Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 12 страница




Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автокөлік, су және де авиациялық), сондай-ақ жеке меншік көлік пайдаланылады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.

Көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық (аудандық) ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комиссияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабарландыру үшін әр түрлі хабарлағыштар, сондай бұқаралық ақпарат құралдары – радио, теледидар, баспасөз және т.б. қолданылады.

ПИК басшылары жұмыс істемейтін халықты хабарлау мен жинауды ұйымдастырады, жалғыз бастылар мен басқаның көмегіне мұқтажды көшіру органдарына жеткізеді.

Әскери басшылық ықпалдастық жоспарына сәйкес көшіру шараларын қамсыздандыру үшін көлік бөледі, көпірлер мен өткелдерді пайдалануды нақтылайды, ахуалдың өзгерісі туралы хабарлайды және қажет жағдайда ТЖ бойынша басқару органдары мен көшіру органдарына жоспарға өзгеріс туралы ұсыныс береді. Ол қоғамдық тәртіпті, коменданттық қызметті, қозғалысты реттеу мен бағытты барлауды ұйымдастыру мен іске асыруға көмек көрсетеді. Кеткен әскерлердің бос орны мен әскери қалашықтар мен әскерилер қалдырған мүлік халықты қоныстандыруға және оны тіршілік көзімен қамсыздандыруға бөледі.

Министрліктер, ведомстволар АҚ бастықтары өз орталық аппараттары қызметшілерін отбасы мүшелермен көшіруді ұйымдастырады, сонымен қатар министрлікке бағынысты ведомстволар мен объектілер жұмысшылары мен қызметшілерін және отбасы мүшелерін көшіру барысына бақылау жасайды.

Көшіру-жинау пункттерінің бастықтары пункттерді дайындыққа келтіреді, жеке құрамның міндеттерін нақтылайды, отырғызу пункттерінің бастықтарымен және бекітілген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлікті беру мен жөнелту уақыты өзгерген жағдайда халықты қабылдау мен тіркеуді, оларды жаяу маршруттардың бастапқа пункттеріне мен көлікке отырғызу пункттеріне жөнелтуді ұйымдастырады. Орналастырылатын және көшірілетін халық көшіру жинау пунктіне белгіленген уақыты өз бетінше келіп жетеді.

Жаяу тәсілмен көшіру маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бірге және Азаматтық қорғаныстың қоғамдық тәртіпті қорау қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қозғалысын қамтамасыз етеді; маршруттарға барлауды және солардың ізімен келе жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырады.

Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік (паспорт), әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (аттестат), неке және балалардың туу туралы куәлік пен ақша.

Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуға тиіс. Көлік құралдармен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50 кг-дан аспауға тиіс.

Жаяу көшірілетіндердің колонналары, әдеттегідей, жиналу-көшіру нүктелерінің қасында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргізіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәулікте өтетін арақашықтыққа жоспарланады.

Жаяу колонналары 500-1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қозғалыс жылдамдығы 4-5 км/сағат, колонналардың арақашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км.

Дамылдау созымдылығы былайша белгіленеді: шағын үзіліс 30-45 мин, үлкен үзіліс 2-4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2-2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басында белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна (топ) құрамы тексеріледі, дәрігерлік көмек көрсетіледі, үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі.

Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілмеген көзден су ішуге болмайды.

Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.

Түнде жүріп келе жатқанда, әсіресе соқпақтармен артта келе колонна жолымен өткенде жатқандарға жолдағы кедергілер туралы айтып, қасындағылардың қалып қоймауын және дамылдау кезінде қалғып кетпуін қадағалау қажет.

Ыстық уақыттағы марш кезінде күн тимеу үшін бас киімді шешпей бірінің артынан бірі тасалай жүріп, су үшін режимін қатаң сақтау қажет, дамылдау орындарында мүмкіндігінше көлеңкелі жерге отыруға тырысу керек.

Қыстағы аязды және желді ауа райында бір-бірінен үсіп қалмауын қатаң қадағалау жөн. Дамылдау орындарында қарға жатуға болмайды.

Көлікке отырғанда белгіленген тәртіп пен ережені қатаң сақтап, АҚ мен ТЖ жөніндегі органдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау қажет және олардың рұқсатынсыз одан түсуге болмайды.

ЖКП-ке келген халық тіркеуден өтеді, елді мекендерге бөлінеді. Балалар, мүгедектер, қарттар, сондай-ақ дүние-мүлік жергілікті көлікпен жеткізіледі.

Көшірілгендер мен қоныстанғандарды орналастыру үшін қауіпсіз аймақтағы демалыс үйлері, санаторийлер, туристік және спорттық базалар, қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ саяжай мен бау-бақша жайлары, өзге де тұрақтар пайдаланылады. Халықты орналастыруға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй қорын дамыту, сауда мен қоғамдық тамақтандыру нүктелерін салу, су көздерін даярлау жөніндегі шаралар жүргізіледі.

 

Қоныстандыру мен көшіруді қамсыздандыру

Көшіру шараларын жоспарлау, даярлау және іске асыру кезінде қамсыздандырудың барлық түрі жан-жақты пысықталып қарастырылады.

Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау үшін мыналар қарастырылады: ЖКП-ке, КҚП-ға түсіру станцияларының нүктелерінің жаны мен жаяу жүру бағыттарының бойындағы қорғаныс ғимараттарына паналау; халықты және қорғаныс құралдарымен қамсыздандыру радиациялық және химиялық барлау жүргізу халыққа басқару және хабарлау құралдарын өз уақытында жеткізу, дозиметрлік, химиялық және бактериологиялық бақылауды санитарлық тазалау мен залалсыздандыруды ұйымдастыру. Қорғаныс ғимараттары жетпеген кезде халықты орналастыру үшін станциялар мен өзге нүктелерде болуы мүмкін қарапайым бассауғалар салу, сондай-ақ табиғи панажайлы пайдалану жоспарланады.

Көлікпен қамсыздандыру халықты, мекемелерді және материалдық құндылықтарды қауіпсіз аймаққа апаруды, жұмыс ауысымдарын қауіпсіз аймақтан қалаға апарып-қайтуды ұйымдастыруды қамтиды.

Материалдық қамсыздандыру отынды, жағар және өзге де материалдарды, көшірілетін және қоныстандырылатын халықты тасымалдау үшін пайдаланылатын көлікпен және азық-түлікпен қамсыздандыруды қарастырады, қауіпсіз аймақта халықты қамсыздандыру жергілікті органдар сауда және қоғамдық тамақтандыру нүктелері арқылы жүргізеді.

Жергілікті билік органдары дүкен, асхана, коммуналдық-тұрмыстық мекемелер желісін кеңейтеді, үздіксіз кесте бойынша көшірілген қызметкерлерді пайдалану арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады.

Көшіру шараларын медициналық қамсыздандыру ЖКП-тен бастап көшіру мен қамсыздандырудың барлық кезеңінде ұйымдастырылады. Құрылған медициналық нүктелер сырқаттарға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы ауруға шалдыққандарды анықтауға және оларды емдеу мекемесіне жөнелтуге міндетті.

Түсіру және отырғызу станцияларында осындай міндеттер штатты медициналық қызметкерлерге жүктеледі. Мұндай нүктелері жоқ станцияларда, оны денсаулық сақтау органдарының күшімен ұйымдастыруға болады. Жолда эшелон (колонна) құрамын 1-2 орта буынды медициналық қызметкер, бірнеше санитарлық жасақшы, ал алыс қашықтықтағы сапар кезінде дәрігер қосылады. Халықпен бірге бара жатқан медициналық қызметшілер азық-түлікпен және сумен қамсыздандырылуға медициналық бақылау жасауға, оларға дәрігерлік көмек көрсетуге міндетті.

Жаяу көшкен кезде сырқаттарға дәрігерлік көмек бағыт бойында орналасқан емдеу мекемесінде, ал ол жоқ болса бағыт бастығының қарамағына санитарлық автомобильдегі медициналық бригада бөлінеді.

Қауіпсіз аймақтағы көшірілген және қоныстанған халық орналасқан жерде медициналық қамсыздандыру қаладан келген медициналық күштермен күшейтілген жергілікті денсаулық сақтау органдары есебінен жүргізіледі.

Инженерлік қамсыздандыру жолдарды, көпірлерді және жол ғимараттарын күтіп-ұстау мен жөндеуді, отырғызу және түсіру нүктелерін, жаяу сапар бағытындағы колонна жолдарын жабдықтауды қамтиды.

Радиациямен және химиядан қорғауды қамсыздандыру бағыттағы жиналу, отырғызу, түсіру орындары мен қауіпсіз аймақтағы қоныстанатын жерлерде радиациялық және химиялық бақылауды ұйымдастыруды, қорғаныс ғимараттарына АҚ хабары дабылы бойынша халықты жасыруды, халықты қорғаныс құралдарымен қамсыздандыруды қарастырады.

Объектілерде, ЖКП-те, КҚП-да, отырғызу және түсіру станцияларында (пристаньдарда, нүктелерде), қауіпсіз аймаққа қоныстандыру органдарында қоғамдық тәртіпті сақтау нүктелері қойылады, кезекшілік ұйымдастырылады. Маңызды объектілерге қоршау қойылуы мүмкін. Осы шараларды орындауға қоғамдық тәртіпті сақтау құрамалары (команда, топ) тартылады.

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларға көшіру шараларын жүргізу – аса маңызды және жауапты жұмыс, ол осы шараларды жүргізу принциптері мен әдістерін барлық лауазым иелері білген, егжейлі-тегжейлі жоспарланған көшірудің барлық кезеңінде басшылардың жоғары жауапкершілігі мен мығым ұйымшылдық ахуалында ғана табысты орындалады.

 

Дәріс №13 Химиялық қауіпті объектілер

 

Тақырыптың негізгі ұғымдары: Транспортта қатты әсер ететін улы заттар.

Дәрістің мақсаты: Зақымдану масштабын жобалау.

Қарастыратын тақырыптар:

1) Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ)

2) Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

3) Қатты әсер ететін улы және улағыш заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек.

 

Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ)

ҚӘУЗ – бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді мекендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосылыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұнай өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объектілерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимараттарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авариялық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әр түрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері басым заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейтропты улар);

д) тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар (хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатада, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақымданудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байланыс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекшелігімен және экспозициялық дозаның көлемімен анықталады. Көбірек жинақталған бір қатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химиялық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері басым заттарға ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіну кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі (амил, акрилонитрал, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көптеген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегіндегі алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларға жүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар жатады.

Осындай әрекеттің негізінде Олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төмендету процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпалдасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өзгерту қабілеті жатыр.

Тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарға ингаляциялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосылыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның салдарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларға организмдегі заттардың метаболизмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан және басқалар) жатады. Бұлармен улану уға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады, организм, әдеттегідей, біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарға галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (диоксин, полихлорланған бензофурандар және басқалар) жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бұл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық органдар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

 

Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау

Химиялық ахуал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсініледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

- химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқауларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:

· ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

· улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

· адамдардың қорғану деңгейі;

· жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

· ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы 3 деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсия, әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30 см биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінші (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2-сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез таралуына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

 

Жел жылдамдығы, м/с Түн День
Ашық бұлыңғыр бұлтты ашық бұлыңғыр Бұлтты
0,5 инверсия   изотермия конвекция   изотермия
0,6-2
2,1-4
4-тен астам
             

 

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алғашқы бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэрозольдік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіне отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды.

Әр түрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буыннан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дозасын алу қауіпі төмендейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 824; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.06 сек.