Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

дәріс. Популяциялар және оның құрылысы




Мақсаты: Популяциялар және оның құрылысын анықтау

Жоспары:

4.1 Популяция туралы түсінік

4.2 Популяцияның табиғаты, саны мен тығыздығы

4.3 Популяция санының ауытқулары.

Тірек сөздер: Популяция,элементар популяция,экологиялық популяци,географиялық популяция.

Популяция – белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын ососбтар жиынтығы. Латын тілінде «популяция» - халық, топ деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері аз немесе көп болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, олардың көлеміне, т.б.себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші зоологтар С.Шварц, А. Гимеров, А.Яблоков, т.б.өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен Шварц (1969) популяция дегеніміз «орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементар топтары» деп анықтама береді.

А.Яблоков оны «белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтар» дейді.

Популяция – белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді.

Популяция – биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы особтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементар (жергілікті) популяция – табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табиғатындағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы, биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, біркелкілігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақталып кетуіне соғады.

Экологиялық популяция – жергілікті популяциялардың негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең тарамаған. Сондықтан олардың «қарағайлық», «шыршалық» немесе т.б.экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция – географиялық жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-құлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін.

Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізгі көрсеткіші болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз белгілі бір көлемдегі немесе аумақтағы особтардың жалпы саны. Организмдердің саны табиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особтардың өсімталдығы мен шығынына байланысты.

Популяцияның тығыздығы белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 м³ көлемдегі су биомассасы 1,5 г.

Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдердің кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беру мүмкін. Осыған орай, популяцияның кездейсоқ, біркелкі жіне топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу – тек бірегей ортаға тән құбылыс. Мәселен, егістіктерде зиянкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен, бірте-бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипатын алады.

Организмдердің топтанып таралуы жиі кездеседі, әрі кездейсоқ та болуы мүмкін. Мысалы, ормандарда ағаштар алғашында шашыранып кздессе, бірте-бірте біркелкі өсе бастайды. Өсімдіктердің таралуы спора, тұқым, жеміс арқылы жүзеге асады. Ал жануарлардың таралуы активті немесе пассивті болуы мүмкін. Мәселен, активті таралу түлкі, бұғы,т.б. тұяқты аңдарда жиі кездеседі. Пассивті таралу көбінесе баяу қозғалатын жануарларға тән. Активті таралатын организмдерде шекаралық шектеу болмай қалады, ал пассивті организмдерде айқын байқалатын шекаралық ареалдар шегі кездеседі.

Популяциялардың ареалының кең немесе тар болуы организмдердің дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қорек қорына,т.б. көптеген факторлаға байланысты болады. Мәселен, кәдімгі шөптесін жерлерде насекомдардың сандары мыңдаған особқа жетуі мүмкін. Ал ірі хайуанаттар мен үлкен ағаштардың популяцияларын саны мен тығыздығының тұрақты болмауы адамның іс-әрекетіне де тығыз байланысты.

Сол сияқты қоректік факторлардың да ролі ерекше. Оны біз ақ тиін, қоян, кекілік, қырғауыл,т.б. организмдердің табиғаттағы саны қорек аз болған жылдары күрт азайып кетуінен байқаймыз. Сондықтан, табиғатта популяциялардың саны ешқашан тұрақты болмайтыны заңды құбылыс.

Кейбір жағдайда популяциялардың саны бір бағытта күрт көбейіп немесе азайып кетуі мүмкін. Бұл процестер табиғатта жиі кездеседі. Оның себептері көп. Олар – түрдің генетикалық шығу тегі, орта факторлары, өсу жағдайы, бәсекелестік, қорек қоры, т.б.

       Популяцияның табиғаттағы санын өзін-өзі реттеу мүмкіндігі бар. Әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптималды (қалыпты) жағдайда ұстап тұруға тырысады. Организмдердің табиғаттағы санының ауытқуының тәуліктік және маусымдық кездерін байқауға болады. Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдығын зерттеген кезде көптеген қызықты фактілерге көздері жеткен. Мәселен, бактериялар әрбір 20 минут сайын көбеюге қабілетті болған. Егер олардың көбеюіне ешбір кедергі болмаған жағдайда 36 сағат ішінде бүкіл жер шарын қаптап кететіндігі дәлелденген.

Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны дегеніміз белгілі уақыт аралығындағы өлген особтарының саны организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т.б. факторларға тәуелді.

Организмдердің өсімталдығы және шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы да табиғаттағы саны немесе шығындығына тікелей әсер етеді. Популяция өзінің бар мүмкіндігінше ареалын кеңітуге тырысады. Ол көбінесе жаңа ұрпақтардың саны мен тығыздығына байланысты.

Популяцияның күрт азаюы кейде абиотикалық факторларға да байланысты. Мысалы, соңғы жылдарды Қазақстанда ондатр аңының азайып кету фактісі тіркелді. Оның басты себебі жергілікті ортаның бұзылуы мен ластануы болып отыр..

Негізінде популяцияның өлім-жітімі басым болған жағдайда түр азайып , бірте-бірте құрып кетуі мүмкін. Түрлердің құрып кетуіне абиотикалық факторлар мен антропогендік жағдайлар тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.

Популяцияларды сипаттайтын қасиеттердің бірі – оның жастық құрылымы. Жалпы популяциялардың өсімталдығы мен шығыны олардың жас ерекшеліктеріне тәуелді болады. Популяцияларға қатысты организмдердің предпродуктивті, репродуктивті және постпродуктивті экологиялық топтарын ажыратады.

Жастық құрылымы аз немесе көп болуы әрбір особтың өмірінің ұзақтығына байланысты. Кейбір біркүндіктер деп аталатын насекомдардың личинкаларының жасы бірнеше жылға созылған, ал ересектері бірнеше күн ғана өмір сүреді.

Популяциялардағы особтардың жасының ұзақтығы, осылардың көбею жылдамдығы, ұрпақтар жиілігі жыл маусымдарына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, дала тышқандарының аналықтары жылына 3-4 рет балалайды, ал піл – жылына бір рет – 1-2 ғана ұрпақ әкеледі. Популяциялардың жыныстық ерекшеліктері сан алуан. Кейбір организмдер жұптасып тіршілік етуге бейімделген.

Популяцияның табиғатындағы сан мөлшері әлсін-әлсін ауытқып отырады. Оның көптеген ішкі немесе сыртқы себептері бар. Көптеген ғалымдар популяцияның тез көбеюін қорек қорымен байланыстырса, енді біреулері бәсекелестікке, экологиялық орынға тәуелді деп санайды. Қоректің мол болуы популяция санын көбейтуге негіз болғанмен, оның жетіспеуі шектеуіш факторы ретінде әсер етеді.

Экологтардың бір тобы климаттық факторларды (температура режимі, ылғал, химиялық орта,т.б.) биотикалық факторлардан (паразиттердің әсері, аурулар, табиғи жаулары,т.б.) жоғары қояды.

Қорыта келе, біраз зерттеушліер популяцияның тіршілік ететін биотоптарының мөлшеріне қарай факторлардың ролінің арта түскенін дәлелдеді. Мәселен, шөл-шөлейтті, тундра сияқты жерлерде популяциялар өте экстремалды (ауа райы қолайсыз, тез өзгеріп отырады) жағдайда тіршілік етеді. Мұндай жерлерде популяциялардың санының ауытқуы абиотикалық факторларға тікелей тәуелді болады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Популяциялар және оның құрылысы

2.Популяцияның табиғаты, саны мен тығыздығы

3 Популяция санының ауытқулары.

Әдебиеттер:

1 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

2 Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с. 3 Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

4 Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 58; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.