Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Angiospermatophyta, macnoliophyta 4 страница




Асбұршақ туысы ( горох-Pisum). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады.

Егістік асбұршақ (горох посевная –P.sativum) (207-сурет) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (горох полевой – P.arvense), шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.

Беде туысы (клевер-Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасында 65 түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континентерінде)кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі.Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады.Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтын боб (сиректеу 4-6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде (клевер луговой – T.pratense) биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді.Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дәні болады, мәдени жағдайда көп өсіріледі.Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский – T.hybridum) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудандарда көптеп себеді,жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий иили белый – T.repens) күлте жапырақшасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретінде аса құнды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлерінде кеңінен таралған.

Жоңышқа туысы (люцерна- Medicago). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасында 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар.Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді.Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырының ұзындығы 1,5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құнды,құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік.

Сарбас жоңышқа (люцерна серповидная, или люцерна желтая – M.falcata) биіктігі 100-120 см болатын, күлте жапырашасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде,алдыңғы және Орта Азияда) және мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышқаның (люцерна посевная, или синяя – M.sativa) (208-cурет) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль тәрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағдайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясында, әсіресе құрғақ шөлейт аудандарда тек мәдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.

208-сурет. Кәдімгі жоңышқа (Medicago sativa):

А-тамыр жүйесі, Б-репродуктивтік өркен; В- гүл (жалпы көрінісі және тікесінен жасалған кесіндісі): Г-жемісі бұршақбас (боб).

Фасоль туысы (Phaseolus). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұлақ күрделі болып келеді.Күлте жапырақшалары сары,ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясында 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде жіне сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда,парктерде, скверлерде өсіріледі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенная –Ph.vulgaris) көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная Ph.coccineus) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік,гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары).

Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түр бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың территориясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская – G.ussuriensis) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая –G.hispida) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн.га асады. 1т. Дәннен 113кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36% -ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріп те және сүр шөп түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әр түрлі тағамдар дайындайды:сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье,кофе, шоколад жіне т.б. (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей жіне тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады.

Люпин туысы (Lupinus). Туыста 400-дей түр бар, олардың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада (Анды) кездеседі. Бұлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбұталар, ішінде тіптен бұталары да болады. Солтүстік Амкриканың батыс аудандарында біржылдық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орынды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жағалауы саналады. Жерорта теңізі жағалауындағы түрлердің басым көпшілігі біржылдық, биік, дәндері ірі болып келетін өсімдіктер.Бұларға үшқұлақ және саусақсалалы күрделі жапырақтар тән.Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді және үлкен шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналады.

Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігінде көп мөлшерде улы заттар болады(люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық және сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем-шөптік маңызы арта түседі.

Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые) – Malvaceae

15 мыңдай түрлері бар (82-90 –дай туыс). Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында (континенттерінде), негізінен тропикалық аудандарда, әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі. Гүлдері үлкен жалғыздан жапырақтың қолтығында немесе ерекше бұтақтарында орналасады. Гүл серігі қосарланған болып келеді, одан басқа тостағанша асты жапырақшалары болады. Тостағанша асты жапырақшалары гүл асты жапырақшаларынан пайда болады. Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасқан 10 аталықтан тұрады, оның сыртқысының аталықтары стаминодиға дейін редукцияға ұшыраған, ал ішкі шеңбердің аталықтары бөлінеді де олардың жіпшелері трубкаға бірігеді, тозаңқап (тозаңдық) ішінде екі тозаң ұясы бар бір ғана жартыдан (текадан) тұрады. Гинецейі ценокарпты 5-жеміс жапырақшадан тұрады, сиректеу олар 2-3тен немесе көптен болады, жатыны (гүл түйіні) жоғарғы 2-,3-,5-, көп ұялы болып келеді. Әрбір ұяның ішінде біреуден немесе көптен тұқымбүршігі болады. Жемістерінің көп жағдайда сыртқы қабы құрғақ: қорапша, қанатша (қанатты жеміс) сиректеу шырынды болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары тұтас немесе саусақсалалы болып келеді, қосалқы жапырақшалары түсіп қалып отырады. Көп жағдайда шырышты заттар жинақталатын лизогендік қуысы (орын) немесе жекелеген шырышты клеткалары болады.

Мақта туысы (хлопчатник-Gassypium). Оның 66-ға жуық түрі бар. Шыққан жері (отаны) жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық аймақтары болып табылады.

209-сурет. Мақта (Gоssypium):

А-репродуктивтік өркен; Б-гүлдің диаграммасы; В-жемісі қауашақ (жалпы көрінісі, көлденең кесіндісі, ашылған жағдайы); Г-тұқым.

Жіп иіруге қажетті талшық (шикізат) беретін құнды өсімдік. Оны Батыс Индияда біздің эрамыздан 3мың жылдай бұрын еге бастаған. Жіп иіруге мақтасы- талшығы пайдаланылады, олар дәндерін тығыз жауып тұрады (бір дәнде 7 мыңға дейін талшық болады). Талшықтары таза целлюлозадан тұрады. Олар бір клеткалы, ақ немесе сары түсті болып келеді, ұзындығы 60мм-ге дейін жетеді. Мақта өсімдігі 70-75% ке дейін жіп иіруге (мата тоқуға) қажетті шикізат (талшық) береді. Одан басқа, дәндерінен 20% -ке дейін тамаққа пайдаланылатын және техникаға қажетті сапасы жоғары май алынады. Күнжарасы (жмихи) малға жем ретінде пайдаланылады. Мәдени жағдайға 5 түрі ендірілген. БОР-дың территориясында өндірілетін мақтаның 60% Өзбекстан беріп отырған. Орта Азияның басқа республикалары (Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстанның оңтүстігі) шамамен жылдық өнімнің ¼-ін алып отырған. Закавказьяда мақта негізінен Азербайжанда өсіріледі. Аталған республикаларда мақтаның мынадай түрлері егіледі: упланд немесе орташаталшықты мақта(упланд, или средневолокнистый хлопчатник –G.hirsutum) (209-cурет), шыққан жері Мексика; гузу немесе қысқаталшықты мақта (коротковолокнистый хлопчатник – G.peruvianum),шыққан жері- Перу.

Басқа туыстарынан сабақтарынан талшық алынатындарының шаруашылықтағы маңызы аса зор:бөрітарақ, кендірі (кенаф –Hibiscus cannabinus),бамия (H.esculentus), авиценна канатнигі (Abutiton avicennae).

Бұлардан басқа Қазақстан флорасында кездесетін құлқайырлар тұқымдасынан жалбызтікен туысын (алтей –Althaeae) атап айтуға болады. Дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный – A.officinalis) деген түрдің тамыры әр түрлі қатар ауруын емдеуге пайдаланады. Ол қатар ауруы туғызатын тітіркенуді біршама азайтады.

 

Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы (зонтичные, или сельдерейные) –Umbelliferae, Apiaceae

Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай және құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларында кеңінен таралған. Көптеген алқаптарда, өсімдіктер қауымдастығының негізгі компоненттері болып табылады, әсіресе климаты құрғақ аудандарда. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4м, ал диаметрі 6 см дейін барады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр, немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты немесе бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы. Гүлінің формуласы мынадай:

*Ca (5-0) CO5 A5 G(2).

 

Осы үлкен және кең таралған тұқымдастың туыстарының барлығы бір-біріне өте жақын. Ол бұлардың сыртқы ұқсастығынан, әсіресе вегетативтік органдарының құрылысынан айқын байқалады. Тұқымдастың классификациясын жасағанда және анықтағанда, жемісінің құрылысы ең маңызды роль атқарады. Жемісі пісіп жетілген кезде, екі ашылмайтын (қақырамайтын), бір дәндә жартылай жеміске бөлінеді. Мұндай жемісті тұқымша деп атайды, ол екіге бөлінген карпофоранның басында ілініп тұрады (210 сурет). Тұқымшаның сыртында 5 тікесінен орналасқан қабырғалары болады. Жеміс қапта оларға, бес өткізгіш шоғы сәйкес келеді. Бұл алғашқы қабырғалар. Олар барлық түрлерде айқын байқалмайды. Қабырғаларының арасында бороздкалары орналасады. Олардың арасында май жолдары болады. Кейде бороздкалардың орнына,екінші реттік қабырғалары пайда болады. Олар алғашқы қабырғалардан, жеміс қаптарында өткізгіш шоқтарының болмауымен оңай ажыратылады. Май жолдары тұқымша жағында да болады. Бірақ ол әдетте, жемістің қақырайтын жағынан басталады. Жемістің қақырайтын жағындағы бөлігіндегі, дәннің эндоспермінің үсті жалпақ немесе дөңес, орақ тәрізді немесе ойыс болуы мүмкін. Бұл жемістің көлденең кесіндісінен жақсы байқалады.

Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік және хош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреулерінде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады.

Сәбіз туысы (морковь-Daucus). Көпжылдық, 2-жылдық және 1-жылдық шөптесін өсімдік.

Европада, алдыңғы Азияда (Жерорта теңізі облысы), Африкада,Австралияда, Жаңа Зеландияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кеңінен таралған. БОР-дың флорасында жабайы сәбіз (дикая морковь D.carota) деген бір ғана түр кездеседі. БОР территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сорттарының ұзын, сиректеу қысқа, ашық сары немесеқызғыш сары түсті тамыржемістері болады. Малға беретін сорттарының тамыржемістерінің түсі ақ немесе ақшыл сары болып келеді және салмағы 2 кг-ға дейін барады.

Одан басқа сәбіз, витамин өндірісінде, аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) және С,В12 витаминдері жиналады.

 

Петрушка туысы (Petrosetinum). Оның 6 –түрі бар. БОР-ның флорасында, оның ішінде Қазақстанда да кәдімгі петрушка (петрушка обыкновенная немесе П.Кудрявая-P.crispum) деген жалғыз түр бар. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі; БОР-дың территориясының арктикалық және субарктикалық аудандарынан басқа жерлердің барлығында өседі. Тамырлары мен жапырақтары үшін отырғызады.

Боршевик туысы (Heracleum). Дүниежүзі бойынша 70-тей түрі бар, БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Европаның, Азияның,Африканың, Солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктер қатарына жатады.

Сібір борщевигі (борщевик сибирский-H.sibiricum) биіктігі 1 м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қауырсынды тілімділген болып келеді. Кәдімгі борьщевик (борщевик обыкновенный –H.sphondytium)-биіктігі 1 м-ге дейін баратын көпжылждық шөптесін өсімдік. Жапырағы үшқұлақ болып келеді және улы өсімдіктердің қатарына жатады.

Утамыр туысы (вех-cicuta). Бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен Солтүстік Америкада кеңінен тарған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый –Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар,ол сабағының биіктігі 50-80 (150) см-ге жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімделген, ұзын сағақты болады, тамырсабағы жекеленген камераларға бөлінген, улы алколоидтар жинайды (цикутотоксин,цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.

 

РАУШАНГҮЛДЕР ТЕКТЕС БІР ЖАБЫНДЫ ӨСІМДІКТЕР




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-06; Просмотров: 3016; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.03 сек.