Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жанжалды жіктеу 8 страница




Іс жүзінде, осындай алдын ала анықтаудан кейін де аталмыш оқу орнында зерттеуді бастау әлі мүмкін емес. Өйткені, теориялық жағынан түсінікті ережелерді студенттерден бірден сұрауға болмайды. Мысалы, “оқыту әдісі қандай” деген сұраққа бір мағыналы жауапты қалай алуға болады? Сондықтан “оқыту әдісі” ұғымының мазмұнын оны “лекциялық-монологтық”, “лекциялық-диалогтық”, “проблемалық лекция” және т.б. сияқты құрамдас сәттеріне “бөлуге” тура келеді. Жалпы алғанда, ұғымдардың мазмұны әрбір респонденттің бір мағыналы түсінетін деңгейіне жеткен кезде, ұғымды операцииялық анықтау эмпирикалық түсініктемелеу деңгейіне жеткізілді деп айта аламыз. Сонда зерттелетін өмір сәттерінің мәні мен мазмұны социологтар түсінетіндей мағынада әркімге түсінікті болады.

Алайда оқыту әдісінің әрбір көрсетілген аспектісі тәжірибе жүзінде әр түрлі дәрежеде көрініс беруі мүмкін. Мысалы, студент мына лектор өзінің лекциясын “лекциялық-диалогтық” әдісте оқиды деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл белгі аталмыш оқытушыға “өте күшті емес”, жәй ғана “күшті” дәрежеде тән. Респондент пікіріндегі тіпті осындай кішкене өзгешілікті дәл тіркеу үшін өлшемнің дәл шамасын жасау қажет. Өлшем шамалары шамамен былайша құрылады: “өте күшті - күшті - орташа - әлсіз - өте әлсіз” - “бағалай алмаймын” немесе “өте жиі - жиі - орташа - сирек - өте сирек - бағалай алмаймын” немесе “өте жоғары - жоғары - орташа - төмен - өте төмен - бағалай алмаймын” және т.с.с.

Бұл деңгейде студенттердің оқытушы мен студент арасындағы өзара қарым-қатынасының лекция сияқты ерекше формасы арқылы орын алатын оқыту әдісінің жүзеге асырылуының сапасы туралы түсінігіндегі оқу орнындағы білім беру жөніндегі габитус мазмұнының құлдырауы жүреді.

Алдын ала операциялық анықталған ұғымның мазмұны, сөйтіп өзінің барынша айқындалған өлшем шамасымен бірге эмпирикалық түсініктемелеуге ие болады. Социологиялық зертеудің болашақ құралдары (әдістері) өлшемдерінің жасалуының осы кезеңі бағдарламада өзгермеліліктің немесе өлшем шамасының (бірлігінің) орнауы деп аталады. Олар өлшенетін әлеуметтік құбылыстардың индикаторларына айналады.

Бағдарламада ұқсас негізде тиісті ұғымдар мен логикалық тұжырымдардың эмпирикалық түсініктемелеулері арқылы зерттеудің пәндік-объектілік саласының барлық жақтары ретімен орналасады. Мұндай алдын ала логикалық-методологиялық жете ұғыну аяқталған соң социологтар алдында зерттеу объектісінің жүйесі мен құрылымының логикалық үлгісі көрініс береді. Сол кезде далалық жағдайда, яғни социологиялық эмпирикалық зерттеу, өлшем жүргізілетін нақтылы әлеуметтік ортаға шығу алдында болатын құбылыстың өзгеше “картасы” көріне бастайды. Социологиялық зерттеу бағдарламасының жасалуының мұндай кезеңі проблемалық жағдайдың “логикалық үлгісін” құру деп аталады. Зерттеу бағдарламасын құрудың осы кезеңін орындай отырып, социологтар барынша өзінің білімі мен тәжірибесін пайдаланады. Осындай жұмыс барысында аталмыш социологиялық зерттеудің тұжырымдамасы қалыптасады.

4. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әрбір проблемалық жағдайдың екі белгілі және белгісіз жақтары бар. Егер зерттелетін жағдайдың барлық белгілі жақтары операциялық анықталған ұғымдар жүйесіне және көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемелеуіне, сондай-ақ олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары түрінде белгіленеді. Яғни, болжамдар социологтың білімі мен тәжірибесі негізінде құрылатын және проблеманы шешуге бағытталатын болжамдар болып табылады. Бірақ зерттеу басында ешкім осы болжамдардың ақиқат екенін айта алмайды.

Социологиялық зерттеулердегі болжамдар ақиқат “жатқан жақты” көрсететіндей бағдар беруші рөлін атқарады. Мұндай бағдарсыз қайсы бір жаққа жылжу мүмкін емес. Сонымен, жалпы зерттеу белгіліден белгісізге қарай жүреді, ал болжамдар олардың арасындағы өзінше бір “көпірлер-бағдарлар” болып табылады. Алдын ала айқындалған, бір мағыналы анықталған, эмпирикалық түсініктемеленген ұғымдар, көрсеткіштер, шамалар бұл аспектіде осы “көпірдің” “құрылыс материалдары” ретінде қызмет етеді.

Болжамдардың маңыздылығы мынада, олар көрсеткіштер мен индикаторлардың бүкіл жүйесін белгілі бір түрде құруға көмектеседі, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді өңдеуді белгілі бір тәртіппен бағыттайды, оларды социологиялық зерттеудің қойылған мақсаттарына қызмет етуге бағындырады. Сонымен, бүкіл зерттеудің мақсатына жетуді қамтамасыз ететін бастапқыда қойылған міндеттер аяқталады.

Болжамдар негізгі және екінші дәрежедегі, сапалы немесе сандық, сипаттамалық немесе түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 1) олар теория мен ғылымның белгілі, тексерілген заңдарына қайшы келмеуі тиіс; 2) оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай құрастыру қажет.

5. Социологиялық зерттеу жоспары оның ұйымдастыру негізін білдіреді. Оларға мынадай уақыт және жұмыс кезеңдері жатады:

зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы;

тақырыптың мәніне, зерттеу объектісінің проблемасы мен табиғатына қатысты әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу;

алғашқы бақылау, тәжірибелі сарапшылармен сұхбат жүргізу, алғашқы құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы;

негізгі зерттеуді жүргізу;

алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру;

Әдебиеттерде социологиялық зерттеу жоспарларын жіктеудің өзге де түрлері бар. Оларда, атап айтқанда, жоспар-барлау немесе формулятивті жоспар, сипаттамалық немесе дескриптивті жоспар, эксперименттік-тәжірибелік жоспар, талдамалық-эксперименттік жоспар, қайталау-салыстыру зерттеу жоспары сияқты түрлері келтіріледі. Социологиялық зерттеу жоспарларының осы түрлері, біздің ойымызша, олар бір тақырып бойынша және бір проблеманы шешумен байланысты жүргізілуіне қарамастан, зерттеудің мүлдем әр түрлі типінің жоспарлары болып табылады. Социологиялық зерттеудің мұндай көп кезеңдік типін, біздің білуімізше, академиялық мүмкіндіктер негізінде көп жылдар аралығында және үлкен зерттеу топтарымен жүргізуге болады. Ал көпшілік жағдайда, зерттеудің мұндай кезеңдерін немесе жоспарларын бір ғана социологиялық зерттеу шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес. Зерттеудің осы тым бөлшектенген кезеңдерін, мүмкін болғанша, бір зерттеу барысында ескеруге тырысу, ол басқа жағдай.

Социологиялық зерттеу жоспарының ерекше бөлімдеріне мыналар жатады:

а) белгілі бір уақыт аралығында оның әр түрлі кезеңдерінің орындалуының жұмыс жоспар-кестесі: әдебиеттерді зерттеуге және бағдарламаның өзін құруға қажетті уақыт; зерттеу құралының алғашқы нұсқаларын жасау және сапасын тексеру (пилотаждық зерттеу); далалық зерттеудің негізгі кезеңі; алғашқы эмпирикалық мәліметтерді өңдеуге және есеп жасауға қажет уақыт;

ә) штаттың еңбек ақысын төлеуді қаржылық-сметалық жоспарлау; қызмет бабындағы тапсырмаға бөлінген ақша мен транспорт шығындары; материалдарды көбейтуге, қажетті құрал-жабдықтарды алуға, өңдеу бағдарламасын және эмпирикалық мәліметтердің алғашқы бөлігін өңдеуге, есеп жасауға, жергілікті мамандармен зерттеу қорытындыларын ұжымдық түрде талқылауға, материалдарды сақтауға және т.с.с. жұмсалатын шығындар.

Социологиялық зерттеудің жетілген бағдарламасына (В.А.Ядов) қойылатын талаптар жалпы алғанда, айтарлықтай бұрыннан жасалынған және оны барлығы бірыңғай деп мақұлдаған. Оларға оның сапаларына қажеттілік, эксплициттілік, логикалық жүйелілік, икемділік сияқты талаптарының сақталынуы жатады. Бағдарламаның қажеттілігі сенімді түрде оның орындылығы, ғылым, сол сияқты тәжірибе үшін жүзеге асырылуының объективті қажеттілігі көрінетін тақырыпты негіздеудің, бағдарламаны анықтаудың және т.б. бүкіл мәтінінен көрінуі тиіс. Бағдарламаның эксплициттілігі барлық құрамдас сәттерінің өзара дәйектілігінен көрініс береді. Егер бағдарлама құрылымында эксплициттілік бар болса, онда зерттеудің қатысушылары зерттеудегі рөлдері мен орнын анық әрі айқын біледі. Бағдарлама құрылымының дәйектілігі бағдарламаның құрамдас бөліктерінің айқын өзара түсініктемелеуінен, байланыстылығынан тұрады. Бағдарламаның икемділігі оның жүйелілігі арқылы көрінеді. Яғни, бағдарламаның бір бөлігіне өзгеріс енгізілсе, онда ол оның басқа бөліктерінде көрініс береді және соңғылары аса қиындықсыз бейімделе бастайды.

Осы тараудың басында берілген бағдарлама құрылымының 6 және 7 тармақтары бүкіл социологиялық зерттеудің дербес және тыңғылықты бөліктері болғандықтан, олар осы бөлімнің келесі жеке тараулары ретінде көрсетілген.

Жалпы алғанда, егер бүкіл бағдарламаның мағыналық құрылысын бейнелі түрде қысқаша қайталасақ, онда бүкіл бағдарламаны симфониялық шығарманың партитурасымен салыстыруға болады, бұл жерде проблема - баршаның, тәжірибешілердің де, орындаушылардың да назарын өзіне аудартатын аккордтық кіріспе; зерттеудің мақсаты мен болжамдары - қайталанып, бейімделіп, зерттеудің тұтастығы мен аяқталуына әкелетін арқаулар; операциялық ұғымдар - әрқайсысы керек уақытта және қажетті рөлдерде әрекетке кірісетін оркестрдің жекелеген құралдарының бір бөлігі; эмпирикалық түсініктемелеулер - нақтылау, зерттеуші мен респондент арасындағы өзара түсінуінде қажет ететін байланысты қамтамасыз етіп, барша үшін түсінікті болатын орындаудың жеке эпизодтарына ырғақ пен бейімділік беру.

Социологиялық зерттеудің іріктеуін құрау.

Іріктеу жиынтығы

 

Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

Жиынтық - оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы.

Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

Мысал:“N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады (8).

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-22; Просмотров: 499; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.