Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 21 страница




Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты біржақты міндеттеуші шарттар болып табылады, себебі олар бойынша тек бір тарапта ғана- кепілшіде немесе кепіл болушыда міндет туындайды, ал несие берушіде тек құқық болады, онда міндет болмайды. Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты консенсуалдық болып табылады. Құқықтар мен міндеттер шарттың тараптары арасында келісімге қол жетіп, шарт тиісті формада ресімделгеннен кейін туындайды, және міндеттемелер мен шарттарды орындау туралы жалпы ережеге сәйкес, кепіл болушылық шарты мен кепілдік шартының, заңнамада немесе шартта көзделген жағдайлардан басқа реттерде бұзылуы немесе біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін емес. Егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартында оны біржақты өзгерту немесе бұзу мүмкіндігі көзделмесе, кепілші немесе кепіл болушы өзі берген кепілдікті немесе кепіл болушылықты қайтарып алуға құқылы емес. Біржақты міндеттейтін шарттар ретіндегі және несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушы арасындағы келісім ретіндегі кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының мәнінен олардың ақысыздығы туындайды. Ал шарт бостандығының азаматтық-құқықтық принципінің өзінен тараптардың келісімінен кепіл болушылық шартында немесе кепілдік шартында ақылы болу жағы көзделуі мүмкін. Кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ақысыздығы кепілші немесе кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойынша борышкердің арасындағы өзара қатынасқа еш әсер етпейді, ол қатынас кепілдік шартының немесе кепіл болушылық шартының әрекет аясынан тысқара қалады, сондықтан ол ақылы негізде орнауы мүмкін. Мысалы, банк өз клиенті үшін кепілдік немесе кепіл болушылық бергенде белгілі бір төлем болуы мүмкін.

Заңнамада бекітілген кепілдіктерді қолданудың мысалы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін атауға болады, оларды қолданудың тәртібі, беру шарттары, формасы мен мазмұнынына қойылатын талап, орындау тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Заңында бекітілген.

Кепілдік және кепіл болушылық туралы келісімнің формасы. Кепіл болушылық және кепілдік шарттары жазбаша формада жасалуы тиіс. Сол жазбаша форманы сақтамау ол шарттарды заңсыз деп тануға әкеледі, себебі мұндай салдар заңнамада тікелей көрсетілген. Кепілшінің немесе кепіл болушының борышкердің несие берушісіне жазбаша оферта жіберуі және қажетті қалыпты уақыт аралығында несие берушінің кепілдік қабылдаудан бас тартуының болмауы тиісті жазбаша формада жасалумен теңестіріледі. Бұл ретте несие берушінің жауап үшін қажетті уақыт бойы "үндемеуі" оның келіскендігі деп саналады.

Кепілші мен кепіл болушының жауапкершілігінің шектері. Жалпы ереже бойынша кепілші несие беруші алдында борышкердің барлық жауапкершілігін,оның ішінде борышкердің негізгі міндеттемені орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін де көтереді.Сонымен қатар шартта кепілшінің жауапкершілігінің шегі мен мөлшерін анықтаудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Сол себепті кепілшінің жауапкершілігінің шектері, көбіне, кепілдік шартындағы жағдайларға байланысты.Атап айтқанда, кепілдік шартында негізгі міндеттемені толықтай емес, жарым- жартылай қамтамасыз ету көзделуі мүмкін және тиісінше кепілшінің негізгі міндеттемені орындау және залалды өтеу жөніндегі міндеттемесі сонымен шектелуі мүмкін. Мысалы, егер кепілші борышкердің несие беруші алдындағы міндеттемесін жартылай орындауға несие беруші алдында міндеттенсе, онда борышкер несие беруші алдындағы міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілшінің жауапкершілігі борышкердің несие беруші алдындағы барлық міндеттемелерінің сомасының жартысымен шектеледі. Кепілдік шартында, сонымен қатар, борышкердің негізгі міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеуіне қатысты кепілшінің жауаптылығының басқа тәртібі кепілшінің залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін кепілдік шартының талаптарымен шектеу арқылы белгіленуі мүмкін. Мысалы, кепілдік шартында негізгі міндеттеменің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы себепті несие берушіге келген шығынды борышкердің өтеуі жөнінде кепілшінің жауап бермейтіндігі, немесе кепілші негізгі міндеттемеде көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге, сот шығындарын төлеуге және т.б.жауап бермейді деп көзделуі мүмкін. Егер кепілдік шартында кепілші мен борышкердің шығындарды және несие берушінің басқа залалдарын өтеудегі теңдей жауапкершіліктері туралы жалпы ереже қолданылады. Кепілшіге қарағанда кепіл болушы, жалпы ереже бойынша, несие беруші алдында, кепіл болушылық шартында көрсетілген шектерде шектеулі жауапкершілік көтереді. Кепіл болушылық шартында кепіл болушының жауапкершілігінің өзгедей шектері көзделуі мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық арқылы кепіл болушының мынадай жауапкершіліктері көзделуі мүмкін: кепіл болушылық сомасынан асатын; борышкердің негізгі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы себепті келген залалды өтеу жөніндегі;несие берушінің сот және өзге шығындарын өтеу жөніндегі және т.б. Кепіл болушылық шартының жағдайларына кепіл болушының кепіл болушылықта көрсетілген сомадан артық жауапкершілігі туралы ережелер болмаған ретте, кепіл болушының шектеулі жауапкершілігі туралы жалпы ереже қолданылады. Кепілдік пен кепіл болушылықты орындаудың салдарлары. Жалпы ереже бойынша, кепілші міндеттемені орындағанда осы міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Жаңа несие берушіге айналған кепілшінің құқығының көлемі жаңа несие берушіге құқықтың өтуі туралы ережеден туындайды, оған сәйкес алғашқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге, егер заң актілерінде немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, борышкер үшін кепілші міндеттемені орындай бастаған кезде қандай болса сол көлемде және сол жағдайда ауысады. Осыған сәйкес, міндеттеме орындаған кепілшіге міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар да, оның ішінде алғашқы несие берушінің кепіл бойынша құқығы, егер ол кепілмен де негізгі міндеттеме қамтамасыз етілген болса, орындалған міндеттеменің көлемінде және кепіл туралы шарт бойынша құқықтан бас тарту үшін көзделген ерекшеліктер ескеріліп, өтеді.

Кепілшінің, жаңа несие беруші ретінде борышкерге қоятын талаптарынан басқа, жалпы ереже бойынша, борышкер үшін жауапкершілікпен байланысты өзі тартқан шығынды толық көлемде, оның ішінде ақша қаражатын негізгі міндеттемені орындау үшін жаратумен байланысты шығындарды, АК-ның 353-бабына сәйкес өндіртіп алуға құқығы бар.

Кепілші негізгі міндеттемені орындаған жағдайда, несие беруші оған борышкерге қойылатын талаптарды растайтың құжаттар тапсыруға (мысалы, егер заемды ол ресімдесе-вексель, т.б.) және егер ондай бар болса-сол талапты қамтамасыз ететін құқықты (мысалы, егер негізгі міндеттеме кепілмен де қамтамасыз етілген-кепіл шарты бойынша құқықтан бас тарту, ипотекалық куәлікті беру және т.б.) беруге міндетті. Несие беруші бұл баптың ережелерін орындамаған жағдайда кепілші несие берушіні мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгіне алады. Міндеттемелерін орындаған кепілші мен кепіл болушының құқықтарында, негізінен, айырмашылық жоқ.. Екеуі де, несие беруші алдындағы борышкердің міндеттемесін орындағанда теңдей құқыққа ие болады. Кепілші мен кепіл болушының қамтамасыз етілетін міндеттемені орындауға байланысты туындаған регрестік талаптарына талап көнелігінің жалпы мерзімі таралады, ол кепіл болушылықты немесе кепілдікті орындау кезінен басталады.

Борышкер негізгі міндеттемені қанағаттандырғаннан кейін кепілші тарапынан несие берушіге қабаттасып (қайталады) орындау орын алмас үшін, борышкер міндеттеменің орындалғандығын кепіл болушыға немесе кепілшіге тез хабарлауға міндетті.

Егер кепілші немесе кепіл болушы борышкерден міндеттеменің орындалғаны туралы хабарлама алғанға дейін қабаттасып (қайталап) орындап, орындалғанды борышкерден регрестік талап бойынша өндіріп алса, онда борышкер, өз кезегінде, несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға құқылы. Несие беруші міндеттеменің қабаттасып (қайтара) орындалғанын қабылдауға тиіс емес. Қабылдаған жағдайда ол негізсіз байығаны үшін жауап береді. Несие беруші міндеттеменің қабаттасып (қайтара) орындалуын қабылдаған ретте ол негізсіз алынған мүлікті, оны кімнің есебінен алса соған қайтару жөнінде барлық қажетті шаралар қолдануы тиіс.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтауы. Кепілдік пен кепіл болушылық негізгі міндеттемеге қосымша (акцессорлық) міндеттеме болып келеді, олар өздері қамтамасыз ететін міндеттеме тоқтағанда тоқтайды, бұл ретте кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме қандай негізбен:тиісінше орындалғандықтан, есепке алынғандықтан және т.б. себептермен тоқтағанының маныздылығы жоқ. Кепілдік немесе кепіл болушылық, өздері қамтамасыз ететін міндеттемені орындау мерзімі келгенде борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынысы тиісінше орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса да тоқтайды, ол несие берушінің мерзімінің өткендігі үшін жауапкершілігі туралы жалпы ережеден туындайды. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі міндеттемені және борышкердің оны тиісінше орындау жөніндегі міндеттемесін тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындау қабылдаудан бас тартуы кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтады, бұл мерзімнің өтуіне жол берген несие беруші үшін өзінше санкция болады. Бұл ереженің мәнісі - кепілдікпен кепіл болушылықтың бұл жағдайда өздеріне бөлінген мерзімдер өтпей-ақ тоқтайтындығында. Тіптен, мерзім оларда белгіленбесе де.

Кепілдік немесе кепіл болушылық шартта көрсетіліп оларға берілген мерзім өткен бойда тоқтайды. Бұл ереженің практикалық маңызы зор, себебі кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың аяқталуы мерзімі шартта тікелей көрсетілген болса, онда ол кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың мерзімі негізі міндеттеменің әрекет ету мерзімінен ұзақ болуы мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық бойынша бұл мерзім борышкердің негізгі міндеттеме бойынша талаптарды орындауы үшін несие берушіні ақылға қонымды шаралар қабылдануына қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін, атап айтқанда, кері талапты есепке алу және өндіріп алуды белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай несие берушінің кепілдікті орындау туралы талап қою мерзімі борышкердің міндеттемені орындау мерзімінің негізгі шартта көзделген кезінен бастап кепілдік берген мерзім өткенге дейінгі уақыт аралығымен, ал кепіл болушылық бойынша борышкердің талаптарды қанағаттандыруына қажетті шараларды несие берушінің қабылдауын және оның бұл талаптардың толық орындалуы мүмкін еместігі кезінен бастап кепіл болушылық берілген мерзім аяқталғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Несие беруші белгіленген тәртіпте осы уақыт аралығында кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша міндеттемені орындау туралы талап қойса және оны кепілші немесе кепіл болушы орындамаса, несие беруші жалпы негіздерде сот арқылы қорғануға құқылы, бұл ретте талап көнелігінің жалпы 3 жылдық мерзімі қолданылады.

Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын міндеттеме сияқты, жалпы ереже бойынша жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі міндеттеменің мәнімен туындайтын болмаса. Егер кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ең жоғарғы мерзімі белгіленбеген болса, онда ол кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімі келген кезден бір жыл өткенше несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса тоқтайды. Егер негізгі міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмеген болса және анықтау мүмкін болмаса немесе шартпен, талап кезінен анықталған болса, кепілдік немесе кепіл болушылық, жалпы ереже бойынша, егер кепілдік немесе кепіл болушылық шарттың жасаған күнінен бастап 2 жыл ішінде несие беруші кепілге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды.Заң актілеріне сәйкес кепілдікті немесе кепіл болушылықты мезгілсіз тоқтатудың өзге де жағдайлары белгіленуі де мүмкін. Бұл ережелерде белгіленген мерзімдердің өтуі сот арқылы қорғану құқығы тоқтатып ғана қоймайды, сонымен қоса кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады. Сондықтан, бұл көрсетілген тиым салушылық рөл атқарады, талап қою мерзімін қалпына келтіру ережесі оларға қолданылуы тиіс емес.

6. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық – құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүлікті айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.

Міндеттемені бұзғандық үшін – жауаптылық мынадай формада болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын өтеу; кепілпұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережесіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдік залалдың орнын толтыру және т.б.

 

18- тақырып. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.

Жоспар:

  1. Азаматтық құқықтық жауаптылықтың түсінігі.
  2. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылықтың формасы.
  3. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық түрлері.

1. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, бір жағынан заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, тағы да, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бір түріне жатады, ол субъективтік азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттерді немесе оған тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтік азаматтық құқықтарды қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.

Заңдық жауапкершіліктің түрі бола тұрып, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік, сөзсіз, қандай да бір теріс салдарды құқық бұзушыға жүктеу болып табылады. Сонымен қатар, міндеттемені бұзғандық үшін жұмыс жасау, қызмет көрсету, ақша сомасын төлеу жөніндегі қосымша міндеттемемен, не мүлікке қандай да бір құқықтан айыру түріндегі белгілі бір қосымша мүліктік айырумен сипатталады, ол тікелей қолайсыз мүліктік салдарларға алып келеді. Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық, кез-келген азаматтық-құқықтық жауапкершілік сияқты, әрқашанда мемлекеттік мәжбүрлеумен немесе сондай мәжбүрлеумен қорқыту арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан, міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті міндеттемелік азаматтық құқықты бұзушыға қосымша азаматтық-құқықтық міндет жүктеу немесе оны, өзіне тиесілі азаматтық құқықтан айыру түрінде, мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген қосымша мүліктік айырулар жүктеу деп анықтауға болады. Жауапкершілік қолданудың АК-нын 349-бабында бекімін тапқан негізі деп міндеттеменің борышкердің міндетіне жататын кез келген шартын, атап айтқанда, орындау уақытын, орнын, тәсілін, санын, сапасын, тауарлардың ассортиментін, жинақтылығын және т.б. оның бұзуын түсіну керек. Көлемі, маңыздылық дәрижесі және құқықтық салдары бойынша алғанда міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; міндеттемені тиісінше орындамау, яғни міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.

Міндеттемені борышкердің тікелей өзінің орындауы елеулі жағдайларға жататын не ондай орындау заңнама талаптарынан туындайтын (императивтік талап) жағдайларда орындаушының алмасуыда міндеттемені бұзғандық болып табылады, ол да жауапкершілік шараларын қолдануға негіз болып табылады. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік ұғымы туралы мәселені қарағанда жауапкершілікпен негізгі міндеттеменің ара қатынасы проблемасында айналып өтуге болады. Жауапкершілікті жүктеу субъективтік азаматтық құқықты бұзумен байланысты екендігіне қарамастан азаматтық құқықтық жауапкершілік сырттай бұзылғаннан бөлек ерекше міндеттеме болып көрінеді. Әңгіме салыстырмалы құқықтардың бұзылуы болған жағдайда, оларға міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтар жатады, жауапкершілік борышкерге құқық бұзушылық жасауы нәтижесінде алғашқыдан туындайтын қайтара міндеттеме жүктейді. Өзінің заңдық мәні жағынан мұндай қайтара міндеттеме қорғаушы құқық қатынастарының өзінше бір түрі болып табылады және оның реттеуші құқықтық қатынастар тобына жататын алғашқы міндеттемеден айырсмашылығы осында. Сондықтан міндеттемелік құқықты бұзғандық үшін санкция қосымша азаматтық құқықтық міндеттемені білдіреді, оның ерекшелігі өзінің мүліктік сипатта болуында. Негізгі міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен туындайтын қосымша міндеттемені орындау ғана құқық бұзушыны қосымша мүліктік айыру салдарына әкеледі.

Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікке белгілі бір өзіндік ерекшеліктер ескерілген, азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы негізгі ережелер таралады, оларға – жауапкершіліктің болуының негіздері мен шарттары, сондай-ақ міндеттемелік құқықтарды қорғауға қолданылатын белгілі бір санкциялар құрамы бойынша ерекшелік жатады. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік және міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік шараларына жататын санкциялар туралы мәселені қарағанда міндеттемені бұзғандық үшін жауапкешілік жүктеу міндеттемелік субъективтік азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі ғана екенің ескеру керек. Бұл, қорғау, сонымен қатар, регулятивтік және ескерту тәсілдері мен де жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік құқық бұзушыға қосымша міндеттеме жүктеу түрінде болатындықтан міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтың формасы ретінде құқық бұзушуға артылатын қолайсыз мүліктік салдарлар түсініледі. Басқаша айтқанда, міндеттеме бұзғандық үшін азаматтық –құқықтық жауаптылық формасы, сырттай жауапкершіліктің көрінісі ретінде, құқық бұзушы белгілі бір қолайсыз шаралардың, міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық формаларына тән, онсыз болуы мүмкін емес сипатқа олардың қосымша мүліктік сипаты жатады.

Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-жауаптылық мынадай формада болады; шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепілпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу: қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәміле бойынша алынғанның бәрін мемлекет пайдасына тәркілеу; кепілге салынған мүлікке, сондай-ақ ұстап қалу ережксіне сәйкес ұстап қалынған мүлікке меншік құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілік формаларының бұл тізбесі толық емес. Борышкердің немесе үшінші жақтың құқық бұзуына негіз болған және құқық бұзушыға қосымша мүліктік айыруды жүктейтін кез келген айрықша қосымша міндеттеме міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтың формаларына жатады. Сонымен қатар, шығынды өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылытың бірден бір формасы болмаса да, неғұрлым көп таралған түрде жататындылығын атай кетелік.

Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтік азаматтық құқықты (міндеттемелік, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алмайды. Шығындар ұғымы және азаматтық құқықты қорғаудың шығындарды өтеу сияқты тәсілдерін азаматтық құқықты бұзудың барлық жағдайларында қолдану мүмкіншілігі АК-ның 9-бабының 4-тармағында көзделген. АК-ның 350-бабына сәйкес, өз міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттемені бұзушылықтан болған шығындарды өтеуге міндетті, яғни құқық берілген адамды шығынға отырғызған кез келген азаматтық құқық бұзушылықта шығындарды өтеуге жол берілген. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, міндеттемені бұзғандық үшін шығындарды өтеуге қатысты шығындардың толық өтеудің АК-ның 9-бабының 4-тармағында бекімін тапқан бас принциптері қолданылады. Шығындарды толық көлемде өндіртіп алу мүмкіндігін шектеу заң актілерінің нормаларында немесе шартта көзделген. Шығындарды толық өтеу принципі құқықтың бұзылуына байланысты несие берушіде туындаған нақты залалдың да, және жіберіп алынған пайданың да өтелуін көздейді.

Нақты залал дегеніміз өз құқығының бұзылуына байланысты нисие беруші жұмсаған шығындардың жиынтығы (яғни бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін есептелген шығындар), оған жоғалған немесе бүлінген мүліктерді қалпына келтіру шығындары да кіреді. Бұл ретте, нақты залалды өтегенде несие берушінің жұмсаған шығындары да, ол жұмсауы тиіс шығындар да есептелінеді. Несие берушінің құқығы бұзылмағанда ол дағдылы айналым жағдайында алуы мүмкін табыстың кемшілігі қолдан жіберіп алынған пайда деп түсініледі. Қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің оны алу үшін жүргізген шаралары да, сол табысты алу мақсатында жасалған дайындық жұмыстары да ескеріледі. АК-ның несие берушінің кінәсі туралы (364-бап) және несие берушінің мерзімді өткізіп алуы туралы (366-бап) нормалары ескеріліп, қолдан жіберіліп алған пайданың мөлшерін анықтағанда несие берушінің шығынының ұлғаюына әсер еткен кінәсінің де, несие берушінің мерзімді өткізіп алуының да мән жайы ескеріледі, олардың қолайсыз салдары, оның ішінде, шығындар да несие берушіге жүктеледі. Бұл ретте қолдан жіберіліп алынған пайданың мөлшері объективтік критерийлер негізінде және нақты құқық бұзушылықтың барлық мән жағдайлары ескеріліп анықталуға тиіс. Несие берушінің абстракталы ұсынған барлық мән жайлар ескерілген, борышкердің жауапкершілігінің азаюына себептігі тиетіні нақты нақты деректерге негізделген есептері назарға алынбайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-15; Просмотров: 556; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.