Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік шекара 9 страница




Радиобайланыстың қалыпты тұрақты жұмыс істеуінің ұшу үшін маңызы зор. Аптты немесе кезкелген авариялық жағдайларда жермен байланыстың маңызы арта бермек. 1982ж.халықаралық электрбайланыс конвенциясының қабылдану фактісі ғарыш үшін радиобайланыстың маңызды екенін айғақтайды, оның 25-бабына сәйкес, «халықаралық электрбайланыс қызметі адамзаттың теңіздігі, жердегі, әуедегі және ғарыш кеңістігіндегі өмірінің қауіпсіздігіне қатысты электрбайланысының хабарламаларына абсалютті басымдық беруі керек ң.

Ғарышкерлердің қайіпсіздік проблемасы ғарышкерлерді құтқару туралы 1968ж. келісімде нақтырақ шешілген.БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі Комитетінің көпшілік мүшелері ғарыш объектілері келтірген залал үшін халықаралық жауапкершілік туралы конвенцияның тезірек қабылдануына мүдделі болды. Ғарышкерлерді құтқару туралы келісімді дайындау жұмысы аяқталған соң жауапкершілік туралы келісімді дайындау жұмысы аяқталған соң жауапкершілік туралы Конвенцияның қабылдануын тездетуге мүмкіндік туды. Құтқару туралы келісімде ғарыш кеңістігінде, оның ішінде аспан денелерінде ғарыш кемесінің экипажы болған кезде, кеме тіркелген мемлекеттің юрисдикциясы мен бақылауында болады деген маңызды ереже бар. Бұл ереженің халықаралық ғарыш стансасы жөніндегі үкіметаралық келісімді жасау кезінде де ескерілгенін атап өтуі керек.

Алайда, ғарыш жөніндегі шарт пен құтқару туралы Келісімдер жасалған кезде ғарышқа ұшулар әсіресе ұшатын объектілер, қазіргі кездегідей жиі болмаған еді. Бортында адамы бар ғарыш объектілерінің ұзақ мерзімге ұшуы да болмайтын. Сондықтан Ғарыш жөніндегі Шарт ережелері жалпы сипатта, ал 1968ж. келісім негізінен авариялық жағдайдағы ғарыш кемелерінің экипажына жерге келгеннен кейін барып көмек көрсету проблемаларын шешеді. Аталмыш келісім баптарының мағынасы мен мазмұны бойынша ғарыш экипаждарының ұшу қауіпсіздігі мен оларға ғарышта ұшудың барлық сатыларында – старттан жерге қонғанға дейін – барлық қолдан келген көмекті көрсетуді қамтамасыз ету осы келісімге қатысушы мемлекеттердің міндетті болып табылады. Ол туралы Ғарыш жөніндегі шарттың V,VІІ және ІX баптары және Ғарышкерлерді құтқару туралы 1968ж. Келісімінің 1-4- баптары айғақтайды. Мұндай міндеттің болуын басқа халықаралық келісімдердің жеке ережелері де жанамалап бекітіп өтеді, мысалы мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызыметі туралы 1979ж. Келісімінің 5, 7, 10 және 13-баптары. Мысалы ғарыш жөніндегі Шарттың V бабында барлық қатысушы мемлекеттердің «егер ғарыш кеңістігіндегі Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарышкерлердің өміріне және денсаулығына қауіп келтіретін құбылыстарды байқасаң басқа мемлекеттерге немесе БҰҰ-ның Бас хатшысына «дереуң хабарлау міндеті айтылған. Мұндай құбылыстарға, мысалы күннің жарқылдауы және соның нәтижесінде ғарыштағы радияциялық жағдайы күрт өзгеруін жатқызуға болады. Осындай сипаттардағы құбылыстар туралы дер кезінде берілген мәліметтер қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге мү.мкіндік береді.

Монографиялық әдебиеттерде ғарышта өзара көмек көрсету міндет халықаралық келісімдер теңізде және әуеде адамдарды құтқару жөніндегі операцияларға теңіз кемесінің капитаны мен ұшақ ұшқышының қатысу міндетін жүктеумен ұқсас деп аталып өткен.мәселен Г.П. Жуков, Алайда апатқа ұшыраған ғарыш кемесі мен оның экипаждарына көмек көрсету қиын және тәуелді дейді, өйткені ғарышта қозғалу және маневр жасау шектеулі болады. Сондықтан Ғарыш жөніндегі шарттың V бабындағарышкерлердің бір-біріне қолдан келетін көмек көрсетуі туралы айтылған.

Халықаралық ғарыш құқығының маңызды қағидаларының бірі ғарышкерлер мен ғарыш объектілерін оларды жіберген мемлекеттеріне (не тіркелген мемлекетке) қайтару қағидасы болып табылады. Бұл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларында тұжырымдалып, сонан кейін Ғарыш жөніндегі щартта бекітілген болатын.Осы Шарттың V бабында ғарышкерлерді «адамзаттың ғарышқа жіберген елшілерің деп, оларға басқа мемлекеттің – Шартқа қатысушының аумағында не ашық теңізде «апат, авария немесе мәжбүрлі қону жағдайларында қолдан келгенше көмек көрсетіледі, «мәжбүрлі түрде қонған ғарышкерлердің қауіпсіздікте болуы және ғарыш кемелері арқылы тіркелген мемлекетке дереу қайтарылуы ң көзделген. 1968ж. Келісімде шетелдің аумағына қонған ұшатын ғарыш объектілерін құтқару және қайтару мәселесі егжей-тегжей регламенттелген. Сонымен, екі құжатта да басты назар апатты жағдайларда қалған ғарышкерлерге барынша көмек көрсетуге және оларды қайтаруға аударылған.

Келісімнің 1- бабында кеме экипажына қауіп төндіруі мүмкін авариялық жағдайлардың тізбесі берілген: авария, апатты жағдай, басқа мемлекеттің аумағына, ашық теңізде немесе қандай да бір мемлекеттің юрисдиксиясында жоқ кез келген жерге мәжбүрлі түрде немесе ойламаған жағдайда қону. Осы бап сонымен бірге келісімге қатысушының ғарышқа ұшуды жүзеге асырған билік өкілдерін ғарыш кемесінің экипажы оның аумағына қонғаны туралы хабарлау туралы міндетін бекітеді.Сондай-ақ «жеделң, «қолында бар барлық байланысқұралдарының көмегіменң деген тұжырымдар осы бапта бірнеше рет қайталанады. Егер уағдаласушы мемлекеттер ғарыш экипажын анықтай алмаса, онда болған оқиға туралы «жалпы мәлімет үшінң хабарлауы керек. Мұндай ережелер ғарышкерлердің авариялық қону жағдайларында ең жедел шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Келісімде … «қандай да бір мемлекеттің юрисдикциясына жатпайтын бір жерлерге немесе ашық теңізге қонғанң ғарыш кемесінің экипажына көмек көрсету туралы мәселе ерекше шешілген (3-бап). Мұндай жағдайда келісімде «… көмек көрсете алатынң мемлекеттердің көмек беруі көзделген. Қабылданып жатқан шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ғарышқа ұшырған билік өкілдері мен БҰҰ Бас хатшысына хабарланып отыруы тиіс.

Ашық теңізге немесе белгілі бір мемлекеттің юрисдикциясына жатпайтын шалғай аудандарға (мысалы, антрактида) мәжбүрлі түрде қонған ғарыш объектісін іздеу, табу және оған көмек көрсету мемлекет аумағында болумен салыстырғанда, әрине күрделірек болары сөзсіз. Сондықтан, осындай жағдайларда мемлекеттерге қойылатын талаптар олардың аумақтарына объектілердің қону жағдайларында бекітілген талаптарға қарағанда әлдеқайда жұмсағырақ. Бөтен мемлекеттің аумағына қонған ғарыш кемесіне және оның экипажына іздеу салу және көмек көрсету операциялары аяқталғаннан кейін дереу ғарыш объектісінің экипажын қайтару туралы мәселе туындайды.

Келісімнің 4- бабында авария, апат, мәжбүрлі қону немесе ойламаған жерден қону қай жерде болғанына қарамастан, ғарыш объектісінің персоналын оларды ұшырған мемлекетке қайтарудың заңы міндеттілігін бекітеді. Сөйтіп, тіпті халықаралық экипаж мүшесі болып табылатын ғарышкердің өзі өз елінің аумағында авариялық жағдайда қонса, егер алдын ала келісушілік болмаса, барлық экипаж құрамы мен бірге ғарыш объектісін тіркеген мемлекетке қайтарылуы тийс.

Апаты жағдайда жерге қонған ғарышкерлердің қайтару жөніндегі операциялардың тиімді орындалуы үшін оларды тез арада бірегейлендіру (ұқсастыру) қажет. Осыған байланысты, кемені ұшыруды жүзеге асырған мемлекет ғарышкерлерге оладың жеке басы мен кеменің қандай мемлекетке тиесілі екенін куәләндыратын бірнеше тілде жазылған куәліктер бергені қолайлы болады. Ғарышкерлердің скафандралары мен ұшу костымдерінде белгілер мен жазулардың болуыда белгілі бір маңызға ие. Аумағында ғарышкерлер мәжбүрлі түрде қонған және экипажды тауып, құрқарған мемлекет өз аумағында ғарышкерлерді кідіртуге немесе басқа да сипаттарда олардың отанына қайтуына кедергі болуға құқығы жоқ. Ғарышкерлердің қылмыс жасауы немесе қонған мемлекеттеріне елеулі зиян келтіруі олардың жедел қайтарылуына кедергі бола алатын бірден бір себеп болып табылады.

 

4.Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі

Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, планеталар,астероидтар және басқалары сияқты)

Халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыш объектілері деп адам қолымен жасалған жердің жасанды серіктерін, автоматы және ұшатын кемелер мен стансаларды, зымыран- тасушыларды және т.б. айтады. Халықаралық ғарыщ құқығы ғарыш объектілерін ұшырудан немесе ғарыш кеңістігінде құрған сәттен бастап (оның ішінде аспан денелерінде де), олармен байланысты қызыметті реттейді. Ал бұл кезеңге дейінгі оларды жасау және ұшуға дайындау жөніндегі іс- әрекеттер, егер олар туралы мемлекеттер арасында (мысалы, ғарыш объектісін бірнеше мемлекеттер бірігіп жасағанда немесе ұшырғанда) арнайы келісім болмаса, ішкі мемлекеттік құқық саласында болады. Ғарыш объектісі Жерге қайтып келгенен кейін, әдетте, қайтадан ұлттық құқықтың қол астында болады. Халықаралық ғарыш құқығында шарттық немесе доктриналық тәртіпте келісілген түрлі ғарыш объектілерінің құқықтық режимін сыйпаттайтын өлшемдердің бірі ізді тізбесі жоқ екенін айту керек. Әрбір нақты жағдайда бұл өлшемдер саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі сипатта болды.

Бортында адамы бар орбиталық стансаларға ерекше назар аударылады, оларды планета маңындағы орбиталарға жіберілетін немесе оаларда жиналатын ғарыш кешендері реттінде белгілі бір кезеңде әрекет ететін, ұдайы ауыстырылып тұратын экипаждары бар немесе оларда қабылдауға қабілетті ғарыш объектілері деп анықтауға болады.

Адамы бар орбиталық стансаларды пайдаланудың халықаралық- құқықтық реттелуінің ерекшеліктері әр түрлі факторларға байланысты болуы мүмкін (стансаның орналасқан жері –Жер айналасындағы немесе планета маңындағы орбиталар; стансасының жасалу әдісі – құрастырылған күйде ұшырылатын немесе орбитада құрастырылған ғарыш кешендерін ұшыру; қызымет ету ерекшелігі; пайдалану тәсілі немесе жабдықтары және дасқалары). Мысалы, Жер айналасындағы орбиталардағы, Айдың үстіндегі және ай маңындағы орбиталардағы стансалардың кейбір ортақ белгілері болғанына қарамастан, олардың халықаралық –құқықтық мәртебесі әр түрлі болады. Оны Айдың және ай маңындағы кеңістіктің құқықтық режимінен елеулі ерекшеліктерінің бар болуымен түсіндіруге болады. Мәселен, мемлекеттердің Айды және басқада аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі қызымет қағидалары туралы Шартқа және мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызыметі туралы 1979ж. Келісімге сәйкес, Айды зерттеу және пайдалану жөніндегі қызмет тек қана бейбіт мақсаттар үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, аталмыш Келісім ғарыш жөніндегі Шарттың ІV бабының ережелерін дамыта отырып, қатысушы мемлекеттердің айды ғана емес, сонымен бірге ай маңындағы орбиталарды да, сондай- ақ Айға немесе оның айналасына ұшу траекториясын да тек бейбіт мақсаттарға пайдалану міндеттерін көздейді (Келісімнің 3- бабының 2- тармағы, 1-бап). Бүл ереже, сондай- ақ басқа да аспан денелерінің айналасындағы орбиталар мен оларға немесе олардың айналасына ұшу траекторияларына да қолданылады (Келісімнің 1- бабының 1- тармағы). Жер маңындағы кеңістік, өз ішінде ішінара қарусыздандырылған. Жер маңындағы орбиталардағы стансаларды пайдалануды арнайы халықаралық – құқықтық реттеудің қажеттігі мұндай стансалардың әрекет етуі мемлекеттер үшін Айдың және басқа аспан денелерінің айналасындағы орбиталардағы орбиталарда орналасқан стансалармен салыстырғанда үлкен ықтималды қауіп туғызатындығымен белгіленеді.

Геостационарлық орбиталарда және либрация нүктелерінде қызымет ететін, ғарыш кеңістігінің шектелген аудандары болып табылатын стансаларды пайдалануды халықаралық- құқықтық реттеудің де белгілі бір ерекшеліктері болады, өйткені оларды пайдалануға көптеген мемлекеттер мүдделі. Геостационарлық орбита (ГСО) Жер экваторы жазықтығынан 36 мың км. Шамасындағы биіктіктегі кеңістік шеңбері болып табылады. Бұл кеңістікке жіберілген жер серігі жердің өз осінен айналуының бұрыштық жылдамдығымен тең бұрыштық жылдамдықпен айналады. Соның нәтижесінде, Жер серігі жердің қабатына қатысты ұдайы қозғалыссыз күйде болғандай белгілі бір нүктеде ілініп тұрғандай болады. Ол Жер серігін іс жүзінде пайдаланудың кейбір түрлеріне ыңғайлы жағдай жасап береді (мысалы, тікелей теледидарлық тарату үшін). Аталмыш аудандарда жұмыс істейтін стансаларды мұндай аудандарды әділ және тең құқылы пайдалану мүдделеріне жауап беретіндей ғана емес, сонымен бірге ғарышқа ұшу қауіпсіздігін, кедергілердің болмауын, материалдық залалдың алдын алуды және т. б. Қамтамасыз ететіндей пайдалану керек.

Орбиталық стансалар өз табиғаттары жағынан көп мақсатты ғарыш объектілері болып есептелгенмен, олар бір жақты мамандан дырылған стансаларды құруды және пайдалануды жоққа шығармайды. Мұндай объектілердің құқықтық мәртебесі халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидаларымен де, қандай да бір нақты қызмет түрін арнайы регламенттейтін нормалармен де айқындалады.

Адамы бар орбиталық стаансаларды тіркеудің белгілі бір ерекшелігі бар ол бірқатар себептерге,оның ішінде оларды құру әдістеріне негізделген. Ұлттық моноблокты стансалды ұшырғанда және көлік кемелері экипаж бен жүктерді жеткізген кезде тіркеуге байланысты қандай да бір проблемалар туындамайды. Жеке блоктардан (модулдерден),сексиялардан және элементтерден құрастырылған стансаларды тіркеген кезде белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін. Мұндай станса қатарланған, түістірілген және автономдық – блоктардың жүйесін көрсетеді. Қатарланған блоктар стансамен бір тұтас болады. Түйістірілген блоктар стансадан бөлек жіберіліп, оған орбитада қосылады, сөйтіп энетгия қуаты және термореттеу көзі іске қосылады. Мұндай блоктар бөлек ажыратылып, автономды түрде ұша алады. Автономды блоктар стансадан салыстырмалы түрде онша алыс емес қашықтықта дербес ұша береді, стансаға қызымет көрсету мен жөндеуден өту үшін ғана тіркеледі орбиталық стансаның ғарышкерлері осындай блоктарда сынаулар барысын басқарып отырады және олардағы қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, бұзылған жерлерін түзейді, керек болған кезде блоктарға барып, онда белгілі бір уақыт бойында болады. Барлық автономды блоктар орбиталық стансалардан тәуелсіз түрде тіркеледі, өйткен олар жеке қызымет еткендіктен, ғарыш кешенінің құрамына кіретін дербес ғарыш объектісі болып табылады. Осыған байланысты стансадан ажыратылып, автономды болатын түйістірілген блоктар да тіркелуі тиіс. Орбитаға жеткізілетін әр түрлі секциялар мен құрастыру элементтерін арнайы тіркеудің қажеттігі жоқ, өткені олар орбиталық стансаның құрамына кіретіндіктен, онымен біртұтас болады.

Маңызы жағынан кем түспейтін ғарыш объектілерінің тағы бір типі көп рет пайдаланылатын ғарыш кемелері болып табылады.

Мұндай кемелер бірінші рет АҚШ- та жасалды, ол “Спейс Шаттл” (“ғарыштық шөлмек”) деп аталып, 1982ж. қараша айынан бастап пайдаланылып келеді. Көп рет пайдаланылатын кемелердің қызымет етуі ерекшеліктері олардың қоршаған ортаға зиянды әсер етуінің алдын алуға байланысты бірқатар проблемаларды туындатады. “ Спейс Шаттл” жүйесін жасауға кіріскен кезде, аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу (НАСА) жөніндегі АҚШ- тың Ұлтық басқармасы оны пайдалану экологиялық проблемаларға әкеліп соқпайды, қоршаған ортаға елеусіз әсер ету мүмкіндігі зиянды салдар туғызбайды деп сендірген болатын. Алайда уақыт оны кері дәлелдеп шықты. Орбитаға кемелерді шығарған кезде және олардың Жерге қайтқан кездерінде дыбыстық жағымсыз салдары пайда болатыны, оның атмосферада жоғары дыбыстық жылдамдықпен ұшатын ұшу апараттары артық қысым толқынын тудырып, қоршаған ортаға теріс әсер беретіні анықталады. Сонымен қатар, ракеталық бөлшектер мен кеменің бөлшектерінің жану өнімдері бірінші сатыда болғандықтан, озон қабатына зиянды әсер етеді.

Жоғарыда аталғандардан басқа, ғарыш объектісінің құрамына байланыс спутниктері, метерологиялық, навигациялық, геодезиялық спутниктер кіркді. 1967ж. Шартта ғарыш кеңістігін барлық мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз зерттеуінің және пайдалануының еркіндік қағидасы бекітілген. Сөйтіп, мемлекеттер өздерінің ғарыш объектілерін еркін ұшыра алады.

Ғарыш объектісін қайтару. Бұл мәселе ғарыш экипажы қайтқаннан кейін де, онымен бір мезгілде пайда болу да мүмкін. Уағдаласушы тараптардың объектілерді қайтаруға қатысты міндеттемелері 1968ж. Келісімнің 5- бабының бес тармағында бекітілген.

Ғарыш объектілерін немесе олардың құрамдас бөліктерін қайтару үшін, біріншіден, нақты мемлекет ол туралы сұрауы керек, екіншіден, талап ету бойынша тану мәліметтерін беруі керек. Ғарыш объектілерін немесе олардың құрамдас бөлектін қайтару үшін, біріншіден, нақты мемлекет ол туралы сұрауы керек, екіншіден, талап ету бойынша тану мәліметтердің беруі керек. Ғарыш объектілерін іздестіру, құтқару және қайтару мәселелерін шешудің күрделілігі, бірінші кезекте бұл әрекеттердің аумағында қонған елдің мемлекеттік тәуелсіздігіне тікелей байланысты болғаннан келіп шығады, яғни басқа мемлекеттің аумағындағы техникалық құралдардың талаптарына байланысты. Мұндай жағдайлар халықаралық құқыққа сәйкес, аумағында шетелдік ғарыш объектісі мәжбүрлі түрде қонған мемлекеттің рұқсат етуімен немесе сұрауы арқылы ғана мумкін болады.

Келісімнің 5- бабының 3- тармағында ғарыш объектілері оларды ұшырған билік өкілдерінің қарамағына қайтарылады немесе беріледі деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, ғарыш объектісін қайтару міндеті, объектіні мүдделі тарапқа бергенде жіне осы объектіні жалпы тапсырып бергенде де орындалады.

Жоғарыда айтылғанға байланысты тиісті билік өкілдеріне барлық ғарыш объектілерінің берілуі міндетті ме немесе қызыметі қабылданған халықаралық нормаларға толық сәйкес келетіндерін ғана қайтару керек пе деген мәселе туындайды. Ғарыш жөніндегі шартта да, құтқару жөніндегі Келісімде де бұл сұраққа жауап жоқ. Ғарыш объектілері, оның ішінде ұшатындары да халықаралық құқықпен сыйыспайтын қызыметтер үшін қолданылуы мүмкін. Олардың әрекеттері басқа мемлекеттер үшін аразды, тіпті қауіпті болуы ықтимал, оның ішінде аумағына келіп қонған мемлекет үшін де, мұндай жағдайда, объектіні қайтарудан бас тартуға негіз бар деуге болады.

Орбитадан пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе бұзылған объектілерді алып тастау туралы мәселе өте күрделі және саяси, әскери және заңи сипаттағы пікірлермен тығыз байланысты. Осындай жағдайда, авариялық жағдайда шетел аумағына қонған ғарышкерлер мен ғарыш объектілерін құтқару және қайтару мәселелерін реттейтін 1968ж. келісімге сілтеме жасау құқыққа сай бола қоймас. Бұл күрделі мәселе өте мұқиат талқылауы және тиісті заң құжатын қабылдауды талап етеді, ондай құжатта күрделі тараптардың мүдделер толық ескерілетін еді.

5- бапта ғарыш объектілерін табу және қайтару бойынша міндеттерді орындаған қандай да бір мемлекеттің шығындарын өтеу қарастырылған. Егер объектіні құтқару және қайтару жөніндегі шаралар ғарыш объектісін ұшырған билік өкілдерінің өтінішімен жүргізілсе, шығынды солар төлейді.

5 Экипаж бен ғарыш объектісінің юрисдикция және бақылау мәселелері

Ғарыш кеңістігінде экипаждың болуы ғарыш кемесінсіз мүмкін емес. Сондықтан экипаж бен ғарыш объектісінің юрисдикция және бақылау мәселелері бір – бірінен ажыратылмай қаралды. Юрисдикция ұғымы айқындығы мен нақтылығымен ерекшелене қоймады. Халықаралық келісімдерде де, ұлттық нормативтік актілерде де оның мағынасын ашып көрсететін анықтама жоқ. Халыұаралық ғарыш құқығындағы юрисдикция туралы ереже ғарыш жөніндегі шарттың VІІІ- бабында бекітілген. Бұл бап ғарышкерлердің құқықтық жағдайын анықтау негізін қалайтын маңызға ие, ол ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде өмір сүретін және жұмыс істейтін адамның кімнің және қандай заңдармен өмір сүріп жатқаны туралы мәселені шешу барысында бағдар болады. Ғарышкер жерден қашықта жүргенімен, жермен құқықтық байланысын жоғалтпайды, оның әрекеттері де құқықтық нормалармен белгіленіп, бағаланады.

Ғарыш жөніндегі шарттың VІІІ бабының мазмұнын саралағанда халықаралық ғарыш құқығындағы юрисдикция мазмұнына қатысты бірнеше түйін жасауға мүмкіндік туады. Ең алдымен, ғарыш жөніндегі шарттың юрисдикцияны басқа да ықтимал негіздерімен салыстырғанда бірінші орындағы маңызға ие (мысалы, экипаж мүшелерінің азаматтығы, объектіге меншік құқығы, ғарыш кемесін ұшыру орны және т.б.). Ғарыш құығындағы юрисдикцияның ерекшелігі осыдан көрінеді, өйткені халықаралық құқықтағы юрисдикция аумақ немесе азаматтық қағидалармен байланысты болады.

Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын объектілерді тіркеу туралы Конвенция Жердің айналасындағы орбитаға немесе одан әрі ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді міндетті тіркеу құқығын негізгені жалпыға мәлім және БҰҰ Бас хатшысына хабарлауға жататын объектілер туралы мәліметтердің тізбесін бекітіп береді. Осы конвенция бойынша “тіркейтін мемелекет” термині ғарыш объектісі тіркеліміне енгізілген мемлекеттің ұшыруын білдіреді (1- бап). Ғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын, сондай- ақ аумағында ғарыш объектісін ұшыру жүзеге асырылатын мемлекетті ұшырушы мемлекет деп атайды. Өйткені, тіркеу туралы Конвенцияда белгілі бір шарттарды сақтаған жағдайда да оның ережелері халықаралық ұйымдардың қызыметіне де таралады деп белгіленген, сондықтан олар да ұшырушы мемлекет ретінде бола алады. Сөйтіп, ұшырушы мемлекеттер бірнешеу бола алады, ал тіркейтін мемлекет біреу болады және бірнеше тіркеуші мемлекеттің болуына жол берілмеуі керек. Халықаралық ұйымдардың ғарыш объектілерін тіркеу құқығы туралы айтқанда, халықаралық ұйымдардың осы ұйымға тиесілі және ұшырылатын кез келген ғарыш объектілерін тіркеуді өзі жүргізе алатынын айту керек, ол үшін тек өзінің тіркелімін құрып, жүргізсе болғаны. Халықаралық ұйым мүше мемлекеттердің біреуіне басқа мүше мемлекеттердің біреуіне басқа мүше мемлекеттердің келісуімен және уағдаластық бойынша тіркеу міндетін бере алады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 494; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.