Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 3 страница





Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі түсініктер мен терминдер.

2. Апатты ситуацияларда ӨТҚН рөлі.

3.Халықтың өмір тіршілігіндегі ағзаларын зақымдаудан қорғау

4. Азаматтық қорғаныс туралы ҚР-ның заңы қашан қабылданды?

5. АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметті қызметтері кімнің бұйрығымен құрылады?

6. АҚ құрамасының негізгі түрі?

7. АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары қалай бөлінеді?

8. Азаматтық қорғаныс мәселелерінің шешілу деңгейлері

9. Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері

10. ТЖМЖ негізгі міндеттері

11. ТЖМЖ құрамы, құралдары мен күштері

 

Қолданылатын әдебиеттер:

2.Республика Казахстан. Законы. О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: закон РК: (принят парламентом 5 июля 1996 г.) //Ведомости Парламента РК.–1996.–№ 11-12 – ст. 263.

3.Республика Казахстан. Законы. О гражданской обороне: закон РК: (принят парламентом 7 мая 1997 г.) //Ведомости Парламента РК. –1997. –№ 9 – ст. 93.

4.Безопасность жизнедеятельности /под ред. О.Н.Русака. – СПб.: Лань, М: Омега-Л, 2004. – 448 с

 

 

ДӘРІС 3

Қауіпті және зиянды факторларды классификациялау.

Жоспар:

1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар

2. Еңбек ауырлығы ұғымы

3. Жұмысқа қабілеттілік

4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері

5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу

 

Өндірістік және тұрғын қауіпті факторлары. Зяинды заттардың классификациясы, агрегаттық түрі, адам ағзасына ену жолы, оның бөлінуі мен айналуы, зиянды заттардың әсері және оларға сезімталдылығы. Зиянды заттардың әсерлерін комбинирлеу. Зиянды заттардың құрамын нормалау: шекті рұқсат етілген, максималды бірлігі, орташа ауысуы, орташа тұрақтылық концентрациясы. Токсин әсерінен улану, мамандық және тұрғын аурулар. Ішкі және сыртқы сәулелену. Адам ағзасына әсері. Экспозиционды, жұтушы, эквивалентті мөлшері. Төтенше жағдай органдарының және адамның сәулелену категориясы.

Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар. 3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б. Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады. 2. Еңбек ауырлығы ұғымы Еңбек шарты өндірістік саланың санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық, әлеуметтік және эстетикалық элементтер-дің жиынтығы ретінде адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне тікелей әсер етеді. Жұмыс ауырлығында адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетіне санитарлы-гигиеналық, әлеуметті-психологиялық және басқа еңбек шартының барлық факторлары жиынтықты әсер ету деңгейі түсініледі, яғни жұмыс ауырлығы физикалық, психикалық (жүйкелі-эмоционалдық) жүктеме мен сыртқы өндірістік шарттардың әсер етуінен пайда болатын, жұмысшы организмінің функционалдық күш салуы қарастырылады. Жұмыс ауырлығының деңгейі өндірістік ортамен әсер етілетін, адам организмінде болатын реакциялар мен өзгерістерді сипаттайды. Еңбектің қолайсыз жағдайында жұмысшылардың бір бөлігінде уақыт өте келе алдымен патология алдындағы өзгерістер («ауру алды» деп аталатын), ал осы жағдайдағы жұмыстың ұзақтылығында – кәсіптік өзгерістер немесе өндірістік шарттармен байланысты созылмалы аурулар дамуы мүмкін. Келтірілген зерттеулер медико-физиологиялық топтаудың теориялық негізін өңдеуге мүмкіндік берді, онда жұмыс ауырлығының алты категориясы және оның негіздеулері сипатталған. физиологической классификации, в которой даны описание шести категорий тяжести работ и их обоснование. Ауырлықтың бірінші категориясына сыртқы ортаның оңтайлы шартында орындалатын кез келген жұмыс түрі. Ауырлықтың екінші категориясына организмнің қалыпты жағдайда орындалатын нәтижелері өзгермейтін жұмыстар жатады. Бұл ауырлық категориясы бұған жататын жұмыс еңбектің қалыпты немесе қолайлы шарттарында орындалатынын, куәландырады. Негізінен, организмнің физиологиялық мүмкіндігі жұмыс жүктемесінен аспайды Ауырлықтың үшінші категориясына адам организмінде жүктеменің артуынан, еңбектің қолайсыз жағдайынан немесе басқа үйлесімнен шекаралық функционалды жағдайдың бастапқы кезеңі қалыптасатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың төртінші категориясына организмде терең шекаралық функционалдық жағдай орындалғанда қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдайдың басты белгісі осымен байланысты динамикалық жұмыс таптаурыны бөгелсе және бұзылса. Бұл категория үшін шығарылатын өнім санының азаюы мен сапаның төмендеуі, сондай-ақ қызметтің тұрақсыздығы тән. Жалпы ауру саны көбейеді, өндірісті негізделген аурулар пайда болады, өндірістік травма саны мен ауырлығы өседі. Өндірістік зияндардың күшті әсер етуінде кәсіптік аурулар пайда болуы мүмкін. Ауырлықтың бесінші категориясына адам организмінде патологиялық функционалдық жағдай қалыптасатын, жұмыстар жатады. Бұл жағдай негізінен ол қолайсыз санитарлы-гигиеналық жағдайда орындалса, шектен тыс жүктеме нәтижесінде пайда болады. Ауырлықтың бесінші категориясын ұзақ атқаратын жұмыстағы адамдарда уақыт өте келе созылмалы аурулар, ал өндірістік зияндарда кәсіптік аурулар дамиды. Ауырлықтың алтыншы категориясына жұмыс күнінің бірінші жартысынан бұрын пайда болатын адам организмінде патологиялық функционалдық белгілері көрініс табатын жұмыстар жатады. Ауырлықтың бұл категориясына өндірісті негізделген және кәсіптік аурулар санының көптігі тән, ерте анықталады және ауыр ағысы бар болады. Бұл ауырлық категориясы еңбек шарты бойынша жіктелген ақы, қолайсыз еңбек шарты үшін ұсынылатын төлем ақы өлшемі және т.б. бойынша экономикалық нұсқау береді. Мұндағы зияндылықтарды сипаттай отырып, оларды жою мен еңбек шартын жақсарту бойынша шараларды дайындауға мүмкіндік береді. Ауырлықтың бірінші және екінші категорияларына сәйкес келетін, еңбек шарты зиян немесе қауіпсіздік ошақтары сақталған өндіріс учаскелерінде шараларды дайындаудың эталоны ретінде әрекет етеді. 3. Жұмысқа қабілеттілік Мақсатты іс-әрекетке адамның мүмкіндігі үш негізгі сипаттамамен іс-әрекетке қабілеттігі, еңбекке жарамдылығы жұмысқа қабілеттігімен бағаланады. Іс-әрекетке қабілеттілік – бұл өз ісінің мәнін білу, оны басқару, жетілдірудегі мақсатты іс-әрекетті қалыптастырудың жалпы мүмкіндігі. Басқаша айтқанда, мақсатты іс-әрекеттің әр түрлі формаларын жеке жүзеге асыру мүмкіндігі. Еңбекке жарамдылық – нақты көлем мен сападағы жұмысты орындай алатын адамның денсаулық жағдайы. Еңбек қабілеттілігі организмнің құрылу нәтижесіндегі жаспен төмендеуі мүмкін, ауырған кезде, үнемі (толығымен немесе жеке) тұрмыстық немесе өндірістік жарақат, созылмалы ауру немесе улану нәтижесінде жоғалады. Іс-әрекет қабілеттігі мен жұмыс жарамдылығы мәні бойынша қызметтегі мақсатқа жетудегі адамның әлеуметті мүмкіндігін сипаттайды. Еңбек процесінде осы мақсатты жүзеге асыруда нақты уақыт аралығында физикалық және жүйке жүктемесін көре отырып, нақты шарттарды, іс-әрекеттерді орындайды, мұндағы негізгі сипаттама оның жұмысқа жарамдылығында, яғни еңбек қызметін физиологиялық және психологиялық қамтамасыз ету, мұндағы организмнің барлық жүйелері – рецепторлар, жүйке клеткалары, бұлшық еттер, қан тамырлар, темірдің келісімді әрекет етеді, іс-әрекет саны мен ұзақтығы адам жұмыс жарамдылығын анықтайды. Жұмыс жарамдылығы адам организмінің физиологиялық және психикалық қызметтер ішінде және нақты жұмыс уақытында талап етілген сапада нақты іс-әрекетті орындаумен байланысты мүмкіндігі деп аталады. Организмнің өмір сүруінің әр түрлі деңгейлерінде жұмыс жарамдылығы әр түрлі болады. Апдамның жұмысқа жарамдылы-ғының бастапқы деңгейі субъективті факторларға байланысты: жүйке жүйесінің типтері; бұлшық ет күші мен шыдамдылық; денсаулық жағдай; кәсіптік шеберлік пен жаттығу деңгейі; «энергетикалық үнемді» біршама тиімді жұмыс орындау мүмкіндігі; еңбектің оң себебінің бар болуы; жұмыс мазмұнына оның мақсатындағы жетістіктерге қызығушылық; жұмыскердің жасы, эмоционалды жағдайы және т.б. Ауысым, апта, жыл аралығында еңбек процесіне жүктеменің ұзақтығы мен деңгейдің өсуі бойынша жұмыс жасау біршама кең ауқымда өзгереді. Еңбек қызметі процесіндегі жұмыс жасаудың өзгеруін анықтайтын факторларға халықаралық еңбек ұйымдарының ұсыныстарына сәйкес келесілер жатады: • физикалық күш (жүктің қозғалуы, ауырлықты қолдау, еңбек заты мен басқару органын басу); • жүйкелік күш салу (есептеудің күрделігі, жұмыс сапасына қойылатын ерекше талап, құралдармен басқару күрделігі, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіздік, жұмыстың ерекше анықтылығы); • жұмыс қарқыны (уақыт бірлігіндегі еңбек қозғалысының саны); • жұмыс жағдайы (адам денесі мен оның органының жағдайы - ыңғайлы, шектелген, ыңғайсыз, ыңғайсыз, ыңғайсыз-ұялшақтық, өте ыңғайсыз); • жұмыстың бір саздылығы (қысқа уақытты бірдей операцияларды, іс-әрекет, циклдерді бірнеше рет қайталау); • жұмыс зонасындағы температура, ылғалдылық, жылулық сәулелену; • ауаның ластануы (жұмыс зонасының 1 м3 ауасындағы қоспаны саны мен бар болуы); • өндірістік шу (бар болуы, жиілігі, дыбыс күші); • діріл, айналу, сілкіністер; • жұмыс зонасының жарықтануы. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде еңбек қызметінің мазмұнымен байланыстылары және оның жүзеге асуының сыртқы шарттарымен анықталатыны бар. Алғашқылары жұмыс әрекеттер жүзеге асыруға жұмсалатын энергияны, екіншілері – организмнің өмір сүруін қолдауға және сыртқы орта тарапына келеңсіз әсер етуге қарсы тұруға жұмсалатын энергияны анықтайды. Жұмысқа қабілеттілік бірқатар факторлардың әсерінен өзгеретін өлшем болып табылады. Ауысым, тәулік, апта, жыл ішінде жұмысқа қабілеттіліктің тербелісінің кейбір жалпы заңдылықтары бар. 4. Өндірістік қажу, оның түрлері мен себептері Еңбек процесінде жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі алдымен дамитын өндірістік қажуға негізделген. Өндірістік қажу - жұмыс пен еңбек шартының әсер етуінен пайда болатын, адам организмінің функционалды мүмкіндік-терінің уақытша және қайтымды төмендеуі. Еңбек шарты тек ұйымдастыру-техникалық, санитарлы-гигиеналық және басқа да материалды-заттық шарттар ғана емес, сондай-ақ әлеуметті-психологиялық, алдымен ұжымдағы өзара қатынас, ондағы әлеуметті-психологиялық климат болып табылады. Қажу іс-әрекеттің тиімділігін төмендетуге әкеліп соғады, яғни бір жұмыс актісіне физиологиялық және психикалық өлшемдердің өсуі травматизм мен сәтсіз оқиғалардың пайда болуы өседі. Өндірістік қажу адамдағы шаршағандық сезімі ретінде сезіледі, оны аса ерекше психологиялық жағдайда бастан кешіп жүрген, қажудың биологиялық белгісі ретінде қарастыруға болады. Адам келесілерді сезеді: • әлсіздік сезімі — жұмыстағы жоғары жүктемелік, оны керекті дәрежеде жалғастыру мүмкіншілігін сенімсіздік (егер шынайы өндірістілік төмендемесе де); • назардың бұзылуы (оның топталуында қиыншылық, тұрақсыздық немесе керісінше әлсіздік, назардың аз аударылуы, оны қосудағы қиыншылықтар); • түйсік саласында бұзылулар (жұмысқа қатысуда қабылдайтын анализатор іс-әрекетінің өзгеруі – көз көруінің, есту, көз сығырайту сезімінің және т.б. төмендеуі); • моторлық саланың бұзылуы (баяулатылған немесе ретсіз, асығыс, жеткіліксіз дәрежедегі нақтылық және байланыс-тырылмаған қозғалыстар); • жұмыс істейтін органдардың тартымсыз сезінуі: қол мен аяқ бұлшық еттеріндегі ауыруы мен ісуі, статикалық тұрғыда — арқа, қарын, мойын, ақыл-ой жұмысында — маңдай мен қарақұс саласында ауырулар пайда болады; • жұмыс іс-әрекетінің саласында ойлау мен естің ақаулары;

• ерік-жігердің әлсізденуі (шыдамдылық, өзін бақылау, тегеуіріндік);

• жиі әрі ұзақ үзілістерді санасыз жасау;

• ұйқышылдық. Өндірістік қажулардың барлығы да шаршау сезімінде пайда бола бермейді. Ол өзін физикалық іс-әрекетте анық көрсетеді: пульс, демалыс, қатты терлеу, бұлшық еттердің шаршауының жиілігінің өсуімен. Сондықтан еңбек пен демалыстың тиімді режимінің, психикалық өзін реттеу дағдысының жоқтығында пайда болған қажу, аса қажуға айналуы мүмкін – ол демалыс кезінде жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалыптаспайтын, ауру жағдайы және организмде функционалдық бұзылулар дамуы мүмкін: ызаланушылық, күндізгі ұйқышылдық және түндегі ұйқысыздық, бас аурулары және де орталық жүйке жүйелерінің ауруы. Өндірістік қажуды дамытатын объективті көрсеткіштер келесілер болуы мүмкін: • экономикалық (айлықтың төмендеуі, бірлік уақыттың өсуі, ақаулы заттардың өсуі);

• статистикалық (жұмыскерлердің бастамасы бойынша үзілістер, жұмыс әрекетіндегі микроүзіліс, микротравматизм мен травматизм жағдайларының өсуі);

• физиологиялық (қозғалыс үйлесімінің, қол мен саусақтардың треморы (қалтырауы), назар құрамының төмендеуі, қателіктер санының өсуі); • психологиялық (психикалық процесстердің және реакция-лардың азаюы, қателер санының өсуі). Өндірістік қажудың өсудегі себептері келесілер болы мүмкін:

• жоғары қарқынды, күш салынған іс-әрекет;

• уақыт бойынша жүктемені тиімсіз бөлу (жұмыс қалыптылығының бұзылуы);

• қабылданатын және қайта өнделетін ақпарат ағынының шектен тыс мөлшері;

• еңбектің төмен мазмұндылығы (бір қарқындылығы);

• антропометриялық және эргономикалық талаптарға жұмыс орнының жоспарлануы, құралдарының сәйкес келмеуі;

• өндірістік тәуекел мен қауіптіліктің өсуімен шыққан күш жұмсау; • ұжымдағы қолайсыз әлеуметті-психологиялық климат, еңбектің нашар жағдайы;

• жұмыскердің жеткіліксіз дәрежедегі біліктілігі;

• организмнің қарама-қарсы тұруы мен шыдамдылықтың төмендеуі. Мамандар күш жұмсауды келесі түрлерін көрсетеді:

• интеллектуальды, проблемалық жағдайды шешуді саны көп талап етушілермен шыққан;

• сенсорлық (түйсіктік), анализаторлардың іс-әрекеттің тиімсіз шарттарына негізделген (мысалы, ұсақ бөлшек сияқты, өзгешеліктеріндегі объектілерді жіктеудегі қиыншылықтар, жұмыс беті мен өзгешелік объектісіндегі түстің аз кереғарлығы, жеткіліксіз жарықтандыру);

• монотонды (бір сазды) (бірдей істерден, жағдайлардан және т.б. шыққан, күш салу);

• политонды (көп сазды) — кездейсоқ бағыттарға назарды жиі ауыстыру қажеттілігімен туындаған, күш салу;

• физикалық күш салу (қозғалтқыш аппараттың жүктемесінің өсуі); • эмоционалды күш салу, жұмыстың эмоционалды қатыстырмау мазмұны мен оны жүзеге асыру шарттары, апат пен жарақаттың жоғары ықтималдығы, дау жағдайлардан туындаған;

• күтудегі күш салу, іс-әрекеттің жоқтығы шартында жұмыс қызметінің дайындығын қолдау қажеттігімен туындаған (мысалы, берілген көрсеткіштерден технологиялық процесс жолдарынан бас тарту туралы белгіге реакцияның дайындығы);

• себепті күш жұмсау (жұмысқа қызықпаушылық, шешім қабылдауға керекті себептермен күрес және т.б.). Қажу түрлерін еңбек қызметін қамтамасыз ететін сол немесе басқа жүйке жүйесінің звеноларында оның артықшылық-тарын оқшаулауға қатысты бөледі. Түйсіктік қажу - ұзақ немесе қарқынды ызалану (қатты шуыл, нашар жарықтандыру) нәтижесінде сезім органдарының қажуы. Перцептивті қажу — белгілердің көру қиыншылығымен туындаған (белгінің аз қарқындылығы, үлкен кедергілер, ажыратудағы қиыншылықтар, мысалы, шуыл кедергілері бар кездегі нашар дыбыс белгілерін ұстау қажеттілігі). Ақпараттық қажу ақпарат немесе ақпараттың қайта жүктеуден туындайды, онда сыртқы ортаның бейнесін танудың дұрыс бейнесі жоғары қарқынды талап етеді. Әсерлік қажу, қозғалыс актілеріне жауап беретін орталық жүйке жүйелерінің кейбір бөліктеріне тән оқшаулану мен қарқынды физикалық іс-әрекетте туындаған. Ақыл-ойлық қажу, шығармашылық қызмет, өндірісті қызмет (ақпаратты қайта қалыптастыру, тандаулар, қорытын-дыны қалыптастыру), қарқынды қызметпен (қатаң ережелер бойынша ақпарат өңдеу, мысалы, шот) туындаған. Еңбек қызметінде жалпы қажуды сипаттайтын, барлық қажу түрлерінің қандай да бір бөліктерінің үйлесімі маңызды орын алып отыр. Жұмыскер денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілетін жоғары деңгейде қолдау, қайта қажудың алдын алу үшін келесі бағыттар бойынша әр түрлі шараларды өткізу керек, олар: 1) әрбір операцияның элементтерін орындау кезеңділігі мен құрамның тиімділігі мақсатында антропометрия мен биомеханика талаптарын есепке ала отырып, еңбек әдістері мен тәсілдерін тиімді дайындау; 2) жұмыс орнын жарықтандыру мен жоспарлауды оңтайландыру; 3) бір саздылығын төмендететін, оны мазмұнын жалпыландыратын, еңбектегі психофизиология шекараларын бөлуді сақтау; 4) өндірістің зиянды шарттарын жою мен оның жұмыскерлерге әсер етуін төмендету бойынша шаралар; 5) жұмыскерлердің эмоционалды күш салуын төмендету және олардың еңбек белсенділігін көтеру. 5. Травматизмді талдау әдістері, өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу Травматизмді талдау мақсаты сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды дайындау мен себептерді анықтау болып табылады. Сәтсіз оқиғалардың себептері мен жағдайларын білікті анықтау, олардың дұрыс есепке алынуы мен олардың қайталануының алдын алу үшін ғана маңызды емес, сондай-ақ әлеуметтік мәні зор, ол жәбірленушіге шығынды қайтару туралы сұрақты тез шеше алады, қауіпсіз жұмыс шартын қамтамасыз ету бойынша жетекшімен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағалау, травматизм себептерін жою бойынша шараларды өңдеуге көмегін тигізеді. Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы. Өндірістегі сәтсіз оқиға – жұмысшы еңбек міндеттерін немесе жетекшімен берілген жұмысты орындауда қауіпті өндіріс факторларының әсер етуі. Сәтсіз оқиғаларға өткір уланулар, жылу соққылары, үсу мен найзағай түсу де жатады. «Жұмыспен байланысты сәтсіз жағдай ұғымының жалпы сипаты бар, оған «өндіріспен байланысты сәтсіз оқиға» ұғымы енеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі түсініктер мен терминдер.

2. Апатты ситуацияларда ӨТҚН рөлі.

3. Төтенше жағдайды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі қандай заңда белгіленген?

4. Апатты жағдайлардың пайда болуын анықтау.

5. Апатты жағдайлардың жіктелуі.

6. Су апаттарының мінездемелері.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: уч. пособие / А.С.Гринин, В.Н.Новиков. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2002. – 288 с.

2. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: уч. пособие / В.В.Денисов, И.А.Денисова, В.В.Гутенев, О.И.Монтвилла. – М.: МарТ, Ростов н/Д: МарТ, 2003. – 608 с.

3. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: уч. пособие / В.А.Акимов, Ю.Л.Воробьев, М.И.Фадеев и др. – изд. 2-е, перераб. – М.: Высшая школа, 2007. – 592 с.

5. Безопасность жизнедеятельности: учебник для вузов / С.В.Белов, А.В.Ильницкая, А.Ф.Козьяков и др.; под общ. ред. С.В.Белова. – 4-е изд. – М.: Высшая школа, 2004. – 606 с

ДӘРІС 4

Радиациялық және химиялық қауіптілік.

Жоспар:

1. Радиациялық қауіптілік.

2. Химиялық биологиялық қауіптілік

3. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері

Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. Радиациялық қорғау. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 87; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.