Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Лекция жоспары

Лекция №9

Әңгімелесушінің ымдары мен қимылдарына қарап оның ішкі жай-күйін білу.

1. Көзбен және ерінмен айтылған сигналдардың трактовкасы

2. Көзбен айтылған сигналдардың мінездемесі.

3. Ерінмен айтылған сигналдардың мінездемесі.

Әдебиеттер:

1.Кузин Ф.А культура делового общения М. Тандем 2006

2.Баева О.С Ораторская искусство и деловое общение- М. Просвещение 2003

3.Бороздина Г.В Психология делового общения. М. Просвещение 2005

 

Өзара іскерлік әрекет тәжірибесінде әңгімелесушінің ішкі жағдайын білдіретін бірнеше негізгі ымдар мен қимылдар бар.

Жайдары ымдар – әңгімелесушінің шынайылығын,көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді. Бұл топтың белгілеріне «жайылған қолдар» мен «ағытылған костюм» қимылдары жатады.

«Жайылған қолдар» әңгімелесушінің сізге қарай алақанын жоғары қаратып, қолын созуынан тұрады.

Бұл қимыл көбіне балдарда байқалады. Олар өздерінің жетістіктерімен мақтанғысы келсе,қолдарын ашық көрсетеді. Ал олар өздерінің кінәсын сезген кезде қолдарын артқа немесе қалтасына тығады.

«Жайылған қолдар» қарым-қатынас орнату тілегін білдіреді. Бұл қимылды тереңнен бастау керек,яғни қарын тұсынан бастап қолды жоғары көтеру керек.

«Ағытылған костюм» бұл да жайдары қимылды білдіреді. Сізге жақын және жақсы қарым-қатынастағы адамдар жиі осылай істейді,тіпті костюмін шешіп қояды. Тәжірибе көрсеткендей,ағытылмаған костюмге қарағанда,мұндай қимыл жиі өзара келісімге алып келеді.

Ұтымды шешім қабылдаған адам әдетте автоматты түрде қол алысып,костюмінің түймелерін ағытады.

Қорғаныс ымдары мен қимылдары әңгімелесушінің қауіп-қатерін сезген кезде байқалады. Мұндай қимылға кең тараған - көкірек тұсында тоғысқан (скрещенный) қолдардың белгісі жатады.

Жай тоғысқан қолдар – бұл әңгімелесушінің қорғанысын немесе негативті жағдайын білдіреді. Мұндай жағдайда сіз өзіңіздің не істеп жатқаныңызды немесе не айтып жатқаныңызды қайта қарап шығуыңыз керек. Әйтпесе әңгімелесуші әңгімені ары қарай талқылаудан кетіп қалады. Сонымен қатар бұл қимыл сол жердеотырған адамдарға да әсер ететінін ескеру керек. Қолдарын жұдырықтаса – бұл оның дұшпандығын немесе шабуылдық позициясын білдіреді. Мұндай жағдайда өз ойыңызды және қимылыңызды тездетіп,әңгімелесушіге өз үлгіңізді ұсынуыңыз керек. Бұл да көмектеспесе,әңгіме тақырыбын тездетіп өзгерту керек.

Ойлану және баға беру қимылдары – ойлану жағдайын немесе мәселені шешуге ұмтылысын білдіреді.

«Кеңсірікті сипалау» - ойларын жинақтау мен терең ойлануды білдіреді.

Әңгімелесуші шешім қабылдау кезінде иегін сипалайды. Ал шешім қабылдап болған соң қимылын бірден тоқтатады.

Әңгімелесуші қолдарын бетке қойып,иектерін алақанға сүйесе,ал сұқ саусақтарын жағына қарай созса,онда ол сіздің пікірлеріңізбен толықтай келісіп отырғанын білдіреді.

«Күдік пен сенімсіздіктің» қимылдары әдетте,сұқ саусағымен құлақтың тұсын сипалағанда байқалады. Мұрынды ұстау немесе оны жай сипап өту – сенімсіздіктің белгісі. Серіктесіңіз сіздің сұрағыңызға жауап беруге қиналса, ол сұқ саусағымен мұрнын сипай бастайды. Бірақ мұны дұрыс түсіну қажет,себебі кейде шын мәнісінде мұрынды ұстауға тура келеді.

Егер әңгіме барысында серіктесіңіз қабақтарын түсірсе – бұл сіздің әңгімеңіздің қызық емес екендігін білдіреді немесе сіз оны әбден жалықтырдыңыз,тағы бір мағынасы – ол өзін сіздің алдыңызда басым екендігін білдіргісі келгені. Егер сіз осындай көзқарасты байқасаңыз,әңгімеңіздің сәтті аяқталуы үшін бірнәрсені өзгерту керектігін ескеріңіз.

«Құлақты сипалау» - айтылып отырған сөздерді тыңдағысы келмегенін білдіреді. Тағы бір мағынасы,құлақты сипалау немесе құлақтың сырғалығын ұстау – әбден тыңдап болғанын,енді өз пікірін айтқысы келгенін білдіреді

Егер шын мәнісінде әңгімелесуші жиналысты тезірек бітіргісі келсе,байқатпай есік жаққа бұрылады немесе беттейді. Дененің бұрылысы немесе аяқтардың қимылы оның тез кету керектігін білдіреді. Сондай-ақ көзілдірікті шешіп,оны бұрышқа қойса,бұл да тезірек кеткісі келгенін білдіреді. Мұндай жағдайда әңгімені қызықты ету керек немесе кетуге мүмкіндік беру керек. Ал егер сол қалпыңызда жалғастырсаңыз,қажетті нәтижеге ие бола алмайсыз.

Уақытты созу ниетімен жасалған қимылдар әдетте көзілдірікпен байланысты. Әңгімелесуші қорытынды шешім қабылдау үшін,уақытты созуда мынадай қимылдарды қолданады: көзілдірікті жиі шешу немесе тағу,көзілдірік әйнектерін сүрту.

«Жайғасу» қимылы – асықпаудың белгісі.көпшілік серіктестер қиын мәселелерді шешу үшін немесе қиын шешімдер қабылдау үшін уақыт созу мақсатымен осы қимылдарды орындайды. Бұл өте позитивті қимыл.

Қолдарын айқастырып,көкірек тұсына қойса–өзіне деген сенімділікті,басқа адамдар алдындағы басымдығын көрсеткісі келгенін білдіреді.

Әңгімелесушінің қимылдарын қайталау – жақсы қарым-қатынас тәсілі болып табылады. Егер сіз онымен келісетініңізді білдіргіңіз келсе,оның қимылдарын қайталаңыз. Алайда бұл оның ызасына тимеу керек.

Психологтар дәлелдегендей,адам жабырқаулы кезде саусақтарын ерніне қояды екен. Ал егер ерінді қолмен жапса,бұл – алдаушылықты білдіреді. Еріндегі саусақтар – ішкі қолдаушылықты,мақұлдауды қажет ететінін білдіреді. Сондықтан мұндай қимылды байқағанда,серіктесіңізді демеу керек немесе кепілдіктермен куәландыру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. «Жайылған қолдар» қимылын көрсетіңіз және сипаттама беріңіз.

2. «Күдік пен сенімсіздіктің» қимылын көрсетіңіз және сипаттама беріңіз.

3. «Жайғасу» қимылы» қимылын көрсетіңіз және сипаттама беріңіз.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция №8. Іскерлік әңгіме тәжірибесіндегі вербальді емес әдістер | Костюмді кию ережесі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-01-15; Просмотров: 819; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.