Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 10 Тема урока: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қалада.




 

Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем. Қалада.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Ыңғайлас құрмалас сөйлем туралы оқушылардың ұғымдарын кеңейту. Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа атаулармен таныстыру.

2. Дамыту

Развивающая: Жаңа сөздерді меңгерту арқылы, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Білім алушыларды адамгершілікке, инабаттылықа, мейірімділікке тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын құрметтей білуге үйрету.

Сабақтың типі:

Тип урока: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Вид урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать Сабақты өздеріне қорытынды жасату, сөйлету, дағдыландыру, қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамытуға бейімдеу,сөйлей білуге үйрете отыра, дағдыға айналдыру: Жаңа сөздерді қайталату. Түсінбегендерін сұрату.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Ыңғайлас салалас құрмалассөйлемдерге сөйлем құрастыруды және мысал келтіре білуді.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Берілген тақырып бойынша тексеру   Сұрақ-жауап 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
    Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің мүшелерін таныстыру, оның ерекшеліктерін түсіндіру Мәтінмен жұмыс әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Синтаксисті қайталау   оқулық  3 мин
  Рефлексия жазбаша Үлестірмелі материал 2 мин

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақты меңгеру.


ІҮ. Жаңа сабақ


  Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екінші жай сөйлемде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас болып келуін ыңғайлас салалас құрмалас салалас сөйлем дейміз.

Ыңғайлас салалас
Жалғаулықты. Жалғаулықсыз

Жалғаулары: және, әрi, да, де, та, те
Мысал:
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйiне бардым.
Далада жел соғып тұр,әрi сiркiреп жаңбыр жауып тұр.
Ол бөлмесiне кiрдi де,тарс бүркенiп жатып қалды.
Басшы жұмысты тексерді де, ойдағы жоспардың орындалуын бақылады.
Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.

1-тапсырма. Төмендегі сөздер бойынша өз беттеріңмен салалас

 құрмалас сөйлемдер құрап жазыңдар (из этих слов составте сложное предложение).

Қазақстан, отбасы, шағала, қала, ауыл.

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына жай сөйлемдерді ойларыңнан қосып, берілген жай сөйлемдерді ыңғайлас салалас құрмаласқа айналдырыңдар (Вместо множества точек сложите простые предложения из мыслей и превращайте заданные простые предложения в сложное сочетание).

Ел орынға отырған кез еді, … .(Қ. Қай) … , Рақымжан бастаған топ сыртқа қарай ыта жөнелді. (Қ.Қаз.) Балалар ертеңгі тамақты ішіп болды да, … . (Б.Соқп.) …. , осылай қарай ағылған адамдар шоғырына кезікті. (М.И.) Бауға келген еді, … . Айсұлудың бұған күші де жетеді, … .

 

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңдар (вместо точек ставьте соответствующие буквы).

 

Н - ң
со...ғы өріп, сә...дік бұйымдар, оңтүстік ө...ір, жа...ға дауа, орма...ға
бару, кү...ге шағылысу, тұма...ға қарамай жолға шығу
C - 3
ыды...қа салынған сурет, күмі... әшекей, алтын жү...ік, тү...сіз мөлдір
су, аққу-қа...сыз көл
Г- к
тана...өз, зер...ерлік бұйым, білезі...тің бағасы

H - M
кө...біс кісі, айтқанынан та...бады, балалар кө...беді
срочно помогите ​

 

4- тапсырма. Мәтін оқып аудару және мәтінге ат қою (текст прочитать перевести и дать название тексту).

 

Қазақта «Ауылым-алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері-жерұйық. Біздің дүниеде жалғыз еліміз, жеріміз бар. Ол-Қазақ елі. Жалғыз Отанымыз-Қазақстан.Отаныңды сүю, Отаныңа деген сүйіспеншілік отбасыңан, кіндік қанның тамған жерден, ұшқан алтын ұяңнан басталады. Менің де ұшқан ұям-дәл осы жер.Балалық шағы өткен жерін адам еш уақытта ұмытпайды. Ауыл біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз. Ауыл-халық руханиятының алтын діңгегі.

Қала, шаһар -тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Қазақстанның керемет қалаларының бірі Алматы қаласы.Алматы-әсем, арман қала. Қазіргі кезде Алматы қаласы-үлкен мегаполис. Ол күннен-күнге көркейіп, өсіп келеді. Зәулім ғимараттар ерекше әдемі. Ауылдық жердей емес, Алматыда қызу тіршілік бір тоқтамайды. Мен достарыммен ойын-сауыққа барамын, отшашуды тамашалаймын. Хауызға түсемін. Мен Алматыны жақсы көремін.

 

1. Мәтін не туралы?

2. Мәтінге қандай ат қоясындар?

3. Аулы мен қала қандай айырмашылығы бар?

4. Өздерің қай жерде тұрағанды қалайсыңдар?

 

Жаңа сабақты бекіту:

1. Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:

2. Құрмалас сөйлем деген не?

3. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

4. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын ата

 

Үйге тапсырма: ыңғайлас құрмалас сөйлемге 5 мысал келтіру.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 79; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.