болуы мүмкін?

ГҮЛ

 

Гүл дегеніміз түрі өзгерген қысқарған өркен. Ол микро жіне мегаспорлар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыстың процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым ме нжеміс түзіледі.

Құрлысы. Гүлдің сабақтың бөлігі сағақтан жіне гүл тұғырының (табанынан) тұрады (101-сурет). Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі (102-сурет). Гүл тұғырына түрі қзгерген дапырақтар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдік (циклический)деп атайды. Циклдық гүледр әдетте бес немесе төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды күлте жапырақтары, екі немесе бір қатарды аталықтар, бір қатарды аналықтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиарльдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдік (ациклический) гүлдер деп атайды. Гүл жапырақтарының біреулері гүл тұғырына шенбеодің бойымен, ал екіншілері спиральдың бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемициклдық (гемициклический) гүлдер деп атайды.

 

Жыныстық оргондарына қарай бөлінуі. Егер бір гүлде аталық пен аталатың екеуіде болса, онда мұндай гүлді қосжынысты деп атайды (гермафродитными). Дара жынысты гүлдердің не аталықтары, не аналықтары болмайды. Соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдер деп бөледі (103,В-сурет). Егер бір өсімдікте аталықта, аналықта гүлдер болса, онад мұндай өсімдікті бір үйлі өсімдік деп атайды. Егер аталық гүл бір түрдің бір экземплярында болса, ал аналық гүл екінші экземплярында болса, онда мұндай өсімдікті үйлі өсімдік деп атайды.

 

ГҮЛ СЕРІГІ

 

Бұл гүлдің ұрықтануға қабілетсіз бөлігі. Ол қорғаныштық қызмет атқарады және сонымен бірге гүлді тозандандыратын насекомдарды өзіне еліктендіріп, шақырып тұрады. Гүл серігі түсінің бояуы әртүрлі болып келетін тостағанша және күлте жапырақшалардан тұратын болса, онда оны қосарланған гүлсерігі деп атайды (двойной околоцветник). Ала егер гүл серігі бір түске боялған болса, онда оны қарапайым гүлсерігіне жатқызады. Қарапайым гүлсерігі не тостағанша жапырақтардан тұратын гүлсерігі әдетте жасыл, қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүлсерігі ашық түске боялған болып келеді. Гүлсерігі болмайтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп атайды (103-сурет). Бұларға тал (ива) мен шаған (ясень мысал бола алады.

 

ТОСТАҒАНША ЖАПЫРАҚШАЛАР

 

Әдетте олар үлкен болмайтын жасыл жапырақшалардан тұрады (тостағанша жапырақшалардан). Кейде тостағанша жапырақшалардан ашық түске боялған болып келеді. Бұл жағдайда олар күлте жапырақшалардың ролін арттырып, гүлді тозандандыратын насекомдарды өзіне көптеп еліктіреді. Көп жағдайда тостағанша жапырақшалар бір ғана шеңбер түзеді. Кейде тостағанша жапырақшалардың астында, тостағанша асты жапырақшалары (подчащие) болады. Тостағанша асты жапырақшалары жабындық жапырақшалардан пайда болады (104-сурет). Тостағанша жапырақшалары бос орналасқан немесе түп жаға азды көпті біріккен болып келеді (біріккен тостағанша жапырақшалар).

 

 

КҮЛТЕ ЖАПЫРАҚШАЛАР

 

Әдеттет күлте жапырақшалар тостағанша жапырақшаларға қарағанда біршама үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшалар бір бірімен біріккен болы мүмкін (кем дегенде екі үш күлте жапырақшалары бірігеді) немесе бос күйінде қалып отырады. Соған байланысты күлте жапырақшалардың екі типі болады: жеке жапырақшалар (свободнолепестные) және біріккен жапырақшалар (спайнолепстные). Күлте жапырақшалар жеке орналасқан гүлдерде, әрбір күлте жапырақша түбіріне қарай, жапырақтың сағаққа жіңішкергені секілді, айқын жіңішкеретін болса, онда мұндай күлтелерді тұқыл күлтелер деп атайды (ногатковый). Ал егерде күлте жапырақшалардың түп жағы жалпақ болып келсе, онда мұндай күлтелерді отырмалы күлтелер деп атайды (105-сурет). Көп жағдайда күлтелердің артық формалары кездеседі.

Біріккен күлте жапырақшалары мынандай бөліктерге: күлтелерінің біріккен бөлігі түтік, бірікпеген бөлігіе күлте алақаны (оттиб) және түтіктің күлте алақанына ауысатын жері (зев) деп ажыратады (106-сурет).

Күлте жапырақшалар, тостағанша жапырақшалар секілді полисимметриялы (дұрыс, актиноморфты), моносимметриялы (бұрыс, зигоморты) және ассиметриялы болып бөлінеді. Күлте жапырақшалары актиноморфты болып келегн жағдайда, күлтелер арқылы екі немесе оданда көп жазықтық симетрия жүргізуге болады (106-сурет), зигоморфты (моносимметриялы, бұрыс) болып келген жағдайда, күлтелер арқылы біреуден артық біреуден артық жазықтық симетрия жүргізуге болмайды (107- сурет), ал ассимметрияды болып келегн жағдайда, күлтелер арқылы ешқандай жазықтық симметрия жүргізуге болмайды (канна, орхидей).

Актиноморфты біріккен желекті күлтелерді, түтіктерінің ұзындығына, күлте алақанының (отгиб) формасы және мөлшеріне қарай классификацияланады:

доңғалақ тәрізді – түтігі кішкентай немесе жоқтың қасында болып келетін, ал күлте алақаны жайылып ашылатын;

воронка тәрізді – түтігі варонка тәрізді үлкен, күлте алақаны шамамен үлкен болмайтын;

қоңырау тәрізді – түтігі сфера тәрізді, тостағанша тәрізді, біртіндеп нашар байқалатын күлте алақанына айналатын;

түтік тәрізді – түтігі цилиндр тәрізді, күлте алақаны болмайтын немесе күлте алақаны қысқа болып келетін;

 

 

 

107-сурет. Біріккен желекті зигоморфтф күлте жапырақшалар.

А-қос ерінді (шалфей); Б-тілше (тау-сағыз); В-тегеурінді ()

 

астау тәрізді – түтігі цилиндр тәрізді күлте алақаны жалпақ болып келетін;

қалпақша тәрізді – күлте жапырақшалары жоғары ұштары арқылы біріккен (жүзім-виноград).

Зигоморфты біріккен жапырақшалы күлтелердің ішінен мыналарды жиі кездестіруге болады (107-сурет);

қос ерінді – күлте алақаны әр түрлі болып келетін екі еріннен тұрады: устінгі және астынғы;

тілше гүл –түтіктен тіл тәріздес бріккен жапырақшалары кетеді;

тегеурін гүл – күлте жапырақшалары тегеурін (шпорец) деп аталынатын ішкі қуыс өсінді түзеді.

Күлет жапырақшалары бос орналасқан гүлдердің ішінде де зигоморфты және актиноморфтылары болады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 2484; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.092 сек.