Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сипатты есептеу




Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол “қайталанған” респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:“N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

 

ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ

пәні бойынша семинат сабақтарының жоспары

Тақырып 1

1.Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2.Әлеуметтанудың категориялары, заңдары мен қызметі.

3. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

 

Тақырып 2

1.Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.

2.Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:

А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;

ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.

Тақырып 3

1.Қоғам және оның мәні.

2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

3.Қоғамдардың жіктелуі.

Тақырып 4

1.Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні

2.Әлеуметтік мобильділік түсінігі және оның түрлері.

3.Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильділіктің даму деңгейлері

Тақырып 5

1.Институттану процесі және институттардың дамуы

2.Әлеуметтік институттардың функциясы және ерекшеліктері.

Тақырып 6

1.З.Фрейд теориясындағы жасөспірімдік тұлғаның даму ерекшеліктері.

2. Э.Эриксон бойынша тұлғаның дамуындағы өмірлік жолдың фазалары.

 

Тақырып 7

1.Э.Дюркгеймнің аномия немесе қоғамдағы дезорганизация жағдайын талдау.

2. Р. Мертонның ауытқушылық мінез-құлық типологиясы.

3. Т.Селлиннің мәдениеттің конфликт теориясы.

4. Э.Фромм әлеуметтік сипат және адамдық деструктивтік туралы.

 

Тақырып 8

1.Неке мен отбасының эволюциялық өзгеруі.

2. Некенің формалары.

3. Отбасының функциялары.

Тақырып 9

Тақырып 10

Тақырып 11

Тақырып 12

Тақырып 13

Тақырып 14

Тақырып 15

 

Жұмыс оқу жоспарын дайындаған (Ф.А.Ж., ғыл.атағы)

Кафедрасы отырысында талқыланды

Каф.меңгерушісі _______________ А.Т. Забирова

«______»_______________________20__ж.

Әдістемелік комиссиямен мақұлданды

Төрағасы ______________________ Н.П. Албытова

«______»_______________________20__ж.

Кафедрада келісілді

Каф.меңгерушісі_______________ А.Т. Забирова

«______»_______________________20__ж.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-10-22; Просмотров: 708; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.015 сек.