Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Диуретиктер




АҚ-ды төмендету мақсатында ең жарамды болып табылған -тиазидтік диуретиктер. Бұл дәрмектердің бірқатары диуретиктік қасиетпен бірге кальций блокаторларына ұқсас вазодилятациялыққасиетке ие. Тиазидтік диуретиктерді екі топқа айырған:  біріншісі —бензотидиазин туындылары (гидрохлортиазид, политиазид т.б.); екіншісі

- хлорвензамид (индапамид, ксипамид т.б.) және квиназолинон туындылары (метолазон).

Қазіргі кезде артериялық гипертонияның емінде екінші текті тиазидтік диуретиктерге көп мән берілуде, өйткені бұлардың вазодилятациялық әсері диуретиктік әсерінен едәуір басым және электро литгер, несеп қышқылының, холестерин, глюкоза алмасуына кері әсері жоқтың қасында. Екінші текті тиазидтік диуретиктердің арасында кең қолданылатыны - индапамид (арифон). Оның қолдануға ыңғайлы

ретардты түрі дайындалған - арифон ретард 1,5 мг тәулігіне 1 рет ішілетін немесе индапамид 2,5 мг-нан.

Антигипертензиялық дәрмектердің негізгі топтары және оның түрлері (Е.Е.Гогин, 1997)

Дәрмектердің негізгі топтары Дәрмектердің түрлері
Бета-адреноблокаторлар β1 және β2 -блокаторлар селективті, β1-блокаторлар Анаприлин Атенолол
Кальций антагонистері бірінші тегі екінші тегі үшінші тегі ұзақ әсерлі вазоселективті бас миына ерекше әсерлі Верапамил Коринфар Дилтиазем Ломир, норваск Нимодипин, стугерон
ААФ ингибиторлары Капотен, эналаприл, моэксиприл
АГ рецепторлардың блокаторлары Лозартан, эпрозартан (тиветен)
Симпатолитиктер Альфа-1-адреноблокаторлар Орталық α-2-адренорецепторлардың стимуляторлары Имидазолиндік рецепторлардың селективті агонистері Изобарин, доксазозин; Гуанфацин, клофелин, допегит; Моксонидин
Гипотензивті әсерлі диуретиктер тиазидтік тиазидтік емес сульфаниламидтер калийсақтаушы Гибридтік әсерлі дәрмектер Гипотиазид; Хлорталидон, бринальдикс; Альдактон, триамтерен; Арифон (индапамид), урапидил
Шеттік вазодилятаторлар вена-артериялық, селективті артериялық кальций антагонистері.   Нитраттар, диазоксид, натрий Нитропруссиді; гидралазин, миноксидил
   

Кальцийдің жасуша ішіне енуін көптеген дәрмектер тежейді:

жергілікті анестетиктер, β-адреноблокаторлар, барбитураттар, неомицин т.б. Кальций антагонистеріне кальцийдің баяу иондық каналдар бойымен енуін шектейтін және жасуша ішінде оның таратылуын бұзатын дәрмектер ғана жатқызылады.

Бұл дәрмектер аталған каналдардың ашылу жиілігін азайтады және ашылу уақытын қысқартады, осы арқылы жасуша ішіне енетін кальцийдің мөлшерін шектейді. Сонымен бірге, кальцийдің жасуша ішінде жылжуын, жасушаішілік деполардан шығуын да тежейді.

 

Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторлары

Дәрмек Әсерінің ұзақтығы (сағ.)   Тәуліктік дозалары (мг)   Тәулігіне қолдану саны   Бөлінуінің негізгі жолы  
         
Каптоприл (капотен)   4-6  50-100  2-3  бүйрек  
Эналаприл (ренитек, энап)   12-24  10-20  1-2  бүйрек
Лилиноприл (принивал)   <24  10-40    бүйрек
Рамиприл (тритаце)   <24  1,25-10  1-2  бүйрек 40% +  
Квинаприл (аккупро)   24  10-40  1-2  бауыр  
Цилазаприл (ингибейс)   11-12      бүйрек  
Беназеприл (лотензин)   <24  20-40   бүйрек  
Периндоприл (престариум)     2-4    бүйрек  
Моэксиприл <24  7,5-15  1-2  бүйрек 50% +  
Спираприл <24  40-50  1 бүйрек 85%  
Фозиноприл (моноприл)   12-24  10-40  1-2  бүйрек 50% + бауыр  
Транделаприл 24  1-2-4    бүйрек 33% + бауыр  

 

Альфа-адреноблокаторлар

Альфа-1-адренорецепторлар тек тамырларда емес, қуықасты безінде, уретрада, қуықтың мойнында орналасқан. Сондықтан, альфа-адреноблокаторлар простатаның тегіс салалы бұлшықетін босаңсытып,

зәрдің бөлінуіне жеңілдік әкеледі. Осыған орай, бұл дәрмек простатаныңкатерсіз аденомасымен бірге артериялық гипертониясы бар науқастардың емінде қолайлы.

Альфа-адреноблокаторлар инсулинге сезімталдықты арттырады және қанда тығыздығы жоғары липопротеиндердің мөлшерін көбейту арқылы антиатерогенді әсер етеді. Осы әсерлері қантты диабетпен сырқаттанған науқастарға жағымды болуы мүмкін. Альфа-адреноблокаторлар АҚ-ды едәуір төмендетеді, бірақ жанама теріс әсерлерінің көптігінен науқастардың өмір сапасының көрсеткіштері онша жақсармайды.

Альфа-2-адренорецепторлар агонистері (стимуляторлары) сопақша ми вазомоторлық орталығы нейрондарының пресинапстық мембраналарында альфа-2-адренорецепторлар және имидазоддық рецепторлар орналасады. Бұлар стимуляцияланғанда АҚ төмендейді, ЖСС азаяды.

Альфа-2-агонистері - клониин, гуанобенз, гуанфацин; ІІ-имвдозол рецепторларының агонистері - моксонидин және рилмедин. Атап өткен рецепторлардың өзге ағзаларда да болуынан, бұлар көптеген жанама әсерлерінен артериялық гипертонияның емінде кең қолданылады.

Қосарланған антигипертензиялық ем

Көп жағдайда диастолалық қысымды 80 мм с.б.б. артық төмендету үшін

бір дәрмектің қуаты жеткіліксіз. Осы жағдайларда және 2-3-ші дәрежелі

артериялық гипертонияда дәрмектерді аз дозада бірге қолданады.

Артериялық гипертония емінде дәрмектерді қосарлау жобасы

Тиімді комбинациялар: Диуретик + b-адреноблокатор.

Диуретик + ААФ ингибиторы (немесе АТ-ІІ рецепторынын блокаторы).

Кальций антагонисі + ААФ ингибиторы.

Альфа-1-адреноблокатор + бета-адреноблокатор.

Тиімділігі төмендеу комбинациялар

Кальций антагонисі + диуретик.

Бета-адреноблокатор+ ААФ ингибиторы.

Қолдануға жатпайтын комбинациялар

Бета-адреноблокатор+верапамил немесе дилтиазем.

Кальций антагонисті+ альфа-1-адреноблокатор.

Гипертониялық кризді емдеу жобасы

Криздің түрлері, асқынулары   Дәрмек Әсерінің басталуы  
Асқынусыз гипокинетикалық   Нифедипинді 5-20 мг тіл астына салу, ол жақпайтын болса –капотенді 6,25-50 мг ішкізу   5-10 мин. 15-60 мин.  
Асқынусыз гиперкинетикалық   Бета-адреноблакаторлар Анаприлин 40-60 мг тіл астына салу.   15-20 мин.  
Жүрек ишемия ауруының, жүрек шамасыздығының үстінде дамыған криз ААФ ингибиторлары (эналаприн 1,25-5 мг әр 6 сағат сайын вена ішіне енгізу)   15-30 мин.  
Ми қан айналымы бұзылысымен асқынған криз Дибазол 1% - 5-6 мл көктамырға, эуфиллин 2,4% -10мл к/т, магний сульфаты 25-10 мл к/т енгізу   5-15 мин.  
Миокард инфарктымен асқынған криз   Ми жағынан бұзылыс болмағанда – нитраттар (перлингалит немесе изокет 20-60 мг физиологиялық ертіндінің 200 мл қосып к/т ішіне тамшылату), жүрек шамасыздығы болмаса – β-адреноблакаторлар (обзидан 5 мг физиологиялық ерітіндінің 10-20 мл қосып к/т енгізу) 5-10 мин.  
Ырғақ бұзылысымен асқынған криз   Обзидан 5 мг немесе верапамил 5 мг физиологиялық ертіндінің 10 мл қосып к/т, магний сульфаты 25% -10мл к/т енгізу   5-15 мин.  
Жүректің жедел шамасыздығымен, өкпе ісінуімен асқынған криз   Перлинғанит, изокет 20-60 мг физиологиялық ерітіндінің 200 мл қосып к/т ішіне тамшылату, лазикс 80-120 мг к/т енгізу, капотен 25-50 мг тіл астына салу 5-15 мин.  
Орта аневризмасының ажырауымен асқынған криз Натрий нитропруссиді минутына 15 мкг бастап немесе перлинғанит, изокет жоғарыда көрсетілген әдіспен тамшылату   5-15 мин.  

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2023-11-19; Просмотров: 121; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.