Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 2 страница





 

 

Дәріс 4. педагогикалық ықпал ету шеберлігі.

Мақсаты: педагогтың қарым-қатынас орнату іскерліктерімен таныстыру

Жоспар:

1. Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызыметі, стилі.

2. Педагогикалық епті игеру шарттары.

3. Үгіттеу – ықпал ету тәсілі.

4. Педагогикалық қарым-қатынастағы сендіру.

1.Мектептегі басты тұлғалар – мұғалім және оқушы. Олардың сабақтағы, сабақтан тыс уақытта, бос уақытында қарым-қатынас жасау сипаты оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне әсер етеді және ол оқушы тұлғасын қалыптастырудың басты құралы болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың тіл табысуын, өзара түсінісуін, өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, тұрақтандыру және дамытудың көпқыры үрдісі.

Қарым-қатынас арқылы педагог оқушылардың іс-әрекетін, тәртібін ұйымдастыруды, олардың жұмысы мен әрекеттерін бағалайды, болып жатқан құбылыстар, оқиғалар жайында ақпарат береді, белгілі бір әрекеттері бойынша қажетті толғаныстарын тудырады, қиындықтарды женуде көмек береді, өз мүмкіншіліктеріне сенімін арттырады.

Қарым-қатнастың тиімділігі проблемасы соңғы уақытта ерекше өзектілікке ие. Бұл мәселеге психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Занков, А.А.Леонтьевтердің, педагогтар И.А.Зимняя, Я.Л.Коломенский, А.А.Реанның еңбектері арналған.

Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас түрлерінен ерекшелігі-оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі.

Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің су үсті және су асты бөліктері сияқты. Су үсті бөлігі- бұл cөздік емес әрекекттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезізімдерді енгізуге болады.

Педагогикалық қарыфм-қатынас - бұл ерекше қарым-қатынас, оның спецификасы осы қарым-қатынас субъектілерінің түрлі әлеуметтік-рольдік және қызыметтік позицияларымен белгіленеді. Педагогикалық қарым-қатынас спецификасын оның өзара байланысқан екі жақты қыры да белгілейді. Бір жағынан, қарым-қатынас – бұл оқушылармен қарым-қатнастағы педагогикалық шығармашылық. Екінші жағынан, бұл педагогикалық шығармашылық үрдісіндегі балалармен қарым-қатынас.

Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен тәрбиеленушілердің әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттесуінің жүйесі. Оның мазмұны – ақпаратпен алмасу, тәрбиелік ықпал жасау, коммуникация құралдары көмегімен қарым-қатнасты ұйымдастыру.

Қарым-қатынас мәлеуметтік-психологиялық үрдіс ретінде мынандай қызыметтерге ие:

· Адамдардың бірін-бірі танып-білуі – қарым-қатынас үрдісінде адамдар бірін-бірі көзбен қабылдайды, бағалайды, яғни «әлеуметтік перцепсия» (А.А.Бодалев) жүзеге асады

· Ақпаратпен алмасу – қарым-қатнас материалдық және рухани құндылықтармен, интелектуалдық-эмоционалдық ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді. «Адамның қандай болатындығын онеың басқа адамдармен қарым-қатнас жасауда қандай екендігінен, осы қарым-қатнасқа оның көзқарасы қандай екендігінен оныңң еркінің қайда бағытталатындығын көруге болады» (В.А.Сухамленский);

· Іс-әрекетті ұйымдастыру;

· Рольдермен алмасу

· Тұлғаның өзін-өзі бекітуі;

· Әсерленушәләк

Педагогикалық қарым-қатынас құрылымы (В.А.Кан-Калик):

1. Болашақ қарым-қатнасты моделдеу(жобалау кезеңі)

2. Бастапқы әрекеттесуде тікелей қарым-қатнасты ұйымдастыру(коммуникативті шабуыл).

3. Дамытып отыратын педагогикалық үрдісте қарым-қатнасты басқару.

4. Жүргізілген қарым-қатынас жүйесін талдау және оны келесі іс-әрекетке моделдеу.

Мұғалімнің қарым-қатынас стилі- бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының қарым-қатнасының сипаты.

Педагогикалық құарым-қатнас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагогпен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінелді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.

Басқару стилдерін алғашқы эксперименталбдық психологиялық тұрғыдан зерттеуді 1938 ж немңс психологы Курт Левин жүргізген. Зерттеу барыфсында қарым-қатынас счтилдерін жіктеу енгізіліп, осы күнге дейін қолданылып келеді. Олар: авторитарлық, демократиялық және бейтарап.

Ааторитарлық қарым-қатынас стилінде сынып ұжымындағы, жеке оқушының басындағы мәселелерді өзі ғана шеше береді. Ждеке көзқарасына сүйене отырып, өзара әрекеттесудің жағдайын, мақсатын белгілейді, іс-әрекет нәтижесін субъективті тұрғыдан бағалайды. Оқушыларға тікелей қатысы бар мәселелерді олардың талқылауынсыз, қатысуынсыз шешеді, ал олардың белсенділігі мен дербестігі теріс бағаланып, мұғалім тарапынан қолдау таппайды. Авторитарлыф қарым-қатынас стилі өктемдік тактикасы және қамқрлық жасау позицясынан ж.үзеге асырылады. Педагогтың басқаруына қарсы шыққан оқушылардың ірекеті нәтижесінде ұжымда тұрақты комфликтілі ситуациялар орын алады. Осы стилді ұсынған педагог оқушыларға белсенділік, дербестік танытуға мүмкіндік бермейді. Олар көбнесе оқушыларды түсінбейді, дұрыс бағаламайды. Авторитарлы педагогтың іс-әрекеті сырт көзге жақсы болып көрінгенімен ұжымдағңы ілеуметтік-психологиялық ахуал жағымсыз болып келеді

Авторитарлы қарым-қатынас стиліндегі топпен байланыс орнату формалары- бұйырық, нұсқау, сілтеу, ереже, мадақтау.

Демократиялық қарым-қатынас стилінде педагог әрекеттесу барысында оқушының рөлін арттыруға әрбір оқушыны жалпы, ортақ істі, мәселені шешуге қатыстыруға бағытталған. Бұл стилдің негізгі ерекшелігі - өзара қабылдасу және өзара бағдарлану. Пайда болған проблеманы ашық және еркін түрде шешу нәтижесінде оқушылар педагогпен бірге ортақ шешім қабылждайды.

Бұл педагогқа оқушыларға деген жағымды белсенді қатынас, олардың мүмкіншіліктерін жетістіктері мен өкініштерін дұрыс бағалау, оқушыларды жақсы түсіну, олардың іс-әрекетіндегі мақсаты мен мотивтерін біліп-ұғыну, тұлға дамуын болжау іскерліктері тән.

Сыртқы белгілері бойынша демократ-педагогтың әрекеті «өте жақсы» деген бағаға иеленбегенімен, топтағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, әдетте, жағымды сипатқа ие болып келеді. Ондағы тұлғаралық қатнастар талап қоя білу және сенім артумен ерекшеленеді. Демократиялық стилінде педагог оқушыларды белсенділік, дербестік танытуға шақырады, оқушыла рдың өз-өздерін жүзеге асыруына қажетті жағдай жасайды. Қарым-қатынастың негізгі формалары - өтініш, кеңес, ақпаратпен алмасу.

Бейтарап стилі педагогтың іс-әрекетке мүмкіндігінше аз араласу ұмтылысымен сипатталады. Мұғалім белсенділік танытуға жоқ. Берілген тапсырманы немқұрайлы, формальді түрде орындайды. Жауапкершіліктен бас тартуға бейім.

2. Балалармен психологиялық байланыс орнату және дамыту мүмкіншіліктерін сипаттайтын басты талаптардың бірі- педагогикалық еп. Еп (такт) әсер етуі, қол тигізу деген мағананы береді. Бұл адамдардың өзара әрекеттесуін реттеуге көмектесетін адамгершілік категориясы. Ізгіліктік ұстанымына негізделе отырып, педагогикалық еп кез келген күрделі де қиын ситуацияда адамға деген құрметтің сақталуын талап етеді. Еп- жоғарғы адамгершілікті мақсатқа жету үшін адамның моральдік ымыраға (компромисс) келетін іс-әрекет формасы. Бұл басқа моральдік талапқа нұқсан келтірмей, нақты адамгершілік талаптың жұмсаруы, саналы түрде әлосіреуі. Еп – қиындықтардан бас тарту емес мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау, көру. Епті болу - әрбір адамға, әсіресе педагогқа қойылатын адамгершілікті талап.

Дегенімен, әрбір епті адам педагогикалық епке ие емес. Педагогикалық еп – мұғалімнің кәсіби қасиеті, оның шеберлігінің бірт бөлігі. Педагогикалық ептің ерекшелігі – бұл мұғалім тұлғасының қасиеттерін (балаларға деген құрмет, сүйіспеншілік, сыпайылық) ғана емес оқушыларға дұрыс жол табу, яғни балаларға тәрбиелік ықпал етудің тиімді құратын таңдау.

Осылайша, педагогикалық еп – бұл педагогикалық үнмен қарым-қатынас стилін педагогикалық тұрғыдан дұрыс орнату іскерлігі. Педагогикалық епке – тұлғаны құрметтеу, түсіну, тану керек. Оқушыларды құрметтей отырып мұғалім өзінің құрметін оқушыларға көрсете білу керек. Педагогикалық еп шеберлікпен бірге меңгеріледі, тәрбиеленеді. Еп – бұл мұғалімнің рухани жетілуініңғ тоысуының нәтижесі, балалармен қарым-қатынас орнату іскерлігі мен арнайы білімді жинақтаудағы өз бетімен жүргізілетін жұмысының нәтижесі.

Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет? Қазіргі жас өспірімдердің жас ерекшелік психологиясын, жеке ерекшеліктерін білу. Жас өспірімдермен қарым-қатынас стилінде құрметтеу, тану, сенім арту, кәсібилік, салмақтық реңдері болғаны жөн. Мораль негіздерін білу, іс-әрекеттің мәнін көре білу іскерлігі де маңызды. әрине, оқушыларға ықпал ету тәсілдерін білу керек, олар:

· Балаларды сүю, өз махаббатын орынды көрсету;

· Балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау;

· Нақты жағдайда дұрыс бағыт табу;

· Ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесін, бірақ мен саған айтар едім....»;

· Балалармен әңгімелесу.

Қарым-қатнастың дұрыс стилін қалыптастыруда шыдамдылық өзін ұстай білу, әділдік, озат тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық техниканы дамыту, әзіл зор мәнге ие. Бұнда мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста оларды құрметтеп, өз абройын сақтап қалуды ұмытпаған жөн.

3. Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекеттің мазмұнына нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Угіттеу адамның санасына, өзін және қоршаған ортаға әсер ету, оның түсініктерін, ғылыми білімінің моральдің талаптарына сәйкестендіру.

Үгіттеу – бұл адамның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған. Үгіттеу 2 мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немесе әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі. Яғни белгілі бір ұстанымдарнға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.

Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелесу, түсіндіру, ділелдеу, әңгіме, дәріс.

Үгіттеуге қойылатын талаптар:

· Үгіттеудің мазмұнымен формасы тұлғаның жас ерекшелік деңгейіне сәйкес болуы, оқушыларға түсінікті және қол жетерлік деңгейде ұсынылуы;

· Үгіттеу оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылуы тиіс;

· Үгіттеу бірізділікке, қисындылыққа, дәлелдікке ие болуы шарт;

· Үгіттеу жалпылама қағидалармен (ұстанымдар, ережелер) қатар нақты фактілері, мысалдар, көрнекілік, үлгі қолданылуы тиіс;

· Басқаны үгіттей отырып тәрбиеші өзінің айтқанына сенуі керек

 

Үгіттеудің тиімді шарттары:

1. үгіттеудің күштілігі оның мазмұндылығына және үгіттеушінің беделіне тәуелді;

2. үгіттеудің тиімділігі үгіттелушінің психикалық ерекшеліктеріне (қызығушылықтары, қажеттіліктері, талғамы, ойлау ерекшеліктері), олардың үгіттеу есепке алынуына тәуелді;

3. үгіттеуші мен үгіттелушінің өзара әрекеттесу барысындағы интелектуалдық-эмоционалдық күйіне тәуелді. Үгіттеудің мораль оқудан айырмашылығы – үгіттеуде белгілі бір қағида дәлелденсе, моральда тек ұсынылады. Мысалы «оқушы міндетті:», «ұят болады...» және т.б.

4. Сендіру, немесе суггестия (латын сөзі- сендіру) - бір адамның басқа адамға немесе адамдар тобына психологиялық ықпал ету. Оның мақсаты – айтылған сөздерді, ондағы ойларды және ерікті сынға алмай қабылдау және сендіру.

Сендіру – бірнеше ғылымдар (жүйке жүйесінің физиологиясы, психология, әлеуметтік психология) зерттейтін күрделі құбылыс.

Сендіру құбылыс «сендіруші – сенуші» күрделі жүйе болып табылады. Онда өзара байланысқан 3 элементтер ажыратылады: іс-әрекеттік (сендіру ықпалы), процессуалды (осы ықпалды сенушінің қабылдауы), нәтижелік (сенушінің жауабы, реакциясы).

Суггесивті ықпал жасаудың басты құралы – сөз және сөздік емес факторлар (қимыл, мимика).

Әлем әдебиетінде сендірудің мына түрлері ажыратылады: ояу кезінде сендіру, гиноз кезінде, ұйқы кезіндегі сендіру. Педагогикалық сендірудің бірінші түрі қолданылады, оның болжамды және болжамсыз түрін көрсетеді. Болжамды сендіру – бұл суггестордың кімге нені сендіру керектігін білетін, алдын ала ықпал ету тәсілдерін таңдап алатын, саналы түрде ұйымдастырылып, мақсатты белгіленетін психологиялық әсер ету. Болжамсыз сендіруде мұғалім оқушыға белгілі бір ойды, әрекетті және т.б.сендіруді мақсат тұипайды. Бірақ, оның ескертулері («Сен ешқашанда түзелмейсін!», «Сен, әдеттегідей, дұрыс нәрсе айтпайсын») оқушының бойында жағымсыз қажетсіз күйлерді ерекшеліктерді қалыптастыру мүмкін.

Сендірудің жағымды және жағымсыз түрлерін белгілейді. Ықпал ету тәсілі бойынша сендірудің тікелей және жанама деп анықұтайды.

Тікелей седіруге:

· өсиет айту – императивті формада аргументсіз берілетін педагогтың сөзі, оқушылардың «орындаушылық» әрекетін талап етеді. Ол оқушының сеніміне, санасыз мотивтеріне, эмоционалдық саласына тікелей әсер етеді. Оның сөздік формалары – бұйырыұ беру, нұсқау, тыйым салу. Оның тиімділігінің шарттары: мұғалімнің беделі, мұғаліммен оқушының арасында тұрақты кофликтінің болмауы, сыныптағы жағымды микроклимат

· команда, бұйырық дәл және тез орындаушылықты талап етеді. Олар қысқада – нұсқа формада берілетін вербальді ықпал етудің ерекше түрі. Мектеп практикасында команда және бұйырықтар денешынықтыру сабақтарында, ойындарда, шепте, оқушыларды тәртіпке шақыру ситуыцияларында кең қолданылады. Жанама сендіру түрлері: білдіру – оқушының эмоциясына және сеніміне әзіл, мысқыл, кеңес, аналогия арқылы ықпал ету.

Үгіттеу және сендіру мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің негізгі формалары ретінде өзара біріктіріле, бір-бірімен байланыса қолданылады.

 

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

 

1. Педагогикалық қарым-қатынас стилдеріне сипаттама беріңіз?

2. Қазіргі мектепте педагогикалық қызыметтің қай стилі басым?

3. Педагогикалық еп дегеніміз не?

4. Педагогикалық епті игерудің қандай жолдарын білесіз?

5. Педагогтың оқушылармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз?

6. Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынас орнату техникасын көрсетіңіз?

7. Үгіттеудің мәні, формалары, шарттары қандай?

8. Сендірудің түрлері және формалары?

9. «Бүгінгі мұғалім...Ол кім?» атты анкета өткізіңіз. (Қараңыз:Орлов А.А.; Агафонова А.С. Введение в ипедагогическую деятельность. М., 2004.-95б.)

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2555; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.043 сек.