КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Курс бойынша талаптар
Дәрістік сабаққа міндетті түрде қатысу. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес лабораториялық жұмыстарды өз уақытында тапсыру. Лабораториялық жұмыстарды тапсыру төмендегілерді қарастырады: - программаның жұмысын ұйымдастыру және лабораториялық жұмыстың тақырыбының мағынасына қарай сұрақтарға жауап беру; - лабораториялық жұмысты қорғау. Практикалық сабақтарды оқытушының нұсқауы бойынша және өзіндік жұмыс түрінде орындау. Күнтізбелік кестеде бір шектік бақылау жұмысы – жазбаша бақылау жұмысы және тестілік формадағы қорытынды емтихан қарастырылады. Сабақ басталмас бұрын ұсынылған әдебиетті қарап шығу және үйрену қажет. - Сабаққа күнделікті қатысу, кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау. Денсаулығына байланысты босатса, анықтамасын көрсету; - Үй тапсырмасын орындау, сабаққа дайындықпен келу, оқу прцесіне белсене қатысу; - Ұқыпты тиянақты болу, оқытушының талаптарын тиянақты орындау; - Компьютерлік кабинетте техникалық қауіпсіздіктерді сақтау. - 1.3. КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
«Информатика» курсының мазмұны информатиканың негізгі ұғымдарынан және ақпараттық технологиялардан, ақпараттық ресурстармен басқару тәсілдерінен: ДК архитектурасынан, есептерді алгоритімдеуден, ақпараттық жүйелерде программалау негіздерінен тұрады. Негізгі назар ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктеріне және олардың дамуына; ЭЕМ-нің құрамын үйрену және дамуына, ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілер және оларды программалық жабдықтауға; ақпараттарды ұсыну және өңдеу, анализдеу әдістерін; есептерге алгоритм өңдеу әдістерін және ДК көмегімен есептер шешуге арналған программа таңдауға аударылады. Дербес компьютермен, операциялық жүйелермен, программалық қабықшалармен, мәтіндік редакторлармен, кестелік процестермен, деректер базасын басқару жүйесімен, қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуге; жергілікті компьютерлік желі, INTERNET ауқымды желі қызметін, корпоративті желі кызметін пайдалануға көп көңіль бөлінеді. Сондай-ақ бұл пәнді оқыту барысында компьютерлік жүйелердің және ақпараттық технологиялардың жиі ауысуын бағдарлау керек. Оқу процесінің жоғары эффектілігін қамтамасыз ету үшін, студент келесі ережелерді сақтауға міндетті: ∙ сабаққа кешікпеу; ∙ сабақ уақытысында сөйлеспеу; ∙ ұялы телефонды сөндіру; ∙ сабақты босатпау, ауырған жағдайда анықтамасын көрсету; ∙ үй тапсырмасын өз уақытында орындау; ∙ шыдамды, ақкөңіл болу; ∙ ұқыпты және тиянақты болу.
1.4. ОҚЫТУ ФАКТОРЫ Оқыту элементтері-дәрістер, іс-тәжірибелік сабақтар, МБСӨЖ, СӨЖ. Бақылау түрлері-келесі түрде қарастырылады: коллоквиумдар, компьютерлік тестілеу, іс-тәжірибелік жұмыстарын қабылдау. Әр кридит бойынша-рейтингілік жүйені қолдана отырып кезеңдік бақылау жүргізіледі. Қорытынды бақылау түрі-емтихан. 1.5. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ Барлық сұрақтар және тесттер дербес компьютерде «АСТ» тестілеу қабықшасының электрондық базасында орналасқан. Сұрақтардың электрондық базасы барлық тақырыптар бойынша 5 жауабы бар 500-ден аса сұрақтан тұрады. Жыл сайын сұрақтар жаңартылады.
2.1. ТЕОРИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ (бақылау түрі-коллоквиум) 1-ші кезеңдік бақылау
2-ші кезеңдік бақылау
21.Компьютерлік жүйеде ақпаратты қорғау-0,5 2.2 Іс-тәжірибелік жұмыстардың тақырыптары
2.3 Зертханалық жұмыстардың тақырыптары
2.4. СӨЖ-НА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
2.5. ОҚУШЫНЫҢ БАСҚАРУЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3. Білімді бағалау кестесі
3.1. ВСК 1 бойынша білімді бағалау кестесі (максимальды баға)
3.2. ВСК 2 бойынша білімді бағалау кестесі (максимальды баға)
Кезендік бақылау 8 және 15 апталарда өткізіледі.Кезендік бақылауды жүргізу 3.1 және 3.2 кестелерінде көрсетілген.Пән бойынша қорытынды бақылау түрі-емтихан.Емтихан компьютерде тест түрінде қабылданады. Студенттердің білімінің қорытынды бағасы білім аймағындағы Қазақстан Республикасының Орталық Орындау органының бұйрығымен бекітілген оқыту процесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарына және оқытудың кредиттік жүйесі бойынша білімді бағалауға сәйкес балдық, әріптік жүйеде бағаланады.
3.3 Студенттің пән бойынша білімнің қорытынды бағасының сызбасы
3.4. Студенттің пән бойынша қорытынды бағасының сызбасы
4. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Информатика. Базовый курс. Учебник для ВУЗов. Под ред.С.В. Симоновича.-СПб.:Питер, 2002-638 с. 2. Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Практическая информатика. –М.:ТЕХНОЛОДЖИ-3000, 2002 – 432с.
4.2. ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера ІBM-PC. Киев, 1997 г. 2. Фигурнов В.Э. ІBM-PC для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997 3. Левин И.Н. ПК для пользователей. Киев: Диалектика, 2000 г. 4. Д.Лоу Секреты WORD для WІNDOWS’ 95. Киев: Диалектика, 1999 5. Mіcrosoft Excel 97. Шаг за шагом: пер. с анг. – М.: Эконм,1998 г. 6. Лавренов С.М. Excel.Сборник примеров и задач. М:Финансы и статистика,2001г. 7. Золотова С.И. Практикум по Access, М.: Финансы и статистика, 2001 г. 8. Олифер. «Компьютерны сетиң, М: Финансы и статистика, 2001 г. 9. Биллинг В.А. VBA и Offіce 97.Офисное программирование. М.:”Channel Tradіng Ltdң, 1999г. 10. С.Спейнаур, В.Куэрсия. Справочник Web-мастера. – Киев, BNV, 1998 г. 11. С.Пек, С.Арратс. Web – сервер WebSіte. Киев, BNV, 1998 г. 12. К.Джамса, К.Коуп. Программирование для Іnternet в среде Wіndows. – Питер, 1996 г. 13. Httl: //www. Pіter – press.ru. 14. HTML с самого начала. – Питер, 1998 г. 15. Под редакцией С.В. Симоновича ИНФОРМАТИКА Базовый курс. Питер 2001 16. В.А.Острейковский Информатика «Высшая школа 1999. М. 17. А.П.Алексеев Информатика 2002. Москва 2002г. 18. Автоматизированные тесты по темам: операционная система MS-DOS, NC, архиваторы, компьютерные вирусы.АОС 21.“Студент” - операционная система MS-DOS 22.АОС “Архиваторы” 23 АОС «Компьютерные вирусың 24 Электронный учебник «База данных Access» 25 Электронный учебник «Excelң 26 Электронный учебник «Разработка Web- страниц» №1 лекция. Кіріспе. Информатика пәні. Есептеу техникасы мен ЭЕМ-нің даму тарихы. Компьютердің негізгі құрылғылары. Информатика – адамзат өмірінің кез-келген әрекет сфрасында кездесетін ақпараттарды жинақтау, іздеу, сақтау және пайдаанумен айналысатын жас ғылыми пән. Информатика ғылым ретінде ақпараттық процестермен байланысты жалпы заңдылықтарды зерттейді. Қазіргі заманғы информатиканы жеке ғылыми пәндерден тұратын бірнеше тарауларға бөлуге болады. · Шығармашылық информатика – математикалық логикаға сүйенеді және алгоритмдер теориясы, ақпараттар теориясы, кодтау теориясы т.б. бөлімдерді де қамтиды. · Есептеу техникасы – есептеу жүйесін құрудың жалпы негіздерін қамтитын бөлім. Бұл бөлім компьютер құрылғысының архитектурасын, яғни, функционалдық мүмкіндіктерін анықтайды. · Программалау – программалық жабдықтау жүйесімен байланысты. Негізгі бөлімдер: программалау – программалық жабдықтау жүйесін құру, қолданбалы программалық жабдықты құру. · Ақпараттық жүйелер – әртүрлі жүйелердегі ақпараттарды сараптайтын, олардың тиімді жолын қарастыратын, құрастыратын, ақпараттарды сақтайтын және іздейтін бөлім. · Жасанды интеллект –психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және асқа да ғылымдармен байланысатын бөлім. Бұл бөлімге – пікірлерді моделдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және т.б. жатады. Жүйелік блоктың ішкі құрылғысы. Аналық ақы (Материнская плата) – дербес компьютердің негізгі ақысы. Оның құрама бөліктері: þ процессор þ микропроцессорлық жинақ (чипсет) þ шиналар þ оперативті жады þ Процессор Процессорда (әдебиетте ол CPU деп аталады (central processing unit- орталық процессорлық құрылғы) арифметикалық және логикалық амалдар орындалады, және компьютердің барлық құрылғыларына жіберілетін басқару сигналдары қалыптастырылған. Дербес ЭЕМ-дердің процессорларының ішіндегі әлемдік бірінші орындағысы американдық Intel корпорациясы. Процессордың маңыздыдылығы оның тактілік жиілігінде, бұл шама микропроцессордың 1 секундта қанша қарапайым амалдарды – тактілерді орындайтынын көрсетеді. Тактілік жиілік мегагерцпен өлшенеді (МГц) (1 МГц=1секундта 1 млн. такті). Процессор жылдамдығы тактілік жиіліктің такті мөлшеріне қатынасына тең, яғни, 1 секундта орындалатын қарапайым амалдар (мысалы, қосу) санына тең. Микропроцессор. Микропроцессордың негізгі функциялары: ¨ ОЕСҚ (оперативті есте сақтау құрылғысы) командаларын таңдау. ¨ Командаларды кері кодтау (яғни, команда жұмыстарын анықтау, оны және амалдар орнын тауып орындау әдісі). ¨ Командаға кодталған амалдарды орындау. ¨ Ішкі регистр, оперативті жады және сыртқы құрылғылармен (периферийлік) арадағы ақпараттарды қайта жіберуді басқару. ¨ Ішкіпроцессорлық және программалық үзілістерді реттеу. ¨ Сыртқы құрылғылар сигналдарына жауап беру және сәйкес үзілістерді орындау. ¨ Компьютер құрамына енетін әртүрлі құрылғыларды басқару. Аз көлемді ақпараттарды сақтауға майысқақ магнитті дискілер (дискеттер) пайдаланылады, олар арнайы дискіорналасқышқа (дисковод) орналастырылады. Көлемі 3,5 дюйм болатын майысқақ магнитті дискілер 1980 жылдан бері шығарылады. Бір жақты кәдуілгі тығыздықтағы дискінің көлемі - 180 Кбайт, ал екі жақтысының көлемі - 360 Кбайт, ал, екі жақты екі есе тығыздықтағы дискі көлемі – 720 Кбайт. Қазіргі стандартты жоғарғы тығызықтағы дискілер - 3,5 дюйм. Олардың көлемі 1440 Кбайт және белгіленуі HD (high density – жоғарғы тығыздық). Компакт-дискілердің дискі орналастырғышы CD-ROM деп аталады. Ақпарат түсінігі және оны өңдеу әдістері. Информатикадағы берілгендер түсінігі. Ақпараттық технологиялар түсінігі және олардың даму тарихы. Халықаралық ақпараттық желілер. Ақпарат түсінігі Ақпарат хабар түрінде беріледі, белгілі бір форманы анықтайды. «Негізгі көзден» «алушыға» берілетін хабар қандай-да бір ортада беріледі, орта – «байланыс каналы» не «ақпарат тасымалдағыш» деп аталады. 1.1. – сурет. Ақпарат алмасу Сонымен, ақпарат дегеніміз – сыртқы дүниенің белгілермен және сигналдармен берілетін бейнесі. Ақпарат тасымалдағыш, бұл – жазуға не сақтауға арналған орта. Сигналдар арқылы хабар берілгенде ақпарат аналогты не сандық түрде болады. Компьютерде барлық ақпараттар аналогты түрден сандық түрге айналдырылады. Ақпарат келесі қасиеттерге ие: объективтілік, толықтық, шынайы түрде, адекватты түрде, жетуге ыңғайлы және актуальді. Берілгендермен жұмысты автоматтандаыу үшін олардың көрінісін біркелкі еткен дұрыс, бұл үшін – кодтау әдісі қолданылады. Есептеу техникасында екілік кодтау жүйесі бар, ол 0 және 1 сандарының тізбегіне негізделген: ағылшынша, binary digit немесе bit (бит). Ақпараттың өлшем бірліктері. Белгілі бір таңбаар жинағы екіншісіне түрлендіру кодтау немесе код деп аталады. Кері кодтау – декодирование деп аталады. Белгілі бір жиындағы таңбалар санын код ұзындығы деп атаймыз. Есептеу техникасында бір таңба үшін 0 мен 1 сегіз рет комбинацияланып кездеседі, яғни, бір таңбаға 8 ұяшық бөлінеді. Сегіз бит 1 байтты құрайды. Мысалы «.» былай кодталады:
Осылайша, 28=256 таңбаны кодтауға болады. Бұдан күрделі ақпарат өлшем бірліктері қолданылады: 1 Килобайт=1024 байт=210байт 1 Мегабайт=1024 Килобайт=220байт 1 Гигабайт=1024 Мегабайт=230байт 1 Терабайт=1024 Гигабайт=240байт 1 Петабайт=1024 Терабайт=250байт Ақпарат келесі қасиеттерге ие: шынайы, толық түрде, бағалы, жаңа түрде, түсінікті түрде, қысқаша және т.б.
Дата добавления: 2014-10-31; Просмотров: 994; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |