Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 9 страница




- экспозициялық мөлшері әуедегі радиацияны сипаттайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде ол кл/кг мен өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік өлшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі.

- жұтылған мөлшері иондатқыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1 кг массасы 1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр=1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр=100 рад.

- эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коэффициентті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма - сәулелену мен нейтрондардың биоұлпаға ететін әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс орталығынан қашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн. тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

Радиация фотоматериалдарды бүлдіреді, кейбір радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емес. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріне байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0,0015 Гр-мен шектеледі (0,15 рентген). 30 жылда қабылданған 0,05 Гр (5Р) мөлшері қауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып өтырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялық нәтижесі-барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек. Бұрынырақ айтылғандай алғашқы радиацияға (өткіш радиация) шалдығу қауіпі негізгі нейтрон қарудан және жер үстіндегі ядролық жарылыстан төнеді. Сәуле ауруы адамның инфекцияға қарсы тұратын қабілетін (иммунитетін) пәсеңдетеді.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 әлементтерінің 200-ге жүық тұрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі,дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады.

Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы). Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

Қорғану әдістерін жүзеге асырғанның өзінде сәуле ауруына шалдыққандардың 20% бірінші дәрежелі, 20%-екінші, 30%-төртінші дәрежелі болып шығады (орташа шамалаған есеппен). Осылардың 50%-ті 2-3 аптадан кейін емделу үшін емханаға жатқызылуы керек. Жарылыстың кезінде немесе РЗ-мен ластанған ауданнан радиацияны қабылдау себебінен туындаған сәуле ауруының клиникалық көрінісі бірдей. Ядролық жарылыс себебінен зарарданған жердің формасы әллипс тәрізді болуы міндетті емес. Егер жел бағыты жылдам өзгеріп тұрса, радиобелсенді бұлттың қимылы да бір қалыпты болмайды. Адамдар сыртқы гамма-сәулелену шарпуына түсуімен бірге РЗ-дың денеге жабысуға, тыныс алу жолдарымен ағзаға өтуге, тамақ, су арқылы ішек-қарынға түскенге байланысты сәулеленеді. Алайда бұл факторлар сыртқы гамма-сәулеленуге қарағанда шіли маңызды емес көрінеді. Тек сүтпен және сумен бірге өткен 131-йод изотопы қауіпті болып саналады. Өйткені ол қалқанша безде жиналады. Табиғат РЗ-мен ластануы атом әлектр станциялары талқандалып қалғанда да немесе өздігінен атылған кезде де болады. Ондай оқиға болды да. Ол белгілі Чернобыль АЭС-ның апаты (1986ж). АЭС-ның жұмысы да ядролық реакциялардан шығу энергиясын пайдалануға негізделген, алайда әнергия шығару әдісі жарылыс түрінде емес, керісінше баяу қалпында өтеді және авария себебінен таралған радионуклидтердің құрамы біраз өзгеше келеді. Чернобыль апаты жағдайында радионуклидтердің (РЗ-дың басқаша атаулысы) жан-жаққа таралуы ұзақ мерзімге созылды және осы уақыт арасында ауа райы құбылмалы болып зарарданған зоналардың формасы желпеуіш тәрізді қалыптасты. Радиация деңгейі РЗ-дың құрамына байланысты 7 есе ұзарған уақыт сайын 2 есе басылып отырды. Дегенмен бір жыл өткеннен кейін радиация деңгейі 55 есе азайды. ЧАЭС аймағындағы ел-мекендерден халық түгел көшірілді, ауыл-шаруашылық өндіріске жердің 2 млн. гектар көлемінде тыйым салынды, өйткені оның бәрі зарарданылды деп саналған. Орманның 400 га ауданы сарғайып шықты

Сәуле шарпуы жасуша құрамына кіретін атом мен молекулаларды иондап қалыптасқан заттар алмасу процессін бұзады. Сонымен клетканың тіршілігін өзгертіп адамды сәуле ауруына шалдықтырады. Аз мөлшермен ұзақ сәулеленуге ұшырағанда созылмалы сәуле ауруы өршеленеді. Оны сәулеленуге ұшыраудың жиынтық мөлшері және сол мөлшердің ағзаға таралу сипаты бойынша, бүкіл дене мүшелері мен жүйкелер қызметінің бұзылуы арқылы анықтауға болады. Созылмалы сәуле аурудан ішек-қарын қызметі бұзылып, қызыл иектен, мұрыннан қан кетеді, сүйектері ауырады.

Сырттай сәулелендіруден өрістейтін жіті сәуле ауруы (ЖСА) ерекше қауіп туғызады. Ауру барлық мүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуына негізделе дамып орталық жүйке жүйесі, қан жасау жүйесі, асқазан жолының зақымдануымен қалыптасады.

ЖСА-ы сәулеленуге бір дүркін ұшыраған кезде 100 рентген мөлшерден бастап білінеді. Сәулеленуге ұшыраған адам алғашқы кезеңде оны сезбейді. Шарпу мөлшері бір мезгілде 5000 Р-нен асқан кезде ЖСА күрт дамиды, оның жасырын мезгілі болмай, организм алғашқы күндерінде-ақ өледі.

ЖСА-ның 4 мерзімі болады:

- бірінші мерзімде организмнің алғашқы реакциясы бірнеше сағаттан үш тәулікке созылады; адам тез арада әлсіреп қалады, жүрегі айнып құсуы мүмкін, артерия қысымының ауытпалығы білінеді. басы ауырады, көңіл-күйі төмендейді;

- екінші мерзімі (латент мерзімі) 2-3 аптаға деін созылуы мүмкін, бірақ неғұрлым шарпу мөлшері көп болса, соғұрлым мерзім қысқа; адам өзін уақытша сауықтанып қалғанын сезеді, сонда да тамаққа тәбеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, аздап терлеуі сақталады, қан құрамы өзгере бастайды;

- үшінші мерзімде, температурасы көтеріледі, ішкі ағзаларға және теріден сыртқа қан ағуы басталып, қан қысымы төмендейді, шашы түсуі мүмкін; қан үйысуы бұзылады, жалпы организмнің қорғаныс күштері бәсеңдеп инфекциялық және басқа ауруларға жол ашылады; қанның жалпы қағындысы дамиды, дене өте әлсізденеді;

- төртінші мерзімі (сауығу мерзімі). Шарпу мөлшеріне қарай ден-саулықтың толық қалпына келу уақыты созылыңқырап келеді. ЖСА-мен бірге сәуле күйіктері де болуы мүмкін. Күйіктердің бүл түрлері тереңде жасырын түрде дамып, бұлшық еттердің, сүйектердің жансыздануына соқтырады. Және ЖСА-ның 4 дәрежесі болады:

- бірінші дәрежесі денеге радиацияның мөлшері Д= 100-200 рад. шамасында енген кезде өтеді, бұл жеңіл дәрежесі. Жасырын мерзімі 3-5 апта. Қан құрамында лейкоциттер саны азаяды, еттерге оттегі жетіспейді, инфекциялық аурулары асқынуы мүмкін;

- екінші дәрежесі (орташа дәрежесі) Д=200-400 рад; алғашқы 2-3 тәуліктерде организм күшті реакциясын көрсетеді. Жасырын мерзімі 15-20 тәуліктерге барады. Сырқау белгілері анық көрінеді. Жүйке жүйесінің функциялары бұзылады. өлім шығыны 20%;

- үшінші дәрежесі (ауыр дәрежесі) - Д=400-600 рад; жасырын мерзімі 5-10 күнге созылуы мүмкін. Организмның алғышқы реакциясы айқын көрінеді. Ем көрсетілмеген жағдайда өлім шығыны 70-%-ке баруы мүмкін, адам инфекциялық ауруларынан не қан ағу салдарынан өледі. Емделу нәтижесінде денсаулығы 5-6 айдан кейін дұрыстала бастайды. ұшінші дәрежеде қан денешектерінің (лейкоцит, әритроцит, тромбоцит) саны қатты азаяды;

- төртінші дәрежесі - Д>600 рад, адамды әдетте қазаға соқтырады.

Сәулелену шарпуына түскен адамдарға көрсететін алғашқы көмек.

Радиация деңгейі жоғары болған жерде көмекшілердің радиацияға ұшырау қауіпінен сақтану себебінен тұрғын халыққа алғашқы медициналық көмек көрсетуі қыиндыққа соғады. Мұндай жағдайда зардап шегуші адамдардың өзіне-өзі және біріне-бірі жәрдем көрсетіп зақымданған территорияда мінез-құлық, тәртіп ережелерін сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы жерге жатуға болмайды, су көздерінен су ішуге, тамақтануға рұқсат етілмейді.

Радиация деңгейі төмендегенде ғана зақымдау ауқымында зардап шеккендерге көмек толық көрсетіледі.

Алғашқы көмек көрсеткенде ең алдымен адамға радиацияға қарсы арналған антидот беріп, сәулелену шарпуын тоқтатады, яғни науқастың денесінің ашық жерлерін, бетін антихимиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, противогаз кигізеді, киімінен шаң-тозаңды қағады және керек болса алғашқы медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсетеді (жараны таңады, қан тоқтатады, жақтау қояды, т.б.). Сонан соң зардап шеккенді зарарданбаған жерде орналасқан медициналық мекемеге не қорғаныс ғимаратқа апарады (мүмкін болса зембілмен тасымалдайды). Жіті сәуле ауруды емдеу шараларын тек мамандар өткізе алады. Науқасты жақын арада емханаға апаралмайтын жағдайда оны күтуге тура келеді; оған жалпы мына шараларды қолданады. Күшті сәуле шарпуына шалдыққан адам сәуле ауруының бірінші кезеңдегі белгілерін көрсете бастайды, сондықтан оның төсекте жатқаны жөн және оны көп немесе жағымсыз түрде қозғалтуға болмайды. Жатқан бөлме қараңғылау, тыныш, ауа температурасы 18-20°С шамасында болуға тиіс, науқасты салқындатып алмауға тырысу керек. Құсуды тоқтату үшін аәрон немесе аминазин таблеткаларын 1-2 рет береді, қан құсуда мұз бөлшектерін жұтқызады. РЗ су немесе тамақ арқылы организмге өтті деген күмән болса ауруға адсорбенттердің біреуін береді (активтендірілген көмірдің 25-30 г, күкірт қышқылды барийдің 50г, сары топырақтың 25-30 г сайодиннің 1-3 г қоса) да артынан су ішкізеді. Адсорбент РЗ-ды өзіне байлап қанға сіңуді азайтады. '15-20 минут өткен соң 2-3 л су ішкізіп асқазанын құсу арқылы шаяды. Аяғында ішін өткізетін дәрі береді - бұл әдіс РЗ-ды организмнен дереу шығару мақсатында қолданады.

Науқасқа кеңінен әсер келтіретін антибиотиктер және шоктан сақтайтын аурусыздандыратын (ауыр жарақат, күйіктер болған кезде) дәрілерді береді. Тамақтану жағынан ешқандай арнайы шек қойылмайды, тек тамақтың жеңіл, бірақ қуатты, оның құрамында белок, А,С,В-тобының витаминдері болғаны дұрыс. Тамақ аз мөлшерден жиі-жиі беріледі, организмге сусындар–сәл тұздалған су, шырындар және т.б. жағымды боп саналады.

Емханада науқастар 4 санатқа бөлінеді: бірінші санатқа жедел көмекке мұқтаж болғандар (қабылдаған шарпу мөлшері 400-600 рентген және одан да көбірек), екінші - емдеу шараларды кідіртуге болатындар (400 р-ге дейін), үшінші - екі аптаға дейін емді керек етпейтіндер (250 р-ге дейін), төртінші санатқа шарпу мөлшерін 1000 р-ге жуық немесе одан да жоғары сіңірген науқастар жатады. Сәуле мөлшерін білу үшін дәрігерлер организмнің алғашқы реакциясына қарайды.

Жіті сәуле ауруымен бірге әрине қосымша жарақаттар (қан кету, күю, т.б.) да есепке алынады.

Ядролық жарылыс кезеңінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістері туындайды екен, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін болады. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульсі (ЭМИ) деп таниды.

Адам организміне басқа зақымдаушы факторларымен салыстырғанда электромагниттік импульсі аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әр-түрлі электр аспаптарының (аппаратураның), байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері биік кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және төмен әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде бұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, төмен әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек,

ЭМИ-бен бірге радиотолқындар тарайды, олар едәіур қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.

Ультра күлгін, көрінетін және инфрақызыл сәулелер ядролық жарылыстың жарық сәулесін құрайды, табиғатында әлектромагниттік сәулелену болып табылады. Адам жанарының ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді көру қабілеті жоқтығынан жарқыл шардың өсу және сөну мерзімдерін көрмейді, алайда ол адамның көзін осы кезде де зақымдауы мүмкін. Қысқаша айтканда, адам ядролық жарылыстың басталған алғашқы сәтін біле алмайды.

Жарықтың сәуле шығару ауқымы жарылыстың қуаты мен биіктігіне және атмосфералық жағдайларға байланысты болады, оның әсерінен қатты қирау және орташа қирау зоналарда тұтас жаппай, ал жеңіл қирау зонасында жекелеген өрт пайда болуы мүмкін. Толық қирау зонасында барлық нәрсе қирап, ұшатындары ұшырылып кеткендіктен өрт болмайды да, бірақ қатты түтіндейді. Тұтас жаппай өрт аумағында өрт дауылы көтеріледі; жанып жатқан өлкеге жан жақтан 50-60 км/сағ. жылдамдықпен ауа ұмтылып өртті одан әрі өрістетеді.

Әсіресе бүл маңайда орналасқан жанар, жағар майлардың қоймалары тағы да басқа женіл от алдыратын заттар болса, олар өртті мүлде күшейте түседі. Жекеленген өрт алған территорияда қалың түтін, көміртек қышқыл төтығы және басқа да улы газдар басып кетеді.

Жарық сәулесі адамдардың денесін күйдіріп жанарын зақымдайды. Қуаты 1 млн. т. жарылыста ауа мөлдірлігі орташадай жағдайда 7 км қашықтықта адам денесі бірінші дәрежелі күйікке шалдығады (жарық күші 3 кал/см2).

Бірінші дәрежелі күйікте терінің беті қызарып ісінеді, сыздап ауырады; екінші дәрежлі күйік шамада 6 км қашықтықта пайда болады (4-10 кал/см2), тері күлдіреп, талауратады; 4-5 км қашықтықта үшінші дәрежелі күйік өзін теріні жансызданып, ойық жара пайда болуымен білдіртеді. Бұл жерде жарық күші 10-15 кал/см2. Бұл бірнеше секунд уақыт мерзімге сығымдалған ашық ауа райында күн сәулесі жер бетінің әр см210 минут аралығында төгілген энергиясымен тең.

Көзді зақымдауда жарық сәулесі үш түрлі әсер білдіреді: бірнеше минуттай уақытша көрмей қалу - бұл жарықтың ауытпалығына байланысты, әсіресе ымырт не түнгі кезеңде - жанары орнына өздігінен қайта оралады; алыс қашықтықтағы жарылысқа тіке қараудан болатын қабақтын көз шарасының көздің торлы қабағының күюі.

Жарық сәулесінен өрістеген өрт салдарынан да адамдар әр түрлі дәрежелі күйіктерге шалдығады.

Оған қосымша өрттер аумағында оттегі жетіспегендіктен, көміртек қышқылымен уланғандықтан және ауаның ыстығынан адамдар ауыр жағдайға ұшырайды. Аздап бұзылған қорғаныс паналарында да бұл нәрселер орын алады деп күтілуде.

Химиялық қару — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36) химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.

Химиялық қарудан қорғану. Химиялық қарудан қорғану — әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық қару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарға алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан-жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді.

БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін:

Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу-қызба);

Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары;

Өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т.б. химиялық заттар.

БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 106; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.