Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дебиет теориясы» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің




ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

(2019 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)

1. Мақсаты:Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.

2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М058                     Әдебиет

Шифр           білім беру бағдармалар тобы

3. Тест мазмұны: Тестіге «Әдебиет теориясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.

 

Тақырыптың мазмұны Қиындық деңгейі Тапсырмалар саны
  Әдебиет теориясының пән ретіндегі ерекшелігі, міндет, мақсаттары. Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысын сипаттау. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы мен кеңдігін, ғылыми-зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығын түсіндіру. А  
  Әдебиет теориясы мен эстетиканың даму кезеңдері. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері туралы баяндау. Антикалық дәуір эстетикасын сипаттау. Классицизм эстетикасындағы шарттылықты байыптау. А  
  Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы. ХVІІІ ғасыр - әдебиет теориясының негізі қалану кезеңін сипаттау. Көркем образ, типтендіру, жайлы ілімнің пайда болуын байыптау. Ғылыми зерттеулердегі тарихилық негізді байыптау. Реализмнің тууын сипаттау. Г.-В.Гегельдің абсолюттік идеясы және эстетикалық көзқарасын пайымдау. А  
  Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер. Философиядағы позитивизм бағытын, мифологиялық мектеп бағытын сипаттау. К.Г.Юнгтің архетип жайлы идеясын пайымдау. Тарихи-мәдени мектеп, салыстырмалы-тарихи мектеп, психологиялық мектеп туралы байыптау. Структурализм және М.Бахтин мен Ю.Лотман еңбектерін сипаттау. А  
  Эстетикалық сезім және әсемдік пен асқақтық. Эстетикалық нысанның тұтастығын пайымдау. Эстетикалық харекеттің жалпыадамдық мәнмен сабақтастығын байыптау. Әсемдік туралы көзқарастың жан-жақтылығын сипаттау. Өнер мен көркем әдебиеттегі асқақтық көріністерін пайымдау. В  
  Эстетикалық категориялар және көркем шындық. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасын сипаттау. Қаһармандықтың эстетикалық табиғатын ашу. Өнердегі трагизмнің шынайылығы сипаттау. Масқаралық ұғымының ерекшелігі пайымдау. В  
  Өнер түрлері және көркем әдебиеттің ерекшелігі. Табиғат құбылыстары және өнердегі синкретизмді сипаттау. Тотем және сурет, мүсіндегі сабақтастықты ашу. Көркем әдебиеттің образдық табиғатын түсіндіру. Уақыт пен кеңістіктің алатын орнын айқындау. В  
  Кейіпкер, мінез және идея құрылымы. Персонаж ұғымының ауқымдылығын сипаттау. Эпика, лирика, драмадағы субъектінің мәнін пайымдау. Персонаждың сюжеттік қызметін айқындау. Прототип және көркем образ мәселесін қарастыру. В  
  Автор және адресат. Автор – жеке өмірбаяны бар, шығарманы тудырушы адам екенін пайымдау. Автор субъективтілігінің рөлін айқындау. Авторлық баяндау түрлерін сипаттау. “Автор өлімі” және постмодернистік тұжырымдамаларды байыптау. Автор мен адресаттың шығармашылық үдеріс арқылы сабақтасуын пайымдау. В  
  Образ және архетип. К.-Г.Юнгтің архетип туралы пікірін байыптау. Архетиптің ырықсыздық сипатын ашу. З.Фрейдтің идеяларын байыптау. Даралық және ұжымдық архетиптерді сипаттау. Архетиптің фольклорлық бейнелермен тамырластығын пайымдау. Архетиптік суреттердің көркемдік мәнін айқындау. В  
  Көркем әдебиет және семиотика.Таңба мен таңбалар жүйесінің өмірдегі орнын түсіндіру. Таңба – таңбалар жүйесі туралы ғылым – семиотиканың негізгі мәселесін пайымдау. Таңбалық үдерістегі синтактика, семантика, прагматиканың орны және көркем шығармадағы қызметін пайымдау. В  
  Көркемдік уақыт пен кеңістік. Реалды уақыт, концептуалды уақыт, перцептуалды уақыт түрлерін байыптау. Фольклордағы автор уақыты, баяндау, жыршы уақыты ерекшеліктерін айқындау. Лирика, драмадағы мекеншақ сипаттарын ашу. Мекеншақтың субъективтілік сипатын пайымдау. С  
  Көркем мәтін. Мәтін туралы филологиялық түсініктерге шолу. Жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдардағы мәтіннің ерекшеліктерін сипаттау. М.Бахтиннің мәтіннің диалогтық табиғаты туралы тұжырымын талдау. Сөз қабаттары және бөгде сөз ерекшеліктерін байыптау. С  
  Сюжет пен композиция поэтикасы. Сюжет туралы дәстүрлі ұғым және формалистердің пікірін сралау. Сатылы сюжет және жарыспалы сюжет ерекшеліктерін сипаттау. Сюжеттің қаламгер идеясын дамытудағы рөлін ашу. Сюжет пен композиция және психологизм ерекшеліктерін байыптау. С  
  Қаламгер және стиль. Стиль туралы әдебиеттану, лингвистика, өнертанудағы түсініктерге шолу. Стильдің көркемдік әдіспен сабақтастығын пайымдау. Көркемдік әдіс пен көркемдік бағыт түрлерін саралау. Қаламгердің даралық стилін айқындаудағы ойлау типі мен дүниетаным, өмірбаянның алатын орнын пайымдау. С  

Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

 

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:Тест тапсырмаларының мазмұнында әдебиет теориясы ғылымының негіздері, функциялары сипатталады.

5.  Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 2,5 минут.

Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.

6. Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.

Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

- жеңіл (А) – 6 тапсырма (30%);

- орташа (В) – 8 тапсырма (40%);

- қиын (С) – 6 тапсырма (30%).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-03; Просмотров: 72; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.