Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер. 1. ҚР Конституциясы 30 тамыз1995 жыл




Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Конституциясы 30 тамыз1995 жыл.

2. Қазақстан 2030 стратегиясы.

3. «2003 – 2015 ж.ж. арналған индустриалды – инновациялық даму стратегиясы», 2003ж.

4. «Жер жайлы» ҚР заңы. 24.01.2001 №152. Алматы: Паритет 2001 жыл.

5. «Бюджет туралы» ҚР заңы. 16.11 2002. Алматы: Фолиант.

6. «Денсаулық сақтау жайлы» ҚР заңы. 15.09.2000 Алматы: Юрист 2000ж.

7. Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001жылғы 7 желтоқсан № 1598

Қосымша әдебиеттер:.

8. Антонюк В.С. Региональный экономический кругооборот и его воздействие на параметры макроэкономического равновесия / В.С. Антонюк //Финансы и кредит.- 2000.- №9.- С.42-52

9. Ахметов С.Н. Теоретические концепции развития региональной экономики / С.Н. Ахметов // Вестник КазГУ. Серия экономическая.- 2003.- №1.- С.11-16

10. Гамарник Г. Совершенствование системы управления экономикой области / Г. Гамарник, Н. Сердюк // Поиск. Серия гкманитарных наук.- 2002.- №2.- С.98-100

 

 

Дәріс №7. Дәріс тақырыбы: Экономиканы кеңістіктік ұйымдастыру - өндіргіш күштерді тиімді орналастыру

Лекцияның мақсаты:

Ел экономикасын кеңістіктік ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың принциптерімен студенттерді таныстыру, негізгі түсініктер аясын зерттеу.

Тақырып сұрақтары:

1.Экономиканы кеңістіктік ұйымдастыру

2 Аймақта өндіргіш күштерді орналастыру принциптері

3. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары

Тақырыптың қысқаша мазмұны

Экономикалық кеңістікті құрылымдау мен тиімді ұйымдастыру ілімі келесі факторларға сүйенеді: өнеркәсіптік және транспорттық салалар,агломерация, территориялық-өндірістік кешендер, әртүрлі типтегі қалалық және ауылдық елді мекендер. Экономиканы кеңістіктік орналастыруды зерттеген Перроу еңбектерінде экономика құрылымында жетекші орын алатын саланың маңыздылығы сипатталады, себебі осы салалардажаңа тауарлар мен қызметтер көптеп өндіріліп, өндіріс факторларының жұмылдырылуына себеп болады, яғни экономикалық өсім полюстері қалыптасады.

Батыс экономистері экономикалық полюс ретінде тек қана жетекші салаларды ғана емес, сонымен қатар инновация мен прогресс орталығына айналуы мүмкін нақты аймақтарды қарастыруға болады деген.

Аймақтарда өндіргіш күштерді тиімді орналастырудың өзіндік заңдылықтары, принциптері мен тапсырмалары бар.

Негізгі заңдылық түрлері:

- өндірістің рационалды, максималды тиімді орналасуы

- экономикалық аймақтардағы шаруашылықтарды кешенді дамыту

- аймақтар және аймақтар шегінде тиімді территориялық еңбек бөлінісі

- аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қайшылықтарын жою.

Негізгі принцип түрлері:

- өндірісті шикізат көздері мен дайын өнімді тұтыну нүктелеріне жақын орналастыру

- территориялық еңбек бөлінісін максималд қолдану мақсатында жекелеген аймақтардың шаруашылық мамандануы

- ел территориясында өндірісті біркелкі орналастыру

- аймақ шаруашылықтарын кешенді дамыту

- елдің қорғанысқабілеттілігін нығайту.

Өндіргіш күштерді тиімді орналастыру факторлары:

- экономико-географиялық орналасу

- халық саны мен еңбек ресурстары

- қалыптасқан өндірістік аппарат

- табиғи ресурстар

- транспорттық фактор

- ғылыми-техникалық потенциал

- шаруашылықтың территориялық ұйымдастырылу формасы

- басқару сапасы

- әлеуметтік климат.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Экономиканы кеңістіктік ұйымдастыру ілімінің мәні?

2. Экономикалық өсім полюстері түсінігі?

3. Аймақтарда өндіргіш күштердің орналасу пропорциясы?

4. Өндіргіш күштерді орналастыру принциптері?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-16; Просмотров: 781; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.