Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. Іскерлік қарым-қатынастың логикалық мәдениеті

Жоспар

Лекция 3.

Іскерлік қарым-қатынастың логикалық мәдениеті.

1. Іскерлік сөйлеуде негізгі логикалық заңдарын ққұұолорддқолдану

2. Тұжырымдау және оны іскерлік сөйлесу тәжірибесінде қолдану

3. Аргументацияның логикалық ережесі

4. Қарсы жақтың шешімдерін теріске шығару әдістері

 

1. Кузин Ф.А Культура делового общения М. Тандем 2006

2. Баева О.С Ораторская искусство и деловое общение- М. Просвещение 2003

3. Бороздина Г.В Психология делового общения. М. Просвещение 2005

 

Іскерлік қарым-қатынас ең алдымен басқалардан өзінің логикалығымен ерекшеленеді, себебі ол әңгіменің қатаңдығын ұстануына, яғни нақтылығы мен анықтылығына бейімделген. Логикалық көзқараспен бизнесмендер қандай қателік жіберсе де, олардың қателіктері ақырында логикалық заң талаптарының бұзылуына әкеп соғады.

Іскерлік қарым-қатынастың айрықша белгісі оның анықтылығы болып табылады. Ақпарат тыңдаушы мен сөйлеушіге бірдей түсінілетін, нақтылық дәрежесі жеткілікті деңгейде болғанда іскерлік қарым-қатынас тың анық мазмұны болады. Себебі мұндай қатынаста анықтылық талаптарын қанағаттандыратын мағыналық бірліктердің болуы әңгімеде түсініктер мн тұжырымдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл талаптар тепе-теңдік заңына көрсетілген. Ол бойынша айтылған сөз бүкіл әңгіме барысында тек бір ғана мағына білдіріп, өзгермеуі керек. Бір қарағанда, тепе-теңдік заңының талаптары жай қарапайым болып көрінеді. Ал негізінде оларды жеткілікті деңгейде бір- бірінен анықтылығымен шектеп, әртүрлі ойларды араластырмай, кішкене болсын қатаңдылықты сақтау керек.

Іскерлік қарым-қатынаста сөздердің көп мағыналығы мен күнделікті тұрмыстық тілдердің сөзтіркестері үшін қателіктер өте жиі жіберіледі. Бұл қателіктер 3 түрге бөлінеді: эквивокация қателігі; логомахия қателігі; амфиболия қателігі.

Эквивокация қателігі кезінде сөйлеуші әңгіме барысында көпмағыналы сөзді бір мағынада қолданып жатырмын деп ойлай тұра, не бір мағынада, не басқа мағынада қолданады.

Логомахия қателігі- сөздер туралы айтыс. Бұл егер қолданылып жатқан сөздің мағынасын білмей, ол жайлы айтысу пайдасыз жағдайда туындайды.

Амфиболия қателігі сөйлеуші қолданып жатқан сөздің көпмағыналығын байқамай, оны түрлі жағдайда талқылағанда анықталады.

Түрлі түсініктерді теңестіру, яғни түсініктердің орын алмастыру іскерлік қарым-қатынаста ең көп тараған логикалық қателіктердің бірі. Бұл қателік абайсызда және әдейі болуы мүмкін.

Қарама-қайшылық заңының негізінде заттар мен құбылыстардың сапалы анықтылық, олардың құрылымына қатысты тұрақтылық жатыр. Бұл заң әңгіме барысында ойлардың қарама-қайшылығын жібермеуді қажет етеді. Қарам-қайшылық заңы іскерлік әңгімеде үлкен маңызға ие. Олар әдетте дәлелдеулерде қолданылады.

Тұжырымдау және оны іскерлік сөйлесу тәжірибесінде қолдану

Ойды тұжырымдау кезінде барлық логикалық әдістерді – индуктивті және дедуктивті деп классификациялауға болады.

Индукция- жекеден жалпыға дейінгі тұжырымдау, дедукция- жалпыдан жекеге дейінгі тұжырымдау. Индукция толық және жекелік болады. Толық индукция қорытынды шығырарда құбылыс класына енетін барлық жағдайларды зерттеулерде құралады. Кейде бүкіл іскерлік әңгіме тыңдаушыны сендіру мақсатында емес, мысалдарды қолданумен жалпылама талдап қорыту формасына енуі мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары

1. Іскерлік қарым-қатынастың логикалық мәдениетінің түсінігі.

2. Іскерлік қарым-қатынаста ойды тұжырымдау

3. Қарсы жақтың шешімдерін теріске шығару әдістері

4. Аргументацияның логикалық ережесі

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дебиеттер. Іскерлік сөйлеудің риториялық құралы | Дебиеттер. Іскерлік қарым-қатынастағы психологиялық мәдениет
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-15; Просмотров: 1474; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.