Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сабақ № 12 Тема урока: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. Тамшыбұлақ-Жетісу таңғажайыбы.




Топ 2С-1
Күні  

Сабақтың тақырыбы:

Тема урока: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. Тамшыбұлақ-Жетісу таңғажайыбы.

Сабақтың мақсаты:

Цели урока:

1. Шолу

Образовательная: Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу

жолдарын ұғындыру, өзге салалас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру.

2. Дамыту

Развивающая: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;

3. Тәрбиелік

Воспитательная: Ана тілін сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың типі:

Тип урока: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақ түрі:

Вид урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі:

Метод обучение: сұрақ-жауап, топтастыру, талдау,

Пәнаралық байланыс:

Межпредметная связь: қазақ әдебиеті, тарих

Көрнекі құралдар:

Оборудование урока: үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.

Студенттер білуі керек:

Студенты должны знать: Тыныс белгілерні ажырату, таныс емес мәтінді аудару, сұраққа жауап беру.

Студенттер істей білуі керек:

Студенты должны уметь:Себеп-салдар салалас құрмалассөйлемдерді ажырата білуді және оған мысал келтіре отырып сөйлемді талдауды.

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Оқу материалының мазмұны Оқытудың әдістемелік тәсілдері мен әдістері Оқу құралдары Уақытты мөлшерлемелеу
  Ұйымдастыру кезеңі Білім алушылармен амандасу, тексеру, оқу құралдарын тексеру дәптер 5 мин
  Үй жұмысын тексеру Өткен тақырып бойынша берілген тапсырманы тексеру   Диалог арқылы 10 мин
  Жаңа білімді меңгерту Баяндау, ой қозғау Үлестірмелі материалдар 15 мин
     Себеп –салдар салалас құрмалас сөйлемнің ерекшеліктерін түсіндіру Ережені жазу   әдістемелік нұсқау 15 мин

 

Үзіліс – 5 минут

    Мәтінмен жұмыс жасау Ауызша оқып, жазбаша аудару дәптер 20 мин
    Жаңа тақырыпты бекіту Диалог құру сұрақ қою 10 мин
    Түсіндірме жасап, баға қою талдау   журнал 10 мин
  Үй тапсырмасы Беріліген мәтінді аудару   Үлестірме материал  3 мин
  Рефлексия жазбаша Мәтімен жұмыс 2 мин

Сабақ барысы:

Үй тапсырмасын тексеру:

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не, оның неше түрі бар?

Салалас құрмалас дегеніміз не?

Оның мағыналық түрлері?

Ыңғайлас салалас дегеніміз не?

Жалғаулықтарын атаңыз?

Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

Сен нені білуің керек?

-Себеп-салдар салалас салаластың қандай түрі екендігін?

-Құрамындағы жай сөйлемдері қалай байланысады?

-Жалғаулықты салаластың жалғаулықтары қандай?

-Жазғанда, қандай тыныс белгілер қойылады?

 

Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер

Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП)
Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын,
нәтижесін білдіреді. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.

(Второе простое предложение поясняет следствие, причину,
вывод, результат того, о чем говорилось в первом предложении)
Себеп-салдар салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.( Причинно-следственные связи делятся на две с союзные и без союзные).

Жалғаулықтар (Союзы):
өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б.
Мысалы: Менің кім екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені
онда салтанатты кеш болады.

1-тапсырма: Жай сөйлемдерден себеп салдар құрмалас сөйлем құраңдар (Составьте из простых предложение, причинно-следственные ССП предложения).

1. Білімді, еңбекқор,бастамашыл,белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар.

2. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар.

3.  Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы.

4. Жастары білімді елдің ертеңі жарық"

2-тапсырма:

1. Мәтіннен себеп-салдар салалас сөйлемдерді теріп жазыңдар ( наберете из текста предложения, связанные с причинно-следственными последствиями);

2. Себеп пен салдардың орналасуын сызбамен сызып көрсетіп, синтаксистік талдау жасаңдар (2. Сделайте синтаксический анализ причин и последствий с нанесением чертежа);

3. «сезілетін»сөзіне морфологиялық талдау жасаңдар(сделайте морфологический разбор);

4.  Мәтінді аударыңдар (текст перевести)

Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен ерекше орын алады, өйткені ол сөзді әжем де, анам да, әкем де жүректерімен айтатын. Әжем сол сөзді мейірлене, маңдайыма ыстық лебін тигізе, толқи айтатын, сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін. Ол сөз – «айналайын» деген сөз. Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын мен іштей қайталаймын,есейе келе өзімнен кішілерді мен де «айналайын» дейтін болдым.

Соғыстың ауыр жолының үстінде «айналайын» деген сөз менің аузымнан түспеді, өйткені қарамағымдағы адамдардың барлығы маған бала сияқты көрінді. Тар кезеңде барлығы да қатал бұйрық емес, мейірімділікті күтіп тұрғандай көрінетін. «Айналайын» дейтінмін. Менің сөзім олар үшін бұйрықтан да өтімді сезілетін. Олар да маған мейірлене қарап, құрмет көрсететін. Сол әдетіммен қазірде де мен айналамдағы жолдастарымды, реті келгенде «айналайын» дегенімді өзім де сезбей қаламын.

3-тапсырма

Тамшыбұлақ – Жетісу таңғажайыбы

1. Тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,  түсініксіз сөздерді аударыңдар

2. Тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

 

Тамшыбұлақ бұлағы – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын жергілікті тұрғындар көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы-жазы көк шөптермен көмкеріліп, суықта бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Тамшыбұлақтың суы адам денсаулығына шипалы һәм пайдалы екенін ғалымдар да мойындаған. Тамшыбұлақты алғаш рет зерттеп, сол туралы тарихи деректерді 1859-1865 жылдары атақты саяхатшы, этнограф Ш.Уәлиханов жазған. ІХ ғасырдың екінші жартысында бұл жерде белгілі ғалым, географ, тарихшылар Ш. Уәлихановпен бірге Н. Потанин, Семенов-Тянь-Шяньский болып, бұлақтың өзіндік қасиетіне таң-тамаша қалған.

 

Берілген сөздер: Тамшыбұлақ, саяхат, табиғат, аңыз.

 

Үй жұмысы: Себеп-салдар салалас құрмаласқа 5 сөйлем құрастырып келу.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-10-24; Просмотров: 77; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.